Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәнi



бет3/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
annotation9411

§ 2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәнi

Бiздiң отандық iлiм халықаралық жеке құқықты халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейтін құқық жүйесі қарастырады. Осылайша, халықаралық жеке құқық дегенде, бiр мемлекеттiң аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбiр мемлекет азаматтары арасындағы мүлiктiк және оларға байланысты емес жеке мүлiктiк емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.


Кез-келген құқық саласымен танысу үшін, ең алдымен, оның реттелуіне жататын құқық қатынастар шеңберін анықтап алуымыз қажет.
Мынадай екі мысалды қарастырайық.
Мысал 1. Алжирде жүрген Ресей азаматшасы Алжир азаматымен некеге отырады. Осы неке екі мемлекет территорияларында да некеге отыру шарттары және оны жасасу нысаны мен тәртібі заңи жарамды деп танылуы үшін осы құқықтық қатынасқа шетел элементі қатысқандығын ескеретін құқық жүйесін қолдану қажет. Берілген мысалда шетел элементі болып Ресей азаматшасы табылса, осы шетел элементі күрделендірген ұлттық құқықтық жүйе – Алжир құқықтық жүйесі болып отыр. Егер Ресей азаматшасының мүдделерін ескерместен, тек Алжир заңнамасын қолдансақ, осы неке РФ Отбасы кодексіне сәйкес еместігінен Ресейде жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бұл әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасында нақты құқықтық қатынастарды реттеуде шетел құқықтық жүйесінің араласуына жол бермейтін императивтік нормалардың бар екендігімен түсіндіріледі.
Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі өз халқының рухани мінез-құлық жағдайын, әсіресе әлеуметтік, психологиялық және материалды-тұрмыстық өмір деңгейіне сәйкес қалыптасқан. Ұлттық әдет-ғұрып нормалары, негізінен, отбасы-некелік қатынастарда шоғырланғаны мәлім. Нақ осы себепті Ресей азаматшасы мен Алжир азаматы арасындағы некелік қатынастарды реттеу үшін материалдық нормаларды қолданбастан бұрын, ең алдымен, осы қатынастарды реттеуге тиіс құқықтық жүйені анықтауымыз қажет.
Мемлекет өзінің ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастыруда, жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай, шетел элементі қатысатын жағдайларды ескермеуі мүмкін емес. Әйтпесе, шетел мемлекетіндегі өз азаматтарының құқықтарын қорғауда көптеген қиыншылықтарға тап болуы мүмкін.


Мысал 2. ЖАҚ «Мострансгаз» ресейлік кәсіпорнында жұмыс жасайтын АҚШ азаматы 4-ші шілде Американың тәуелсіздік күні болып табылатынына сілтеме жасай отырып, 2002 жылдың 4ші шілде күні жұмысқа шықпады. Ресей азаматтары РФ Еңбек Кодексінің 112 бабына сәйкес 12 маусым Ресей күні мерекесінде демалатындығына нұсқай отырып, АҚШ азаматы 4ші шілде күні демалуға толық құқылы деп ұйғарды. Жұмыс беруші өз позициясын ресейлік мекеме қызметі РФ еңбек заңнамасымен реттелетінімен түсіндіреді. Өз кезегінде, американдық маман еңбек қатынастарын реттеуде оның «жеке заңы» - АҚШ заңнамасын ескеру керектігін алға тартады.
Жоғарыда келтірілген екі мысалда қай құқық қолданатынын анықтамастан, басты назарды екі жағдайды біріктіретін шарт – шетел элементімен күрделенгендігіне аударуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет