Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Г.И Тулеугалиев және М.Г Тулеугалиевтың көзқарасы бойынша



бет74/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   141
annotation9411

1.Г.И Тулеугалиев және М.Г Тулеугалиевтың көзқарасы бойынша , тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы субъективті құрамымен анықталады. Тасымалдау шартына қатысушы тараптар әр түрлі мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады.
2. автордың пікірінше, халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушы бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
3.Х.И Шварцтың пікірінше, халықаралық тасымалдау шарты болып табылу үшін жүкті жөнелту орны мен жүкті қабылдап алу орны әр түрлі мемлекеттерде орналасуы тиіс.
Көптеген ғылыми әдебиеттерде тасымалдау қатынастарына байланысты шетелдік элементті жүктің бір мемлекеттен екінші мемлекет аумағына тасымалдану үрдісі кезінде іздеу керек деп көрсетілген. Осы тұжырымдамадан шығатын қорытынды: халықаралық тасымалдау болып табылу үшін келесідей 2 критерийге сай болу керек:
1.Жүктің бірнеше (екі немесе одан да көп) мемлекеттер аумағы арасында тасымалдануы.
2.Осы тасымалдау үрдісінің шартын анықтайтын халықаралық келісімшарттың болуы. Халықаралық тасымалдау кезінде кеңістік 2 критерий жүзеге асады:
1.Жүк жөнелту мен жүкті қабылдап алу пункттері әр түрлі мемлекеттерде орналасуы.
2.Жүк жөнелту мен жүкті қабылдап алу пункттері бір мемлекет аумағында орналасқан, бірақ тасымалдау кезінде басқа мемлекет аумағында аялдама жасайды.

Тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы заңнамалық тұрғыдан әр түрлі мемлекеттердің ішкі заңнамасымен анықталады. Көп нормалар атап көрсететіндей ол аумақтық қағидаға сүйенеді. Демек, жүкті жіберу орны мен жүкті қабылдап алу орнындарының әр түрлі мемлекетте орналасуын көздейді.


Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284-II қабылдаған Заңында теңіз арқылы тасымалдаудың халықаралық сипаттамасы анықталмаған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет