Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті «№23 орта мектеп» мкм география пәнінің мұғалімі Алмабекова Алуа Жетпісбайқызының «Ғаламдық география»



Дата26.03.2024
өлшемі14.1 Kb.
#496566
түріБағдарламасы
рецензия


Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті «№23 орта мектеп» МКМ
География пәнінің мұғалімі
Алмабекова Алуа Жетпісбайқызының
«Ғаламдық география» атты авторлық бағдарламасына


РЕЦЕНЗИЯ

Бағдарламада географиялық бағыттағы білім алушыларға жалпы ғаламдық географиялық қабықтың құрылысын, оның уақыт пен кеңістіктегі даму заңдылықтарын, олардың өзара байланысын кеңінен таныстырып, қазіргі жағдайы жəне болашақта болатын өзгерістері туралы мағлұматтар беру арқылы географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау көзделген.


Тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық қабілеттерін арттыру арқылы қазіргі өзгермелі дүниеде тұлғаның өз бетінше шешім қабылдауына дағдыландыру сонымен қатар адамзатты түгел қамтитын проблемалармен – дүниежүзілік материктер мен мұхиттар және басқа проблемалардың бар екенін, оларды шешу жолдарымен таныстыру қарастырылған. Дүниежүзіндегі ғаламдық проблемалардың түрлеріне сипаттама бере отырып, оның табиғат компоненттерінің қалыптасуына әсерін түсіндірген. Оқушыларға географиялық білім беруде жаңа формациядағы яғни бәсекелестікке қабілетті, мәдениеті ұрпақ қалыптастыруға баса назар аударған. Оқушыларды еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие берумен қатар жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабық құрамдас бөліктері (атмосфера, гидросфера, литосфера) жəне биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне бағынышты əрекеттерін оқып білу туралы түсініктерін қалыптастыратын бұл авторлық бағдарламаның тақырыбы өзекті, қолданбалылық сипаты жоғары деп айта аламыз.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ РКДИ
«Жаратылыстану-математикалық және
гуманитарлық пәндерді оқытудың
мазмұны мен әдістемесі» кафедрасының
аға оқытушыс, п.ғ.м. А.Қ.Қуандық

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет