Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.
Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар - температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер.
Температура - дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама.
Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу - екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе - теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе - теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал - термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр - температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.
Термометрлердің түрлері.
I. Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С - ка дейін;
б) спиртті термометр, өлшеу шегі
в) термопара (- 269 °С - тан 2300 °С - қа дейін)
г) термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы - негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура - табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С - қа тең.
Кельвин шкаласы - халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 273 0С - қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин - Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (t+273) К немесе t = (Т - 273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Тарихи мәліметгпер.
Энергия ұгымын 1807 жылы ағылшын ғалымы Томас Юнг енгізген. Кинетшалық энергия ұғымын ағылшын ғалымы Уипъям Томсон енгізген Мотенциальдық энергия ұғымын неміс ғалымы Герман Гельмголъц енгізген.
Достарыңызбен бөлісу: |