Алматы 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясы


Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі



бет13/48
Дата19.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#492410
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Нұржанова-1

Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Затты бір күйден екінші бір күйге қалай ауыстыруға болады? Мұндай өзгерістерді жүргізу үшін белгілі бір жағдайлар жасау керек. Мысалы, мұз еру үшін оны алдымен балқу температурасына дейін (0°С) қыздыру қажет. Тоңазытқыштан алған мұздың бірден еріп кетпейтінін байқағанбыз, бұл — оның бастапқы температурасы 0°С-тан төмен болған деген сөз. Яғни, біз оны алдымен көрсетілген температураға дейін қыздырамыз. Буға тезірек айналдыру үшін суды қайнату қажет. Су 100°С-та қайнайды.

Заттардың бір күйден басқа бір күйге өту процессі


Кез келген заттың өзіне тән қайнау және балқу температурасы болады. Мысалы, оттек қатты күйден сұйық күйге — 218°С-та айналады, ал балқу температурасы ең төмен гелий -272°С-та балқиды. Ең қиын балқитын металл — вольфрам, оны балқыту үшін 3410°С-қа дейін қыздыру қажет. Ең оңай балқитын металл — сынап (-39°С).
Егер кейбір заттардың қайнау температураларын қарастырсақ, онда біз гелийдің қайнау температурасы рекордтық температураға (-269°С) ие екенін көреміз, ол осы температурада сұйық күйден газға айналады, азот -196С, ал оттек -183°С-та қайнайды. Мұндай температураға жету өте қиын. Табиғи жағдайларда мұндай төмен температура болмайды. Сондықтан біз бұл заттарды тек қана газ күйінде кездестіреміз. Вольфрамның қайнау температурасы ең жоғары — 5555°С.


Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар


1 –нұсқа


І- деңгей
Балқу температурасында алынған массасы 2 кг мұз ерігенде, оның ішкі энергиясы қанша джоульға көбейеді.
ІІ-деңгей
1000С – дағы бу, осы температурадағы судан гөрі қатты күйдіреді? Неге?
ІІІ- деңгей
Температурасы 1000С, массасы 4 кг су буы конденсацияланады. Осы кезде қандай жылу мөлшері бөлінеді?

  1. нұсқа



І- деңгей
Қайнау температурасында 10 кг суды буға айналдыру үшін 23*10 Дж энергия керек екені белгілі. Судың осы температурасындағы меншікті булану жылуы неге тең?
ІІ-деңгей
Ауадағы су буының қысымы 1060Па. Қанықан будың қысмы 2330 Па болғандағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет