2.Өсиеттің негізі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы мұрагерліктің екі негізін орнатты өсиет және заң. Яғни өсиет арқылы берілетін мұрагерлік және заңды мұрагерлік, бұлар Мұрагерлік құқықтың өз алдына жеке институттары болып табылады. Бұл жағдайда, біз мұра қалдырушының еркін негізге алуымыз керек.
Қазіргі таңда өсиет арқылы берілетін мұрагерлік, заңды мұрагерлікке қарағанда сирек кездеседі. Оның өзіндік себептері бар. Өйткені көп азаматтар өздерінің өлімінен кейінгі мүлкінің Мұрагерлік құқықтың нормаларына сәйкес жүзеге асыруын қалайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заңды мұрагерлер мұра қалдырушы азаматтың жақын туысқандары болып табылады. Қазақстанда өсиет қалдырудың сирек кездесуінің негізгі себебі, заңның бәсеңділігі және азаматтардың сауатсыздылығын білдіреді. Біздің көзқарасымыз бойынша, өсиет қалдыру қатынасы неке шарттарын құру қатынастарымен ұқсас келеді. Азаматтардың мүлікке деген қызығушылықтары олардың болашақ жұбайлық өмірдің қызығымен немесе оларға жақын адамдардың қымбат өмірімен теңестірілмейді және айнымас болып табылады. Не болған жағдайда да факт ол факт болып қала береді, яғни біз өсиет арқылы берілетін мұрагерліктен қарағанда заңды мұрагерлікпен көп кездесеміз.
Бұрын көптеген азаматтарда қалдыратын мүлкі болмаған еді, ал қазір олар өз жекеменшігінде қымбат мүліктерді иемденуде, яғни (тұрғын немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік және автокөліктер). Егер азамат мүлкін заңды мұрагерлікпен қалдыруды қаламаса, онда оған өсиет жасау қажет. Алайда, кейбір жағдайларда қайтыс болған адамның мүлкі ол қалаған адамдарға берілмей қалып жатады.
Заңды мұрагерлік әрқашанда өсиет арқылы берілетін мұрагерліктен қарағанда баламалы мұрагерлік болып табылады. Осыған қарамастан АК ҚазКСРО бірінші орынға заңды мұрагерлікті шығарды. Оған себеп, мұрагерлік мүлік тек қарапайым тұрмыстық заттардан құралды, яғни мұра қалдырарлықтай мүлік болған жоқ. Ал қазіргі таңда, азаматтарымыздың өз мүлкіне қатысты мүмкіншіліктері көп, сондықтан заң шығарушы Азаматтық құқықтың негізгі қағидаларын ескере отырып, өсиет арқылы қалдырылатын мұрагерлікті бірінші орынға қояды.
Қазақстанда әрекет етуші АК шешімі бойынша, өсиет арқылы берілетін мұрагерліктің басымдылығы көп, яғни ол туралы 58 бөлімде, ал заңды мұрагерлік 59 көрсетілген. Заңды мұрагерлік мынандай жағдайларда қолданылады:
Өсиет болмаған жағдайда;
Өсиет жарамсыз болған жағдайда;
Өсиетте барлық мүлік көрсетілмесе;
Егер мұрагерлер мұрадан бас тартса және оның кімге берілетінін көрсетпесе;
Егер мұрагерлер мұраға лайықсыз болса.
Мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болған жағдайда көріп отырғанымыздай, Қазақстан заң шығарушысы жорамалдайды, яғни азамат өз мүлкінің тағдырын және кімге беретіндігін.
Нотариалдық және соттық тәжірибеде шектеулі жағдайлар көп кездеседі, яғни мұра қалдырушы мұраның жарты бөлігін белгілі бір адамға өсиет етсе, ал екінші жартысы заңды мұрагерлікпен жүзеге асырылады. Сондықтан да өсиет ету барысында заңды мұрагерліктің ережелері көмекші құрал ретінде қолданылады және ол өсиет етілмеген мүлікке қатысты бейімделінеді.
Ал енді өсиеттің түсінігіне келетін болсақ:
Өсиет – ол заңда белгіленген тәртіппен, мұра қалдырушы өз еркімен өзінің өлімінен кейінгі мүлкінің заңды тағдырын анықтау болып табылады. Мұндай ерік білдіру бір жақты мінез және пікір болып табылады.
Өсиет екі немесе көп азаматтармен жасалынбайды, оны мұра қалдырушы өзі жасап және кез келген уақытта өзгертіп немесе жоя алады. Сонымен қатар азаматтар ортақ және өзара өсиеттер жасай алады.
Ортақ өсиет – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың еркін білдіретін өсиет. Мұндай өсиет ФРГ заңнамаларында кездеседі, яғни ортақ жұбайлық келісім. Ал Англия және АҚШта ол тек жұбайлық қана емес, сондай-ақ басқа тұлғалардың өсиеті болып табылады.
Өзара өсиет – ол бірнеше тұлғалар арасындағы қарым- қатынастардан туындайтын өзара міндеттемелерден тұрады. Бұл институт түрі англо- американдық құқық жүйесінде кездеседі. Іс жүзінде, өзара өсиет – бұл екі жақты келісім шарт, бірақ түбінде қазақстанның мамандық ғылымында көрсетілгендей, өсиетке, яғни бір жақты мәміліге қарама-қайшы келеді. Ал бір жақты мәміледе тек бір адамның ерік- жігері білдіріледі. Сондай-ақ Франция заңнамаларында да ортақ және өзара өсиеттерге тыйым салынады. Ал Швейцариялық заңдарда белгілі бір тыйымдар көрсетілмеген, алайда соттық тәжірибесінде осыған ұқсас және басқа да өсиеттер жарамсыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мұрагерлік құқығы өсиет пікірі қағидасын қолданбайды. Бірақ, қағиданың аталуы емес оның түсінігі үлкен маңызға ие. Франция және Швейцария заңнамаларында өсиет пікір қағидасына мынандай түсінік берілген – яғни, өсиеттеуші тұлға өсиеттің күшін жоюға және оның себебін түсіндірмеуге құқылы. Не болған жағдайда да ол оның мүлкі, ешкім оның мүлкін өз бетінше иемдене алмайды. Көріп отырғанымыздай, өсиет пікір қағидасы да және Қазақстан Республикасының заңдары да үлкен маңызға ие. Осы көрсетіліп отырған қағида өсиет бостандық қағидасымен тығыз байланыста.
Өсиет бостандық қағидасы Азаматтық құқықта нақты көрініс табатын қағида, яғни ол жекеменшікке қол сұқпаушылық қағидасынан шыққан. Өсиет бостандық қағидасына сәйкес, мұра қалдырушы тұлға өзінің өлімінен кейінгі мүлкінің заңи тағдырын өзі ғана анықтай алады. Мұра қалдырушы мүлкін түгелдей немесе оның тең жартысын кез келген тұлғаға өсиет ете алады, сонымен қатар ол мұрагерлер арасында мүлікті бөліп беруге, оларды мұрадан айыруға немесе мұраны басқа азаматқа қалдыруға құқылы. Өсиет бостандық қағидасы – бұл мұра қалдырушының өсиетінің жойылуы немесе өзгертілуі еркін түрде болуы тиіс, яғни оған ешкімнің ықпал етуге құқығы жоқ.
Өсиет пікірі өсиет қалдырушымен кез келген уақытта толығымен немесе жартылай жүзеге асырылуы мүмкін және не үшін әр түрлі құралдардың қолданылатындығы: жаңа өсиеттің құрылуы, алдыңғы немесе оған қарама-қайшы келетінді тікелей өзгерту, өсиетті жою, ресми депозитке салынған өсиетті алып тастау және т.б. Өзара өсиет англо – американдық құқыққа сәйкес бір жақты ретпен шақырылуы мүмкін, бірақ екінші жақтың мүдделері бұзылған жағдайда,құқық әділеттік,яғни (remedies) құралымен қорғалуы мүмкін.
Өсиеттің жойылуы заңға сәйкес, яғни неке бұзылу ережелеріне ұқсас( өсиет жұбайының пайдасына берілуі), ал Англия және АҚШ-та мұра қалдырушы жаңадан некеге тұрған кезде орын алады.
Қазақстан Республикасының мұрагерлік құқығына мүлдем белгісіз түсініктер, яғни ортақ және өзара өсиеттер, мұрагерлік туралы келісім шарт институты болып табылады. Мұрагерлік туралы келісім шарт және А және Б арасындағы шарт болып табылады.
Мұрагерлік келісім шарт дегеніміз – мұра қалдырушы мен бір немесе бірнеше мұрагерлер арасындағы шарт болып табылды және ол шарт түзілген сәттен бастап күшіне енеді. Ал өсиет мұра қалдырушы тұлғаның өлімінен кейін күшіне енеді және сонысымен мұрагерлік шарттан ерекшеленеді. Сонымен қатар өсиет мұра қалдырушы тұлғамен кез келген уақытта өзгертіледі, ал мұрагерлік шарт бір жақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.
Мұрагерлік туралы келісім шарттар ГФР және Швейцария заң шығарушысымен толық реттелген, ал Францияда олар ерекше жағдайларда кездеседі, яғни( көбінесе жұбайлар арасында). Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(Ерекше бөлімі) өсиетке мынадай анықтама береді: «Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады». Қазақстанның және басқа шетелдердің өсиет ұғымдары сәйкес келеді.
Отандық әдебиеттерде өсиет анықтамасы бір жақты мәміле ұғымына ие, яғни заңдық нысанда жасалынған өсиет етушімен мұрагерлерді тағайындау.
Бұл мәміленің ең маңызды ерекшелігі, ол қайтыс болған жағдайында жүзеге асырылады және мұрагерліктің негізі болып табылады. Өсиет арқылы мұра қалдырушы мұрагерліктің тәртібін заңмен өзгертеді. Келесі бір онша маңызды емес ерекшілігі, яғни өсиет бір тұлғамен жасалынған мәміле болып, онда тек сол адамның еркі көрсетіледі және сол адаммен жүзеге асырылады. Демек өсиет – жеке қатаң сипатқа ие бір жақты мәміле болып табылады. Сонымен қатар, өсиет тек бір адамның атынан жасалынған жеке келісім болып табылады. 1998 жылғы 28шілдедегі №539 куәлігі Қазақстан Республикасындағы нотариалдық іс- әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібі туралы нұсқаудың 136-бабына сәйкес бірнеше адамның атынан жасалынатын өсиетке жол берілмейді. Егер де өсиетте екі немесе бірнеше тұлғалардың еркі көрсетілсе, онда ол Қазақстан Республикасы АК 158-бабына сәйкес жарамсыз болып саналады.
«Мүлік құрамы өсиетті дайындау кезінде емес, мұра ашылған сәтте анықталады. Өсиетті дайындау кезінде мұра қалдырушыдан оның мүлікке деген құқығын куәлендіретін дәлелдеме талап етілмейді (Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 14 шілдедегі №155-1 Нотариат туралы заңы 56-бап). Осыдан байқауға болады, яғни қандай пәтерлер назарға алынғанының маңызы шамалы екенін. Сондықтан Алматы және Тараз қалаларындағы пәтерлер аталған мұрагерлерге өтеді».
Өсиет жасау қабілеттілігі тұлғаның белгілі бір жасқа толуымен және ол өз іс-әрекетінің мәні мен зардаптарын ұғына алуымен өлшенеді.
Өсиеттік талдау келісімдердің санына жатады, яғни жеке сипатқа ие. Осыған орай өз мүлкін өзінің қалауынша(өсиет бостандығы) өсиет ету құқығы азаматтың әрекет қабілеттілігін білдіреді.
Мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі тек заңды мұрагерлікті жүзеге асырылу кезінде қажет етіледі. Өсиет мәміле болып табылғандықтан, оны жасау барысында арнайы әрекет қабілеттілігі орнатылмайды. Өсиет мәміленің жарамдылық шарттарын қанағаттандыруы тиіс. Басқаша айтқанда мәмілені тек, яғни азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер мәмілесін жасай алатын тұлға ғана құра алады. (Қазақстан Республикасы АК 147б). Ал мәмілені, өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі(азаматтық әрекет қабілеттілігі) бар адам ғана жасай алады(Қазақстан Республикасы АК 17-б).
Қазақстанда жеке тұлғалардың әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Бірақ заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Ал, Франция, Англия, Швейцария және АҚШ-тың көптеген штаттарында өсиет жасау қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толған(18) кезде жол беріледі. ФГР-да кәмелетке толмаған, яғни он алты жасқа толған тұлғалар өсиет жасай алады. Францияда кәмелетке толмаған, 16 жастағы тұлғалар өзіне тиісті мүліктің жартысына қатысты өсиет жасауға құқылы,ал туысқандары болмаған жағдайда ол кәмелетке толғандармен тең болып саналады. АҚШтың кейбір штаттарында өсиет жасау құқығы ерте жастан басталады (мысалы Джорджида 14 жастан). Ал, Англияда әскери қызметкерлер мен моряктар 14 жастан бастап өсиет жасауға құқылы болып табылады.
Жоғарыда айтылған, қолдануға болатын құқықпен Қазақстан Республикасының құқығы болса, онда өсиет ету құқығы азаматтардың кәмелетке толған сәтінен немесе некеге тұрған кезде, егер ол кәмелет жасқа толғанға дейін орын алса пайда болады.
Әрекет қабілеттілігінен айырылған тұлғалар өз мүлкін өсиет етіп қалдыра алмайды (олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қамқоршылары мәміле жасайды), сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар заңға сәйкес ата-анасының, асырап алушысыының немесе қамқоршысының келісімімен мәміле жасауға құқылы. Бұл қағида тек кәмелетке толмағандарға ғана емес сонымен қатар кәмелетке толған, бірақ әрекет қабілеттілігі шектеулі, яғни спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынған азаматтарға тиісті.
Өсиет – бұл ерекше мәміле, ол өсиет қалдырушы адаммен байланысты, сондықтан оны өкіл, тіпті заңды өкіл арқылы жүзеге асыру өсиеттің маңызына қарама-қайшы келеді. Өйткені, заңды өкіл мұра қалдырушының нағыз ерлігін білмейді, сондықтан ұсынылған өкілдігі бойынша өсиет жасауды іске асыру мүмкіншілігі жоқ.
Өсиетті жүзеге асыру кезінде мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі маңызды орынға ие. Ал мұрагер болу үшін, жеткілікті жалпы азаматтық құқық қабілеттілікке ие болу керек.
Өсиет аясындағы таластар мұра ашылғаннан соң басталады.
Өсиеттің мазмұнын екі өсиеттік билік ету топтарына бөліп қарастырамыз: негізгі мазмұны(маңызды пункттер) және заңи сипаты жоқ билік(фидуциарлық). Соңғысы құқықтық салдар туғызбайды, оларды орындау мұрагердің құқықтық міндеттерімен емес, тек моральдық жолымен жүзеге асырылады және өсиет қалдырушы тұлғаны өмірлік құрметтеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |