Алматы облысы Талдықорған қаласы



бет2/4
Дата20.06.2016
өлшемі331.5 Kb.
#149227
1   2   3   4

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді.


Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде Алматы облысында мүмкіндік өте көп десе де болады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда Қазақстандагы туризм кластерін дамытуга ең қолайлы аймақ ретінде жерұйыгы Жетісудың таңдап алынганы. Алайда бұл жоспарларда өзіміздің туган жеріміздегі табигаты тамаша қаншама жерлеріміз ескерусіз қалып жатыр.

Жеке сала ретінде туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда да жақында басталды. Туристік қызметтің жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладагы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, ізденіс жұмыстың тақырыбын таңдауга себеп болды.

Қосымшада көрсетілген №1 кестеден біз Алматы облысында орналасқан туристік объектілер тізімінен Ақсу ауданы бойынша бір гана туристік объектіні көреміз. Ол - Арасан кентінде орналасқан «Қапал - Арасан» шипажайы. Алайда осы Қапал өңірінің сыры мол тамаша қаншама жерлері бар десеңізші. Оларга Тамшыбұлақ, Баянжүрек, Көксай, Бүркіттінің өзені, Ешкіөлмес, т.б жерлер жатады. Бұл жерлердің қайсысын алсақ та құпия мен аңызга толы.

Міне, сол себептен де бүгінгі өзіміздің жұмыста Алматы облысындағы табиғаты тамаша да сыры мол Қапал өңірінің сырларына саяхат жасауды жөн көрдік.



Жұмыстың мақсаты. Туған өлкеннің таңғажайып тамашасын алыс-жақынға жеткізе отырып, бұл жерлердің сырларын ашу, табиғи және шипалық қасиеттері мен топнимикалық атауларына талдау жасау. Арнайы жарнамалар, стендтер мен презентациялар жасап, туристік бағыттарды, соның ішінде жасөспірімдерге экология - этнографиялық танымдық туристік эксскурсияны ұйымдастыру жолдарын ұсынуды мақсат етіп қойдық.

Жұмыстың мақсатын жүзеге асыруда атқарылатын міндеттер. Алға қойган мақсатты жүзеге асыруда төменгі міндеттерді өз алдымызга жүктедік:

  • Қапал өңірінің тарихына үңілу, жүргізілген зерттеу жұмысы жайында деректер жинақтау;

  • Қапал өңірінде өткен тарихи оқиғаларға назар қою, қызықтырар деректерді алу;

  • Жер аттарының шығу тарихымен танысу;

  • Арнайы видео материалдар жасау; туристік маршруттардың реестрлерін дайындау;

  • Презентациялар жасап, жарнама беттерін өңдеу, туристік жолсілтемелер жасау;

Қапал сырларына байланысты жазылған шығармаларды оқып, мазмұны мен мәнін ашу.



Нәтижесінде. Жұмыста көтерілген мәселелерді арнайы туристік бағдарлама жасауда қолдана алады, Жетісу жеріндегі Қапал өңірінің сырларына қанық болады. «Туған жер», «Жерұйығым - Жетісу» т.б тәрбие сағатарында қолдануға болады. Қапал өңірінің тамаша да сыры мол табиғатын тамашалайтын демалыс орындарына айналдырып, ел экономикасына үлес қосуда арнайы туристік бағдарлама жасауда этнографиялық туризм түрлерін қамтуға болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуына үлкен назар аударып отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуга, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді.

Қазақстан республикасы Президентінің халықка жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Дамудың басым бағыттарының бірі - бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленсе, облыс көлемінде осыган орай атқарылатын іс-шара жоспары жасалған.

Қазақстанның туризмді дамытуға табиғи, тарихи және еңбек әлеуеті бойынша мүмкіндіктері мол аймақтарының бірі - Жетісу өңірі.

Облыс экономикасына тигізер мүмкіндігі мол саланы дамыту мақсатында өткен жылы атқарылған игі істер қатарына - ақпараттық-жарнамалық өнім шығару, халықаралық, республикалық туристік шараларға қатысу арқылы облыстың туристік имиджін қалыптастыру бағытындағы ұйымдастыру жұмыстарын жатқызуға болады. Мәселен, 2001 жылдан бастап Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бәрінде, яғни Берлин (Германия), Утрехт (Нидерланд), Мадрид (Испания), Мәскеу (Ресей), Лондон (Улыбритания), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында облыстың туристік әлеуеті көрсетілсе, биылғы жылы Берлин, Шанхай қалаларында өткен биржаларда Қазақстанның стенді арнайы номинациялар бойынша бірінші жүлдеге ие болған. Онда Алматы облысының сапалы туристік өнімдерінің орын алуы да үлкен іске өзіндік септігін тигізгенін айтқан жөн.

Туған өлкенің таңғажайып тамашасын алыс-жақынға жеткізу, жарнамалау бағытында Алматы және Астана қалаларында өтетін халықаралық, республикалық туристік көрмелер саланың дамуына берік негіз қалауда.

Отандық және әлемдік туристік қызмет көрсету нарығында облыстың туристік мүмкіндіктерімен таныстыратын жолсілтеме, облыстың туристік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы буклеттер, плакаттар, өзгеше табиғат нысандары мен көруге түратын орындардың көріністері бар ашық хаттар және тағы басқа жарнамалық-ақпараттық өнімдер жарнамалануда. Осының барысында облыс бойынша арнайы туристік карта жарық көріп, болашағынан көп үміт күтетін жайлар жасалуда. Соның бірі Жетісу саяхаттары болып отыр.

Жетісуды өзен-көлдер өрнектеп, аспан таулар асқақтатса, орман-тоғайы көздің жауын алады.

Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған әсем табиғатымен, мәдени-тарихи орындарымен құнды. Іле және Жоңғар Алатауы, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және басқа көптеген сулы, таулы, сондай-ақ тегістік жерлердің артериялары, минералдық су және балшық көздері, табиғат ескерткіштері, атап айтқанда қайталанбайтын флорасы мен фаунасы, соның ішінде эндемикалық және реликталық, қорған кешендері, петроглифтер (тастағы суреттер), мұражайлар (тақырыптық және атақты адамдардың), мавзолейлер, мазарлар және бұрынғы кездегі сәулет (архитектура) ғимараттары туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін жәдігерлері. Осы ресурстар облыстың туристік инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі екенін көрсетеді.

Негізгі бөлім


  1. Жетісу - туристік инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі

Облыстағы туризмнің даму шарттары қазақстанның басқа өңірлерінен ерекшеленеді, себебі аймақтың туристерді қабылдау мүмкіндігі үлкен. Облыстағы туризманің басты бағыты - туризм инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Жалпы облыс аумағында 2011 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша 470 туристік нысан орналасқан, Алматы облысы аумағында 125 қонақ үй қызмет көрсетуде, 191 демалыс аумағы мен базарлары, 76 қонақ және 20 шағын аңшылар үйі қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 15 санаторийлер мен профилакториялар, 14 сауықтыру лагері және орталықтар, 22 демалыс үйі және 7 басқа қабылдау нысандары ақылы туристік - сауықтыру қызметін жүргізуде.

Туристердің көпшілігі емдік - шипажай объектілеріне баруды бағыттаған. Бүгінгі таңда, көптеген емдік - шипажай объектілері жұмыс жасап жатыр. Аса әйгілі емханаларга: «Алатау» (Қарасай ауданы), «Қапал - Арасан» (Ақсу ауданы), «Көктем» (Талгар ауданы), «Жаркент - Арасан», «Керім - Агаш» (Панфилоф ауданы) жатады. Халықаралық стандартқа сай жоғары сапалы қызмет көрсететін «Старая крепость» және «Ғгееdom» демалыс орындары, «Табаған» кешені, «Қапал - Арасан» шипажайы сияқты қабылдау объектілері бар.

Қапшағай су қоймасындағы туризм инфрақұрылымының нысаналары ең карқынды дамуда. Соңғы жылдарда су қоймасында орналасқан демалыс орындарында туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету сапасының жақсару тенденциясы белгіленді.

Әлемдік нарықта туристік қызмет көрсету саласында жайлы табиги - климаттық және бальнеологиялық ресурстары бар, санаторий-куроттық жүйесі дамыған елдерге пайда әкелетін арнайы сауықтыру және емдік турлар берік бекінді. Алматы облысының емделу және демалу үшін тек қана жергілікті емес, сонымен қатар, шетелдік туристерді тартарлық табиғи-климаттық әулеті зор. Бірақ, жалғыз ғана ресурстар жеткіліксіз. Осы өнімді жүзеге асыру үшін тиісті инфрақұылым, ягни әртүрлі бағыттағы, баға белгілейтін қызмет көрсететін шипажайлар мен қурорттар жүйесі қажет. Міне сонда ғана туризм қоғам өміріне ықпал етеді. Туризмнің қоғам өміріне ықпалын төмендегідей кестемен көрсете аламыз.


Қапал өңіріне тән құрылған туризм кластері




  1. Туризм саласы - балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыратын нысан

Туризм саласының балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулудағы маңызы да ерекше. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдер арасында туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында экскурсиялардың, сонымен қатар, балалар мен жастардың арасында туризмнің белсенді түрлерін дамытуға арналған облыстық ашық чемпионаттың өткізілуі осының дәлелі.

Қазіргі таңдағы туристік нарық тек демалыс орындары мен шипалы орындардың айналасында шектеліп қалып отыр. Ал оқушылар үшін арнайы танымдық, экологиялық, орнитологиялық, саяжай-сауықтыру, этнографиялық туризм түрлерін қамтитын маршруттар енгізілген жөн болар еді.

Аймақтағы туризмнің жай-күйін көрсететін материалдар 2003 жылдан бастап жинақталған. Жұмыс қорытындысы бойынша облыс аудандары мен қалала-рындағы туризмді дамытудың басым бағыттары анықталып, туристік марш-руттардың реестрі дайындалған.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында сайыстар, слеттер, экспедиция жорықтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар - Дүниежүзілік Туризм күніне арналған облыстық туристер слеті, авторлық (бардтық) ән фестивальдері, “Джунгария” туриадасы, “Бұрқан-Бұлақ” туристік фестивалі, туристік көпсайыс, жаяу, тау туризмі бойынша сайыстар, ақпараттық және тұсаукесер турларының да әр адамның өмірінде қалдырар әсері мол екенін атап айтқан ләзім.

Солардың ішінде Ш.Уәлиханов экспедициясының бағыты бойынша ұйымдастырылатын туристік саяхаттардың берері мол. Ал облыста Орталық Азияда теңдесі жоқ экологиялық туризм жөніндегі халықаралық жоба - Іле- Балқаш регатасы жыл сайын жалау көтеріп, оның тәрбиелік, тағылымдық мән- маңызы тереңдей түсуде. Мемлекеттік ұлттық парктер мен қорықтарды кластерлік дамыту мәселесі бойынша “Алтынемел” ұлттық табиғи паркінде кеңес өткізілсе, қазіргі кезде оның пилоттық жобасы әзірлену үстінде екен.

Шетелде тұратын қазақ диаспорасы үшін “Ата жұртқа саяхат” атты туристік бағыт әзірленсе, Қапшағай су қоймасы, Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалауында демалыс орындарын ашудың негізгі жоспарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, іске асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары басталған.

Аймақтағы туризмнің дамуын тежейтін негізгі мәселе - тартымды туристік объектілерге және әдемі ландшафтарға апаратын автокөлік жолдарының нашарлығы. Дегенмен, туристік нысандарға апаратын жергілікті маңызы бар жолдар біраз жөндеуден өткен.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи ашық аспан астындағы “ Тамғалы “ қорық мұражайы, бір спорт-көңіл көтеру кешені, үш мавзолей, екі аквапарк та туристік әлеуеттің бағалы нысаны. Экологиялық туризмнің негізін “Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі”, “Алтынемел”, “Шарын”, Алакөл» және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары” сияқты экологиялық жүйелерді сақтаудың аса маңызды дәрежесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрайды. Сонымен бірге облыстағы туристік саяхаттардың мақсаттарына қарай туристерге курорттық-емдеу, соның ішінде климаттық ем, бальнео-логиялык ем, балшықпен емдеу, экологиялық туризм, соның ішінде оның маман-дандырылған флора мен фауна өкілдерін бақылауға негізделген түрлері, спорт-сауықтыру туризмінің (жаяу жүру, тауға шығу, шаңғы тебу, жағажайда суға шомылу, судағы спорт, мотоциклмен жарысу, желкенесу, альпинизм түрлері, мәдени-танымдық), соның ішінде табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлермен танысу, діни, этникалық мамандандырылған туризм, сонымен қатар аңшылық-кәсіпқойлық, белгілі жағдайларға байланысты экскурсиялар уақытын мәнді өткізем деген демалушының талап-талғамына жол ашады.

Сонымен бірге жаз-күз, қыс айларында “Алтынемел”, “Іле-Алатау”, “Шарын”, “Көлсай көлдері” ұлттық табиғи парктеріне экскурсиялық турлар, Тамғалы тасқа, Аңырақай шатқалына, Іле өзеніндегі Тамғалыға, Жаркент мешітіне және басқа жерлерге экскурсия, Іле және Жоңғар Алатауының таулы өзендері бойынша рафтинг, тауға жаяу шығу турлары; облыс аумағында орналасқан курорттарда (“Алатау”, “Қапал-Арасан”, “Аққайың”, “Жаркент- Арасан”, “Керімағаш”) тынығу және емделу, Алакөл көліне ұйымдастырылған сауықтыру турлары, Қапшағай су қоймасында тынығу туристердің көңілінен шығып, денсаулығын түзеп, күш беретініне, рухани жан рахатына бөлейтініне еш күмән жоқ.

Алайда Алматы облысы бойынша туристік объектілердің тізімін қарастырғанымызда туризм Ақсу ауданы бойынша кенжелеп келе жатқаны көреміз. Әр ауданда бірнеше демалыс және шипажай орындары бар болса, Ақсу ауданы бойынша бір ғана «Қапал - Арасан» шипажайының ғана жүмыс жасап тұрғанын көреміз.


Алматы облысы бойынша туристік объектілер тізімінен:

№ №

п/п/

п

п

Объекінің

Аталуы


М Мәлімет

Нөмірер саны,санаттары,тәулік құны


М Мезгілі

Қ Қосымша

қызметтер

1

2

3

4

5

6

Алматы облысы

Ақсу ауданы




  1. Туған өлкенің тамашасы

Туризм саласын зерттеп, зерделеумен айналысып жүрген І.Жансүгіров атындғы университеттің оқытушысы К.Жүзжасаров ағамыз «Жетісу Алатауындағы туризмді дамытуға аса қолайлы маңызды аймақтардың қатарына Қапал-Құрымбел ойысы мен Бүркітті Бүйен өзені бастау алатын Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталарының солтүстік беткейін жатқызуға толық негіз бар. Аталған аумақта ғылыми-танымдық, экологиялық және тау туризмін

дамытудың тамаша мүмкіндіктері жетерлік» деп баға берген екен. Оның айтуынша, Мұздыбұлақ таулы алқабы мен Құрымбел ойысында қазіргі кезде қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан қола, сақ-ғұн, түркі кезеңдеріне жататындығымен ерекшеленетін тарихи-экологиялық ескерткіштер, Қапал ойысында шипажайлық-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік беретін тектоникалық жарықшақты минералды су көздерінің қоры кездеседі екен. Қаратау, Қора, Жаманкөл жоталарының солтүстік беткейлерінің абсолютті биіктігі мен жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпинизм, спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және тау шаңғысы туризмдерін дамытуға айтарлықтай мүмкіндік бар.

Тау беткейлері микроклиматының адамның мінезі мен сезіміне, денсаулығына тигізетін әсері мол. Сонымен бірге тау беткейінің теңіз деңгейінен біртіндеп биіктеуіне байланысты Бүркітті Бүйен өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға болатындығы да туристік инфрақұрылымдарды дамытуға аса қолайлы екенін дәлелдейді.

Табиғи алғышарттар бірнеше күндік туристік саяхаттар ұйымдастырып, Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында альпинистік лагерьлер құруға таптырмайтын орын.

Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталарының солтүстік беткейінің, Қапал, Құрымбел ойыстарының гисометриялық, гидроклиматтық ландшафтық- эстетикалық жағдайлары мен тарихи және әлеуметтік-экономикалық

алғышарттарын ескеріп, ғылыми-танымдық, бұқаралық сипаттағы серуендік- сауықтыру, шипажайлық-емдік және тау туризмін дамытуға болады.

Бүйен өзені бастау алатын субендік және ендік бағытқа созылып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының орталық бөлігін қамтитын, батыстан шығысқа бағытталып созылып жатқан абсалюттік биіктігі 3878 метрге жететін Қора, Қаратау (3289м) жоталары солтүстігінде теңіз деңгейінен биіктіктері 1200-2300 метр аралығында ауытқитын үш деңгейлі Қапал, Құрымбел, Мұздыбұлақ тауаралық ойыстарына ұласады. Жоғарыда аталған жоталардың эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін табиғат көрсеткіштеріне өте бай болуы туристерді ежелгі мұзбасулары мен сел әрекетінен түзілген жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерімен таныстыруға қолайлы.

Бүркітті Бүйен өзенінің аңғары мен теріскей беткейлердегі таулы орман топы-рағында талды-шетенді және шыршалы ормандар тараған. Қылқан жапырақты ормандардың жапырағынан бөлінетін эфир майларының хош иісі

мен озонға бай салқын таза ауасы адамның физикалық күш қуатын қалпына келтіріп, мінез-құлыққа қолайлы әсер ететінін ерекше еске алуға болады.

Мұздықтардың бетінде ауа температурасының төмендігіне байланысты орта биіктіктегі таулы белдеуге қарағанда, желдің жылдамдығы артады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ашық күндердің саны, инсоляцияның мәнінің жоғарылығы сияқты рекреациялық ресурстардың жеткілікті болуы туризм мен демалысты дамытуға, келушілердің ынтызарлығын арттыруға ерекше мүмкіндік береді.

Енді туристерді осынау керемет таулы аймақтарға апарудың, таныстырудың жол-дарына тоқталсам, бірінші күні туристер Талдықорған қаласының солтүстік шығысында 75 шақырым қашықтықтағы Қапал ауылына жеткізіледі, жол бойында Қапал батырдың ескерткішімен, Ақын Сара мен Біржан сал айтысы өткен Тоғызқұмалақ қонысымен, Қапал ауылындағы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған сәулет ескерткіштерімен, жергілікті өлкетану мүражайларымен танысып, тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат құбылысы Тамшыбұлақта болып, жерасты суының геологиялық әрекетінің тау жыныстарын түзудегі алатын орнын көріп тамашалайды. Ал, екінші күні туристер автобуспен Қапалдың шығысында 22 шақырым қашықтықтағы Баянжүрек тауының оңтүстік беткейінің баурайындағы Құрымбел ойысына жеткізіледі. Табиғаты эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін бұл аумақта демалушылар археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан қола, ерте темір, сақ-ғүн, түркі кезеңдерінің ежелгі қорғандарымен, қоныстарымен, Ш. Уәлихановтың қолжазбаларындағы Баянжүрек петроглифтерімен танысады.

Ашық аспан аясында демалып ауа, су ваннасын қабылдауды ұнататын туристерді Бүйен өзенінің бойында серуендетіп, тау беткейінің гранитті алқабын-дағы табиғат ескерткіштерімен таныстыруға мүмкіндік мол. Сонымен қатар Баянжүрек тауының беткейінде тұрып туристер Бүркітті Бүйен , Орта Бүйен, Тасты Бүйен, Ақсу өзендерінің аңғарын, Қаратау, Жаманкөл, Қора тауларының солтүстік беткейінің әсем көрінісі мен тау мұздақтарын, табиғат кешендерінің алмасуын көріп тамашалай алады. Сол күні лагерьді үш Бүйеннің бір-біріне құяр сағасында орналастыруға болады. Ал үшінші күні Бүйен өзенінің Оңтүстік-Батысында, 5 шақырым қашықтықтағы Зәуре сайына дейін барып, Маман Тұрысбекұлының жайлауындағы XIX ғасырдың соңында салынған тасқорамен танысуға, қызықты әрі бай тарихты көрсету арқылы сауықтыру шараларын өткізіп, туризмді жалғастыруға мүмкіндік мол. Осылайша, саяхат барысында отандық және шетелдік туристер Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің жалпы ерекшелігімен, бірегейлігімен ерекшеленетін тарихи-археологиялық табиғат ескерткіштерімен танысып, рухани қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік алады, жанға жайлы саф ауасымен тыныстайды.

Халқымыз “Атың барда ел таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп” демекші, кенже қалып дер кезінде көңіл бөлінбеген туризмді дамытудың бір бағытын осы Қапал өңірінен бастау ата-баба жолдарын,

тарихын жаңғырту, жаңартуда үлкен үлес қосар еді. Ол үшін біз Қапал өңірінің негізігі айшықты жерлерімен таныстыра кетуді жөн көрдік.



  1. Қапал өңірінің айшықтары

Ешкіөлмес 1. Күреңбел, Қорымбел - Алматы обл. Ақсу ауд-ндағы жота. Абс. биікт. 1672 м. Батысында Ақешкі, шығысында Қопалы (Қапал) өзендері жатыр. Ендік бағытта 35 км-ге созылған жотаның солт. беткейлері тіктеу, оңт. жайпақ келген. Ол сай-жыралармен тілімденген. Баурайынан Ақешкі, Қопалы, Қызылағаш, Сарыбүлак, т.б. езендер бастау алады. Суы шипалы бұлақтар жиі кездеседі. Беткейлері мен шатқалдарында терек, тал, жеміс ағаштары аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Етегінде далаға тән өсімдіктер өседі. Е. баурайында Тамбала, ақын Сара, Кешкентал, Ақешкі, Қапал, оңт. етегінде Қоңыр, т.б. елді мекендер орналасқан. Шығысында Қорымбел қонысы Баянжүрек тауына дейін созылып жатыр. Е. туралы Ш.Уәлиханов «Бүкіл Орта Азияда бүған теңцес жер жоқ» деген. Осы жотаның баурайындағы «Тоғызқұмалақ» мекенінде 1895 ж. Біржан сал мен ақын Сара

Тастамбекқызыпың айтысы өткен.



Ешкіөлмес 2. Көшкентал ауылының жоғарғы жағындағы Маман- Тұрысбектің жазғы жайылымы, ел аузындағы аңыздарға қарағанда байдың бір топ ешкісі қыстың күні боранда адасып қалып, содан көктемде тірі, туған лақтарын ертіп жүрген кезінде тауып алады. Содан «Ешкіөлмес» атаныпты, ол тарихта 1894 жылы атақты Біржан сал мен Ақын Сара айтысы өткен жер ретінде қалды. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін оған барар жолдың бойында Сара Тастанбекқызы қасындағы 7 жеңгесімен жағалай жайғасып, іс тігіп отырған ескерткіштері бар еді. Балалар таспен атқылап құлақ, мұрындарын сындырып, ақыры облыс хатшыларының нұсқауымен Арасан- Қапал курортына келетін үкімет басшыларының көзіне түсіргісі келмеген ауыл белсенділері ескерткіштерді бір түнде бульдозермен жерге көмгізіп тастаған.Оның орнына тоқсаныншы жылдарға дейін шөп шықпай жатты...

Тілеукенің қөнысы. Арасан ауылына қарасты Баласаз деген ауылға жақын Матайдың емелелі руынан шыққан Тілеуке қажының ата қонысы осылай аталады. Тілеуке- елдің көрген түсін дәл болжайтын және өзінің көрген түсі кате кетпеген қасиетті адам болған екен. Тіпті өңіндегі кейбір жайларды да болжап отырған. Суықсай ауылында «Шақай айтыпты» деген сөз бар. Оның мағынасы мынады: бір жалғыз басты кемпірдің Шақай атты ұлы болыпты. Түгі жоқ бала қақпан кұрып, күндерін көреді екен. Бірде қақпанға қара түлкі түскенін көреді де, Тілеукеге жүгіреді. «Балам, саған бақ конайын депті. Бірақ бүгінгі көргенің түлкі емес, кайта бар да тура сол жерге қақпанынды құр. Түнде маңдайы мен құйрығында ақ ноқаты бар шын түлкі түседі. Оны ұрып ал да, қазанның астына төңкеріп қойып, маған кел» дейді. Бәрі солай болып шығады. Тілеуке балаға бата береді. Ұзамай бала байдың қызына үйленіп, байып, ақыры сол маңды билеген адам болып шығады.

Ел ол тұрған жерде: «Шәкең сөйлесін, Шәкең не айтады?» дейтін болған. Тілеуке XX ғасырдың басында Мекеге қажылыққа барғанда түсінде жаратушы аян беріп, ертеңіне қасындағы серіктеріне сол касиетті жерде дүниеден өтетінін айтады. Шындығында мұсылмандық парызын өтеп болып, қайтуға жиналғанда қайтыс болады да, жарықтыққа топырақ Мекеден бұйырады. Бірге барған серіктері Тілеуке қажыныны жерлеп, жетісін беріп, бірақ қайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет