Жүргізуші.
Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы(Ахмедияр) Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын,Байлықтың,барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?
Алихан:
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.
Қазан айы:Нұрхан .Н Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
-Ұстаздар күні,қарттар күні бар.(Іңкәр)
Қараша айы (Думан). Күздіңтсоңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?
Айым:
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.
Жүргізуші:Енді,балалар ,мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға шақырайық,қолында күзгі базарлығы бар)
Күз ханшайымы:
Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
-Көп рахмет сізге,Алтын күз.(Бәрі хормен)
Жүргізуші:Күз ханшайымы ,мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?
Күз ханшайымы: балалар оны еңбекпен алулары керек.
Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті,шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді
Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.(Жапырақ)
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)
Күтпеген жерден Дымбілмес кіріп келеді.
-Балалар ,мен жаңа өзі әдемі киінген,қолында себеті бар бір қызды көріп едім.Мына базарлығын жолда ұмытып кетіпті.Сендерге келмеді ме?
-Рахмет саған! Сенің есімін кім болады?
-Дымбілмеспін! Мен еш нәрсе білмеймін ,балардан үйреніп алайын.
-Ал мен күз ханшайымымын! Біздің арамызға қосыл Балалар менің сіздерге алып келген ойыным бар.
Достарыңызбен бөлісу: |