1.2. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен
Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик –психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.
1. Жиілік.
2. Прототиптілік.
3. Бейкатегориялық.
4. Доминанттылық.
А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз /45/ өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.
К. Изарды «Адам мінез – құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие» деп, атап көрсетеді.
Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.
Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.
Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.
Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.
Томкинс пен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады:
1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;
2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;
3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.
Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:
1. Қызығу – толқу – жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері артады.
2. Қуаныш – максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.
3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.
4. Қайғы – қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.
5 . Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.
6. Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез – құлыққа алып келуі мүмкін;
7. Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;
8. Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;
9. Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;
10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.
Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:
1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;
2. Депрессия – дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;
4. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.
Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз [56,57].
Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (эмоция) концепциясы болып табылады.
Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе эмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді [88].
Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт - инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде анықтайды.
Түрлі теорияларға сүйене отырып, эмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді, егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен «эмоционалды түр» немесе эмоционалды сезім – симультанды немесе бірінен кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде «инстинкті эмоциялардан» басқа (бірден көтерілу, қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).
Эмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі»:
Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность)» - деп көрсеткен.
Сонымен, эмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:
а) Эмоцияны сезіну;
ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;
б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.
Сөйтіп, Шахер берген анықтама бойынша, эмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл эмоцияның когнитивті теориясымен байланысты.
Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып, эмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді [57,58].
Сонымен, мінез-құлық - психологиялық дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.
Осыған байланысты, эмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді.
Лабюерде (ХҮІІІ ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.
Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті дейді.
И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.
Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.
Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
К.Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы».
Темперамент - адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса – меланхолик. Сондықтан да, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін деп атап көрсетеді [20,21,22,23].
Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында оларды белгілі бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор – жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды, бағыттылық);
2. Ситуациялы фактор – сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с.).
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян «өзіндік детерминация және ішкі мотивация» теорияларымен түсіндіреді. Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві немесе себебі бар мінез-құлық;
2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
Мінез-құлық формалары мен функцияларының жүйелілігін Л.С. Выготский келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді.
1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция:
Түрлері: 1. Сыртқы (экстрапсихикалық);
2. Ішкі (интрапсихикалық):
а) спонтанды түрі,
ә) еркін түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция)
2. Мінез-құлықтың жоғары формасы:
Түрлері. 1. Әлеуметтік.
2. Даралық.
3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы:
Түрлері: 1. Әлеуметтік (интерпсихикалық):
а) примитивті.
ә) жоғары.
2. Даралық:
а) примитивті.
ә) жоғары.
Сыртқы мотивацияның әсері
|
Ішкі мотивацияның әсері
|
Іс - әрекет ұзақтығына байланысты ағым.
|
Сыртқы себебі бар мінез-құлық сыртқы күш кеткеннен кейін тоқтап қалады.
|
Ішкі себебі бар мінез-құлық оған пайда болуына әсер ететін заттар жоқ болып кетсе де, біраз уақыт созылуы мүмкін.
|
Зерттелушілер біршама жай тапсырмаларды тыңдайды, бірақ оны тек қана керек кезде ғана орындайды.
|
Біршама қиын тапсырмаларды таңдайды.
|
Іс - әрекет алгоритмизациясының дәрежелері
|
Канитивтілікке жағымсыз әсер қалдырады. Алгоритмдік әдістерді талап ететін іс - әрекеттердің орындалуын жеңілдетеді. Эвристикалық мәселелердің шешілу жылдамдығының сапасын төмендетеді.
|
Канитивтілікке жағымды әсер қалдырады. Эвристикалық әдістерді талар ететін іс - әрекеттердің орындалуын жеңілдетеді.
|
Креативтілік
|
Креативтілікті күшейтеді. Спонталдылықты төмендетеді.
|
Креативтілікке мүмкіндік береді.
|
Эмоция
|
Басқалармен өзара әрекет кезінде жағымсыз эмоцияларда пайда болады.
|
Қызығу эмоциялары пайда болады, қуанышты қозу туады т.с.с.
|
Мектептегі оқу
|
|
Ішкі мотивация кезінде мектеп бағдарламаларын нәтижелі игереді және теориялық мәліметтерді игеруде жоғары дәрежеге ие болады, мемоникалық процесстердің сапасының жақсаруы байқалады.
|
Өзін сыйлау
|
|
Ішкі мотивацияның болуы өзіндік бағалауын жоғарылатады.
|
4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық),
5. Элементарлы психофизиологиялық функция.
Жоғары психикалық функцияның құрылымы:
1. Мәселе және мақсат.
2. Белгі – психологиялық қару ретінде:
Түрлері: а) Сыртқы;
ә) Ішкі.
3. Мағынасы:
Түрлері: 1. Сөздердің мағынасы:
а) Заттық қарау (денотативті мағынасы)
ә) Сигнификативті мағынасы (сонымен қатар, түсінік)
б) Ішкі формасы (этимологиялық мағынасы)
в) Мазмұны
2. Қабылдаудағы заттық мағына:
3. Заттың функционалды мағынасы.
4. Жағдайдың мағынасы немесе мазмұны.
5. Байланыстылық (салыстыру іс-әрекеті):
Түрлері:1. Затты шығару және қолдану.
2. Белгілерді шығару және қолдану.
5. Психологиялық функционалды жүйе:
Қасиеттері: 1. Жоғарылылық пен төменділіктің бірлігі.
2. Функционалдық аралық байланыс.
6. Сананың құрылымы:
Түрлері: 1. Жүйелілік.
2. Мағыналық.
Л.С.Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады. Жоғары психикалық функция мінез-құлықтың өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады.
Л.С.Выготский «Жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп көрсетеді.
Бірінші – мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгерумен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.
Екінші – дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процесстері; осы аталғандарды балалардың мінез-құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз (Выготский Л.С.).
Жалпы, Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады.
1. Кең мағынада – мінез-құлықтың жоғары формалары.
2. Тар мағынада – арнайы психикалық функция.
Л.С.Выготский «баланың дамуындағы белгі және қару» деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияларға дәл анықтама бермеген, ол «дәл анықтама ғылыми білімнің бастамасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелемін» дейді. Содан соң, бұл мәселелерді А.Р.Лурья шешуге тырысты. Ол Л.С.Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция – бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы.
А.Р.Лурья берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшеленеді. Мінез-құлықтың жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлығын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануда. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтың жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтың жоғары формаларының түріне келесілер кіреді.
а) Жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.
ә) символикалық іс-әрекет.
б) Өзіндік жоғары психикалық функция.
в) Жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция).
Л.С.Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп атайды. Л.С.Выготскийдің концепциясын талдау негізінде мінез-құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:
Л.С. Выготский [29] мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К.Бюлердің (инстинк, интелект) теориясын жатқызады.
Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықты әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарылауымен сипатталады. Үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:
1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.
2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни, стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын негіздейді.
3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді [25,26,27,28,29].
Сонымен қатар, ауытқып бара жатқан мінез-құлықтың негізі болып табылатын үш кілті бар:
-
Мінез – құлық формалары мен функциялары
|
-
Табиғи
|
Мәдени байланыстылық
|
Әлеуметтік интерпсихикалық
|
Мінез – құлық және функциялардың даралық формалары
|
Примитивті
|
Жоғары
|
Примитивті
|
Жоғары
|
Сыртқы
(экстрансивтік) функция
|
Ішкі
(интрансивтік) функция
|
-
Спонтанды психикалық функция
|
жоғары психикалық
функция
|
3- сурет. Мінез – құлық формалары мен функциялары
1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектің кезеңде де негізгі әрекет болып қала береді. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуға құмарлық күлкі болып табылады. Сөйтіп олар қатарларымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік ауытқу болып табылады.
2. Жеткіншектер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп жеткіншектің кезеңде ойын бірінші орынға шығады.
3. Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Имтимді жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.
Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дамуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның бұзылуы қарым-қатынасты қиындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:
1. Бұл жақындасудың төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кездегі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес. Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.
Жақындасу және қашу мотивациялар арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен араласқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан қашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске әкелуі мүмкін [61].
Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі бейтаныс, ал қарым-қатынасты шектеуді сезбейді, қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.
Жоғары психикалық жағдай (қуаныш, мазасыздық, таңқалушылық) немесе төменгі психикалық жағдай (өкіну, көңілсіздік т.б.) үйлесімсіз жағдайларға жатады. Осы сипаттамалардың дәлелі ретінде А.О.Прохоровтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесін қорытындылау барысында үйлеспеушіліктің келесі жағдайлары кездесті. Оқу әрекетінде жеткіншектер апатия, зұлымдық, ашу, өкпе сияқты жат жағдайларды басынан кешіріп отырса, жағымды жағдайлар ішінен қуаныш, бақыт, таңқалу, қозу сияқты мінез-құлық қасиеттері кездесіп отырған. Сонымен қатар, оқушылардың басынан кешіріп отырған мінез-құлыққа тәуелділігі анықталады. Тітіркенудің импульсивті формасы қиын жағдайға тән мінез-құлықтың формасы болып табылады. Сонымен қатар, К.Рубин өз еңбектерінде «әлеуметтік бөлектену» терминін қолданады. Әлеуметтік бөлектенудің инициаторы болып баланың өзі табылады. Оның бір көрінісі – ұялшақтық. Ұялшақтық – бала бейтаныс жандармен кездескенде қорқу немесе мазасыздану пайда болады. Оның негізгі себебі әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Әлеуметтік бөлектенудің тағы бір көрінісі - өзін еркін сезінбеу немесе шегінушілік. Бұл жағдай баланың қатарластары арасында және тіпті жағдайға байланысты да туып отырады. Бұның негізі жаңадан және әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Бұл жақындаудан қашудан күресуге негізделген ішкі конфликтілік мінез-құлық. Сонымен қатар, «әлеуметтік бөлектенуге» жақын, бірақ одан басқа «ұстамды» міне-құлық бар. Мұны жақын немесе бейтаныс адамдардың арасында баланың өзін ұстап, олармен қатынасқа түспей олардың әректені бақылаумен шектелу. Мұндай мінез-құлық баланың әлеуметтік стимул алдында сезінетін мазасыздануды бейнелейді. Сонымен қатар, мұның негізінде қашу себебі де жатыр. Бұл үндемейтін балаларға тән. Осы мәліметтер нәтижесі бойынша, үйлеспеушілік ерекше өмір жағдайында туады, яғни адам өмірінің күрделі де, қиын кезеңдерінде пайда болады. Оның пайда болуы рационалды емес, бейадекватты, агрессивті, кей кезде қайғылы да мінез-құлықтың себебі болуы мүмкін. Сондықтан да, субьект үшін бұл жағдайларды басқару күрделі болып табылады [29,30,31,32,33].
Жүйелі ағым және өзін ұйымдастыру концепциясы позициясы тұрғысынан үйлеспеушілік ағза және орта арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Симметрия бұзылысы ашық жүйеге келетін хабарлар және энергиялар толқынына негізделген процесстер әсерінен пайда болады. Төмен тұрақтылық үйлеспеушіліктің маңызды қасиеттерінің бірі. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншіктік жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Үйлеспеушіліктің пайда болуына әсер ететін басқа жағдайларда бар. Атап айтсақ ол құрылымның негізгі белсенді элементтері және жеке адам жүйелері арасындағы диссонанс болып табылады. Яғни, негізгі себептер арасындағы мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қарсылықтар. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен өткізіледі. Егер энергеетика тұрғысынан қарайтын болсақ, үйлеспеушілік жете зерттелмеген олар тек уақытша координат ретінде қарастырылады. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикалы жағдайдың негізгі процессуалды сипаттамасы, үйлеспеушіліктің субьектінің мінез-құлқына тигізетін әсері жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдауға тырысады. Бұл көзқарас түсінікті, өйткені бұл мәселе бала дамуының жас кезеңге бөлінуінің әртүрлілігіне байланысты.
Сонымен «үйлеспеушілік», «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.
Достарыңызбен бөлісу: |