2.3. Аумақты ортамерзімді келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, тежеуші факторлардың, бәсекелестік басымдықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы негізгі мәселелерді, тәуекелдерді, тежеуші факторларды, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктерді анықтаған SWOT-талдаудан көрінеді.
SWOT – талдау
Күшті жақтар
|
Әлсіз жақтар
|
А-басымдығы
-
Халық санының жоғарылығы.
-
Республиканың ірі ауыл шаруашылық базасының ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеуге мамандануы.
-
Құрылыс индустриясын дамыту үшін қатты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қоры.
-
Облыс халқының тағам өнімдерімен өз-өзін қамту деңгейінің жоғарылығы.
-
Алматы қ. ірі тұтыну нарығының жанында ұтымды орналасу.
6. Еңбек нарығында жалпы жұмыстан босау байқалмайды, бұл жұмыссыз азаматтар санының артуына әкелмейді.
7. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуға бөлінген жергілікті атқарушы органдары қаражаттарының жеткіліктілігі.
8. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж, барлық санаттағы азаматтардың түгел қамтылуы.
В-басымдығы
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде стратегиялық мамандану.
-
Құрылыс индустриясы өсімінің жоғары қарқыны.
-
Өңдеу өнеркәсібінің Алматы қ. нарығына бағытталған, жоғары қосымша құнды өнім өндірісі бойынша бірқатар саласының арту үрдісі – машина құрылысы, химия, металлургия, құрылыс салалар.
-
Облыс аумағынан Еуропа-Қытай халықаралық дәлізінің өтуі үшін қолайлы географиялық орналасуына сәйкес, айтарлықтау көлік әлеуетінің болуы.
С-басымдығы
-
Су және жел энергетикасын дамыту бойыша табиғи ресурстардың болуы.
-
Айтарлықтай туристік-рекреациялық әлеует.
-
Иммиграция үшін жоғары тартымдылық.
D-басымдығы
1. Экономикалық даму жоспарында келешекті ресурстық қамтылу;
2. Бірегей табиғи ескерткіштердің болуы, оның ішінде туристік игеру үшін реликтикалық және индемиялық;
3. Халықтың жалпы мәдениетке қызығушылығының артуы;
4. Бәсекеге қабілетті мәдениет инфрақұрылымын құру мүмкідігі;
5. Өткізілген шаралардан түсетін кірістердің өсімі.
6. экономикалық даму жоспарында келешекті ресусрстық қамтамасыз ету;
7. тілдерді оқуға қызығушылығы туатын халықтың артуы;
8. тілдер саясытының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;
9. визуалды ақпарат пен деректемелер рәсімдеу мүмкіндігі.
Е-басымдығы
1. балабақшаларды қалпына келтіру және мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс жасауы;
2. балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткішінің өсімі;
3. мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жабдықтау негізінде арттырудың тұрақты үрдісі;
ТжәнеКБ-у объектілерінің санын және онда оқитындыардың санын арттыру;
4. КЛ-р мен колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасу деңгейін 1,2 есе арттыру.
5. күрделі жөндеу өткізілген білім ошақтарының санын арттыру (27).
6. Балаларды жанұяға орналастырудың тұрақты үрдісі сақталуда: соңғы екі жылда қамқорлыққа және қорғауға алу есебінен.
7. Интернат мекемелеріндегі балалар саны қысқаруда.
8. Жастар тәжірибесі бойынша шаралардың тұрақты өткізу.
Классикалық үлгідегі өңірлік университет функционалдық қалыптасқан;
9. университеттің материалдық-техникалық базасы айтарлықай жақсарды;
10. Облыстың экономикалық-географиялық жағынан ұтымды орналасуы;
11. Ландшафттың алуан түрлілігі, бірегей табиғат, мәдени және тарихи ескерткіштерінің, ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың болуы;
12. Отандық және шетел инвестиорларының қызығушылығы.
13. Облыстың 50 адам және одан көп тұрғыны бар барлық елді мекендері толығымен нормативтерге сәйкес медициналық мекемелермен қамтамасыз етілген.
|
А-басымдығы
1. Кейбір аумақтарда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауа райы жағдайының қолайсыздығы.
2. Алматы қ. тартылумен, өнеркәсіптегі өндіріс қуаттарын орналастырудың аумақтық теңсіздігі.
3. Облыстың жеке отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеушілігі.
4. Туристік инфрақұрылымның әлсіз дамуы.
5. Қала және ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы теңсіздік.
6. Ауылдық елді мекендерде бос жұмыс орындары санының аздығы.
7. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі.
8. Азаматтардың кейбір санаты үшін мемлекеттік бюджеттен жәрдемақы алу қаражат табудың жалғыз көзі болып табылады.
9. Тұрақты бақылауды қажет тетін, 18 жастан үлкен жүйке қозу ауруымен науқастанушылар санының өсуі.
10. Мүгедектердің қандайда қалпына келтіру құралдарымен немесе қызметтерімен төмен үлесте қамтамасыз етілуі.
11. Облыста тұтыну ішкі нарығының шектеулі көлемі және өнімді сыртқы нарыққа жеткізу логистикасының жеткілікті дамымауы.
В-басымдығы
-
Облыста көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде Талдықорған өңірінің бірқатар аумағының инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз деңгейі.
-
Автомобиль транзиттік жолдардың көптеген бөліктері мен инфрақұрылымның жол жағдайының техникалық стандарттарына сәйкессіздігі.
-
Халықтың ауыл шаруашылығынан басқа салаларда жұмыспен қамтылуының жеткіліксіз дамуы – рекреациялық сала, шағын бизнес.
С-басымдығы
-
Электр қуатының тапшылығы және жоғары тарифтер.
-
Ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы.
D-басымдығы
1. әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестицияның төмен деңгейі;
2. Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын дамыту мен танымал етуді зерделеудің жеткіліксіз деңгейі;
3. Нормативтік-құқықтың базаның жетілмегендігі, өңірлердегі мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейлігі, мамандандырылған кадрлардың тапшылығы.
4. әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестициялардың төмен деңгейі;
5. нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігінде, өңірлердегі мекемкелердің материалдық-техникалық базасы дамуының төмен деңгейлігінде, тілдер мекемесіне мамандандырылған кадрлардың тапшылығында білінетін, тілдер саясатының даму деңгейінің төмендігі.
Е-басымдығы
1. балалардың 78,5%-і мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған;
2. білікті мамандардың тапшылығы;
3. апаттық, үш ауысымды мектептердің болуы;
4. ТжәнеКБ-у объектілері ғимараттарының тозу деңгейінің артуы – 65,8%;
5. облыстың 4 ауданында кәсіби лицейлердің болмауы;
6. докторантуралық білім беру бағдарламаларын енгізу негізінде ПОҚ-н кәсіби деңгейін ары қарай дамыту талап етіледі;
7. техникалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлаудың болмауы;
8. бала асырап алыған отбасыларын қолдау қызметтерінің, мектептердің болмауы;
9. Балалар құқықтарын қорғау бойынша білікті мамандардың жеткіліксіздігі;
10. Жастар тәжірибесін жүзеге асырудың жетілмеген инфрақұрылымы: жастардың нысаналы топтарының толығымен қамтылмауы, өңірлік деңгейде жүзеге асыру әдістемелерінің жетілмегендігі, нәтижеге қол жеткізуді бағалаудың тиімді жүйесінің болмауы;
11. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың нашар жағдайы;
12. білікті басқару және қызмет көрсету персоналының болмауы;
13.Облыстың туристік ресурстары туралы жарнаманың жеткіліксіздігі;
14. Медициналық мамандардың тапшылығы;
15. Жалдамалы және бейімделген ғимараттардың айтарлықтай үлесі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
А-басымдығы
-
Қолда бар табиғи-шикізат ресурстарының негізінде – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің дамыған жүйесін, құрылыс индустриясын, туристік кластерді кешенді дамыту мүмкіндігі.
-
Көлік және логистика, туризм және өңдеу өнеркәсібі, машина құрылысы, металлургия, химия, құрылыс индустриясы салаларында жүйе құраушы жобаларды жүзеге асыру есебінен ЖДЖ-сін арттырумен ЖӨӨ-м құрылымын оңтайландыру.
-
Облысты урбанизациялаудың келешегі.
-
Өңдеу өнеркәсібі салаларында Үдемелі индустриаландыру аясында Мемлекеттік қолдау арқылы өндірістер құру өңір экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.
-
Экономиканы дамытудың кластерлік үлгісі мен шағын бизнес субъектілерінің рөлі экспорт секторындағы өнімнің тігінен әртараптануын арттыруға мүмкіндік береді.
В-басымдығы
-
Халық санының өсімі үшін және облысқа жоғары білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдай жасау.
-
Жаңа өндірістердің дамыту мүмкіндіктерімен байланысты, жұмыспен қамтылу өсімінің келешегі.
-
Жұмыс орындарын құру, оның ішінде халықты уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу белсенді бағдарламаларының жүзеге асыру бөлігінде:
а) қоғамдық жұмыстар;
б) әлеуметтік жұмыс орындары құру.
-
Жұмыссыз азаматтрады кәсіби оқыту, қайта дайындау.
-
Бос жұмыс орындары мен бос лауазым жәрмеңкелерін өткізу.
-
Әлеуметтік қысымдылықты азайту.
-
Әлеуметтік қызмет көрсету саласында әркет етуші ҮЕҰ-дың қызметі саласын кеңейту.
-
Транзиттік жүк және жолаушылар тасымалын жандандырудан өңір табысының айтарлықтай өсімі.
-
Өндірістік логистика және технологиялық аутсорсинг, оның ішінде трансұлттық өндіріс негізінде өңдеу өнеркәсібі салаларында өндіріс құру келешегі.
-
Ауыл шаруашылығында өндірістер құру өсімінің келешегі, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудың инновациялық тәсілдері негізінде– облыс аумағында өсімдік шаруашылығында, жем өндірісінде.
С-басымдығы
-
Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту (тауар-дайындау, өңдеу, көлік, қаржылық).
-
Әлеуметтік ифрақұрылым объектілерін дамытуға, экологиялық ахуалды жақсартуға - әлеметтік серіктестікке мемлекеттік және жеке инвестициялар тарту.
D-басымдығы
1. Облыс пен елден тыс жерлерде мәдениетті дамыту және насихаттау келешегі;
2. Тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қалына келтіру және қорғау және толыққанды пайдалану.
Е-басымдығы
1. тілдер саясатын дамытудың нақты келешегі және елден тыс жерлерде мемлекеттік тілді насихаттау.
2. тілдер саясатын оңтайлы пайдалану.
3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманға сай мектепке дейінгі мекемелердің бюджет қаражатынан салуды кеңейту және жеке қаржыландыруды ынталандыру және мекетепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.
4. орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруда бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және жеке сектордың қатысуын ынталандыру.
5. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар мен қорғаушы отбасылырына таңдау, дайындау және қолдау қызметтерін көрсететін халықаралық ұйымдар гранттары мен ҮЕҰ-р жобаларын пайдалану.
6. Білім алушыларға тәжірибе орнын беру бөлігінде оқу мекемелері мен кәсіпорындары арасында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, меморандумдар жасасу;
7. білім беруде инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді, ғылым мен нақты секторды жақындату саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, өңірлік ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын нығайту жыл сайын мектеп бітірушілерді жинаудың қажетті деңгейін және мамандарды дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
8. Балалар үйінен тәрбиелеуге бала алуы мүмкін қамқоршылар мен қорғаушыларды экономикалық қолдау тетігін енгізу;
9. Жастармен сынақтан өткізілген әдістемелерді қолдану, жастарға бренді шараларды тұрақты өткізу.
10. Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі.
11. Ішкі және шығу туризмін дамыту және бюджетке түсімдерді арттыру.
12. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесі мен штатын нормативтерге сәйкестендіру;
13. Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын ары қарай нығайту;
14. Алдын алу шараларын, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды анықтау, емдеу мен қалпына келтіруді жетілдіру;
15. Жас медицина мамандарын өз ісіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге үйренісуін ынталандыру шараларын әзірлеу.
|
А-басымдығы
-
Техногендік факторлар әсерінен жер және табиғи ресурстардың бұзылуы нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауы;
-
Облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы салдарынан инвестициялық тартымлыдқтың төмендеуі;
-
Облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне туатын қауіп ретінде, азық-түлік тауарлары мен шикізатын олардың өндіру үшін сырттан алуға деңгене тәуелділік.
-
Облыс экономикасының шикізаттық бағыттылығының сақталуы және облыстың мұнай-газ ресурстарының сарқылуы жағдайында экономикалық дағдарыстың орын алуы.
В-басымдығы
-
ХТД-не қазақстандық қатысушыларды баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсеке қабілеттілігін жоғалту.
-
Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайының салдарынан, өмір сүру деңгейінің төмендеуі.
-
Білікті мамандардың жетіспеушілігі.
-
Жасырын жұмыспен қамтылу.
-
Тіркелгенм жұмыссыздықтың өсуі.
-
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында ҮЕҰ-ды құру бойынша бастамашыл топтардың жоқтығы.
-
Мүгедектерді қалпына келтіру шараларымен толық қамтымау.
С-басымдығы
1. Электр қуатының мүмкін болатын тапшылығы және өнеркәсіп даму қарқының баяулауы.
D-басымдығы
1. Қорғау шараларын қабылдамаған жағдайда қолда бар объектілер мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;
2. Қолда бар артықшылықтарды толыққанды пайдаланбау.
Е-басымдығы
-
Мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту деңгейінің төмендігі мен мектепке дейінгі мекемелердің әлсіз материалдық-техникалық базасын түсіндіреді, бұл балалардың орта мектепте оқуына дұрыс дайындалу және олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін шектейді.
2. халықтың жақсы жалақы және тұрмыс жағдайына тырысуы білім беру жүйесіндегі жоғары білікті және балалармен тіл табысу тәжірибесі мол педагог мамандарының жүйелі түрде кетуіне себеп болады, бұл орта білім сапасын төмендетеді.
3. бұл саланы қаржыландыру көлемінің тұрақы өсуіне қарамастан, колледждер мен КЛ-гі білім беру мамандары мен шеберлерінің еңбек ақы алу деңгейі төмен қалпында, бұл олардың кәсіби білім беру жүйесінен кетуі мен білім беру сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
4. ғылыми институттарын қаржыландыруды қысқарту және ЖОО-ғы ҒЗИ-ры қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу деңгейінің төмендігі студенттерді сапалы дайындау мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болатын, өңір ЖОО-ның ғылыми әлеуетінің төмендеуіне әкеліп соғады.
-
Ата-ана қамқорынан айырылған балаларды отбасында өмір сүруге орналастыру және алмастырушы отбасыларын қолдау жөніндегі мамандарды қайта дайындау бағдарламаларының жоқтығы.
6. Халық тарапынан жастар шараларын қабылданбауы.
7. Қорғау шараларын қабылдамау жағдайында қолда бар объектілер мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі.
8. Туризмді қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, жеке қаражат пен инвестициялық ресурстар тапшылығы.
9. Туристік бизнесте кәсібилілік деңгейінің төмендігі, көрсетілетін туристік қызметтердің бағасына қызмет көрсетулердің сапасы мен деңгейінің сәйкес келмеуі;
10. Жалдамалы және бейімделген ғимараттарда орналасқан медициналық ұйымдардың құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
11. Білікті медициналық мамандардың тапшылығы.
|
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімдерінің ірі өндірушісі, өңдеу өнеркәсібі үдемелі дамитын өңір болады, халықаралық сауда, көлік-логистикалық қызметі мен туризм орталығы, инфрақұрылымы дамыған және өмір деңгейі тұрақты артатын аумақ болады.
Көріністі жүзеге асыру төмендегілерге бағытталған:
- облыстың республикада ауыл шаруашылығы өндірісін үдемелеу мен кластерлік тәсілмен өңдеуді тереңдету бағытымен ірі агроиндустриалды база ретінде қалыптасуына;
- өндірістің жаңа сервистік-сауда-өнеркәсіптік біріккен топтары мен индустриалды аймақтарын құру есебінен өңдеу өнеркәсібінің басым бағыттарын дамытуға;
- қалпына келетін энергия көздері жобаларын жүзеге асыру есебінен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
- облыстың транзиттік әлеуетін жүзеге асыру негізінде көлік-логистикалық қызмет көрсетулерді дамытуға;
- дамыған сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы бар халықаралық туристік орталықты қалыптастыруға;
- облыста мәдениеттің жандануын, сақталуын және дамуын қамтамасыз ететін, қазіргі заманға сай жалпыұлттық мәдени ортаға;
- қоғамдық-саяси қатынастарда мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың ішкі саяси тұрақтылығы мен келісімді әрекеттесуіне;
- мемлекеттің қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға, азаматтық патриотизмді тәрбиелеу мен ұлттың тұрақты дамуына;
- облыста теңдік, ұлттық бірлік қағидаларымен, тіл саясатын жүзеге асырудың тиімді тетіктерімен мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативті фукциялары бар толерантты тіл ортасына;
- облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайын жақсартуға;
- инфрақұрылымдық кешен мен әлеуметтік саланы дамыту арқылы облыстың ауылдық аудандары мен басқа да шағын қалаларын дамыту деңгейін теңестіруге;
- облыстың ақпараттық жүйесін дамытуды, сондай-ақ «электронды үкімет» инфрақұрылымына ауысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Облыстың басты мақсатын жүзеге асырудың маңызды нәтижесі халықтың әл-аухаты мен әлеуметтік қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, үдемелі дамитын, теңдестірілген және бәсекеге қабілетті экономиканы құру болып табылады.
Шешуші индикаторлар:
-
ЖӨӨ нақты көлемінің индексі 2015 жылы өткен жылға 101,3%-ті құрайды;
-
Өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісінің нақты көлемкөрсеткіші 2015 жылы 100,8%-ті құрайды;
-
Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылығының көрсеткіші 2015 жылы 2000 жылғы бағада АҚШ долларына шаққанда 0,0094 тнэ құрайды;
-
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем көрсеткі 2015 жылы 101,7%-ті құрайды;
-
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы 100,0%-ті құрайды;
-
Бөлшек тауар айналымының нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы 100,1%-ті құрайды;
-
Кәсіпкерлік өндірісіндегі өнімнің басқа өңірлерге жөнелтілген көлемі (50 адамнан астам жұмысшылары бар өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша) 2015 жылы– 340 млрд. тенге;
-
Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 23,5%-ті құрайды;
-
Жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың санынан инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2015 жылы 9,7%-ті құрайды;
-
Өткен жылмен салыстырғанда 2015 жылы үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептердің санының азаюы 18,5%-ті құрайды;
-
Бітірушілер арасында оқу бағдарламаларын сәтті (үзздік/жақсы) игерген оқушылардың үлесі 2015 жылы 51,0/49,0%-ті құрайды;
-
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылғандары 2015 жылы 13,0%-ті құрайды;
-
Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 2015 жылы 70,0%-ті құрайды;
-
15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан NEET үлесі 2015 жылы 6,9%-ті құрайды;
-
Техникалық және кәсіби оқу орындарының бітірушілері оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқандарының үлесі 2015 жылы 69,8%-ті құрайды;
-
Халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы – 72 жас;
-
Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 4,8%;
-
Жұмыс жасайтын 1000 адамға шаққанда, еңбек қызметімен байланысты оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны 2015 жылы – 0,05%;
-
Тізімдік жұмысшылардың жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмысшылардың үлесі 2015 жылы – 7,7%;
-
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2015 жылы – 2,4%;
-
Арнайы әлеуметтік қызметтер (оларды алуға мұқтаж жандардың жалпы санынан) көрсетумен қамтылғандардың үлестік салмағы 2015 жылы – 98,4%;
-
Облыста өткізілген әлеуметтік маңызыды және мәдени іс-шаралардың саны 2015 жылы 40500 бірлікті құрайды.
-
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, барлық жас аралығындағы халықты қамту 2015 жылы 26,0%-ті қамтиды;
-
Резидент келушілерге орналастыру орындары қызметін көрсету саны 2015 жылы 170,8 мың адамды құрайды;
-
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2015 жылы 79,2%-ті құрайды;
-
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы 2015 жылы 15,5%-ті құрайды;
-
Жол-көлік апаттарында қаза болғандар санының азаюы 2015 жылы 1,0%-ті құрайды;
-
Жергілікті маңызды су тасқындарынан, су басудан, қар көшкіндерінен, жер сілкінісінен, селден, өрттен болатын адам шығындарын азайту 2015 жылы 12,5%-ті құрайды;
-
Байланыс қызметінің нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы 114,4%-ті құрайды;
-
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы 100,2%-ті құрайды;
-
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 77,6%-ті құрайды;
-
Нормативті қолданыспен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесін арттыру 2015 жылы 42,2%-ті құрайды;
-
Орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізген халықтың үлесі 2015 жылы 80,0%-ті құрайды;
-
Су бөлу қызметтеріне қол жеткізетін халықтың үлесі 2015 жылы 7,4%-ті құрайды;
-
Жалпы ұзындықтағы жүйелерді жаңарту үлесі 2015 жылы: жылумен қамту – 15,4%, сумен қамту – 7,9%, су бөлу – 1,4%, газбен қамту – 0%, электрмен қамту 37,3%-ті құрайды;
-
Стационарлық көздерден шығарылатын белгіленген зиянды қалдықтарды азайту 2015 жылы 1,6%-ті құрайды;
-
Мемлекеттік орман қорының орманмен жабылған шаруашылықтарының алаңы 2015 жылы 1672,7 мың га құрайды;
-
Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің үлесін арттыру 2015 жылы 3,5%-ті құрайды;
-
Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерде егу айналымы жүйесін қолдану 2015 жылы 640,5 мың га құрайды;
-
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қанағаттанарлық деңгейін арттыру 2015 жылы 91,0%-ті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |