Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§3 Халықаралық әуе тасымалы



бет81/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   141
annotation9411

§3 Халықаралық әуе тасымалы


Халықаралық әуе тасымалы дегеніміз- әуе кемесі қонатын кем дегенде бір пункт басқа мемлекеттің аумағында орналасуы. Жолаушылар мен жүктерді әуе арқылы тасымалдау 1929 жылы қабылданған халықаралық әуе тасымалы туралы Варшава Конвенциясымен реттеледі. 1933 жылы бұл конвенция Гаага хаттамасымен толықтырылады. Конвенцияға 100- ден астам мемлекет қатысады. Олар сәйкесінше Гаага хаттамасын да ратификациялады. Конвенцияда әуе тасымалдау құжаттарына қойылатын талаптар, тасымалдану кезінде жіберушінің жүкті иелену құқығы, белгіленген жерде жүкті беру және жүк иеленуші мен жолаушылар алдындағы тасымалдаушының жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қамтылады. Варшава конвенциясы әуе тасымалына қатысты барлық жағдайларды анықтамайды. Әуе тасымалы кезінде жіберуші пункті мен қабылдау пункті бір мемлекетте орналасса, бірақ әуе кемесі осы конвенцияға қатыспайтын басқа мемелекеттің аумағында аялдаса конвенцияның күші бұл мемлекеттерге де таралады. Варшава конвенциясы бойынша тасымалдаушының жауапкершілігі шектеулі. Яғни, 1 кг салмақ үшін 250 франкпен белгіленген. Жеткізілген жүктің толық сақталуының қамтамасыз етілуіне байланысты жүкті қабылдап алған күннен бастап 14 күн ішінде сотқа арыз беріледі. Ол мерзім өтіп кеткен жағдайда талапкер сотқа шағымдану құқығынан айырылады. Тасымалдаушы келесідей жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапкершілікке тартылады: жолаушының өлімі немесе кез келген дене жарақатын алса, егер зиян келтіретін төтенше жағдай әуе кемесінің бортында немесе отырғызу, түсіру операцияларын жүргізу кезінде болса, тіркелген қолжүгінің, жүктің бүлінуі, жоғалуы не кем шығуы жағдайларында, сонымен қатар зиян әуе тасымалдауын жүзеге асыру барысында орын алған болса, тасымалдаушы зиянның алдын алу үшін барлық амал- шараларды қолданған немесе ондай шараларды қолдану мүмкін емес болғандығын дәлелдесе, жауапкершіліктен босатылады. Варшава конвенциясы зиян келтірілген жағдайда зиян орнын толтыру мөлшерін және жолаушылар өлімі болған жағдайда жауапкершілікке тартылатын тұлғалар туралы мәліметтерді қамтымағандықтан әр мемлекеттің соты ұлттық заңнамаларға немесе қалыптасқан тәжірибеге сүйене отырып аталған мәселелерді шешеді. Мұндай мәселелер сот елінің заңы бойынша, тасымалдаушының заңымен немесе тасымалдау шарты бекітілген елдің заңымен шешілуі мүмкін. 18
Әуе кеңістiгi бақыланатын әуе кеңiстiгiне және бақыланбайтын әуе кеңiстiгiне бөлiнедi.

  • Бақыланатын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланатын кеңiстiк түсiнiледi, онда аэронавигациялық ұйымдар тарапынан ұшуға тiкелей басқару қамтамасыз етiледi;

  • Бақыланбайтын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланбайтын кеңiстiк түсiнiледi.

Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк және ұшу-ақпараттық болуы мүмкiн.
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк, ұшу-ақпараттық және консультациялық болуы мүмкiн. Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған кезде, әуе қозғалысына авариялық қызмет көрсетiлуi ықтимал.19


Халықаралық әуе тасымалы саласындағы халықаралық ұйымдар.
Халықаралық әуе тасымалы саласындағы әмбебап халықаралық ұйым – Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ИКАО).Біріккен ҰлттарҰйымының мамандандырылған органы болып табылады. 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясының қабылдануының нәтижесінде 1947 жылы құрылған. 190 мемлекет оның мүшесі болып табылады. ИКАО халықаралық азаматтық авиация қызметінің мәселелеріне байланысты халықаралық стандарттар әзірлейді. Олар «халықаралық авиациялық регламенттер» деп аталады. Ашық теңіз үстінен ұшқан жағдайдан басқа кездері бұл регламенттердің міндеттілік сипаты жоқ. Мемлекеттер өзінің ұлттық заңнамаларының тәжірибесіне сүйеніп немесе басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жағдайларын ескере отырып ол регламенттерді орындауға немесе бас тартуға құқығы бар. Халықаралық Азаматтық Авиациялық Ұйымы қызметін келесідей бағыттарда жүзеге асырады:

  • әуе кемесін басқару (фэронавигация);

  • әуе тасымалын қаржыландыру;

  • халықаралық әуе құқығы;

  • халықаралық азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз қолсұғушылықпен күресу;

  • техникалық көмек көрсету;

Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымынан басқа әуе тасымалдау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыратын аймақтық әуе ұйымдары – Азаматтық Авиацияның Еуропалық Конференциясы (ЕКАК), Африканың Азаматтық Авиация Комиссиясы (АФКАК), Араб елдерінің азаматтық авиация Кеңесі (КАКАС).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет