Тест тапсырмасы
"Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі"
1. Магниттің неше полюсі бар?
А) 2; В) 1 С) 3; D) 4. Е) шексіз көп
2.Магнит сызықтары қалай бағытталады?
А) батыстан шығып, шығысқа енеді;
В) шығыстан шығып, батысқа енеді;
С) оңтүстік полюсінен шығып, солтүстік полюсіне енеді;
D) солтүстік полюстен шығып, солтүстік полюске енеді.
Е) солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді
3.Электрлік және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екендігін кім дәлелдеді?
А) Максвелл; В) Эрстед; С) Ом; D) Кулон Е)Вольта
4. Магнит өрісін тек қандай заттар тудырады?
А) электр тогы; В) тұрақты магниттер;
С) газдар және тұрақты магниттер;
D) электр тогы мен тұрақты магниттер
Е)газдар мен сұйықтар
5.Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын қандай тәсілмен анықтауға болады?
А) сол қол ережесімен;
В) оң қол ережесімен;
С) бұрғы ережесімен;
D)сағат тіліне қарсы бағытымен
Е)ток бағытымен
6.Қарсы бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіштер
А) бір – біріне әсер етпейді;
В) бір – бірінен тебіледі;
С) бір – біріне тартылады;
D) әсері білінбейді.
Е)өзара әсерлеседі
7. Тұрақты магниттер дегеніміз
А) иондардың реттелген қозғалысы;
В) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады;
С) магниттік қасиеттерін сақтай алмайтын денелерді айтады;
D) айнымалы токтардың магниттерін айтады.
Е)кез келген қатты денелерді айтады
8.Магнит сызықтары магнит ішінде
А) жиналады; В) шашырайды; С) тұйықталады; D) болмайды.
Е)дұрыс жауабы жоқ
9. Тілшенің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзу…
А) магнит түзуі деп аталады; В) электр өрісі деп аталады;
С) магнит өрісі деп аталады; D) магнит тілшесінің осі деп аталады.
Е)полюс деп аталады
28-29 - сабақ
Компас. Электр телеграф.
Достарыңызбен бөлісу: |