Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет13/13
Дата24.04.2016
өлшемі3.02 Mb.
#79725
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Пути достижения:

С участием управления экономики и бюджетного планирования, предпринимательства и индустриально-инновационного развития, сельского хозяйства, автомобильных дорог и пассажирского транспорта, энергетики и жилищно-коммунального хозяйства, образования, здравоохранения, культуры, туризма, физической культуры и спорта, строительства, акимов районов и городов намечены мероприятия:

1, 2-кезең

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында 2020 жылға дейін Алматы біріктірмесін дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарының шараларын жүзеге асыру;

  • «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және басқа бағдарламалардың аясында жоғары және орташа даму әлеуеті бар тірек ауылдық елді мекендерді, ауылдарды дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру;

  • Облыстың тіректі ауылдық елді мекендерінде өндірістерді, ауылшаруашылық өнімдерді тауар өндірушілер сервистік қызмет көрсету нысандарын, тауарлы-тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету нысандарын құру.

  • Облыстың тіректі ауылдық елді мекендерде қаржылық қызметті, көліктік қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

  • Ауылдық елді мекендерге тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.


3-мақсат. Текелі қаласын орта және ұзақ мерзімді келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту



Нысаналы индикаторлар / тікілей нәтиже көрсеткіштері

1-кезең

2-кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1.

Қаланың жалпы кірісіндегі бюджеттің меншікті кіріс көлемін көбейту, млн. теңге (2011 жылғы 127,6 млн. теңгеден)







144,7

156,1

132,6

1-міндет. Текелі қаласының халқының жұмыспен оңтайлы қамтылу құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту

1.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемін көбейту, %.

101,0

100,1

104,4

100,5

101,3

2.

Қалада белсенді әрекет етуші шағын кәсіпорындар санын арттыру, бірл.







73

75

80


Қол жеткізу тәсілдері:

Текелі қаласының әкімімінің, қала құраушы кәсіпорындарының, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, әкім аппаратының, төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен төмендегі шаралар көзделген:
1,2-кезең

  • Моноқалада тапсырыстарды қосалқы және қызмет көрсету өндірістерді қала құраушы кәсіпорындармен, зәкірлі инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы экономиканы әртараптандыру;

  • Несие бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау, инфрақұрылымды, жаңа өндірістерді құруға гранттар беру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасын іске асыру, қалада кәсіпкерлікті қолдау орталығының, бизнес-инкубатордың құрылуы және жұмыс істеуі, Жұмыспен қамту 2020бағдарламасы аясында өз бетінше жұмыс істейтін, жұмыссыз және табысы аз халықтың кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  • Текелі қаласының халқын жұмыспен қамтамасыз етуге оқыту және жәрдемдесу, қаланың жастарын облыстың техникалық және кәсіби білім беретін оқу мекемелерінде оқыту үшін жағдай жасау арқылы Текелі қаласының еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

  • Қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту.


5-БАҒЫТ. Мемлекеттік қызметтер

1-мақсат. Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және оны көрсету тәртібін жетілдіру



Нысаналы индикатор атауы

1-кезең

2-кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1.

Халықтың көрсетілген қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру, %

65

75

88

90,0

91,0

1-міндет. Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру

1.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу жағдайларын азайту, бірлік

38

30

35

26

28

2.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасына түскен арыздардың санын азайту, %













7


Қол жеткізу тәсілдері:

Облыс әкімі аппаратының, облыс басқармаларының, аудан және қала әкімдерінің қатысуымен келесі шаралар көзделуде:
1-кезең

  • Сауалнама (ҚР МҚІА мем.әлеу.тапсырысы бойынша қоғамдық мониторинг) құралдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметке қанағаттануы бойынша жұмыстар жүргізу;

  • Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға ауыстыру.



2-кезең

  • Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қолданыстағы заңнамалық актілерге (мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттері) сәйкес сақтау бойынша әрі қарай жұмыстар жүргізу;

  • Бұқаралық ақпараттық құралдарына жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

  • Әкімдіктің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өзектілендіру;

  • Электрондық нысандағы қызметтерді көбейту.


5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

Алматы облысының аумағын дамыту бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін бюджеттік және жеке қаржы ресурстары шоғырландырылады. Сондай-ақ, бюджет қаражаттарын бағыттау әлеуметтік міндеттерді, инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті қолдау шараларын көрсетуді қаржыландыруға, ал жеке сектор қаражаты жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

Бағдарламаның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажет тікелей шығындардың болжамды көлемі 1,4 трлн. теңгені құрайды және келесі көздерден қамтамасыз етіледі:

жеке ішкі және сыртқы инвесторлардың қаражатынан – 744,4 млрд. теңге;

әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ индустриаландыруды мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаттары 710,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 494,2 млрд. теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 216,5 млрд. теңге.

Бюджет қаражаты есебінен көзделген қаржыландыру көлемі кезекті үш жыл мерзімге сәйкес бюджеттерді қалыптастыру кезінде түзетіледі.




  1. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Алматы облысы аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару әрекеті келесі кезеңдерді қамтиды:

- мониторинг;

- бағалау;

- бақылау.
Облыстың даму бағдарламасына мониторингті облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы облысты дамыту бғдарламасын жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдар-қоса орындаушылар ұсынатын жүзеге асыру барысы туралы ақпараттың негізінде, жүзеге асыру туралы есептер қалыптастару арқылы жүргізеді.

1) Аумақты дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына бір рет, жыл қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Облысты дамыту бағдарламасының жыл қорытындысы бойынша мониторингін жүргізу үшін:

- облысты дамыту бағдарламасына қатысушы мемлекеттік орган-қоса орындаушы, өз құзыреті шегінде, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін, жүзеге асыру туралы ақпаратты ұсынады;

- облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мелекеттік орган-қоса орындаушы ұсынған жүзеге асыру туралы ақпараттың негізінде облысты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есепті жасайды және басшының қолы қойылған нұсқасын (құпия және қызметте қолдануға арналған ақпараттан басқасы) есептік жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде веб-порталда жариялайды.

Облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда жүзеге асыру туралы ақпарат облыс әкімдігінің веб-порталында жарияланады.

2) Аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бағалау, ревизиялық комиссия жүргізетін бағалауды қоспағанда, Қазақастан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы №954 Жарлығымен бекітілген облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау жүйесінің аясында жүргізіледі.

3) Аумақты дамыту бағдарламаларын бақылау аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойыша жүргізілген мониторинг, бағалау және бақылау шараларының нәтижелері негізінде жүргізіледі.



_______________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет