Аманғазықызы мөлдір қазіргі қазақ прозасындағы қала моделі және ұлттық ментальділік



бет22/31
Дата12.04.2024
өлшемі314.84 Kb.
#498540
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (2)

2-бөлім бойынша тұжырым
Зерттеу жұмысының екінші бөлімі қазақ прозасындағы қала образын, оның ішінде көне түркі және орта ғасыр әдебиетіндегі, ХХ ғасыр әдебиетіндегі қала модельдерін анықтауға, ХХ-ХХІ ғасырда жазылған прозалық шығармалардың негізінде қалалық кейіпкерлердің психологиясын талдауға арналған.
Осы аталғандарды негізге ала отырып, төмендегідей тұжырымдарды атауға болады:
Біріншіден, қазақ жерінде ІХ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи сынды ойшылдардың еңбектерінде де қалалар, қала адамдарының мінезі толыққанды суреттелгендігін анықтадық. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» ескерткішінде Құзорда (Баласағұн), Қашқар қалалары, Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» ескерткішінде Мәдине, Мекке, Түркістан қалалары аталады.
Екіншіден, XV-XVI ғасырда өмір сүрген Захир әд-дин Бабырдың «Бабырнама» шығармасында бүгінде Өзбекстан мемлекетінің шекарасында орналасқан Әндіжан, Маргилан, Ахси, Қырғызстан мемлекетіне тиесілі Ош, Тәжікстанның Исфара, Ходжент қалалары, сол қалалардың өзіне тән ерекшеліктері, тұрғындары суреттелгендігін мысалдар арқылы дәйектедік.
Үшіншіден, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» және Захир әд-дин Бабырдың «Бабырнама» шығармасының негізінде көне түркі және орта ғасыр әдебиетіндегі келесі қала модельдерін анықтадық: «қала – кеңістік»; «қала – киелі орын»; «қала – қалалықтар»; «қала – жат мекен»; «қала – тарихи тұлғалар».
Төртіншіден, ХХ ғасыр басынан бастап жазылған М. Әуезов, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, З. Қабдолов, Т. Ахтанов, Ә. Нұршайықов, Д. Исабеков сынды қазақ жазушыларының шығармаларын қарастыра келе, «қала» модельдерінің төмендегідей көрініс тапқандығын байқадық: «қала – ғылым-білім орталығы»; «қала – ойын-сауық орталығы»; «қала – жоқшылық»; «қала – өндіріс орталығы»; «қала – сұлулық»; «қала – махаббат мекені»; «қала – мола».
Бесіншіден, ХХ ғасырдың басында жазылған прозалық шығармаларда қала – ғылымның, білімнің орталығы ретінде суреттелсе, ХХ ғасырдың 50 жылдарына қарай қала – өндіріс орталығы ретінде суреттеле бастағандығына, ал 1970-1980 жылдардан бері қарай жазылған шығармалардан қала тақырыбының аясының тіптен кеңейгендігіне көз жеткіздік.
Алтыншыдан, сан ғасырлық тарихы көшпелі өмір салтымен байланысты дала қазағы үшін қала өмірінің алғашында жат көрінгендігіне М. Әуезов, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, З. Қабдолов, Т. Ахтанов, Ә. Нұршайықов, Д. Исабековтің шығармаларының негізінде көз жеткіздік.
Жетіншіден, қазақ еліндегі 1990 жылдардан бастап енген саяси өзгерістер, айрықша қарқынмен дамыған сауда-саттық, жекеменшік қатынастардың пайда болуы, білім мен ғылым, мүлік, денсаулық сақтау, ақпарат, т.б. ұйымдардың түрліше сыйпатқа ие бола бастауы адам характері мен санасына соны өзгерістер үйіріп, сондай-ақ ел мінезінде қайшы қылықтар мен әрекеттердің тууына себеп болғандығын Талаптан Ахметжанның, Роза Мұқанованың, Дидахмет Әшімханұлының шығармаларының негізінде талдадық.
Сегізіншіден, ХХ ғасырдың соңында тұрмыстық жағдайдың басты назарға алынып, рухани жағдайға мән берілмеуі, осының салдарынан өнер адамдарының қоғамды жатсынуы, қоғамның өнер адамдарын бағаламауы жазушы Роза Мұқанованың шығармаларынан («Өзің», «Композитор») көрініс тапқандығын анықтадық.
Тоғызыншыдан, қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселе саналатын баспанасыздық мәселесінің қазіргі қазақ прозасынан көрініс тауып отырғандығына Қанағат Әбілқайырдың «Қағаз қала» және Қойшыбек Мүбарактың «Пәтер» атты әңгімелерінің негізінде көз жеткіздік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет