Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
-
Өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізілуде. 2020 жылы жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесін 38,9%-ке дейін төмендету көзделуде.
|
Мүмкіндіктер (O)
-
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды жүзеге асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Халықтың кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін ұстауға нашар белсенділік танытуы;
2. Тұрғын үй қызметтері нарығында «Басқару» және «Сервистік қызмет көрсетуә қызметін бөлумен мамандандырылған басқарушы компаниялардың болмауы.
|
Қауіптер (T)
-
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
|
Негізгі мәселелер:
-
Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасының (ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы) аясында кондоминиум объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
Электрмен қамту
Обылста жалпы қуаты 750 МВт 18 СЭС және бір күн электр станциясы жұмыс жасайды.
Электр өткізу желілерінің жалпы ұзындығы - 34,2 мың ш., кіші станциялар 7,7 мың бірлікті құрайды.
Энергетикалық жүйелердің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Сонымен қатар, 2012 жылы жылу жлектр станцияларындағы тозу 71,5%-тен 60%-ке, электр жүйелеріндегі шығындар 16,1%-тен 13,9%-ке төмендеді.
Өңірлік бөліністе облыстың генерацияланатын қуаттарының 95%-і (1111,6 МВт) Алматы өңірінде, оның ішінде Қарасай (48,1%), Іле (15,4%) аудандарында және Қапшағай (31,2%) қаласында орналасқан.
Талдықорған өңірінде облыстың энергия өндіретін қуаттардың небәрі 4,7% (52 МВТ) орналасқан, олар аумақтың электр қуатына деген тапшылығының тек 20%-н ғана жабады. Айтарлықтай ірі өндіру болып Текелі қаласындағы «ҚазЦинкТЭК» ЖШС табылады (облыс қуатының - 2,91%).
Облыстың электр қуатына деген тапшылығы өз өндірісімен тек 62%-ке ғана жабылады және солтүстік облыстардан, Жамбыл ГБЭЖ-нен және Қырғызстаннан сатып алынады.
Тапшылықты жабу үшін 2008 жылдан бері 300 МВт Мойнақ СЭС, қуаты 21,45 МВт 8 шағын СЭС, 2 МВт күн электр станциясы іске қосылды.
2018 жылға дейін жалпы қуаты 470,9 МВт бірінші кезектегі 35 жобаны жүзеге асыру межеленген (29-СЭС, 3-ЖЭС, 1- КЭС, 1 – биостанция), олардың қатарында «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 300 МВт дейін Шелек ЖЭС-ның құрылысы бойынша бірлескен жобасы бар.
Құны 9,2 млрд. теңгенің құрайтын «Мойнақ СЭС-ның қуатын беру сызбасы» жобасы жүзеге асырылды.
Алматы қаласының қала сыртындағы аймақтарының генерацияланатын қуаттарын арттыру үшін «КЕGOC» АҚ-ның ҰЭЖ-не 500/220 кВ кернеулік желілерімен қосылатын, 500 кВ Алма кіші станциясы салынды.
220 кВ ЭӨЖ құрылысымен, 220/110/10 кВ «Қаскелең» КС құрылысы аяқталуда.
Қуаты 1320 МВт Балқаш ЖЭС инфрақұрылымдық объектілерінің құрылысы жалғасуда.
Нәтижесінде, сыртқы энергия көздерінен электр қуатын сатып алу 2012 жылғы 31%-тен 2014 жылы 24,8%-ке қысқарды.
Жалпы тұтыну көлеміндегі қалпына келетін энергия көздерінің үлесі 2014 жылы 5,2%-ті құрады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
1. Облыста жүздеген тау өзендері түрінде Қазақстанның гидроресурстарының жартысына жуығы орналасқан.
2. Жоңғар қақпасы және Шелек дәлізі аудандарында жел энергиясының айтарлықтай әлеуеті.
|
Мүмкіндіктер (O)
-
Қалпына келетін қуат көздерін дамыту.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Қуат өндірісі үшін қалпына келетін көздерді дамытудың және пайдаланудың жеткіліксіздігі.
2. Электрмен қамту инфрақұрылымының жоғары деңгейде тозуы (60%);
3. Облыстың меншікті отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеушілігі;
4. Электр жүйелерінде үлкен шығындар.
|
Қауіптер (T)
1. Экономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан саланы қаржыландырудың қысқаруы, даму бағдарламаларының жабылуы;
2. СЭС орналастырылатын өзендер мен су айлақтарында су деңгейінің төмендеуі.
|
Негізгі мәселелер:
-
Облыстың меншікті отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеушілігі.
-
Энергетика жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықыз, жылц электр станцияларында құралдардың 60%-ке дейін тозуы;
-
Электр қуаты шығынының үлкен көлемде болуы.
Сумен қамту және су бөлу
Облыс бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012 – 2014 жылдары 40,0 млрд. теңгеге 170 жоба жүзеге асырылды (2011–38, 2012–54, 2013 – 38, 2014-37).
Нәтижесінде 741 елді мекеннің 537-і орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген (72,5%), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 4%-ке артық.
Облыс халқының орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілуі 92,5%-ті құрайды, жергілікті қайнарлардан халықтың 7,5% су алады.
№ р/н
|
Көрсеткіш атауы
|
Өл. бірл.
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
1
|
Орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізетін халықтың үлесі
|
%
|
91,5
|
91,7
|
91,4
|
92,5
|
2
|
Орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған елді мекендердің саны
|
бірлік
|
516
|
528
|
535
|
537*
|
*елді мекендерді Алматы қ. беруді ескерімен
Су құбыры жүйелерінің жалпы ұзындығы 8444,0 ш. құрайды.
2014 жылы 84 объектіде сумен қамту және су бөлу жүйелерін қайта жаңғырту және салу жұмыстары жүргізілді, 37 объектіде жұмыстар аяқталды.
740,3 ш. су құбыры жүйелері тартылды, 42 жаңа скважиналар бұрғыланды, бірінші және екінші көтерімдегі 39 насостық станциялар, 39 жаңа резервуарлар, 11 су қарқынды мұнаралар және 20 хлор-сатураторлар салынды.
Сумен қамтумен қосымша 25 елді мекен қамтамасыз етілді (Ақсу ауданының Алтынарық, Шолақөзек, Көлтабан а., Алакөл ауданының – Еңбекші, Қарабұлақ, Алакөл, Үшқайың, Жамбыл, Ескі Жанама, Еңбекшіқазақ ауданының – Достық, Ескелді ауданының –Көкжазық, Жамбыл ауданының – Қарабастау, Қарасай ауданының Қырғауылды, Қаратал ауданының –Дойыншы, Кербұлақ ауданының – Байғазы, Желдіқара, Сарқан ауданының –Көктерек, Көкжиде, Шұбартүбек, Қарғалы, Еркін, Бақалы, Талдықорған қаласының – Еңбек).
Шаруашылық-ауыз су бағытындағы су тұтынушылары болып: суды шаруашылық-ауыз су құбырынан пайдаланушы халық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары табылады.
Жүргізілетін жұмыстарға қарамастан, су құбыры жүйелерінің тозу деңгейі жоғары болып сақталуда және 65%-ті құрайды.
2015 жылы орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен 66 елді мекнеді қамту жоспарланған, оның ішінде сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және салу есебінен – 25, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын (о.і. скважиналарды қалпына келтіру) жүргізу есебінен 41 елді мекенді қамту көзделуде.
Нәтижесінде орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз ету 81,4%-і құрайды немесе облыс елді мекендерінің жалпы санынан – 603 елді мекен.
Халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін облыс аудандары мен қалаларында ауыз сумен қамту және су бөлу жүйелерін қолдану бойынша 21 «Су Құбыры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары құрылған және жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта барлық салынған объектілер мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қолданысқа берілуде. Әрекет етуші объектілерді беру және кәсіпорындардың жарғылық капиталын толықтыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. 2012-2014 жылдары жергілікті бюджеттен сумен қамту және су бөлу қызметтерін көрсететін «Су құбыры» кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын дамытуға және жарақтандыруға 815,3 млн. теңге бөлінді. 2014 жылы қолдану ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін 800 млн. теңге бөлінді (230 бірлік техника).
Ауылдық елді мекендерде сумен қамту объектілерін коммуналдық кәсіпорын балансына беру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.
Обылстың елді мекендерінде ауыз сумен қамтуға арналған гидрогеологиялық скважиналардың жарамдылығын анықтау мақсатында 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 167,4 млн. теңгеге 643 скважина тексерілді (2012 ж.- 84,0 млн. теңгеге 348 скважина, 2013 ж.- 83,4 млн. теңгеге 295 скважина).
Сумен қамту объектілеріне техникалық төлқұжаттарды рәсімдеуге және арнайы су пайдалануға рұқсат алуға жергілікті бюджеттен 2012-2014 жылдары 100,9 млн.теңге бөлінді (2012 – 31,1 млн. теңге, 2013- 11,0 млн.теңге 2014- 58,8 млн.теңге ).
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
1. 4 жылда облыстың елді мекендерін сумен қамту бойынша 170 жоба жүзеге асырылды;
2. халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізудің 72,5% көрсеткішіне жету.
|
Мүмкіндіктер (O)
1. Облыс халқының ауыз сумен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік беретін Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
2. Тұщы жер асты суларының жаңа кеніштерін игеру;
3. Сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су тазарту және су дайындау шығындарын арттыру;
4. Заманауи тиімді технологияларды енгізу;
5. Материалдық-техникалық базаны жарақтандыру арқылы қолдану қызметін жетілдіру.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Қолда бар тұщы жер асты суларының қорларын жеткіліксіз пайдалану;
2. Сумен қамту объектілерінің және жүйелерінің қатты тозуы және соның салдарынан авариялардың, шығындардың, ауыз су сапасының төмен деңгейде болуы;
3. Жаңа сумен қамту жүйесінің құрылысына және әрекет етушілерін қайта жаңғыртуға мемдекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;
4. Сумен қамту қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметтеріне әрекет етуші тарифтер жүйелерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет шығындарды өтемейді;
5. Көптеген аудандарда берілетін судың сапасына бақылау жүргізетін зертхананың болмауы;
6. Ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың жеткіліксіз деңгейде материалдық-техникалық жарақтандырылуы.
|
Қауіптер (T)
1. Скважиналарды пайдалану тәртібін бұзу нәтижесінде су асты суларының қайнар көздері сапасының төмендеуі, көптеген иесіз гидрогеологиялық скважиналардың болуы, жер асты суларының техногендік ластануы;
2. Ұзақ мерзім бойы пайдалану нәтижесінде орын алған сумен қамту объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы; қаржыландырудың жетіспеушілігі.
|
Негізгі мәселелер:
-
су құбыры жүйелерінің қатты тозуы (65%);
-
ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындардың жеткіліксіз деңгейде материалдық-техникалық жарақтандырылуы.
Су бөлу
57 елді мекенде кәріз жүйелері бар, бұл жалпы елді мекендер санынан 7,4%-і құрайды. Ұзындығы - 1099 ш. (басты коллекторлардың ұзындығы - 359 ш. (32,7%), бөлетін кәріз жүйелері – 740 ш. (67,3 %).
Толық және механикалық биологиялық тазартылатын кәріз тазалау құрылыстары Талдықорған (қуаты - 36 мың м³/тәу.), Қапшағай (қуаты - 25,4 м³/тәу.) және Текелі (қуаты - 11 мың м³/тәу.) қалаларында, Талғар ауданының Талғар қаласында (қуаты - 1200 м³/тәу.), Қарасай ауданының Қаскелең қаласында (қуаты - 600м³/тәу.) бар.
Талғар, Қаскелең қалалары және Іле ауданының Өтеген батыр кенті жартылай ағызғы суларын Алматы қаласының коллекторына лақтырады. Қалған елді мекендер ағызғы суларын механикалық тазарту құрылыстары арқылы немесе сүзгілеу алаңына төгеді.
Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентінде кәріз жүйелерін қайта жаңғырту және салу» объектісі салынды (қуаты 1400м³/тәу. КТҚ).
2014 жылы құны 1,7 млрд. теңгенің құрайтын «Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында кәріз жүйелерін қайта жаңғырту және салу» (өнімділігі 3500м³/тәу. КТҚ), Қаратал ауданының Үштөбе қаласында кәріз жүйесін қалпына келтіру және салу (өнімділігі 1000 м³/тәу. КТҚ), Панфилов ауданының Жаркент қаласында кәріз жүйесін қалпына келтіру және салу (өнімділігі 7000 м³/тәу. КТҚ), құны 586,8 млн. теңгені құрайтын қарасай ауданының Қаскелең қаласында кәріз жүйесін қалпына келтіру және салу объектілерінің құрылысы басталды, сондай-ақ 2015 жылы құны 528,1 млн.теңгені құрайтын Сарқан ауданының Сарқан қаласында КТҚ (өнімділігі 800 м³/тәу. КТҚ) құрылысы жүргізілуде.
2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізіміне сәйкес, Қапшағай, Текелі қалаларына, Сарөзек, Қарабұлақ кенттеріне және басқа да аудан орталықтарына толық биологиялық тазарту жүйесімен кәріз тазарту құрылыстарының ең соңғы әзірлемелерін қосумен, су бөлуді кешенді шешудің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.
Сумен қамту жүйелерін дамытумен қатар, су бөлу және адамның өмір сүру барысында және өнеркәсіп кәсіпорындарының көбеюі нәтижесінде жиналатын ағызғы суларын тазарту мәселесі туындайды.
Облыста дамыған кәріз жүйесінің болмауына байланысты күрделі экологиялық мәселелер бар, ол жер асты суларының, ауыз су көздерінің ластануына алып келеді, халықтың өмір сүру сапасын нашарлартады. Әрекет ететін тазарту құрылыстарының айтарлықтай тұратқы және үздіксіз жұмыс жасауы, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында оларды қайта жаңғырту қажет, ол су пайдалану көлемдерін айтарлықтай арттыру кезінде әрекет ететін құрылыстар көлемін барынша пайдалану және су бөлу жүйелерінің тиімділігін арттыру тұрғысында оң әсер береді.
Жаңа заманауи, жоғары технологиялық механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын салу қажет.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар (S)
1. Су бөлу жүйесін қайта жаңғырту және салу жобаларын жүзеге асыру халыққа көрсетілетін қызметтерді қо жетімділігін арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
|
Мүмкіндіктер (O)
1. Су бөлу, кәріз жүйесі және тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жөніндегі инвестииялық жобаларды жүзеге асыру халықтың су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
2. Ағызғы суларын тазартудың заманауи тиімді технологияларын енгізу.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Кәріз жүйелерінің 80%-і қанағаттанарлыықсыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді;
2. Елді мекендердің орталықтандырылған су бөлу қызметімен аз қамтылуы (7,4%);
3. Жаңа су бөлу, тазарту құрылыстарын салуға және әрекет ететіндерін қайта жаңғыртуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіз деңгейде салынуы;
4. Көптеген су бөлу қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың әрекет ететін тарифтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет шығындарды өтемейді.
|
Қауіптер (T)
1. Су бөлу, кәріз жүйелері, тазарту құрылыстары объектілерін салу және қайта жаңғыртудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз деңгейде қаржыландырмау объектілерді қолданысқа енгізу мерзімін кешіктіруге және облыс халқының санитарлық-экологиялық ахуалына теріс әсер етуі мүмкін;
2. Құралдардың заттай тозуы салдарынан істен шығуы.
|
Негізгі мәселелер:
-
қолда бар кәріз жүйелерінің жоғары деңгейде тозуы (80%) және елді мекендердің орталықтандырылған су бөлу жүйелерімен төмен деңгейде қамтылуы (7,4%);
-
мемлекеттік, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен жаңа заманауи, жоғары технологиялық су бөлу жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуды жеткіліксіз қаржыландыру.
Жылумен қамту және газбен қамту
Барлығы облыс бойынша 343,4 ш. жылу жүйелері бар, оның ішінде 144,2 ш. немесе 42%-і күрделі жөндеуді қажет етеді.
Ірі ЖЭО-нан және қазандықтардан жылу магистральдары бойынша орталықтандырылған жылумен қамту Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Үштөбе және Үшарал қалаларында, сондай-ақ Алматы қаласына жақын орналасқа елді мекендерде жүргізіледі.
Облыс бойынша жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 2014 жылы 20%-ті құрады немесе 2012 жылғы деңгейден 3%-ке артық.
Жылумен қамтуды жалпы қуаты 700 Гкал 28 қазандық жүзеге асырады, оның ішінде қуаты сағатына 100 Гкал қазандықтар саны 26 бірлікті құрайды. Талдықорған қаласындағы қазандықтың белгіленген қуаты сағатына 353,8 Гкал құрайды, мұнда жылу жүктемелерінің жыл сайын 8-10%-ке табиғи өсімі байқалады. Сонымен қатар облыс орталығының қазандығы электр қуатын өндірместен, тек жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ете отырып, қыс кезінде тәулігіне 900 тоннадан астам көмір және жаз кезінде 200 тонна көмір жағады. Бұл қазандық жүктемесінің шекті деңгейіне жеткізіп, қазандықты кеңейтуді қажет етеді.
№ р/н
|
Көрсеткіш атауы
|
Өл.бірл.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
1
|
Қазандықтар саны
|
Ед.
|
28
|
28
|
28
|
2
|
Қазандықтардың жалпы қуаты
|
Гкал
|
700
|
700
|
700
|
2014 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен жылу жүйелері мен қазандықтар құрылысы ме қайта жаңғырту жөніндегі 11 жобаны жүзеге асыруға 2,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 4 жоб (Үшарал және Сарқан қалаларының орталық қазандықтары, Талдықорған қаласының №1 және №18 тоқсандық қазандықтары) 2013 жылдан ауысып келгендер.
Алакөл ауданының Үшарал қаласында орталық қазандықтың құрылысы және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жөніндегі жоба жүзеге асырылды.
Сарқан ауданының Сарқан қаласында орталық қазандықтың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда.
Кәсіпорындар меншікті қаражат есебінен жалпы 1,8 млрд. теңге сомасына қазандықтар мен жылу жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізді.
Аталған шаралар 2014 жылы жылу жүйелерінің тозуын - 60%-ке жылу жүйелеріндегі шығындардың 20%-ке (2012 жылы норматив - 25%) төмендетуге мүмкіндік берді.
Жаркент, Есік, Талғар, қаскелең, Шелек, Шонжы және Ұзынағаш шағын қалаларында орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерін дамыту үшін МЭН әзірленді.
Мемлекеттік «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының аясында 2015 жылы 6 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде Қапшағай қаласының Заречный кентінде орталық қазандық құрылысы бар.
Сондай-ақ келешекте Талдықорған қаласында ЖЭО-ның құрылысы немесе әрекет етуші «Басқуат» қазандығын кеңейту қажет.
«Өңірлерді дамыту-2020» Бағдарламасының аясында Текелі моноқаласында «Достық» және «Алатау» м/а жылу жүйелерін қайта жаңғырту басталды. 18,8 мың адам сапалы жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Облыстың аудан орталықтарын орталықтандырылған жылумен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Жаркент, Есік, Талғар, Қаскелең, Шелек, Шонжы және Ұзынағаш шағын қалаларында орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін дамытудың ТЭН әзірленді.
Бүгінгі таңда ЖСҚ-н әзірлеуге қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.
Еңбекшіқазақ ауданының есік қаласында орталық қазандық құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтарм (S)
1. Күрделі жөндеуді талап ететін жүйелердің үлесін 35%-ке дейін азайту;
2. Облыстың аудан орталықтарында жаңа қазандықтарды салу есебінен орталықтандырылған жылумен қамту үлесін 26%-ке арттыру.
3. Жүйелердің тозуын - 50%-ке және жүйелердегі шығындарды 20%-ке азайту.
|
Мүмкіндіктер (O)
1. Мемлекеттік қолдау шаралары (Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы, Нұрлы жол 2015-2019);
2. Жылу жүйелері объектілерін жаңарту, нәтижесінде орталық жылумен қамту қызмттерімен қамтамасыз етілу деңгейі 19%-тен 26%-ке дейін артады.
|
Әлсіз жақтар (W)
1. Жылумен қамту инфрақұрылымының жоғары деңгейде тозуы (58%);
2. Жылу қуатының жоғары деңгейдегі шығындылығы (23%);
3. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының және Көксу, Қаратал аудандарының мемлекеттік жылумен қамту кәсіпорындарының қанағаттанарлықсыз қаржылық жағдайы жылумен қамту объектілерін жаңарту бойынша инвестициялық міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік бермейді;
4. Облыста ЖЭО және облыс қазандықтары үшін арзан отын көзі болып табылатын көмір кеніштерінің болуы.
|
Қауіптер (T)
1. Экономикалық ахуалдың нашарлау салдарынан саланы қаржыландырудың қысқаруы, даму бағдарламаларының жабылуы;
2. Қазандықтардың орнатылған және қолда бар қуаттарының мүмкін болатын жаппай төмендеуі, негізгі қорлардың қатты тозуына байланысты авариялық жөндеу үстінде жылу көздері агрегаттарының тоқтап тұруы.
|
Негізгі мәселелер:
-
жылу жүйелерінің жоғары деңгейде тозуы (60%) және жылу энергиясы шығынының жоғары деңгейі (20%);
-
жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы (20%).
Газбен қамту
Облыста 741 елді мекен бар, 473 елді мекен 2030 жылға дейін газбен қамтуға қосылу мүмкіндігі бар, 268 елді мекеннің мүмкіндігі жоқ.
Табиғи газға 73 елді мекен қосылған, газдандыру деңгейі 15,4%-ті құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда газдандарылған елді мекендердің саны – 15-ке, газандандыру деңгейі 3,1%-ке өсті
Газ құбырларының жалпы ұзындығы 2,0 мың ш. құрайды.
Облыстың табиғи газға деген қажеттілігі жылына – 265 млн. м3 және сұйытылған газға 506,4 мың тоннаы құрайды.
Алматы облысының елді мекендерін газдандырудың мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Газ және газбен қамту туралы» №532 заңының;
- 2013-2030 жылдары жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасын (Алматы облысын) газдандырудың өңірлік сызбасының (Мұнай және газ министрлігінің жанында құрылған Ведомствоаралық комиссияның 2014 жылдың 14 қарашасындағы шешімімен бекітілген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Табиғи газды жеткізу «Қазақстан-Қытай» желілік газ құбыры және «Бұхар газнасостық ауданы-Ташкент-Бішкек-Алматы» желілік газ құбыры бойынша жүзеге асырылады.
Облыста жүзеге асырылатын ірі және әлеуметтік маңызды жобалардың бірі болып «Алматы-Талдықорған» ЖГ құрылысы табылады. Жобаның жалпы құны 19,9 млрд. теңгені құрайды, ұзындығы - 264,8 ш. Жобаны жүзеге асыру халық саны 409,8 мың адамды тұрайтын облыстың жалпы 3 қаласын (оның ішінде облыс орталығы Талдықорған қаласы) және 7 ауданын газбен қамтуға мүмкіндік береді.
ЖГ құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттерден 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 10,9 млрд. теңге бөлініп, игерілді (2012 жыл - 2,2 млрд. теңге, оның ішінде РБ -2,0 млрд. теңге, ЖБ- 200,0 млн. теңге, 2013 жыл - 2,53 млрд. теңге, оның ішінде РБ -2,3 млрд. теңге, ЖБ-230,0 млн. теңге, 2014 жылы 6,15 млрд. теңге, оның ішінде РБ – 5,14 млрд. теңге, ЖБ – 1,01 млрд.теңге).
Сондай-ақ, 2010 жылдан бері облыста «Алматы-Байсерке-Талғар» желілік газ құбырының құрылысы басталып, аяқталды. Газ құбырының ұзындығы жоба бойынша 64,4 ш., жобаның жалпы құны - 7,8 млрд. теңге, бүгінгі таңда 7 елді мекен қосылды, 69 мекенді қосу жоспарлануда.
«Байсерке-Қапшағай» бөлінісі бар «Алматы-Байсерке-Талғар» желілік газ құбырының құрылысы жобасын жүзеге асыру Іле және Талғар аудандарының 300 мыңнан астам халқы бар 76 ауылдық елді мекендерін газбен қамтуға мүмкіндік берді.
«Алматы-Байсерке-Талғар» ЖГ-нан «Байсерке-қапшағай газ құбыры-бөлінісінің құрылысы» жобасына 4,5 млрд, теңге сомасына ЖСҚ әзірленді.
2013 жылы Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарын газдандыру үшін құны 1,94 млрд. теңгені құрайтын «Қазақстан-Қытай» ЖГ-нан Маловодное, Шелек, Жаркент АГБЖ-нің құрылысы» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жобаны 2016 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.
«Алматы-Талдықорған» ЖГ-ның құрылысына 2015 жылға 4,0 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, бүгінгі күні газ құбырының желілік бөлігінің 205 ш салынды.
«Талғар ауданының елді мекендерін газдандыру» және «Қарасай ауданының елді мекендерін газдандыру» жобалары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді. Жобаларды жүзеге асыру Қарасай ауданының Үшқоңыр кентін және Талғар ауданының Шымбұлақ кентін газдандыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Балқаш, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарын және Талдықорған қаласын газдандыру мақсатында, қазіргі уақытта бірінші кезеңмен аудан орталықтарына дейін жеткізу газ құбырларының және Талдықорған қаласының қалаішілік газбен қамту жүйелері құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Әзірленетін жобаларға сәйкес құрылыс-жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін инвесторлар тарту жөніндегі мәселелер пысықталуда, 11 әлеуетті инвесторлармен жалпы 250 млрд. теңге сомасына ынтымақтастық туралы ниет білдіру шарттарына қол қойылды. Сондай-ақ Басқарма «Байсерке-Қапшағай» ЖГ және Талдықорған қаласының қалаішілік жүйелерінің құрылысы бойынша келіссөздер жүргізіліп, әлеуетті жеткізуші "Asia Capital-Manegement" ЖШС-не құжаттар ұсынылды.
Облысты газдандыру облыс эконмоикасына жалпы оң әсер етеді, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартады және халықтың әлеуметтік деңгейін біршама көтереді.
Халықтың отын алуға шығындары азаяды, әлеуметтік сала объектілерінің табиғи газбен қамтамасыз етуге ауысуы бюджет шығындарының төмендеуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |