Сайынбөлек нен Баянжүрек. Қапалға барар жолдағы «Сайынбөлек», «Баянжүрек» таулары туралы әр түрлі дерек айтылады. Біріншісі- «Қозы көрпеш- Баян сүлу» эпосындағы кыздың әкесі Қарабай осы жерді мекендеген, содан қызын алып қашып, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданына қарасты Таңсық деген жерге көшіп кеткен деседі. Екіншісі- баяғы заманда Қоңтажының Баян атты сұлу қызы «Ақадыр» деген жерде жылқы жайып жүргенде қалмақтың Сайынбөлек деген батырын көріп ғашық болады. Жігіт жағы қызды айттыруға келсе, қарсы болған әкесі батырларын жабылдырып, сабатып тастайды. Оған қорланған Баян осы таудың жақпар биігінен құлап өліпті дейді. Үшінші дерек- бұл сөз моңғолдың «баян»- бай, «зураг»- сурет деген сөзді, немесе «Суретті жазуға бай тау» дегенді білдіреді. Шындығында жоңғар тауының басқа сілемдерінен бөлектеніп тұратын бұл екі таудың да жақпар тастарында сыры ашылмаған орхон- енисей жазулары көп.
Тарас. Қарасу ауылдық округіне қарасты бүл елді мекен де тарихи орын екенін екінің бірі біле бермейді. 1695 жылы калмақтың Қапал батыры 50 мың қолмен өзінің ата- бабалары бір кезде қоныс еткен осы жерді тартып алуға келеді. Оған Бөрібай батыр 40 мың қолмен қарсы шығады. Алдымен Қапал мен Бөрібай батырлар жекпе- жекке шығады да, Бөрібай қалмақтың қолбасшысын өлтіреді. Басшысыз қалған қалың қолды қазақтар қыруға кіріскенде, олар Бөрібайдан өздерін тірі жіберуді өтініп, енді бүл жерді сұрамауға ант береді. Сөйтіп, бәтуаға келген екі жак үлкен қантөгіссіз тарасады да, ол жер «Тарас» аталады.
Күреңбел. Жетісу Алатауының Мыңшұңқыр жоталарының солтүстік етегінде, теңіз деңгейінен 1516 метр биіктікте орналасқан жайлау. Оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеле келіп, Баянжүрек тауына тіреледі. Батысында Қапал, шығысында Бүйен өзенімен шектеледі. Жайлауды қыска, қатарласа ағатын бірнеше шағын өзен басып өтеді. Орманды дала зонасында жатыр. Топырағы- қорда араласқан қаратопырақты, кей жерлерде алыстан күренденіп көрінетін т жайыла береді.
Арасан. Арасан- барлық жерде емдік қасиеті мол шипалы сулар шығатын жер атауы. Қапал - Арасан да құрамында көмір- қышқыл газды, көмір сутекті, түрлі органикалық заттары бар шипалы суға жатады. Оның кұрамында темір,
мышьяк, марганец, қалайы, бромды йод, радон кремниилі ерітінділер бар. Организмге тигізетін әсеріне қарай оның суын пайдалану жолдары да әрқалай. Құрамында түрлі түз ерітінділері аз Арасан суын асқазанды емдеуге пайдаланса, түз ерітінділері көп суларымен сүйек, буын, жүйке мен қан тамырлары ауруларын емдейді. Арасанның мұндай қасиеттерін жақсы білген жергілікті шығыс халқы оны 1859 жылдан бері емге қолданған. Кеңес үкіметі кезінде курорт салынып, жылына 2000- нан астам адам емделіп тұрды. Оның кешенді гимараттарын салуға және көріктендіруге, Арасанға баратын асфалльт жолды жасатуға сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев көп еңбек сіңірді. Соның арқасыңда курорт одақтық мәртебе алды. Ол жерде Д.А.Қонаев, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ғ.Мүсірепов сынды қазақтың біртуар ұлдары демалып, емделген. Қазір «Еркін- Арасан» сауықтыру кешені жүмыс істейді.
Солдат сайы. Қисық ауыз. «Жібек жолы» керуендері Қапал мен Ақсудың арасында жоңғар тауынан тек «Қисық ауыз» асуы арқылы жүрген. Ең қиыны «Бие сыймас» аталатын тік те, шұғыл бұрылысты иінде үлкендігі үйдей қақпа тастар тұрған. Жолаушылар көлігі ол жерден әрең өтетін болған. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өзінің «Қашқария сапары» атты еңбегінде Ақсуға қонғанын, ақпатша әскерінің Тасбекеттегі қолбасшысы Абакумовты тосып жатқанын, оның аз ғана қопарғыш жұмсап, Қапал мен екі ортадағы тау жолындағы шатқалдың жартасын жарғанына қуанып келгенін жазады. Жол шамамен 1856 жылы Жетісу губернаторы Гасьфордтың Қапал, Лепсі уездеріне келу құрметіне солдаттардың қол күшімен жасалған болатын. Губернатордың атына тілі келмеген казақтар оны «Қарала копір», немесе «Солдат сайы», «Қисық ауыз» атанған.
Тамшыбұлақ. Аты айтып тұрғандай Қапал ауылының ортасындағы өзектің жарқабағынан бұлақ суы көз жасындай мөлтілдеп шығып жататын ара осылай аталады. Т амшыбұлақты алғаш рет зерттеп, сол туралы тарихи деректерді 1856-65 жылдары атақты саяхатшы, этнограф Ш.Уәлиханов жазған. Бұл бұлақтың суын халық көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (асқазан, көз, жүйке, сүйек- буын, т.б.) емдеуге қолданған. Марқүм Марат Алыбаев ауыл экімі болып түрғанда Алматыдан ғалымдар алдырып, суының денсаулыққа өте пайдалы екенін қазіргі жетілген ғылыми тұрғыда анықтаған құжаттар дайындады. Ол жерден минеральды су шығаратын кәсіпорын салуға болатыны да анықталды. Олай болғанда алыс жақтың сусынын сатып алғанша одан сапасы артық болмаса, кем емес өзіміздің өнім арзанға түсер еді. Бірак бұл шаруа келешекте шешімін таба жатар...
Ыбырайым сайы Кәмпеске кезінде ел сыйлаған билер мен қажылар да қуғынға түскенін білеміз. Солардың бірі- арысы күллі Жетісуға, берісі Қапал, Суықсай, Арасан аумағында түрлі дауларды шешкен би (қазіргі Қызылжар ауылында тұрған) Ыбырайым қажы сексенге таяған шағында «итжеккенге» айдалғанша арғы бетке қашуға мәжбүр болады. Әйелі Дәмеш зор денелі кісі екен, «соңымыздан қуғыншы түссе сен қаша алмайсың, бір немереңмен қал» дейді де, оны 4 жасар Қанымбикемен тастап, өздері түн қараңғысында аттанады. Ата қонысын соңғы рет баспақ болған қажы баласы Мырзатай мен бірге туысқан Мүсеке бауырын, оның баласы Бәкенді басқа жолға салып, өзі аталарынан қалған жайлауымен жүреді. Оны сезген милиционер Курносов соңына түсіп, терең сайға келгенде алдымен агын атып, өзін қылышпен турап тастайды. Ол араны жұрт «Ыбырайым қажы сайы» атаған, Бәкендер 1956 жылы Қытаймен шекара уақытша ашылғанда елге қайтып оралды, ұрпақтары Арасанда тұрады.
Үңгірбай жазығы. Суықсай мен Ащыбұлак ауылының ортасындағы кең жазықтың ортасында үлкендеу төбе бар. Ол жерде емелелі руының ақылшысы Үңгірбай ата ХҮІІІ ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың басында өмір сүріпті. Таудағы таңбаларды, тастағы жазуларды оқи білген, артына шежіре қалдырған кісі. Оның қалдырған мұрасын құдасы Дәулетбай Мұсабеков Қытай еліндегі қазақтардың қосуымен толықтырып, сақтап келген. Дәулетбай ақсақал өз заманының сауатты азаматы болған, Қытайда қазақ мектебін ашқан кісі, 1956 жылдан бастап елге оралған қандастарымыз сол атамыздың мектебінен оқығанын әлі күнге айтып отырады. Дәулетбайдан алған шежірені Кеңес үкіметі кезінен жинақтап жүрген ұрпағы Үңгірбай атаұрпағы Еркінбай Бестібаев 2005 жылы кітап бастырып шығарды. Төбеде тұрып қарасаң Үңгірбай ата қыстауы, жайлауға асатын көш жолы, басқа да айналаның бәрі алақандағыдай көрінеді. Ол қайтыс болғанда ұрпақтары биік күмбез тұрғызған,
бірақ орыстар бұзып, кірпішін үй құрылысына пайдаланған. Солары жақпай үй- ішімен қырылғаны туралы, 1919 жылы ішкі Ресейден шегінген ақтар Саурықов деген баланы (кейіннен Ащыбұлақ бөлімшесін басқарды) аңша атқылап қуғанда осы кесенеге кіріп құтылғаны жайында аңыздар көп айтылады. Қасиеті сондай- бала жанұшырып атымен күмбезге кіріп кеткенде соңына түскен қуғыншы солдаттар қанша үңіліп қарағанмен көздері байланып, алдындағы атты баланы көрмеген гой. Содан былай ол жерден жүрген салт аттылар үзеңгіден оң аягын алып өтетін болған.
ҚАПАЛ БАТЫР
Қапал батыр жөнінде тарихи деректер тапшылау. Дегенмен, көне шежіренің білгір ғұламасы Қадырғали Жалайыр өз еңбектерінде тарихи тұлғаның Тәуекел ханның тұсында Жетісу мен Сыр өңірін жаудан қорғағанын, қол бастап, дұшпанға қарсы шапқанын айтыпты. Шоқан Уәлиханов та Қапал батыр туралы өзінің шығармаларында жазады. Ол өзінің Шығыс Түркістанға саяхатын Қапал бекініснен бастаған. Сол маңайдағы шағын өзен де батырдың атымен аталады.Шежірелік деректерге сүйенсек, Қапал батыр біздің облысымыздағы қазіргі Төле би ауданының аумағында туылған. Ес жиып, ат жалынан тартып мінген шақта Жетісу өңіріне қарай ойысқан көрінеді. Қайтыс болған соң денесі Жоңғар Алатауының баурайындағы Қапал қаласынан 30 шақырым жердегі Ешкіөлмес тауының бір шоқысы Қоңырға қойылыпты.
Қапал батырдың соңынан ерген елге «Жоңғар қақпасы» аркылы біресе қарақытайлар, бірде қалмақтар шабуыл жасап, жұрт тыныштығын бұзып отырған. Сондықтан батыр ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғап, жорықта көп жүрген. Кейбір тарихи деректерде ол кісі кемеліне келіп, ел-жұртты аузына қаратқан шағында айтулы Еңсегей бойлы ер Есім хан өз ордасын Түркістанға тіккен дейді. Дастан-жырларда да екеуінің есімі қатар аталып қалатын тұстары бар. Соған қарағанда ханның жанына жақын тартып, кеңесіп отыратын беделді адамдарының бірі болған секілді. Оның тарихи тұлға екендігіне де дау жоқ. Өйткені, Қапал батырдың атымен аталатын жер атауы ғасырлардан көктей өтіп бүгінге жетіп отыр. «Қапал - Арасан» шипажайын білмейтіндер сирек кездеседі. Шоқанның жазуына қарағанда бұрынғы Верный бекінісінің шет жағасы батырдың есімімен аталыпты. Кеңестік дәуір кезінде Алматы қаласының қазіргі Райымбек даңғылының маңайы да Қапал делініпті. Сөйтіп, қызыл коммунистер оның есімін елдің есінен шығара алмаған секілді. Есімі ауыздан-ауызға көшіп, елі мен жері үшін өмірін аттың жалында, түйенің қомында өткізген тарихи тұлғаны ұрпақтары ешқашан да ұмытпақ емес.
Тәуелсіздік алған соң ел үшін еңіреп туған ерлерімізді, орақ ауыз жырауларымызды, қара қылды қақ жарып, төрелік айтқан билерімізді, қара халықтың қамын жеген хандарымызды іздеп шаң басқан мұрағаттарымызды ақтара бастадық. Сонда көзге тез шалынып, ойымызға оралғандардың алғашқысы осы Қапал батыр болды. Өйткені, оның аты жер-су атауларында әлі көше қоймаған еді. Ең алдымен «Қапал - Арасан» шипажайы ауызға алынды. Баспасөздерде оның емдік орынға айналу тарихы жазылды. Батырдың жерленген жері айқындалды. Сөйтіп, тереңдетіле зерттеу басталды. Мұндайда қазақтың шежіре тарату тәсілі мен ауыз әдебиетінің көмегі де көп тиіп жатады. Сөйтіп, жинақталған деректерге сүйеніп Қапал батыр туралы көлемді кітап жарық көрді. Оның халыққа сіңірген еңбегі ескеріліп, есімін кейінгі ұрпақка үлгі-өнеге етуге ұйғарым жасалды.
Қапал бекінісінің іргетасы 1847 жылы қаланыпты. Қазақ даласын жаппай отарлауға кіріскен патшалы Ресейден келгендер жергілікті жұрттың атқамінерлерімен келісе отырып іргесін көтерген елді мекен содан бері талай тарихты артта қалдырды. Табиғаты тамаша, мал өсіруге қолайлылығымен бірге егінге, бау-бақшага да барынша ыңғайлы, суы мен нуы мол, асқар таулары алыстан мен мұндалайтын өңірге қазақтың ғана емес, басқа жұрттың да есімдері елге белгілі тұлғалары арнайы сапарлап келіп, аса құнды деректерінде атап өткен.
Шоқан Уәлихановтың өзі атақты Қашқар сапарын осы жерден бастап, көрші елден қайтып оралғаннан кейін уезд дәрігері Соболевскийдің емханаүйінде жатып емделеді. Бүгінде Ақын Сараның мемориалдық мұражайына айналдырылған еңселі емхананың ауласында Шоқан еккен ағаш әлі күнге бар.
Сондай-ақ орыс ғалымдары Потанин, Семенов - Тянь-Шанскийлер де осы өңірде болып, өздерінің жазбаларында Қапал туралы айтып өткен Ағылшын ғалымы Уильям Аткинсон әйелімен бірге Қапалға келеді, осындағы тарихи және табиғи ескерткіштерді аралап жүріп, Қапал бекінісіндегі Тамшыбұлақты көреді де, табиғат-ананың құдіретіне қайран қалады. Ақыры осында жүргенде босанған келіншегі дүниеге әкелген ұлына «Алатау-Тамшыбұлақ» деп есім қояды. Қапалдың тамашасы көп-ақ. Алайда солардың арасында Тамшыбұлақтың орны басқалардан ерекше, жергілікті жұрт оны қасиет тұтып, сырқаттарына шипа іздегенде, жандарын белгісіз күмәнді ойлар билегенде бұлақтың басына келіп, биік жарқабақтың өне бойын тұтаса өскен жалбыз бен тағы басқа да жұпар аңқыған шөптер арасынан көз жасындай болып ағыл-тегіл төмен сорғалаған мұздай судан дәм татып, беті-қолдарын, денелерін шайып жатады.
Қапалға кіргеннен кейін, күре жол елді мекен ішіне және Қапал-Арасан шипажайына қарай апаратын бағыттар бойынша бөлініп кетеді. Былай қараған адамға көзге шалынар ешқандай ерекшелік жоқ. Осы жолайрықтың оң жағында былтыр орнатылған үлкен тағанның басына орнатылған көрсеткіш тақтада «Тамшыбұлақ» - шипалы бұлақ» деген жазуды көргенде барып, іздеген қасиетті бұлағыңыз осында екеніне сенесіз. Сол жерде бастауын алатын терең сайға қарай апаратын баспалдақтар бар. Сайдың іші сылдырай аққан бұлақ пен түрлі ағаш-бұталармен көмкерілген. Бірінші көрген адам алғашында судың қайдан пайда болып жатқанын түсінбей қалары анық. Сай табанына түскенде барып, оның басталар тұсындағы биіктігі үш-төрт метрлік жарқабақтан тұратын киіз үй іспеттес, дөңгеленген тұйық орынгға келеді. Тамашаның барлығы осы жерден басталады. Жап-жасыл мүк пен ұйыса өскен жалбыздар мен бұлақ басында өсетін тағы басқа шөптер басқан жарқабақтан өн бойынан қайдан шыққаны белгісіз мөлдір тамшылар төменге құлап жатыр. Бір жерінде түйдектеле атқыласа, тағы бір тұстарында орташа екпінмен, енді бір жерлерінде әлсіз ғана тамшылайды. Төмендегі шағын костың орнындай жер қайнап жатқан қара қазанды көзге елестетеді. Одан ары жиналган су төмен қарай сылдырай ағып жатыр. Табиғаттың құдіреті деген осы да. Жардың үсті жолдардың қиылысы, тап-такыр, сулы жерге қаулай өсетін шөп те жоқ. Төмен түссең мүлде басқаша көрініс. Тепши терлеп тұрған, бетін алуан шөп пен жап-жасыл мүк басқан саз балшықты жарқабақ және соның бетіне тиер-тиместей болып төмен тамшылаған суықтығы шекеден өтетіндей мөлдір су тамшылары. Жоғары шыққанда жаңағы керсеткіш тақгаға жазылған Қуат Қайранбаевтың бір шумақ өлеңі бар.
Сан ғасыр мен дәуірлерді өткерген,
Тарлан тарих, өмір жайлы толғашы.
Адамзаггың киянатын көп көрген,
Тамшыбұлақ - Жер-Ананың көз жасы....
Ал енді осы тамшыбұлақтың тарихына үңілсек, сол маңан алыстан мұнартып түрған Қоңтәжі деген биікті, одан бергі жақта Сайынбөлек, сол маңнан адамның жүрегіне үқсас Баянжүрек деген тауларды көреміз.
Бағзы заманда Қапал өңірінде Қоңтэжі деген хан мен оның Баян атты
сүлу қызы болыпты. Баянның арулығын айтып жеткізу мүмкін емес екен. Хан өзінің мықты батырларының бірі Сайынбөлек пен Баянның бір-біріне ғашық екенін білгеннен соң, қарадан шыққан батырды менсінбей, қызын өзі сияқты хан түқымына беруді ойлайды жэне ешкімнен жеңіліп көрмеген бахадүрден құтылу үшін биік тауға кашады. Сонда жүріп ғашығын сағынған Баян кыз жүрекке үқсас тауға, оның көз жасы Тамшыбүлаққа айналған деседі. Қоңтәжі болса әлі күнге қызынан күдер үзбей алыстан іздеу салып тұрса, басқа таулардан оқшау жатқан Сайынбөлек тауы құсаланып өлген батыр дейді ел. Әйтеуір бәрінің бір кереметі бар. Тамшыбұлақты көрдің, кариялар біз ес білгелі сол қалпында деп танданысадыі. Не мүжілмейді, не жаркабак құламайды, мөлдір тамшылар саулайды да тұрады. Қапалда қыстың қаттылығына қарамастан қатпайды да. Мүмкін, шынында, Баянның көз жасы немесе адамдардың қиянатын көрген Жер-Ананың жыласы деген аңыз бар.
Осы Тамшыбұлақта казақтың дүлділ айтыс ақыны Сара Тастанбекқызының балалық шағы өткен жер екенін айта кеткеніміз де жөн болар. Осы орайда балаларға Сара апайымыз жайлы мәлімет беріп, шығармашылығынан таныстыру жолдары да ұйымдастырылса, туристік саяхаттық оқушылар үшін табысты болары айдан анық.
Аты айтып тұрғандай Қапал ауылының ортасындағы өзектің жарқабағынан бұлақ суы көз жасындай мөлтілдеп шығып жататын ара осылай аталады. Тамшыбұлақты алғаш рет зерттеп, сол туралы тарихи деректерді 1856- 65 жылдары атақты саяхатшы, этнограф Ш.Уәлиханов жазған. Бұл бұлақтың суын халық көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (асқазан, коз, жүйке, сүйек- буын, т.б.) емдеуге қолданған. Марқұм Марат Алыбаев ауыл әкімі болып тұрғанда Алматыдан ғалымдар алдырып, суының денсаулыққа өте пайдалы екенін қазіргі жетілген ғылыми тұрғыда анықтаған құжаттар дайындады. Ол жерден минеральды су шығаратын кәсіпорын салуға болатыны да анықталды. Олай болғанда алыс жақтың сусынын сатып алғанша одан сапасы артық болмаса, кем емес өзіміздің өнім арзанға түсер еді. Бірақ бұл шаруа келешекте шешімін таба жатар... . Бүгінде арлы-берлі өткендер мен арнайы келгендер Тамшыбұлаққа тоқтап, су тамшыларымен сырласып кетеді...
-
Қапал өңірі сырларының көркем әдебиеттегі орны
Қапал өңірінің сырларына жан - жақты тоқтала кету мақсатында Жетісудың ақын - жазушылардың шығармаларына да үңілдік. Ізденіс барысында Қапал өңірінде бірнеше жылдар қызмет атқарған, кейіннен Талдықорғанда «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде журналисттік қызмет атқарған жерлес ақын ағамыз Кежехан рақыш ағаларымыздың шығармаларында Қапал сырларының берілгенін көрдік. Жұмыста ақын ағамыздың бірнеше өлеңдерін ұсынып отырмыз.
Көксай асуы
Айнала асқақ, бір өңкей сұсты күрбеңбел,
Саласы сусар, төстігі шағыл күрең -кер.
«Үңгіртас» - үйдей, бұлағы құрым жиекті
Ақсудың сырын айтады жыр қылып білгендер.
Қарттардан қалған көнекөз көсем қария,
Белгілі, - дейді, бес саусақтай әр ұя,-
Ол кезде мен де өздеріңдей жігітпін,
Арпалыс заман өтті ғой небір, дариға.
Мына бір үңгір сол кезден қалған естелік,
Жүрмейтін онда бұл маңнан ешбір күш - көлік.
Қазақтың қарын озбырлық жайлап өткелсіз,
Жолсыздан шырақ, осы бір тұсқа беттедік.
Сұрапыл соғыс жағадан алар жау қаптап,
Мүмкіндік жоқ - ты барлауға бәрін салмақтап,
Сөйтсе де мұнда жан сақтау үшін келмедік,
Шайқасқа шықтық ананың қанын ардақтап.
Осынау бұлақ біздерге сонда нәр болған,
Жеңуге жауды «Үңгіртас» пана жар болған.
Екпіндеп келіп, есінен танған қугыншы,
Тұйықтан төмен өтуге қашып зар болған.
Кештік қой бастан хикметті күндер қарағым,
Мына бір асу куәсі сонау наланың,
Бабалар жолы тарихи дерек, әйтеуір,
Ұрпағым менің, ұпытпасаңдар жарадың.
Сонымен, «Көксай асуы» өлеңіндегі «Үңгіртастың» өзіндік тарихының барлығын білдік. Ағамыздың айтуы бойынша, бұл өлеңді жазуға сол маңдағы көнекөз қарияның аузынан естіген әңгімесі арқау болады. Қарияның айтуына қарғанда, сонау ақтар мен қызылдар соғысы уақытында Көксай асуы арқылы арғы бетке өтпек болған қандастарымыз бен кеңестік үкіметті қолдамаған азаматтардың қорғаны болғаны белгілі болды. Бұл әңгімені естіген Кенжехан ағамыз «Үңгіртасты» өз көзімен көруге бет алып, барған екен. Сонда тау аралығындағы үңгірдің бір қарағанда көзге көрінбейтіндігі, ал ішіне кірсе, ондағы ескіден қалған киіз үй қаңқалары мен адам сүйектерінің жатқандығын өз көзімен көргендігін айтты. Со кездегі өз бойында алған әсерін осы «Көксай асуы» атты өлеңінде баяндаған екен.
Ешкіөлмес
Қалтарыс бар ма салаңда сенің ескермес,
Көк - жасыл майда беткейің шүйгін Ешкіөлмес.
Сүйретіп құрық, әндетіп жүріп жоныңда,
Көңілім өскен, жастығым өткен дес бермес.
Қатпарлы төбе, астарлы көбе қоймадан,
Қиылған қастай, қарайтын саспай ай маған.
Желкілдеп тұлым, шүрқырап қүлын бұлтыңдап,
Алатын ойнап, қалатын жайнап айналам.
Мүрнымды жарып, кеудемді қауіп иісің,
Салатын еске, себілген этір үй ішін.
Салаңды кезіп, суретін іздеп Сараның,
Қағатын едім, момақан жонның тынышын.
Ақын ағамыздан бұл өлеңінде суреттелген Ешкіөлмес елді мекені жайлы сұрағанымызда, біраз ойға шомылған Кенжехан аға:
-Иә, балалар, Ешкіөлмес таулы бөктерінің өзіндік тарихы барлығын ауыл ақсақалдары айтып отыратын, - деді, біраз үнсіздіктен кейін:
-Ертеректе 32-36 жылдар аралығындағы ашаршылық уақытында ауыл адамдарының мал - жаны қырылып қалмақ алдында қалады. Қолда барын азық еткеннен кейін қалған 5-6 ешкісін тәубаға бел байлап, келесі жылдар қамын
ойлай таулы бөктерге айдап жібереді. Сол бөктерлердегі қараған мен бетегелерді т.б. азық еткен әлгі мал атауы келесі жылы көбейіп етекке түскен екен дейді. Содан бүл таулы бөктер «Ешкіөлмес» деп аталып кетіпті, - деп бізге өзінің ауыл ақсақалдарынан естіген әңгімесін айтып берді де, - Мүмкін, бұл әңгіме ел аузындағы аңыздан алынған шығар деді.
Бұл жайды өзімізге жұмбақ көріп, қаламыздағы «Өлкетану» мұражайына барған едік, бірақ бұл жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен, сонда да болса, біздің ниетімізге көмектескен Әсел атты апайымыздың да бұл әңгімені растаұғаны бізді қуантты. Кенжехан ағаның суреттеуінше Ешкіөлмес табиғатының ерекше сипатын көреміз.
Бүркіттінің өзені
Өзені Бүркіттінің ақ осылай,
Емессің бәз бір судай жағасы лай.
Жырымды толқыныңа тұрмын орап,
Ал, қабыл азырқанбай, баласынбай.
Жүріп ем біраз жылдар қалада өсіп,
Сағынып қалыппын ғой дала - бесік.
Тас сүйіп өзеніңдей құлап аққан,
Жанымды бір құштарлық барады өсіп.
Салқын төс, майда күрең қиыршығың,
Нанындай май жалатқан сиыршының.
Татиды суың қойдың сорпасындай,
Тіліме тұрып қалды түйір шырын.
Сырласып арқалы асу, сай - құзбенен,
¥шырып қиял құсын жалғыз келем.
Ынтығып тілдесуге асығамын,
Шыңдағы шынар атты балдызбенен.
Көлтекше, Жасыл көлмен саялы айдын,
Нұр құшып толқыныңды аялаймын.
Бал дәурен балалығым ұстап кетіп,
Шайырын шайнап көрем қарағайдың.
... Тамсантқан таңқурайдың дәмі бал - ды,
Көңіліме тау ішінің сәні қалды.
Жер ана желпіндіріп мені осылай,
Шабыттың көкірегіне жанып алды.
Автор бұл өлеңде Бүркітті өзенінің суретін көркем тілмен салған деуге болады. Өзен маңайындағы табиғаттың қиыршық тастарын майда күрең, маңайын салқын төс т.б. деп айшықтай эпитеттерді орынды қолдана отырып, жаңа ғана піскен, май жаққан нанға теңейді. Сонымен қатар Бүркітті өзенінің арқылы таулардан өтетінін, оның жағасының сай - қүзбенен қапталғанын суреттейді. Өзен суын Көлтекше, Жасыл көлде үласын табатыны айта келе суын жаңа сойылған қой сорпасына теңейді. Өлеңде тамаша түрде орын алған жасыл желекті сипаттай келе сол маңайда өсетін өсімдіктерін де атап кетеді.
Өлеңді оқи отырып, біздің Жетісуда небір тамаша жерлердің бар екеніне көзімізді одан эрі жеткізе түсеміз. Бір қызығы бізді бүл өзеннің неге «Бүркіттінің өзені» деп аталуы мазалады. Өйткені өлең жолдарынан бүркіт жайлы сөз таппаған едік. Сол мақсатпен ақын ағамыздан мән - жайды түсіндіріп беруін сүрағанда, бүл атаудың берілуі де бекер емес екендігін білдік.
Ағамыздың айтуы бойынша, Бүркітті өзені өз бастауын үлкен қүзды қүламалардан алады екен. Сол қүздарда қазіргі кезде «Қызыл кітапқа» енген бүркіттер мекендеп, ұя слған. Қазақ баласы аңшылықпен айналысқанын білеміз, сол мақсатта олар қүсбегілік кәсіпті де жетік меңгерген. Сол қүздардан бүркіт баласы ауланып, қолға үйретілген дейді. Бұл құздардың бүркіттеріне Кеңес үкіметі кездерінде арнайы сұраныс та берілген екен. Осы күнге дейін де бұл қүзардың басынан бүркіттің бірең - сараң үясын көруге болатынын айтады.
Ақын ағамыздың шығармалар жинағында осы тақырыпта көптеген өлеңдері бар. Осы өлеңдерді оқи отырып әр оқырман не оқушы өзінің туған жері, туған елі, Атамекенінде тамаша жерлердің бар екеніне көз жеткізеді.
Қазіргі таңда табиғат аясын тамашалауға шет елдерге қарай асығамыз. Ал өз еліміздегі баға жетпес керемет көріністерді көре алмаймыз. Осындай көрністерді ақын ағаларымыз өз көзімен көріп жырға қоса алғанда, неге басқаларға өз көзімен көріп, тамашалауға болмайды. Бұған тек жеке адам ғана кінэлі емес, қоғамнан кеткен кемшіліктер де бар.
Бір айта кетер жайға тоқталсақ, біздің «Өлкетану» мүражайымызда да арнайы альбом немесе фотосуреттер, топтамалар, т.б. мағлүматтар аз. Қаламыздың «Огни Алатау» газетінің редакциясына жолыққан кезде, редакция алқасының үлкен бастама бастағанын көрдік.
Газет редакциясы 7 тақырыпты топтамадан түратын «Жетісу» атты фотосуреттер топтамасын шығара бастапты. Топтамалар төменгі тақырыптардан тұратынын көрдік:
-
Жаңарған Талдықорған;
-
Алтын-Емел;
-
¥лтық дәстүрлер, ойындар;
-
Жетісу маржандары;
-
Көк көзді көлдер;
-
Жетісу флорасы;
-
Жетісудың фаунасы, - бүл үлкен бастама.
Қазіргі таңда біздің қолымызға осы топтаманың біріншісі гана түсті. Аймақ, облыс не қала тарапынан осы тақырыпқа байланысты әр түрлі тақырыпта байқаулар үйымдастырылып, соның ішінен керекті дүниелерді жинақтасақ қүба қүп болар еді.
Қорытынды
Туризм саласы дамуының негізгі көрсеткіштерінің өзара байланысын зерттеу - жұмыстың ең маңызды мэселесінің бірі. Бұл саладағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар негізгі көрсеткіштерді реттеумен байланысты.
Туризм сферасын жақсартуда дүрыс шешім қабылдау үшін осы сфераның негізі болатын айнымалылардың бір біріне қалай әсер ететінін білдік. Сонымен, туристік сферасын дүрыс үйымдастырып дамыта білу өзекті мәселе болып отыр. Бүл іздену жүмысымызда аталған мәселелерді шешу үшін Қапал өңірінің сырларына үңіліп, жан - жақты танымдық талдау жасагандыгымыз, сонымен қатар әдеби үлгіде де таныстыра білгеніміз барынша жақындатылган мүмкіншіліктерге жетуге болатындыгы дәлелденді.
Сонымен қорыта келе , Алматы облысы үшін туристік дестинация аймағы (ягни, туристерді қызықтыратын тартымдылығы жогары географиялық аймақ) болып Қапал өңірі саналады. Сонымен, Қапал өңірі сырларынмен таныстыратын «Қапал сырлары» экология-этнографиялық танымдық туризм жобасын қүру дұрыс деген шешімге келдік.
Алайда Қапал өңірін туристік дестинацияға айналдыру үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет:
- туристерге қажетті белгілі бір қызметтер жиынтығының болуы; Мұнда, ең бастысы, дестинацияға жеткізуші көліктік тасымалдың болуы, қонатын орын (қонақүйлер, кемпингтер, саяжай жэне т.б.) және тамақтанатын жер (мейрамхана, кафе, бар және т.б.) қажет.
-туристерді қызықтыратын тартымды орындардың болуы; Осы жерде дестинациялар арасында бәсекелестік туындайды. Туристерді қызықтыратын орындар көп болган сайын дестинация рейтингі көтеріле түседі де сәйкесінше келуші туристер саны артады.
-туристік нарықтағы дестинация қызметінің қажетті қүралы болып табылатын ақпараттар жүйесінің болуы; Бұл жерде алдын ала тапсырыс беруде, брондауда компьютердік жүйеге ену мүмкіндігі ескеріледі.
Қапал өңіріндегі тарихи байлықтар мен мәдени және рухани қүндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі тарихи орындарды және табигатттың тамаша сырлары бар өлкелерді қалпына келтіру жүмыстарын жүргізе отырып, таныстыру үшін арнайы жарнамалардың, роликтердің жарыққа шығуы,олардың негізінде тарихи, мәдени музей- қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.
Нәтижесінде «Қапал сырлары» экологиялық - танымдық туризм жобасының іске асырылуы аймақтагы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге және ол жерді туристік мақсатта қолдануға мүмкіндік берер еді. ¥лы Жібек жолының бойында орналасқан осы Қапал өңірінде тарихи ескерткіштер мен табигатты тамаша жерлер көп. Бүл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес, элемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттык. гылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді. Ол жерлерде облыс түргындарына, қажетті таза ауа бар және де табиғаттың сұлу көрінісін тамашалауга болады.
Осы мақсатта «Қапал сырлары» экология- этнографиялық танымдық туризм жобасын дамыту төлқұжатын жасадық.
Достарыңызбен бөлісу: |