Балалар Ия
Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық. Ойынның аты
«Кім жылдам».
Қоян:Балалар ойын ұнадыма?
Балалар : Ия
Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар балалар.
Балалар : Сау бол қоян
Жүргізуші: Кане балалар шеңбер болып тұрып әнімізді орындап берейік
«Қайсы екен қолымыз»
Балалар тақпақтары:
Шұғыла:
Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Қауын: Жасмин
Жинап досты бауырды
Ортаға алдық қауынды
Жарып ішін қауынның
Қарық қылдық қауынды
Асқабақ: Ұлдана
Қауынанда басқарақ,
Қарбызданда басқарақ.
Семіріпі бақшада ,
Қандай болып асқабақ
Ерсұлтан:
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз, бақшаға баратын,
Алақай-ау күн жақын
Дильяр:
Жапырақтар сарғайған,
Күн бұлтты болады.
Жаңбыр жиі жауады,
Құстар ұшып барады.
Жүргізуші:
Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама
Мың бұралып, билеген
«Қолшатыр» биімен ортада
Би «Қолшатыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?
Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.
«Арайлы,алтын күз!»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация, жеміс-жидек, көрме.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Жомарт күз!» мерекесімен құттықтаймын.
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке! (хормен)
Би: Аррива
Алмат:
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Аружан:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді,күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Ақниет.
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс ,бірлік ала келді.
Ақбота:
Алтын ,сары ,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ислам:
Алақай,алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Ахрам:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |