1. ҚАЗАҚ ӨЛЕҢ МӘТІНДЕРІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ СӨЗ ҚОЛДАНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
Қазақ жазушыларының өлең шығарудағы көркем тәсілдері
Бүгінгі таңда тіл саласын зерттеуде адам факторына ерекше назар аудару үрдісі қалыптасуда екені белгілі. Дәстүрлі қазақ тіл білімінде де, оның ішінде құрылымдық грамматикада бұрын аса мән берілмеген адам мен тіл, сөйлеуші мен тыңдаушы, тіл мен ойлау, тіл мен таным, тіл мен сана сынды ұғымдарға енді ғана ден қойылып келеді. Адам факторы арқылы зерттеу тілдің ашылмаған жаңа қырларын тануға мүмкіндік беретіндіктен, адам болмысын сипаттайтын көптеген ғылыми салалардың қалыптасуына негіз болатынын түсінген ғалымдар антропоөзектік парадигманы алға шығарды. Бұндағы антропоөзектік парадигма тілді құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастықта зерттей отырып, тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы емес, ұлттың рухани, мәдени коды ретінде қарастырады. Демек, антропоөзекті парадигма тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра зерттейді.
Жалпы тіл білімінің даму тарихында зерттеу парадигмасының салыстырмалы-тарихи, жүйелік-құрылымдық және антропоөзектік деген үш түрі бар. Тілді салыстырмалы-тарихи парадигмада зерттеу ХІХ ғасырда үрдіс алса, ХХ ғасырда тілдің дыбыстық, семантикалық, стилдік сияқты құрылымдық қырларын арнайы қарастыратын дәстүрлі әдістері қалыптасты. Ал ХХІ ғасырда тілді тұтынушыдан тыс зерттеуде тілдің шеңберінен шықпай, оның таза өзін ғана танумен шектелу жеткіліксіз болғандықтан, тіл саласын адам болмысы мен қызметімен тығыз байланысты психологиямен, философиямен, дінмен, тарихпен, мәдениетпен, қоғаммен және т.б. салалармен байланыстырып, кешенді зерттеу қолға алына бастады. Осыған байланысты тіл біліміндегі зерттеулер де өзінің бастау нүктесін (точка отчета) өзгертті. Яғни ондағы бірліктер жұмсалымдық қасиетіне қарай сипатталып, топтастырылатын болды. Сөйтіп, бүгінгі таңда функционалды тіл білімі тілді зерттеудің басты бағыттарының біріне айналды. Соның негізінде тіл білімінде тілді басқа ғылым салаларымен, қоршаған ортамен, адамның ішкі жай-күйімен, көзқарасымен байланыстыра зерттейтін антропоөзектік бағыт қалыптаса бастады. Соның нәтижесінде оны тудыратын, қолданатын және болашаққа алып баратын тіл иесіне, оны жетілдіріп дамытатын нақты бір жеке тілдік тұлғалардың коммуникативтік қызметіне де назар аударылып, ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленетін жұмсалымдық сипат та осындай қажеттіліктерден туындайды.
Тілді зерттеудің көрсетілген үрдісіне сәйкес, «антропоцентристік парадигма», «антропоцентристік бағыт» деген ұғымдарды анықтау әрбір ұлтты, сол ұлттың тілдік ерекшеліктерін танудан басталады. «Антропоцентризм» ұғымына берілген ғылыми анықтамаға сәйкес, ол – гректің anthropos – «адам» және латынның сentrum – «орталық» деген мағыналы сөздерінен біріккен сөз. Ол «адам құбылысын (феноменін) ғаламның басқа да құбылыстарына (феномендеріне) қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен 13 адам» дегенбайланыстыратын ғылыми бағыт» [1, 8-б]. Сондықтан «anthropos сөзден бастау алатын «антропоцентристік көзқарас»,«антропофилия», «антропология», «антропоге-
нез», «антропометрия», «антропоморфизм» және заңды«антропологиялық парадигма» сынды ұғымдардың қатар қолданылуы құбылыс. Мәселен, «антропология» терминін ең алғаш рет адамның дене бітімі мен жан дүниесін сипаттауда ежелгі грек философы Аристотель қолданған. Содан кейін бірнеше ғасыр өткен соң ғана бұл термин қайтадан ғылыми айналымға енген. Осы арада бұл ұғымдардың қазақ тіл білімінде антропоөзек, антропоөзектік бағыт, т.с.с қолданылып жүрген балама атауларының уәжі антропоцентризм-
ді философиялық қырынан таныған П.С. Гуревичтің мынандай түсіндірмесі-
мен үндесетіні байқалады: «Антропоөзектілік – бұл әлемнің өзегі және әлемде орын алатын оқиғалардың орталығы адам болып табылады дегенді білдіретін көзқарас. Көптеген философтар философияның басты мәселесі адам деп есептей отырып, осы дүниетанымдық ұстанымды негізге алды. Адамның табиғатын, болмысын, мақсатын түсіне отырып, сан ғасырлар бойы жиналған басқа да философиялық мәселелерді түсінуге болады» [2, 44 б.]. Ғалымның тұжырымымен таныса келе, антропоөзектіліктің ғылым үшін аса өзекті екенін көруге болады. Тіршіліктің, өмірдің, ғылымның бастауы адам екені баршаға мәлім. Расымен, табиғаттың күшін, адамның танымын түсінгенде ғана жылдар бойы жинақталған сұрақтарға жауап табуға болады. Философ П.С. Гуревич өз зерттеулерінде барлық мәселенің шешімі ретінде антропоөзектілікке баса назар аударған.
Демек, жоғарыда айтылған екі анықтамадан тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуде адамның тілге қандай ықпал жасайтыны, тілдің адам санасына, ойлауы мен мәдениетіне тіл тұтынушының қолданыс барысында қалай әсер ететіндігі анықталып, ерекше маңызға ие тілдегі адам мәселесін оның әлемге қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. Тілді таным құралы, қарымқатынас құралы ретіндегі қызметі негізінде дамытатын – жеке адам. Соның ішінде жеке шығармашылық тілдік тұлға тілдік қолданысқа жүйедегі құралдарды икемдеп, басқа мағынада жұмсап, жаңа өң беріп, құбылтуы сөз әлеуетін аша түседі. Күнделікті тәжірибеде оның бағасы айқындалып жатады. Кемшілік ретінде кейбір жеке қолданыстардың көпшіліктен қолдау таппай, тілдік заңдылыққа сәйкес тіл жүйесіне ене алмауы түсінілсе, артықшылығы ретінде тілдің жеке адамдардың шығармашылығы арқылы дамуы атап көрсетіледі.
Стилистика мен сөз мәдениеті мүдделері тоғысып жатады, өйткені тіл элементтерінің көркем сөзде дұрыс не бұрыс қолданылуын (яғни сөз мәдениетінің бұзылып не сақталып тұрғандығын) анықтау үшін әуелі сол элементтің қай орында, қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын, яғни стильдік жүгінің бар-жоғын білу керек. Сөздің стильдік бояуы ол сөздің негізгі мағынасына үстелген қабат болғандықтан, сол қабаттың сыр-сынын тауып алу қажет болады. Зерттеушілер стилистика мен сөз мәдениеті проблемаларын бір-бірімен байланыстыра қарастыру – бүгінгі күннің көкейкесті шаруасына айналып отырғандығын көрсетеді. Сөйтіп, стилистиканың мақсаты – тіл элементтерінің жұмсалуын бағалау болғандықтан, олардың орынсыз, қате қолданылуын тауып-талдау тіл мәдениеті міндеттерімен ұштасады.
Функционалдық стильдің бір тармағы – көркем шығарма тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттеуде мыналарды нысанаға алады:
а) «автор образы» дегеннің көрінісі;
ә) баяндаудың түрлері;
б) кейіпкерлердің сөзін беру (кейіпкерлерді сөйлету) принциптері;
в) кейіпкерлер тілі мен автордың өз тілінің көрінісі.
Бұл – негізінен, көркем проза стилистикасына қатысты проблемалар. Ал драматургия мен поэзия салаларында лингвистикалық стилистика бұдан өзгеше мәселелерді қояды.
Орыс лингвистикасында драматургия тілі жан-жақты, жақсы зерттелгендігін байқаймыз. Бұл салада мынадай мәселелерге көңіл аударылған:
а) кейіпкерлер образын тіл арқылы көрсету;
ә) кейіпкерлер тілі арқылы ауызекі сөйлеу тілінің типтенуі (типизация);
б) драмада сөз мағынасын стильдік мақсатта пайдалану.
Поэзияға келсек, мұндағы лингвостилистикалық ізденістер мүлде ерекше болмақ. Ең алдымен, поэзияның өзі «тұнып тұрған» образдылық (бейнелілік) болса, сол образдылықты жасайтын құралдар мен тәсілдерді зерттеу міндеті тұрады (образдылықты танып-таныту – әрине, көркем проза мен драматургия стилистикасының да «шаруасы»). Лингвистикалық стилистика көркем сөздің ерекшеліктерін зерттейтін болғандықтан, оған ырғақ, эвфония, поэтикалық синтаксис, сөз арқылы берілетін бейне (словесный образ) сияқты тарамдарды қамтитын лингвистикалық поэтика кіреді. Поэзия тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық (образотворчество) мәселесі көзделеді. Ал образ жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын) жазушының өз қаламында жарата білуі арқылы пайда болады. Сөз-образдардың түрлерін, оның ұлттық бояуын (колоритін) тану да – поэзия стилистикасының міндеті. Қазақ тіл білімінде бұлардың барлығы да – әлі жүйелі түрде зерттелмей келе жатқан салалар. Ең алдымен, қазақ стилистикасында лингвистикалық негізде «автор образы» дегенді монографиялық планда арнайы танып-білу мүлде сөз болмаған зерттеу объектісі екенін айту керек.
Тілдің төл қызметін дәл анықтаған А. Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» [3, 141 б.], – дейді. Олай болса, ғалымның «Тілдің міндеті ... жарау» дегенін – тілдің (жүйенің) ішкі мүмкіндігі (әлеуеті) шексіз деп түсінген жөн. Ал «жұмсай білетін адамы болса» дегені – тіл иесінің сөйлеу (речь) арқылы тілдің комуникативтік қызметін дамытатын күшіне мән беруі. Осы бір қысқа ғана тұжырымда әлемге танымал тілші ғалымдардың ғасырлар бойы зерттеп, дәлелдеп, бірақ әрқайсысы әртүрлі атап келген (Ф. де Соссюр – язык и речь; Л. Ельмслев – схема и узус; Н. Хомский – компетенция и 14 употребление) тіл мен сөйлеудің арақатынасы анық, дәл көрсетілген. Ең бастысы дәстүрлі тіл біліміне сәйкес тілдің құрылымдық жүйесімен ғана шектелмей, «адамның ақылымен аңдауы, қиялымен меңзеуі, көңілінде түюі» айқын көрінетін сөйлеу (речь) барысындағы коммуникативтік қызметіне, мұндағы сөйлеушінің тұлғасына назар аудару А. Байтұрсынұлының зерделі ой кеңістігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметінің тіл иесінің (адамның) болмысымен сабақтастығын ұлы ғалым дөп басып аңғарған. Ғалым Б. Момынова «Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар» еңбегінде антропоөзектік парадигма бойынша таным объектісін зерттегеннен гөрі, таным субъектісіне баса назар аударады. Зерттеушінің пікірінше, «адам – тұлға, жай ғана ізгілікпен пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да этнолингвистика, этнопсихология, этнопедагогика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі де адам санасы мен танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, ойы мен ойлауының тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді». Ғалым ғылымдағы адам танымын саралай келе, антропоөзектіліктің негізгі ұстанымдарын ажыратып көрсетеді: - адам факторы – тілдегі негізгі фактор; - тіл адамға, оның ойына және мінез-құлқына қалай әсер етеді; осы әсер адамның санасында қалыптасқан әлемнің тілдік суретіне нені қосады; - адам өзі сөйлейтін тілге қалай ықпал етеді, жалпы ықпал ете ала ма? - адамның лингвокреативті іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіл жүйесінің қай бөлігі ыңғайлы немесе адам үшін қай бөлік ашық та, қолайлы; -жүйенің қай бөлігі адам ықпалына көп ұшырауы мүмкін; - қай бөлік өзгерісті қабылдауға бейім [4, 11-13 бб.]. Ғалым осылайша тілдің адамға, адамның тілге қатыстылығын жіктей келе, адам мен тілді бір-бірінен ажырата отырып зерттей алмайтынымызға екпін қояды. Сайып келгенде жоғарыда айтылған антропоцентризм, антропология, антропогенез, антропологиялық парадигма, антропоөзек, антропоөзектік парадигма деген ұғымдардың барлығының негізінде адам жатқанын көруге болады. Яғни антропология - саласы адамның танымы мен түйсігі арқылы жұмбақ дүниелердің шешімін табуға жол ашатын үлкен бір сала. «Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж. Аймауытұлы айтқандай, адам баласы қандай дыбыс шығарса да, қандай сөз айтса да, оның негізінде оның танымы мен түсінігі, мәдениеті мен болмысы жатыр. Осындайда Абайдың «сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» деген нақылы еріксіз ойға келеді. Бұдан шығатын қорытынды әрбір ғылым саласының бастауы болып табылатын адамның ойын зерттеу арқылы бүгінгі ғылымның зерттелмеген қырларын ашуға, ғылыми салаларды одан әрі дамытуға болады. Зерттеу жұмысының тақырыбында антропоөзектілік ұғымымен тіркесіп қолданылған «парадигма» термині ғылымның көптеген салаларында кездесіп, грек тілінен аударғанда «үлгі, мысал» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі 15 таңдағы лингвистика саласында аталмыш термин бірнеше мағынада жұмсалып жүр. Бірі – бір-біріне қарсы жұмсалатын лингвистикалық бірліктердің қандай да бір тобы немесе, керісінше, ортақ мағынасы, уәжі бар бірліктер тобы. Екіншісі – сондай топтардың сызбасы немесе үлгісі. Үшіншісі – морфологиялық парадигманың синонимі ретіндегі қолданысы. Тіл білімі тарихында тілді зерттеудің бір-біріне ұқсамайтын немесе бірінбірі толықтыратын бірнеше бағыттағы мектептері пайда болды. Бұл мектептер мен теориялық бағыттар ең алдымен зерттелу әдісіне қарай дәстүрлі (тұлғалық) және жұмсалымдық (функционалды) болып екі топқа жіктеледі. Бұл екі бағыттың бастау нүктесі (точка отсчета), зерттеу бағыты екі түрлі. Дәстүрлі тіл білімі тіл жүйесін «құралдық көрсеткіштен мағынаға» қарай зерттесе, жұмсалымды тіл білімі «мағынадан құралдық көрсеткішке» қарайғы бағытта қарастырады[5]. Дәстүрлі тіл білімінде зерттеулер тілдің тұлғалық жағын нысан етіп алып, дыбыстардан бастап тілдегі күрделі құралдарға шейін қарастырады. Дыбыстардан бастап күрделі синтаксистік құрылымдарға дейінгі деңгейлік жүйені қамтитын дәстүрлі грамматиканың ізденістері бүгінгі таңда да екі бағытта (тіл жүйесіндегі ең ұсақ бірлікті табу – аллофон немесе тіл жүйесіндегі ең ірі құрылымдық бірлікті табу – мәтін) бірдей жүргізіліп келеді.
Дәстүрлі бағыттың олқы деген тұсы – тұлға мен мағынаға қатар сүйену, таза тілдік, логикалық және психологиялық санаттар мен бірліктерді араластыра қолдану. Сөйлемнің құрылысы бірде тұлғалық, бірде мағыналық, бірде таза психологиялық өлшеулерге сүйенетін сөйлем мүшелері арқылы сипатталады. Дәстүрлі тіл білімінде сөйлем нақты сөйлеу қатынасы жағдайынан тыс қарастырылады. Сөйлесу орны, оның тыңдаушыға қабылдануы есепке алынбайды. Дәстүрлі грамматикада бір тілдік бірліктің бірақ мағынасы бар деп есептелінеді немесе оның негізгі мағынасынан өзге сөйлеудегі жұмсалымдық мағыналары толық сипатталмайды. Мәселен, дәстүрлі синтаксис өкілдері (жалпы дәстүрлі грамматика өкілдері) сөйлемге қатысты «аяқталған ойды білдіреді» деген анықтамасын ешқашан басшылыққа алған емес. Олар үнемі сөйлемді анықтау үшін формалды белгілерге сүйеніп келді. Атап айтқанда, нүктеден (сұрау, леп белгісі және т.б.) нүктеге дейінгі сөздердің тіркесі сөйлем деп танылды [5]. Ал функционалды грамматиканың зерттеу тәсілдері дәстүрлі бағыттан өзгерек болып келеді. Функционалды грамматиканың негізін адамдық фактор, ұғым мен таным құрайды. Оған қоса, тілдің барлық бірліктері қоршаған ортамен тығыз байланыста қарастырылады. Себебі тіл қандай жағдайда да адам мен әлем, тіршілік, қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты орнатуда негізгі қызметті атқарады. Тілді парадигмалық аспектіде қарастырудың лингвистикалық негізі Ф. де Соссюрдің идеясынан бастау алатындығы белгілі. Парадигма ұғымы өзінің генетикалық жағынан морфологияға тән және мұны ғалымдардың басым бөлігі мойындайды. Оны сөздіктерде берілген анықтамалар да растайды. Морфологияда парадигма грамматикалық санат (санат) ұғымымен байланысты қарастырылады. Кез келген сөз түрлендіруші парадигма белгілі бір грамматикалық санатты құрайды. 16 Синтаксистегі парадигматикалық ұғым да Ф. де Соссюрдің идеясымен сабақтастасып жатады. Синтаксистік бірліктер – сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистің негізгі нысандары болғанымен, екеуінің өзіне тән парадигмалық сипаты бар, әрі олардың парадигмасы аталған бірліктердің ерекшелігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар синтаксистік парадигмаға сөйлем парадигмасын ғана алуды ұсынады (П. Адамец). Синтаксистің зерттеу нысаны болып табылатын сөйлемнің синтаксистік құрылысы мен мағынасы қазіргі тіл білімінде теориялық жағынан түрліше сипатталады. Жалпы, синтаксистің негізгі бірлігі ретінде сөйлем өзінің тұлғалық және мағыналық құрылысы бар грамматикалық санат болып есептеледі. Сондықтан тілдік белгінің екі жағы ретінде құрылым мен мағына сөйлемді сипаттауда және оның қолдануында біртұтас бөлінбейтін бірлікте қарастырылады. Сөйлемнің әрі коммуникативтік, әрі нормативтік бірлік ретіндегі күрделі сипаты оны тұтас бір семантикасинтаксистік, коммуникативтік-грамматикалық және құрылымдық жақтарынан өзара түйісуінің, ұштасуының орталығы етеді. Мұның өзі қазіргі синтаксисте сөйлемнің көп қырлы (аспектілі) күрделі тілдік құбылыс екенін дәлелдейді. Сөйлемнің сол көп қырларының ішінде маңыздысы – оны құрылысы мен мағынасының байланысы тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Қазақ жазушыларының өлең шығарудағы көркем тәсілін танып-білуде, біздіңше, бүгінгі таңда мынадай сәттерге (объектілерге) назар аудару қажет:
диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-қалпы, өріс алу бағыты;
жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі;
қарапайым, көне, сирек сөздердің жұмсалуы;
синонимдерді тандау; идеографиялық және стильдік синонимдердің қолданысы;
лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы (қажетсіз тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы);
штамп сөздер мен тіркестерді қолдану; сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;
лексикалық варианттардың қолданысы, яғни морфологиялық, орфограммалық, семантикалық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің дұрыс-бұрыс жұмсалуы;
белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі;
көркем әдебиет тілі арқылы лексиканың стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі.
Бұл объектілердің бірқатарының зерттелуі сөз орындылығына (функционалдығына) қатысты болса, бірсыпырасы әдеби тілдегі варианттылық проблемасына тікелей байланысты, яғни әдеби нормаға қатысты ең үлкен мәселенің бірі – тіл элементтерін (айталық, сөздерді) өз орнында, өз қызметінде дұрыс жұмсау жайында болса, екіншісі – варианттылық, жарыспалылық туралы болмақ[6, 116-б.]. Бұл екеуі – жалпы тіл мәдениеті проблемасының өзегі, ең мәнді жақтары.
Осы объектілерді зерттеу үстінде қазақ көркем әдебиеті лексикасының ұлттық нормалары айқындалады; қазақ әдеби тілін проза тілі арқылы нормалану процесі танылады; бұл процесте орын алатын сөз таңдау принциптері айқындалады; жалпы әдеби нормадан ауытқу құбылыстары танытылады. Сонымен қатар көркем шығарманың лексикасын әдеби норма аспектісінен зерттеуде әңгіме екі үлкен мәселе айналасында болады: бірі – сөзді дұрыс қолдану, екіншісі – сөзді әсем қолдану жайттары. Алғашқысында сөздін нейтралдық мәні, коммуникативтік қызметі, соңғыда сөздің көркемдік мағынасы, стильдік қызметі нысанаға алынады. Біріншіден, бұл жерде әңгіме жалпы әдеби тіл нормаларын бұзбай қолдануды ғана шарт деп санау – мүлде қисынсыз меже. Көркем әдебиет – көркем дүние, өнер туындысы, ол – жалаң информация құралы емес, сол информацияны әсерлі, әсем түрде жеткізу, суреттеу құралы. Демек, көркем текстегі сөздердің дұрыс, орынды, норма сақтап жұмсалуы әсем жұмсалуға бағындырыла қаралуға тиіс. Көркем шығарма тілінің публицистика, ғылыми стиль сияқты өзге стильдер тілінен басты ерекшелігінің бірі – осында. Егер көркем туынды жалпы грамматика мен лексиканың бірде-бір нормасынан (ережесінен) бір адым ауытқымай, «түп-түзу», «дұп-дұрыс» жазылса, ондай шығарма оқушы сезіміне әсер етпес еді, ол «көркем» деген анықтаманы ақтай алмас еді. Міне, зерттеу әдісінде ескерілетін шарттардың бірі – осы.
Достарыңызбен бөлісу: |