«алматы энергетика және байланыс институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы радиотехника және байланыс факультеті «инженерлік кибернетика»


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТІЗІМІ (64 сағат)



бет2/4
Дата11.06.2016
өлшемі462.82 Kb.
#128221
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТІЗІМІ (64 сағат)

Зертханалық жұмыс № 1. Сызықтық алгоритмдер (4 сағат)

Зертханалық жұмыс № 2. Тармақталған алгоритмдер (4 сағат)

Зертханалық жұмыс № 3. Қайталану саны белгілі циклдық алгоритмдер (8 сағат)

Зертханалық жұмыс № 4. Қайталану саны белгісіз циклдық алгоритмдер (8 сағат)

Зертханалық жұмыс № 5. Итерациялық есептеу процестері (8 сағат)

Зертханалық жұмыс № 6. Массивтерге байланысты алгоритмдер (8 сағат)

Зертханалық жұмыс № 7. Қосалқы программаларды пайдалану (8 сағат)

Зертханалық жұмыс № 8. Көрсеткіштер (8 сағат)

Зертханалық жұмыс № 9. Графикалық жұмыстарды орындау (8 сағат)



5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ОРЫНДАУ ГРАФИГІ




Тапсырма тақырыбы

Тапсырма мазмұны

Сынақ

түрі

Тапсыру

мерзімі

(апта)

1

Санақ жүйелері. Екілік, сегіздік және оналтылық санақ жүйелері.

Санақ жүйелердегі сандарға қарапайым арифметикалық амалдарды қолдану. Сандарды бір санақ жүйесінен екіншісіне ауыстыру. Бөлшектерді ауыстыру. Сандық информацияны цифрлық автоматтарда бейнелеу.


Жазба жұмыс

2

2

Алгоритмдердің блок-схемалық бейнелеу әдісі

Қарапайым алгоритмдерді құрастыру. Сызықтық, тармақталған және циклдық құрылымды алгоритмдерді құрастырудың мысалдары. Қайталану саны белгілі және белгісіз циклдарды ұйымдастыру. Есептеудің алгоритмдерінің типтері. Типтік есептердің қарапайым алгоритмдерін құрастыру.

Жазба

жұмыс


3

3

Программалау тілдері және олардың негізгі сипаттамалары.

Программалау тілдерінің даму тарихы. Алгоритмдік тілде жазылған программаны ЭЕМ-де орындаудың т»ртібі. Редакторлар мен трансляторлар туралы мәліметтер.


Ауызша жауап

4

4

Итерациялық процестер және олар туралы түсінік.

Итерациялық әдістер қолданылатын септер. Трансценденттік теңдеулерді шешуге итерациялық әдістерді пайдалану.

Ауызша жауап

5

5

Интегралдық программалау орталары

Турбо Паскаль және Borland интегралдық программалау орталарымен танысу. Интегралдық орталардың негізгі менюлерімен танысу. Редакциялау, қалыптау, орындау және т.б. мүмкіншіліктер

Ауызша жауап

6

6

Паскаль тілінің әліппесі.

Тілдің қарапайым конструкциялары мен таңбалары. Деректер және олардың типтері. Деректердің стандартты типтері. Тілдің ішкі процедуралары мен функциялары туралы мәліметтер. Паскаль тіліндегі программа құрамы. Программаның сипаттау бөліміне енетін конструкциялары. Тілдің операторлары.

Жазба жұмыс

7

7

Коллоквиумге дайындық

Алгоритмдер мен Паскаль тілінің әліппесі туралы мәліметтерді қайталау

Коллоквиум

8

8

Әртүрлі құрылымды алгоритмдерді программалау.

Стандартты типтерді пайдалану. Операторларды пайдалану тәсілдері. Меншіктеу, енгізу-шығару, шартты және шартсыз өту, таңдау операторлары.


Жазба жұмыс

10

9

Модульдік программалау және графика

Паскаль тілінің стандартты модульдеріінің SYSTEM, DOS, CRT, PRINTER, OVERLAY негізгі функцияларымен танысу. Паскаль тілінің геометриялық объектілерімен және мәтіндермен жұмыс істеу процедуралары. Қозғалатын бейнелерді құрастыру (анимация).

Жазба жұмыс

11

10

Си программалау тілі

Тілдің басқа версиялары мен модификациялары туралы мәліметтер. Даму тарихы. Стандарты. Тілдің әліппесі.

Ауызша

жауап


12

11

Си тілінің программалық жабдығы

Программаны құрастыру және орындау тәртіптері. Си тілінде қолданылатын деректер типтері туралы. Арифметикалық константалардың шектік мәндері. Жолдар мен жолдық константалар. Си тілінің операторлары, өрнектері мен стандартты функциялары.

Жазба жұмыс

13

12

Си

тілініңң негізгі конструкциялары



Си тілінде операторлар мен функциялардың жазылу тәртіптері. Стандартты функциялар кітапханасы.


Ауызшы

жауап


14

13

Си программаларын орындауға машықтану

Турбо С++ трансляторының қателер туралы хабарламасын зерттеуге машықтану. Қателерді жөндеу. Программаны қалыптау. Операциялық жүйелерде программаның орындалуы. Файлдармен жұмыс істеуге машықтану.

Ауызша жауап

15

14

Тест сұрақтары

Тестік тексеруге дайындық

Тест

16



6 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
1 Кез-келген нақты белгілі бір типке жататын есептерді шешуге арналған ережелер мен командалардың жиыны –

2 Адамзат өмірінде танырлық және коммуникативтік функцияларды атқаратын кез-келген физикалық табиғаттың белгілеулер жүйесі -

3 Мәтіндік алгоритм дегеніміз не?

4 Бір-бірімен стрелкалар арқылы байланысқан геометриялық фигуралардың жиыны -

5 Программаның қателерін жөндеп, оның мәтінін қайта қарастыру үрдісін

6 Программаның орындалу барысында мәндері өзгеретін деректерді -

7 Белгілі бір амалджардың тізбегін көп рет қайталайтын алгоритмді -

8 Барлық амалдар бір тізбекпен орындалатын алгоритмді -

9 Тілде қолданылатын символдардың жиынын не деп атайды?

10 Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

11 Компиляция кезінде бір бүтін болып қарастырылатын және мағынасы бойынша майда бөлшектерге бөлінбейтін программа бірлігі

12 Программаны түсіндіретін, бірақ оның орындалуына әсер етпейтін программадағы мәтін қалай аталады?

13 Деректер дегеніміз не?

14 Нақты белгілі орындайтын қызметтері бар және пайдаланушының проблемалық деректерінің идентификаторлары ретінде пайдалануға болмайтын идентификаторлар қалай аталады?

15 Алгоритмдік тілде жазылған программа қалай аталады?

16 Есптерді шешудің алгоритмдерін сипаттауға арналған машинаға тәуелсіз тілдер қалай аталады?

17 Қолданбалы программаларды құрастырудың тілі мен құралдары қалай аталады?

18 Дос интерфейс дегеніміз не?

19 Программаның өмірлік циклы қандай кезеңдерден тұрады?

20 Программаны қалыптау дегеніміз не?

21 Логикалық типтегі деректер қандай мәндерді қабылдай алады?

22 Жолдық типтегі деректер не үшін қажет?

23 Паскаль тілінде CASE операторы не үшін қолданылады?

24Паскаль тіліндегі құрама оператор дегеніміз не?

25 Қайталау саны белгісіз циклдарды ұйымдастыру үшін қандай операторлар пайдаланылады?

26 Паскаль тілінде санды дөңгелектеу үшін қандай функция қолданылады?

27 Саналатын тип дегеніміз не?

28 Келесі операторлар орындалғанда қандай нәтиже алынады:

A:=‘student’; Writeln(A:4);?

29 Паскаль тілінде бір сөзге екіншісін жалғау үшін қандай функция қолданылады?

30 Келесі программаның франменті орындалғанда қандай нәтиже алынады:

Begin


for i:=10 downto 1 do write (i,' ' )

end.


31 Келесі программаның фрагменті орындалғанда қандай нәтиже алынады?

Begin


s:=1;

for i:=1 to 3 do s:=s*i;

writeln (s)

end.


32 Келесі программаның фрагменті орындалғанда қандай нәтиже алынады?

Begin x:=2; s:=0;

repeat s:=s+x;

x:=x+2


until x>4;

writeln (s)

end.

33 Келесі программаның фрагменті орындалғанда қандай нәтиже алынады?



Begin x:=2; s:=0;

while x<=4 do

begin

s:=s*x; x:=x+2



end;

writeln (s)

end.

34 Келесі программаның фрагменті орындалғанда қандай нәтиже алынады?



Begin x:=1; s:=1;

while x>=4 do

begin

s:=s*x; x:=x+1;



end;

writeln (s)

end.

35 Келесі программаның фрагменті орындалғанда қандай нәтиже алынады?



Begin

x:=0.2; s:=1;

For i:=1 to 3 do s:=s+x;

Write(s)


End.

36. Келесі программаның фрагменті орындалғанда қандай нәтиже алынады?

Begin

N:=1; k:=1;



5: N:=N*k;

k:=k+1;


if k <= 5 then goto 5;

write (N);

End.

37 Бір типтегі n элементтердің жиыны дегеніміз - ол



38 Табиғаты кез-келген, бір бүтін деп есептелетін объектілердің еркін жиыны дегеніміз - ол

39 Паскаль тіліндегі программада Frac(x/2) = 0 жазуы нені анықтайды?

40 Паскаль тілінде x –тің n дәрежесін табу үшін қандай функция қолданылады?

41 Паскаль тілінде дұрыс жазылған өрнекті көрсетіңіз:

42 Паскаль тілінде автономды түрде тұтастырылатын (компоновкаланатын) программалық бірлік, қосалқы программалардың (подпрограммалардың) кітапханасы дегеніміз – ол

43 Паскаль тіліндегі программа көлемінің ең үлкен мәні:

44 Паскаль тілінің қандай стандартты модулінің функциялары мен процедуралары графикалық объектілерді өңдеуге арналған?

45 Паскаль тілінің қандай стандартты модулінің процедуралары мен функциялары клавиатура мен мәтіндік экранды басқаруға арналған?

46 Паскаль тілінде модульдерді программаға қосу үшін қандай оператор қолданылады?

47 Модульдің интерфейстік бөлімінде қандай информация орналастырылады?

48 Паскаль тілінде графикалық режим орнату үшін қандай процедура қолданылады?

49 Компилятордың келесі хабарламасы нені көрсетеді:



4 Duplicate identifier ?

50 Компилятордың келесі хабарламасы нені көрсетеді:



26 Type mismatch ?

51 Компилятордың келесі хабарламасы нені көрсетеді:



62 Division by zero ?

52 Компилятордың келесі хабарламасы нені көрсетеді:



113 Error in statement?

53 Паскаль тілі қандай типке жатады?

54 С++ тілі қандай типке жатады?

55 Си тілі қандай типке жатады?

56 С# тілі қандай типке жатады?

57 Оналтылық есептеу жүйесіндегі келесі сандарды қосқанда қандай нәтиже алынады



8D.8 + 3B.C = ?

58 Сегіздік есептеу жүйесіндегі келесі сандарды қосқанда қандай нәтиже алынады:



215.4 + 73.6 = ?

59 Екілік есептеу жүйесіндегі келесі сандарды қосқанда қандай нәтиже алынады:



10001101.1 + 111011.11 = ?

60 Екілік есептеу жүйесіндегі келесі сандардың айырмасы қандай нәтиже береді:



11001001.01 - 111011.11 = ?

61 Си тілінде жазылған 016 санының ондық есептеу жүйесіндегі мәні қандай?

62 Си тілінде жазылған 0xFF санының ондық есептеу жүйесіндегі мәні қандай?

63 Си тілінде келесі жолға өту үшін қандай басқарушы тізбек қолданылады?

64 Ондық сан 22 Си тілінде оналтылық есептеу жүйесінде қалай бейнеленеді?

65 Си тілінде айнымалыны инициализациялау дегеніміз не?

66 Си тілінде ат берілген константаларды енгізу үшін қандай препроцессорлық директива қолданылады?

67 Си тіліндегі программада құрама оператордың басы мен соңына қандай белгілер қойылады?

68 Си тіліндегі келесі операторлар n=4 и ++n*2 орындалғанда n қандай мән қабылдайды?

69 Си тіліндегі программаға кітапханалық функциялар қандай препроцессорлық команданың көмегімен енгізіледі?

70 Келесі операциялар орындалғанда қандай нәтиже алынады:

a=10.3-2.5; x+=a;?

71 Си тіліндегі бас функция қалай аталады?

72 Фигуралық жақшалармен шектелген анықтамалардың, сипаттамалардың және орындалатын операторлардың тізбегі қалай аталады?

73 Си тіліндегі программаның орындалу нәтижесін қандай функцияның көмегімен алуға болады?

74 Келесі #include директивасы не үшін қолданылады?

75 Си тіліндегі программада деректерді клавиатурадан енгізу үшін қандай функцияны қолдануға болады?

76 Оператор break не үшін қолданылады?

77 Си тіліндегі келесі программа фрагментінің орындалу нәтижесі қандай?

#include

void main()

{ int n=10, m=2;



printf (“\nn+++m=%d”,n+++m);

printf(“\nn=%d,m=%d”, n,m);}

78 Си тілінде блоктың құрама оператордан айырмашылығы қандай?

79 #include не үшін қолданылады?

80 #include не үшін қолданылады?

81 Си тіліндегі бір программада main()функциясы қанша рет кездеседі?

82 Си тілінде объект дегеніміз не?

83 Си тіліндегі программада неше файл болуы мүмкін?

84 Си тілінде x айнымалысының адресін қандай унарлық операция анықтайды?

85 Индекстелінген элементтерді жазуда қандай бөлгіштер пайдаланылады?

86 Егер n 4-ке тең болса, онда n++*2 өрнегін есептегенде қандай мән алынады?

87 Егер n 4-ке тең болса, онда ++n*2 өрнегін есептегенде қандай мән алынады?

88 Препроцессордың қызметі не?

89 Программаның алғашқы мәтінін препроцессорлық өңдеудің ережелерін кім анықтайды?

90 header file дегеніміз не?

91 Си тілінің цикл операторларының дұрыс жиынын көрсетіңіз:

92 Оператордың сол жағына орналасқан, одан қос нүктемен бөлінген идентификатор дегеніміз - ол

93 scanf() функциясының аргументі не?

94 Си тілінде динамикалық бөлінген жадты босату үшін қандай функция қолданылады?

95 Келесі цикл орындалғанда қандай нәтиже алынады?

for (i=0; i<5; i++)

{printf(“&x[%d]=%p”, i,x[i]);}

96 Си тілінің sizeof(long)операциясының орындалу нәтижесі қандай болады?

97 Си:тіліндегі бүтін мәнді айнымалыларды сипаттауды көрсетіңіз:

98 Си тілінде константаларды сипаттауды көрсетіңіз:

99 #include <stdio.h> директивасы қандай қызметті орындайды?

100 Келесі операторлардың орындалу нәтижесі қандай?

float c, t;

int k;


c=48.3; k=-83; e=16.33;

printf (“\nc=%f\tk=%d\te=%t”, c, k, e);

101 Си тіліндегі функция дегеніміз не?

102 ЭЕМ-нен информация шығару үшін Си тілінде қандай функция қолданылады?

103 Си тіліндегі программаның келесі фрагментінің орындалу нәтижесінің дұрысын көрсетіңіз:

int u=0, s=0;

s++;

++u;


printf(“s=%d, u=%d”, s,u);

104 Келесі программаның орындалу нәтижесі қандай болады?

#include

main()


{ int m=1, n=5, i;

for (i=1; i<=n; i++)

m*=i;

printf("\nm=%d",m); }



105 Келесі программаның орындалу нәтижесі қандай болады?

#include

main()

{

int m=0, n=5, i;



for (i=1; i<=n; i++)

m+=i;


printf("\nm=%d",m); }

106 Си тілінде қайтару операторы қалай жазылады?

107 Си тілінде саналатын типті анықтау үшін қандай спецификатор қолданылады?

108 Си тілінде нақты типті анықтау үшін қандай спецификатор қолданылады?

109 Келесі программаның орындалу нәтижесі қандай?

#include

#include

void main()

{

int x[5];



int *i,*k;

ptrdiff_t j;

i=&x[0];

k=&x[4];


j=k-i;

printf("\nj=%d",(int)j);

}

110 Келесі Си тіліндегі программа фрагментінің орындалу нәтижесі қандай?



int m=2,n=5,i;

for(i=1; i<=n; i++)

m*=i;

printf("\nm=%d",m);



111 Си тілінде тармақталынудың дұрыс ұйымдастырылғанын көрсетіңіз:

112 Си тілінде дұрыс жазылған меншіктеу операторын көрсетіңіз:

113 Паскаль тіліндегі алғашқы файлдың атының кеңейтілуі қандай?

114 С++ тіліндегі алғашқы файлдың кеңейтілуі қандай?

115 Си тіліндегі алғашқы файлдың кеңейтілуі қандай?

116 Макрос дегеніміз не?

117 Қандай тілдер төменгі деңгейдегі тілдер болып есептеледі?

118 Алгоритмнің негізгі сипаттамаларын көрсетіңіз:

119 Программаны трансляциялау дегеніміз не?

120 Программаның алгоритмдік тілде алғашқы мәтіні қандай программаның көмегімен құрастырылады?


7 ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
1. Программалаудың арифметикалық негіздері. Деректер және олардың типтері. Есептеу жүйелері және олардың түрлері. Сандарды бейнелеу формалары мен дәлдігі. Сандарды бір жүйеден екіншісіне ауыстырудың жалпы ережелері.

2 ЭЕМ-де есепті шешудің негізгі кезеңдері. Есепті қою және математикалық модельдеу. Математикалық модель туралы түсінік.

3. Есепті алгоритмдеу. Есепті шешудің әдістері туралы түсінік. Алгоритм туралы түсінік. Алгоритмдерді бейнелеу тәсілдері.

4.Алгоритмдеудің операторлық жүйелері. Алгоритмдердің қасиеттері. Алгоритмдердің құрылымдарының түрлері.

5. Алгоритм және абстракты машиналар. Алгоритмдік жүйелер туралы түсінік. Тьюринг машинасы. Алгоритмдерді бағалау.

6. Программалық жабдықтың классификациясы. Программалау технологияларының инструменттері. Программалаудың инструменталдық құралдары.

7. Программалау тілдері мен олардың классификациясы. Компиляторлар туралы түсінік. Алгоритмдік тілдегі программалардың орындалуының жалпы тәртібі.

8. Паскаль программалау тілі. Деректердің типтері мен құрылымдары. Паскаль тілінің қарапайым конструкциялары мен программасының құрылымы.

9. Типтік есептеу алгоритмдерін Паскаль тілінде программалау. Цикл операторлары. Циклдерді ұйымдастыру.

10. Массивтер туралы түсінік. Паскаль тілінде массивтерді сипаттау. Массивтерге амалдар қолдану.

11. Құрылымдық программалау туралы түсінік. Қосалқы программаларды пайдалану. Паскаль тіліндегі функциялар.

12. Процедура және Паскаль тіліндегі программаларда процедураларды пайдалану.

13. .Паскаль тіліндегі стандартты типке жатпайтын деректер. Саналатын тип. Интервалдық тип.

14. Жолдар және Паскаль тілінде символдардың тізбегін өңдеу. Жазулар мен жиындар.

15. Паскаль тіліндегі программада файлдарды пайдалану. Файлдарды хабарлау, белгілеу, ашу, жабу және басуға шығару.

16. Модульдік программалау. Модульдер және модульдің құрылымы. Паскаль тіліндегі стандартты модульдер.

17. Си алгоритмдік тілінің негізгі түсініктері. Әліппе, идентификаторлар, қызметтік сөздер, константалар, жолдар, айнымалылар мен ат берілген константалар. Арифметикалық типтер.

18. Си тіліндегі қарапайым программаның құрылымы мен компоненттері. Программалаудың элементар құралдары. Си тілінің операторлары.

19. Си тілінде циклдік алгоритмдерді программалау. Цикл операторлары.

20. Си тілінде массивтерді программалау. Массивтерді сипаттау. break операторын пайдалану.

21. Си тіліндегі программадағы функциялар. Функцияны анықтау және оның құрылымы. Функцияны пайдалану және оның түп тұлғасы (прототипі).

22. Си тіліндегі программада препроцессордың негізгі қызметі. Препроцессорлық өңдеудің кезеңдері. Препроцессордың директивалары.

23. Си тіліндегі программаның мәтініндегі ауыстырулар. Қойылымдар тізбегі.

24. Си тіліндегі программаға файлдардан мәтінді енгізу. #include директивасын файлдардан мәтін енгізуге пайдалану.

25. Си тіліндегі шартты компиляция. Тармақтар директивасы.

26. Си тілінде препроцессорлардың құралдарымен макроқойылымдар.

27. Си тіліндегі объектілерге көрсеткіштер. Көрсеткіштерге амалдар қолдану. Арифметикалық операциялар мен қатынастардағы көрсеткіштер.

28. Көрсеткіштер мен Си тілінде массив элементтеріне қол жеткізу. Массивтердің динамикалық жады туралы түсінік.

29. Си тілінде символдық информацияны бейнелеу. Символдық информация және жолдар. Символдық деректерді енгізу-шығару.

30. Си тіліндегі ішкі кодтар мен символдардың реттелуі. Жолдар, жол константалары. Жолдар мен көрсеткіштер.



8 ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС (ЕГЖ) БОЙЫНША БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ВАРИАНТТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
1. Есептеу-графикалық жұмыстарды орындаудың жалпы тәртібі

Әрбір студент өз варианты бойынша «Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәні бойынша төрт есептеу-графикалық жұмыстарын орындауы тиіс (бөтен вариант бойынша орындалған жұмыс қабылданбайды).

Жұмыс компьютерде орындалып, кафедра белгілеген мерзімде қорғалуы тиіс. Әрбір жұмыс төрт тапсырмадан тұрады. Жұмыстағы әрбір тапсырма келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

1. Есептің қойылуы.

2. Есептің алгоритмі.

3. Программаның мәтіні (листинг).

4. Есептің шешудің нәтижесі.

2 Тапсырманы орындаудың үлгісі

Мысал. Анықталған интегралды есептеу.



2.1 Есептің қойылуы. Келесі анықталған интегралды тіктөртбұрыштар тәсілімен шешу керек болсын:

S = = (e –x + ex ) dx

Тіктөртбұрыштар тәсілі бойынша интегралдың жуық мәні келесі формула арқылы анықталады:

S = h [f(x1)+f(x2)+f(x3)+ . . . + f(xn)].

Мұндағы h – аргументтің өзгеру қадамы; xi = a+h*i,i=1,2,3,...,n, n = .

2.2 Есептің алгоритмі. Бұл есептің алгоритмі өте қарапайым: интеграл астындағы функцияның мәндерін тауып және олардың қосындыларын есептеу керек; осыдан кейін алынған қосындыны аргументтің өзгеру қадамына көбейтіледі. Қосындыны табудан бұрын оған ноль деген мән беріледі, себебі ноль болашақ қосындының мәніне әсері болмайды.

Алгоритмді келесі түрде жазуға болады:

1) S = 0, i =1, циклдың басында қосынды сақталынатын ұяшық тазартылуы керек немесе ол ұяшыққа ноль жіберіледі;

2) x = a + h*i, аргументтің жаңа мәні есептелінеді;

3) f(x), интеграл астындағы функцияның мәні есептелінеді;

4) S = S + h*f(x), жаңа қосылғышты қосу;

5) i = i + 1, жаңа қосылғышты есептеу үшін келесі нүктеге өту;

6) егер i ≤ n шарты орындалса, онда 2) жолдан бастап қайталанады;

7) есептеудің нәтижесі S экранға шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет