Алмаз ауылдық кітапханасы



Дата19.06.2016
өлшемі7.99 Kb.
Алмаз ауылдық кітапханасы

Алмаз ауылы – Шыңғырлау ауданындағы ауыл әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы – Шыңғырлау ауданынан оңтүстікке қарай 125км қашықтықта орналасқан. Іргесі 1961ж. «Алмаз» астық өсіру кеншары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Алмазда және оған қарасты Сегізсай, Константиновка селоларында «Нұрлыбек», «Қуан», «Жомарт», «Баянас», «Алтынбек» шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Кітапханашы Жетмекова Жарқынай Мұқамбетқалиқызы 1967 жылы туылған, білімі арнаулы орта, Орал мәдени ағарту училищесін бітірген. Еңбек өтілі -26 жыл.



Бүгінгі таңда кітапхана ақпараттық орталық болғандықтан мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу басты бағытттарының бірі болып табылады. Ұлтымыздың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлінуде, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, білімді, зерек болып өсуіне ықпал ететін шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Кітапханада «Шапағат», «Жігер» қызығушылар клубы жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет