Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет36/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141
annotation9411

Бақылау теориясы. Бұл теорияны қолдануды халықаралық жеке құқық тарихы мен ғылымында, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстармен байланыстырады. Қарулы қақтығыстар кезінде шетелдік заңды тұлғалар мәселесі «дұшпан мемлекеттер» сипатына ие бола бастады. Соғысушы елдер қарсыластармен кез келген контрактінің, әсіресе экономикалық байланыстардың үзілуінде мүдделі болды. Француз әділет министрлігінің 1916ж. 24 ақпанындағы үкімхатында осыған байланысты айтылған: азаматтық құқықтағы заңды тұлғаның ұлтын анықтайтын белгілер осы қоғамның шынайы қызметін анықтауға жеткіліксіз. Құжатта көрсетілгендей дұшпан заңды тұлға деп егер заңды тұлғаның басқаруы немесе капиталы жағымсыз тұлғалардың қолында болса5.
Бұл теорияның бағыттылығын келесі мысалмен көрсетуге болады: 1915 ж. “Британ сотында” Daimler Co v. Conti­nental Tyre and Rubber Co ісі қарастырылған, ол бойынша «Акциялары дұшпан шетелдіктер қолында болған британдық ұлты бар компанияны, дұшпанмен сауда жүргізуге тыйым салатын заңына сәйкес, британдық заңды тұлға ретінде қарастыруға болады ма?» деген сұрақ талданған.
Жеке статут категориясы заңды тұлғалар үшін өте маңызды, себебі осы ғана тұлғаның заңды болу сұрағына жауап береді, яғни құқықтың жеке субъектісі болатындығын көрсетеді. Осылайша кез келген шетелдік заңды тұлға пайда болу, өмір сүру, жою сұрақтарында өзінің құқықтық тәртібіне бағынады. Осы құқықтық тәртіп пен заңды тұлғаның құқыққа деген қабілеттілік көлемі реттелінеді, оның шектері белгіленеді. Заңды тұлғаның жеке заңы, сонымен бірге оның ішкі және сыртқы шаруашылық айналымына шығу тәртібі мен нысанын көрсетеді. Жеке статуттың мазмұны, қарастырылып отырған заңды тұлғаның өзінің қызметінде ұлттық юрисдикция шеңберінен шығуға құқысы бар ма жоқ па және шыққан жағдайда оның шарттары, нысаны, арнайы талаптары қандай екендігін көрсетеді. Қызметі мен мүлкі, соның ішінде жылжымайтын мүлік те шетел мемлекетінің аумағында орналасса және заңды тұлға жойылса, онда мүліктің тағдырын халықаралық жеке құқықта әдетте кездесетін, заттың орналасқан жер заңы емес( lex rei sitae), заңды тұлғаның жеке заңы байламы қолданылады. Міндеттемелік қатынастардың кейбір жағдайларында, мысалы міндеттемелердің кейбір түрлерінде тұлға жағы арнайы мәнге ие болса( акцессорлық сипаты бар кепіл берсе), жақтардың құқықтыр мен міндеттер мазмұны негізгі міндеттемелер шеңберінде өзара қарым-қатынастарды реттейтін жақтармен таңдалған заңмен емес, заңды тұлғаның жеке заңымен реттелінеді.
Заңды тұлғаның заңын анықтаудың әр түрлі қағидалары тәжірибе жүзінде олардың қызметін құқықтық реттеуде белгілі бір мәселелер туындайды. Бұл мәселені халықаралық жеке құқықта «коллизия ішіндегі коллизия» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет