2.2. Эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайына байланысты
оқшауланған балаларға психологиялық қызмет көрсету
Балалар ±жымынан оќшауланѓан оќушылармен ж±мыс ж‰ргізу бастамасы оныњ себебінен туындаѓан конфликтіні шешудіњ психологиялыќ-педагогикалыќ жолдарын ашудан басталады. Олай болса осы мєселеге терењірек тоќталайыќ.
Психологиялыќ конфликтініњ даму динамикасын зерттеу барысында м±ндай конфликтілерді балалар µз бетімен шеше алмайтындыѓы т‰сіндірілген. М±ндай балалармен ерекше жеке дара ж±масты ересек адамдар жасау керек, яѓни µз ќ±рбыларымен жаѓымды ќатынас ќ±ру жаѓдайларын ќарастыру ќажет. Зеттеулер бойынша ,єсіресе, экспериментті ойындар балаларда єрбір баламен µте ерекше, дифференциалды єрекеттер жасай отырып, балалардыњ жаѓымсыз єрекеттерініњ себебін аныќтап, оныњ ерекшеліктерін зерттеу ќажет, одан єрі оны шешудіњ жолдарын ќарастыру ќажет.
Зерттеу негізінде балалардыњ психологиялыќ конфликтісін шешу міндетті т‰рде сол ойынныњ барысында ж‰зеге асыру ќажеттігі тиімді.
‡лкендердіњ балаѓа берген баѓалыќ ќатынасы олардыњ конфликтіні шешуіне біршама єсер етеді. Кµп жаѓдайда маќтау, яѓни єлеуметтік-психологиялыќ баѓаныњ орны ерекше.
Конфликтіні шешуде балалардыњ басќа балалар алдында беделін кµтеретін жаѓдайларды ќарастырѓан жµн. Коррекция кезінде тек ќолдаумен ѓана шектелуге болмайды, ол баланыњ басќа балалариен бірге ойнауында серіктестік ролінде сєйкестенетіндігіне кµзін жеткізу ќажет [48,49].
М±ѓалімдер, тєрбиешілер тарапынан ќ±рылѓан топтаѓы жаѓымды климат балалардыњ µз-µзіне сенімділігін арттырады, басќа балалармен белсенді ќарым-ќатынас жасауын ќамтамасыз етеді.
Таѓы бір методикалыќ тєсіл – ойынѓа ќосымша таѓы бір материал ќолдана отырып, балалардыњ бірлескен ойынын ±йымдастыру.
Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын конфликттерін түгелдей болдырмауы мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы конфликттердің интенсивтілігін өзгертуге болады.
Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тєртіп болып табылады. Тєртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Оқшауланѓан оќушыныњ басќа оќушылармен араласуы қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.
Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым- қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады.
Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан конфликттерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, конфликттерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты администрациялық араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.
Мектеп оқушыларына олардыњ ќарым-ќатынасын жаќсартуѓа арналѓан арнайы оқылатын бағдарламалардыњ оќшауланѓан баламен ж±мыс ж‰ргізуде ‰лесі зор. Ендігі кезекте осы баѓдарлама туралы айта кетейік.
Мектеп жасы оқу формаларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға арналған философия даму Институтының директоры (АҚШ), мектепте философияны оқыту програмаларының авторы М.Липман когнитивті жұмысқа негізделген интелектуалды бағдарламасын ұсынады. Бұл жұмыс бірнеше деңгейлерден тұрады : «өмір» және «зорлық» сөздерінің мәнін, маңызын нақты мысалдармен баяндау; балалармен дискуссия жүргізу арқалы өмір және зорлық сөздеріне қатысты феноменологиясын қарастыру; оң құндылықтарға жету тәсілдерінің мүмкіндіктерін және терістерінен алыс болуын баяндау (Липман,1995).
Конфликтіні түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады. Дж.Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында конфликтіні шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет дейді. Сұрақтар, бір шетінен, конфликттіні пайда болуымен, ал екінші жағынан конфликттерді алдын-алумен, шешумен және оны басқару мен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте конфликттінің түсіндірмесінін айқындалуынан және әр түрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары және қызығушылықтары-ның сәйкес келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі қарай конфликтінің туу себептері туралы және олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.) туралы негізгі түсініктеме береді. Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын комуникация, құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу, ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология, экономика, білім беру және т.б. лардың конфликттік теорияларының анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның теориялары мысалдарымен қамтылып, конфликтіні шешу жолдары туралы айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рольдік ойындарды нақты жағдайлардың анализін, т.б. қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып, проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады. Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера, басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай білу, оқушылардың бір-біріне көмек беруі).
Леви мысал ретінде төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының бірнеше нұсқаларын көрсеткен.
Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас аралығы)
1. Конфликттер күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта бойы конфликттер күнделігін толтырады. Олар конфликтіге түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім конфликтіге түсті? Конфликт не үшін болды? Ол қалай аяқталды? Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: конфликтің қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз? Қанша конфликттерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте конфликттермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың арасында болып жатқан конфликтіге қарап сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді?
2. Конфликтіні шешу жолдары. Оқушылар қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі, конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын рольдері қарастырылады.
3. Коммуникация дағдылары. Тыңдауда, вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде жаттығулар қолданады.
Келтірілген жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады.
Мектептегі оқушылардың делдалдық әрекеті. Соңғы кездері батыс тәжірибелерінде оқушыларды медиаторлық іс-әрекеттің дағдыларына оқытуына арналған жұмыс саны көбейді, яғни «мектептегі делдалдық» деп аталатын бұл құбылыс мектеп өмірінде ќарым-ќатынасында проблемалары бар балаларѓа психологиялыќ кµмек кµрсетуде өте маңызды бола бастады.
Мамандар оқушылардың делдалдық іс-әрекеттерге дағдылану туралы оқытылуының көрсеткіштері оңды болуына және делдалдылықты мектеп өміріне тәжірибе ретінде еңгізуіне өзара жарысады. Р.Джонсондар пікірінше оқушыларға конфликтіні конструктивті басқаруын үйрету қажеттілігінің маңызды аргументтері болып үш түрлі жағдайды көрсетеді. Бұл алдымен мектептердің жағымды да тыныштықта білім беруге қызығушылығы. Екіншіден, конфликттің потенциалын қолдана отырып, зейінді қолдау, оқуға деген мотивацияны күшейту, интеллектуалды қызығушылықтарын тудыру, жұмыстың сапасын жоғарылату және проблеманы шешу барысында шығармашылық жолдарды дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру [50,51,52,53,54]. Үшіншісі – болашақ ұрпақты өз өмірінде, отбасында, жұмысында, қоғамда, ұлттық және халықаралық жағдайларда туындайтын конфликттерді конструктивті басқара білуіне дайындау. Конфликттіні оқушылар конструктивті басқара білуге ерте үйренген сайын, конфликттіні шешу процедуралары қысқартылып тренингтер ұзақ жүргізіледі. Авторлардың пікірлері бойынша конфликттерді шешу жолдарына мектептегі оқушылар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда оқуы қажет (Johnson D. and R., 1994).
Мектептегі делдалдар дегеніміз оқушылар немесе олардың топтарының арасында туындаған конфликтінің шешу жолдарын іздестіретін, шешуге көмек беретін, арнайы бағдарламаны оқыған оқушылар. Олардың мақсаты – дауласып жатқан екі жақтарға дұрыс араласу немесе бірін-бірі дұрыс түсінісуіне көмек беру, конфликтіні шешуге мүмкіндік беру
Д.Шапиро мектептік делдалдылықтың келесі позитивті функцияларын көрсетеді:
Конфликтерді шешудің альтернативті жолдары туындайды. Оқушылар арасындағы конфликтіні болдырмау үшін, оларға өздерімен жасты оқушылар көмектеседі, мұнда олар әдеттегідей үш мүмкіндіктерді қолданады. Мектептің администрациясынан көмек сұрау, төбелесу, немесе даулы ситуациядан аяқ тарту.
Конфликт оң процеске айналады. Делдалдылық бірлесіп әрекеттесуі, «жеңу-ұтылу» принципі бойынша емес, конфликтінің бірі-бірінің қызығушылықтарына сай шешілу мүмкіндіктерін ашады.
Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілігі жақсарады. Конфликтіге сай кернеу мен ызалану сезімдері басылады, мектептегі ортақ атмосфера және оқушылар арасындағы қарым-қатынастар жақсарады.
Дисциплина жақсарады. Мектеп өміріне делдалдылықты енгізу дисциплинаны жақсартаты, оқушылардың сабақтан шеттетілуі азаяды.
Оқушылар конфликтіні тек шешу жолдарын ғана үйренбейді. Делдалдылыққа иелену процесінде оқушылар белсенді тыңдау дағдыларын, лидерлік және басқада пайдалы коммуникативті әрекеттерді үйренеді. (Шапиро, 1997)
Сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің мұндай жұмысты оқушылармен жүргізгенде алынған пайданы көрсеткені жөн.
Айтылғандардың барлығын эмпирикалық көрсеткіштермен аргументтеуге болады. Медиаторлыққа оқытатын бағдарламаның эффектілігін анықтау үшін, әртүрлі оқу орындарына жүргізілген зерттеулер бойынша, конфликттерде өзара жасты оқушылар медиаторлар болуы арқылы алынған нәтижелердің 85 – 95 %-інде конфликтілер оң шешілді. Медиаторлық бағдарламаны оқыту арқылы мектептерде оқушылардың конфликт сұрақтары бойынша мектеп мұғаліміне немесе єкімшілігіне сұрануының саны азайды және оқушылардың мектептен тыс жерлерде конфликтіні шешу үшін медиациялық және әңгімелесу әрекеттерін қолдануды үйрене білді. Джонсондар мысал ретінде мұғалімнің айтқанын келтіреді: «Бағдарламаны енгізбей тұрғанда, оқушылар конфликтіні жеңіске жету және ұтылатын күрес ретінде көрді, жағымсыз ситуациядан қашып кету үшін барлық жауапкершілікті мұғалім мойнына ілетін» (Johnson D. and R., 1994). Шапироның көрсеткіштері бойынша АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге байланысты мектептік делдалдық әрекет, мектептегі оқушылардың сабақ жіберу санын, бұзықшылық жағдайларының және оқушының сабақтан шеттетілуінің санын азайтты (Шапиро, 1997).
Джонсондардың пікірінше делдалдылықққа үйрету үшін үш жағдай қажет: кооперативті оқыту, медиация және оқу дискуссиялары.
Кооперативті оқыту, конфликттер конструктивті түрде шешіле алатындай контекст тудырады. Егер мектеп біреудің арқасында өзінің ұтуы үшін қарсыластық ориентациясын қойса, онда оқушыларға конфликттілерді конструктивті шешуге үйрету немесе оқыту маңызы аз. Кооперативті оқыту өзіне көздеген мақсатына жетуіне бағытталған күштерді (нәтижелілігі, оқу материалының тұрақтылығы, ішкі мотивацияны, мақсатқа жету мотивациясын қосқанда), ең жақсы психологиялық қасиеттерді (психологиялық денсаулығын, өзін-өзі бағалауын және әлеуметтік алатын орнын қосқанда) құрайды. Кооперативті оқытудың осы эффектілерінің барлығы бір-біріне әсер етеді. Кооперативті контексттің құрылуы конфликттерді конструктивті басқаруына арналған оқыту процедураларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқу дискуссияларының жағымды жақтарын: кооперативтілік пен конфликтті де қамтиды. Авторлар оқу дискуссияларының әртүрлілігін (полемика) және қарапайым индивидуалды оқытудың, дебаттардың әртүрлілігін бөліп көрсетеді және келісім жолдарын іздейді.
Медиациялар бағдарламасы авторлардың пікірінше, келісімге келуді оқушыларға үйретудің және конфликт арасында делдал болуына үйрететін ең жақсы тәсіл болып саналады.
Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бiр шетте оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенiмсiздiк пен ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшiн қандай қиын. Бала әрдайым басқа балалармен төбелесiп, өкпелетiп, таласып ойнауға кедергi жасайды деген сияқты шағымдарды балалар мен үлкендерден есту де оңай емес.
Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейiмделуiнiң белгiсi. Келешектегi сезiмдiк-тұлғалық мәселелердiң маңызды себептерi.
Мектеп психологыныњ ќызмет кµрсету сферасы оќушылар, м±ѓалімдер, ата-аналар, єкімшіліктер, яѓни кез-келген адамдар арасындаѓы ќарым-ќатынас ќиыншылыќтарын шешу болып табылады. Себебі сыныптаѓы ќарым-ќатынас сипаты баланыњ білім алуы мен тєрбиеленуіне едєуір єсер етеді. Егер м±ѓалім оќушыларѓа д±рыс тєрбие беріп, білімдерін жоѓарылатамын десе, онда ењ бірінші кезекте оќушылардыњ µзара ќарым-ќатынасын, сондай-аќ м±ѓалім мен оќушы арасындаѓы ќарым-ќатынасты реттеп алѓан жµн.
Олай болса, біз бұл тарауда балаларды тату болуға, бiрiгуге үйрететiн, басқаларды түсiнуге, қолдауға көмектесетiн ойындар мен жаттығуларѓа сипаттама беруге, сондай-аќ оны тиімді ќолданудыњ жолдарын кµрсетуге тырысамыз.
Қарым-қатынасты жаќсартуѓа арналѓан тапсырма мен ойындарѓа қатысушылардың көп болуы соѓ±рлым нєтижелі бола т‰седі. Кейбiр жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бiрге орындай алса, ал көпшiлiк бөлiгi құрдастары, достарымен бiрге ойналатын болады. Сондыќтан тµменде кµрсетілетін ойындар мен жаттыѓуларды µткізбес б±рын, оны ж‰ргізетін орындарды ±йымдастырып алѓан жµн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиi-жиi ұйымдастырып, оларға көбiрек көңiл бөлу – м±ѓалім іс-єректін жандандыра т‰седі.
Енді мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектепте сабаќ таќырыптарына орайластырып ±йымдастыратын балалардыњ µзара ќарым-ќатынасын жаќсартуѓа, топтан оќшауланѓан баланы топќа єлеуметтендіруге арналѓан бірќатар ойындар мен жаттыѓуларды ±сынайыќ. Єрине б±л психологтыњ ±жымнан оќшауланѓан балаѓа коррекциялыќ ќызмет кµрсетуге зор ‰лесін ќосады деп сенеміз.
Тақырыбы: “Достық жылы күлуден басталады”
Мақсаты: Жылы қарым-қатынас түзу.
Барысы: Дөңгелене отырғандар бір-бірінің қолдарынан ұстасып, көршісінің жүзіне үндемей қарап, мейірімді де әсем күлкісін сыйлайды, кезекпенен осылай жалғасып кете береді.
Тақырыбы: “Жел соғады”.
Мақсаты: Ойынға қатынасушылардың зейінін тұрақтандырып, көпшілікпен қарым-қатынасын нығайту.
Барысы: Жел соғады соған ..... деп бастайды. Қатысушылар бір-бірін жақсы білу үшін, келесі сұрақ: “Жел соғады соған, кімнің шашы қысқа болса”, барлық шашы қысқа ұлдар мен қыздар бір жерге жиналады. “Жел соғады соған, кім жануарларды жақсы көрсе”, “.а”, “....... кімде көп достар болса”, “..... кім іскер болса” т.с.с. Тақырыбы: “Қолғаптар”
Мақсаты: Өзгемен бөлісе отырып, жұмыс жасауға үйрету. Қажетті заттар: Қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қаламдар. Қолғаптың саны, қатысушылардың анына тең болуы қажет. Әр пар қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші бөлмеде еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әрқайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың парын) іздейді. Серігін тапқаннан кейін екеуі бірге ойланып, келісіп бояйды. Ескерту: Серігімен келісе алмай отырған балаларға ортақ тіл табысуға көмектесу.Тақырыбы: “Үйрек үйрек, қаз”. Мақсаты: Бір-бірімен кездескенде амандасу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа баулу. Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші шеңбердің ішінде айналып жүріп, қолымен көрсетіп “үйрек, үйрек, үйрек, ......... қаз” дейді. Қаз жүргізушіге қарай, қарама-қарсы жүгіреді. Бұл екеуінің орындайтын тапсырмасы тезірек босаған орынға барып тұру. Ойынның қиындығы – олар ортада кездескенде бір-бірінің қолын алып, реферанс (қимылмен iлтипат) жасау керек, бір-біріне күліп қарап: “Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш” деп сәлемдеседі де, бос орынға қайтадан жүгіреді. Осылай ойын жалғаса бередi.Ескерту: Жүргізуші барлық балалар “Қаз” рөлінде ойнап шығуын қадағалап тұрады. Сәлемдесу және реферанс нақты көтеріңкі дауыс ырғағымен орындалу қажет.Тақырыбы: “Сиам егіздері”Мақсаты: Өзін, өзгемен бөлісіп, біртұтас етіп сезіну. Ойын барысы: Балалар пар-парымен иықтарын түйістіріп, құшақтасып тұрады, бір қолын белінен, бір-аяқтарын бiр аяқтың алдына қояды. Енді бұлар бірге өскен егіздер: екі басты, 3 аяқты, екі қолды, денесі бір. Бұларға бөлме ішінде олай-бұлай жүруді, отыруды, бұрылуды, жатуды, сурет салуды т.с.с. ұсынамыз.
Кеңес: Үшінші аяқ әрдайым бірге болуы қажет, оны жіппен байлап қоюға да болады.
Тақырыбы: “Ұлдар мен қыздар”.
Мақсаты: Балаларды өзінiң жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айта білуге үйрету.
Барысы: Жүргізуші балалармен шеңбер құрып отырады. Әр бала кідірістен соң, кезек-кезек сенімділік сезіммен қарап, өздерінің бойындағы жақсы жақтарын айтып өтеді. Мұнда әр баланың өз бойындағы жақсы жетістіктерін жасырмай, ұялмай жеткізіп айтқаны дұрыс.
Баланың жақсы жақтарымен қатар бойындағы кемшіліктерінен де дер кезінде арылуға жағдай туғызу қажет. Ондай жағдайда психолог балаға үнемі өзін-өзі сынату арқылы жағымсыз жақтарынан арылуға көмек бере алады.
Соңында педагог балалармен олардың бойындағы қалыптасқан ерекше сапалы жақсы жақтарын айтып қорытындылайды. Сонда ғана олар және айналасындағылар өте жақсы өмір сүре алады. Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру – бұл өмір сүру мәдениеті.
Тақырыбы: “Күншуақ”
Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау, бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету.
Барысы: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп тұр. Күн шуағының жылуын сезiнiңдер.
Тақырыбы: “Айна”.
Мақсаты: Өзгенің қимылын бұлжытпай қайталауға үйрету – бейсананы дамыту.
Барысы: Жүргізуші: Балалар, қабырғасы айналардан жасалған дүкенге кірдік деп ойлаңдар. Сыртқы шеңбердегі балалар осы қабырғалардағы айналар, ал ішкі шеңбердегі балалар әр түрлі, балықтар, жыландар, т.с.с. Өтіп бара жатқан аңдар айнаға қарап секіріп, бетін, көздерін қисайтып әр түрлі қимылдар жасап өтеді, ал айна аңдардың әр қимылын бұлжытпай қайталып отыруы қажет.
Жүргізуші алақанын соққанда ішкі – сыртқы шеңбердегі балалар орындарын ауыстырып, жоғарыдағыдай ойынды жалғастыра береді.
Жүргізуші балалардың әрқайсысы екі рольде (айна және аңдар) ойнап шығуын қадағалап отырады.
“Психологиялық мүсіндеу”.
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке үйрету, қол моторикасын дамыту.
Барысы: Бұл жерде жүргізушінің тапқырлығына байланысты. Жүргізуші балалардан өздері жасаған денелерден, үлкен бір дене құрауын өтінеді. Мысалы: “Теңіз жұлдызы” (кілемнің үстіне жатып) – дененің бәрі бірге қалай қозғалатынын көрсету. “Мысық” - бір бала – басын, екіншісі – денесін, үшіншісі - аяғын, құлағын осылай әркім өзінің жасаған денесін – бәрі бірге мысықтың бүкіл дене мүшесін түгел құрайды. Балалар тек денені мүсіндеп қана қоймай, оған жан бітіреді. Денені құрап, бүтін қалпын бұзбай, бәрі бірге жеңіл жүреді.
Тақырыбы: “Қуаныш”.
Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай бiлуге үйрету.
Барысы: Балалар әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, бiрiн-бiрi көргендеріне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудесіне қойып тілегін жалғастырады. Осындай қимыл барысында балалар ішкі тебіреністерін байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.
Тақырыбы: “Саяжайда қыдырамыз”.
Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, өзіне сенімділігін, шыдамдылығын арттыру.
Барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді, бірінші жақ “саз балшық”, екінші жақ “мүсіншілер”. Саз балшық жұмсақ, илеуге ыңғайлы, ал мүсіншілер өздері ұнатқан мүсінді жасауға кіріседі. (аңдар, гүлдер, балықтар, құстар, ойыншықтар т.с.с.). Жасалған дайын мүсіндер қатып, қимылдамай тұрады, ал мүсіншілер оларға ат қояды. Соңында барлық мүсіншілер саяжайдың ішінде тұрған мүсіндерді аралап, қарап бір-бірінің жасаған мүсіндерін мақтап, аттарын дұрыс табуға кіріседі. Қатысушылар рольдерімен ауысады.
Ескерту: Мүсіндер тұрған қимылдарын өзгертпейді және сөйлесе алмайды. Жүргізуші барлық жасалған мүсіндерді мақтап, мадақтайды.
Тақырыбы: “Айдаһар”
Мақсаты: Көпшілікпен ойынның ережесін ұстана ойнауға үйрету, қарым-қатынасты нығайту.
Барысы: Ойыншылар бір қатарға бір-бірінің иығынан ұстап тұрады. Бірінші ойыншы айдаһардың “басы”, ал соңындағылары “құйрығы”. Басы құйрыққа дейін жетіп, оны ұстауы керек. Ойынның шарты бойынша айдаһардың денесі бөлініп кетпеуі қажет. “Бас” “құйрықты” ұстаған сәтте, ол құйрыққа айналады. Бүкіл ойыншы екі рольде ойнап болмайынша ойын жалғаса береді.
Тақырыбы: “Қайырымды жануар”.
Мақсаты: Жүректiң дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.
Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: “Біз – бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?”. Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз – бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз – бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз – екі қадам алға, дем шығарамыз – екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).
“Жануар тек қана бұлай дем алып қоймай, оның үлкен қайырымды жүрегі де, осылай нақты соғады. Соғады – бір қадам алға, соғады – бір қадам артқа т.с.с. Біз бәріміз осы жануардың тынысы мен жүрегінің соғуын өзімізге аламыз”.
Тақырыбы: “Мылқау сыйлық”.
Мақсаты: Балаларды мимика, ым арқылы түсінуге үйрету.
Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене тұрып, көршісіне ыммен, мимика, пантомимо арқылы бір қалаған сыйлығын тарту ету. Ал сыйлықты қабылдаған көршісі басын изеп “Рахметін” байқатады.
Тақырыбы: “Молекула”.
Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту.
Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.
Тақырыбы: “Көңіл-күйім неге ұқсайды?”. Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламалай айтуѓа үйрету. Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады.Бірінші қатысушы: “Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?” Келесі - “өте жақсы” деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан – “Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен? – көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе? – деп сұрайды. Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар – ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтерi қолайсыз (жағымсыз) эмоционалды жағдайды көрсетеді. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ. Тақырыбы: Көңіл күйіміздің суретін саламыз. Қажетті заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу. Барысы: Балаға өз көңіл-күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз. Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай анықтаймыз. Тұйық түстер – бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады. Тақырыбы: “Тілектер”.
Мақсаты: Құрбы-құрдастарына жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу. Барысы: Бір-бірінің қолынан ±стап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне қарап, бір-екі ауыз сµз жақсы тілек айтады. Қабылдаған бала басын изеп: “Рахмет, маған өте ұнады!” деп жауап береді. Сосын ол өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілегін сыйлайды, осылай жаттығу жалғасып кете береді. Ескерту: Кейбір балалар тілек айта алмай қиналғанын байқасаңыз, оның көршісінің күтіп, ренжігенін күтпей, өзіңіз көмектесіп айта салыңыз. Тұйық балалардың көпшілігі айта алмай қиналып көп тұрып қалған жағдайда, көпшіліктің назары өзіне ауғанын байқап, одан сайын тұйықталып еш нәрсе айтпауы мүмкін, сондықтан да күттірмей өзіңіз айта салғаныңыз жөн, ол бала осылай біртіндеп араласады. Тақырыбы: “Оқиғаны ойлап табамыз”. Мақсаты: Қиялын, тілін дамыту. Барысы: Жүргізуші: “Ерте, ерте, ертеде ....” деп бастайды, келесі қатысушы оқиғаны ары қарай жалғастырады, осылай шеңбер бойынша бәрі оқиғаны жалғастырып айтып шығады. Қайтадан кезек жүргізушіге келгенде, ол оқиғаны тереңдете, қиындата түседі, осылай жаттығу жалғаса береді. Ескерту: Жүргізуші қиялға түсе алмай отырған балаларға көмектесіп, демеп отырады. Таќырыбы “Жел бергіш және үрленетін қуыршақ”. Балалар жұп-жұп болып бөлінеді: біреуі – еденде желі шығып жатқан (аяғы тізесінен бүгіліп, басы, қолы төмен қарап салбырап) ‰рілетін қуыршақ. Ал екіншісі – алдыға қарай еңкейіп жел бергішпен қуыршаққа жел үрлейді, тынысын шығарып “с-с-с” деп дыбыстайды. Қуыршаққа жайлап жел үрленеді, бойы созылып түрегеліп, жел толып қатаяды. Енді үрленіп болды. Сосын үрленіп тұрған қуыршақтың ішін қатты басып, желін шығарады. “с-с-с” деп желі біртіндеп шығады. Желі шығып, қуыршақ қайтадан бастапқы күйіне түседі. Балалар рольдерін ауыстырады. Тақырыбы: “Көзімізді түйістіріп”Мақсаты: Сезiм арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу. Барысы: Балалар жұп-жұп болып бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады. Жүргізуші: Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - “Мен көңілдімін, кәне ойнайыќ”, “Мен сенімен достасқым келеді!” т.с.с. ойларымызды сезім арқылы жіберіп, оны қалай қабылдағанымыз жайында әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз. Тақырыбы: “Амандасу – сәлемдесу”.
Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.
Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.
Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу)
Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды)
Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады)
Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).
Тақырыбы: “Актерлер”.
Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл, мимика, жест арқылы байланыс.
Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы – актерлер, жүргізуші- көрермен. Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.
Күзгі бұлт.
Ренжіген адам.
Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.
Күнге қараған мысық.
Күн.
Айлакер түлкі.
Қуанышты бала.
Сендер күнді көріп тұрған сияқты күлімдеңдер.
Балмұздағын жерге түсіріп алған бала.
Көпірдегі екі ешкі тәрізді ашуланыңдар.
Жұмыстан келген ана.
Ауыр жүк көтерген адам.
Үлкен шырпы тасыған құмырсқа тәрізді шаршаңдар.
Орманда адасып жүрген бала.
Қасқырды көрген қоян.
Ит қуып жүрген мысық тәрізді қорқыңдар.
Ауыр рюкзак шешіп қойған турист.
Анасына үйді жинауға көмектескен бала тәрізді дем алыңдар.
Сендер осы кейіпкерлердің өздерін қалай сезінгенiн жеткізе біліңдер. Бір – бірлеріңе қарап, өз көршілеріңе осы жағдайлар- ды жеткізе біліңдер.
Тақырыбы: “Кім күлкілі күледі?”.
Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі ролінің маңызы жөнінде түсінік беру.
Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады, жүргізуші ертегі айтып береді: “Бір елді күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі күлегеш ханым және оның бірнеше күлдіргіш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар ешқашан ренжуді білмеген, ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып, одан өзінің болған елдері туралы әңгімелеп беруін сұранады. Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын – адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның жанұясы ұзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін күлкі ханы күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты - көрші мемлекеттердің көңілдерін көтеріп, күлуге үйрету. Күлдіргіштер әлемі бойынша барлық жерде болып, күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана олар өздерінің сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренді.”. Жүргізуші күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады, мейірімді күле білуге үйретеді.
Тақырыбы: “Ұжымдық сурет”
Мақсаты: Балалардың бір-біріне деген жылы сезімін оятып, қиялын дамыту.
Қажетті заттар: Плакат, түрлі-түсті бояулар.
Барысы: Қағаз бетіне әр қатысушы алдын-ала дайындап алған оқиғаны (күлкі ханы, әуедегі бал, теңіз түбіндегі өмір, таңертеңгі орман кейпі, т.б.) суреттейді. Сосын барлығы өзінің суретінің атын атап, осы бүкіл суреттерді байланыстырып бір оқиға немесе ертегі ойлап шығарады.
Тақырыбы: “Ауыл ауласындағы тіршілік” - этюді.
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, қиялын дамыту.
Барысы: Жүргізуші балалардың барлығын сол жердің тұрғыны ретінде ауыл ауласына шақырады. Таңертең ерте барлығы үй жануарларына айналып, олардың тіршілігін көрсетеді. Міне, кеудесін тік ұстап, басын көтеріп, қолын арқасына айқастырып, өзін бір керемет санап, ауланың ішінде “Ку-ка-реку!” деп, әтеш жүр. Есіктің алдына жеңіл, абайлап мысық шықты. Ол артқы аяғымен отырып, алдыңғы аяғымен бетін, мұрнын, құлағын ырғақпен әдемілеп жуып отырып: “Мияу!” деп дыбыстап қояды. Аяқтарын шатастыра басып, балпаңдап үйрек шықты. Ол “кря-кря!” деп дыбыстап қауырсындарының арасын тазалай бастады. Өзін мақтаныш тұтып, аяқтарын сермеп басып, амандасқандай басын әр жаққа бұрып: “Га-га!” деп қаз жүр. Көлшіктің үстінде, алдыңғы, артқы аяқтарын жиырып жатқан шошқа басын бірден көтеріп, таңданған көзін бадырайтып: “Хрю-хрю!” деп бір нәрсені сұрап қояды. Ат басын төмен түсіріп, түрегеп ұйықтап тұр. Міне, есек көзін ашып, бір құлағын көтеріп (алақанымен), сосын басы мен екінші құлағын көтеріп қуанышты дауыспен: “И-хо-хо!” деп күліп қояды. Тауық ояна сала ауланың ішінде олай-бұлай жүгіріп: “Ко-ко-ко!” бәрі оянды ма? Қайырлы таң! деп қояды.
Ескерту: Балалардың өздері көптеген қимылдар ойлап табуларына болады.
Этюдтің басында әр жануарды өз қимылына бөлек-бөлек дайындаймыз. Балалар өз роліне бейімделіп үйренгеннен кейін, алдын-ала дайындап аула тіршілігін бәрі бірге бірдей көрсеткені дұрыс.
Тақырыбы: “Төмпешіктер”.
Мақсаты: Балаларды өзара тіл табыса білуге үйрету.
Ойын барысы: Еденнің үстіне әр жерге жастықтарды қоямыз, қос аяқтап секіргенде жете алатындай қашықтықта. Ойыншылар – батпақты мекендейтін бақалар. Ал жастықтар – төмпешіктер. Бір төмпешіктің үсті сотқар бақаларға тарлық жасайды, сондықтан да олар көрші төмпешіктерге секіріп: “Ква-ква, жылжышы” дейді. Егер екі бақаға бір төмпешік тар болса, біреуі келесі төмпешікке секіреді, болмаса көршісін “батпаққа” итереді, ол өзіне бос төмпешік іздейді.
Ескерту: Жүргізуші де ойынға араласып төмпешіктердің үстінен секіріп, бақылап жүреді. Егер бақалардың арасында өзара келіспеушілік пайда болған жағдайда, ол секіріп жүріп олардың дұрыс шешiм қабылдауына көмектеседі.
Тақырыбы: “Құпия”.
Мақсаты: Өзара тіл табысуға,бөлiсе бiлуге үйрету.
Барысы: Жүргізуші әдемі қорапшадан қатысушылардың бәріне құпия сыйлық (түйме, моншақ, сағат, сырға, т.б.) тарту етеді. Сыйлықты көршілеріне көрсетпей алақанына салып, жұдырықпен жұмып тұрады. Бір-біріне не нәрсе берілгенін білгісі келген қатысушылар бөлменің ішінде жүріп, келіссөзге келе бастайды.
Ескерту: Жүргізуші бір-бірімен құпиясын алмасып, келіссөзге келуін бақылап тұрады. Келісе алмай тұрған балаға, әрқайсысымен тіл табысуына көмектеседі.
Таќырыбы: “Жіп орамы”жаттығуы.
Мақсаты: Топтаѓы балалардыњ бір-біріне жақындастыру сезімін қалыптастыру.
Қажетті құрал: Жіп орамы
Барысы: Балалар дөңгелене отырады. Жүргізуші қолындағы жіп орамының ұшын өзінің үлкен бармағына орап, өзін қызықтыратын сұрағын көршісіне қоя отырып (Мысалы: “Сенің атың кім, сен менімен достасқың келе ме?, сен неден қорқасың?, т.б.”) жіп орамын көршісіне ұзатады. Ол жіп орамын алып өзінің бармағына орайды да, сұраққа жауап береді, сөйтіп ол жіп орамын ұзата отырып, келесі ойыншыға өзінің сұрағын қояды. Осылай, соңында жіп орамы жүргізушінің өзіне оралады. Жіп орамы барлық ойынға қатысушыларды бір-біріне байланыстырып, әрқайсысының ішкі дүниесін сезініп, бір-бірін жақынырақ түсінуге көмектеседі. Барлығы бірігіп бір ортақ дене құрағандай сезінеді.
Ескерту: Қиналып айта алмай отырған балаға жүргізушінің көмегі қажет жағдайда, ол жіп орамын өзіне қайта алып, балаға қажетті сөзді айтып қайта лақтырады. Осылай жасалған тәсіл жүргізуші мен баланың арасындағы қарым-қатынасты 2-3 есеге арттырады.
Зерттеу маќсатымызѓа орай психокоррекциялыќ ќызмет кµрсету барысында едєуір нєтижелер алдыќ. Жоѓарыда келтірілген балалардыњ ќарым-ќатынастарын жаќсартуѓа арналѓан ойындар мен психологиялыќ т‰рлі жаттыѓулар біздіњ маќсатымызды ѓана ж‰зеге асырып ќана ќойѓан жоќ, сонымен ќатар, балалардыњ танымдыќ процестері мен жеке т±лѓалыќ ќасиеттерініњ де дамуына едєуір нєтижелі єсер еткендігі байќалды. Айтылатын ойымызды кесте ретінде кµрсетуге тырысайыќ. Оќу жыл басында алѓан нєтижелермен салыстыра отырып, зерттеу обьектісі - сынып ±жымынан оќшауланѓан балалар саны азайып, олардыњ басќа балалармен ќарым-ќатынастары едєуір жаќсарды. Олай болса біз ±сынып отырѓан психологиялыќ кµмек кµрсету сипаты єрбір психологтыњ ќызметіндегі негізгі ерекшелік.
Балалар ±жымынан оќшауланѓан оќушылармен ж±мыс ж‰ргізу бастамасы оныњ себебінен туындаѓан конфликтіні шешудіњ психологиялыќ-педагогикалыќ жолдарын ашудан басталады.
Мектеп оқушылары арасындағы ќарым-ќатынасында проблемасы бар балаларѓа психологиялыќ кµмек кµрсету істеріне, конфликттердің алдын-алу әрекеттеріне мектептегі жақсы оқу тәрбие беру ұйымының болуы, тәртіптің болуы, оқушылардың қарым-қатынасқа түсуінің қиын жағдайларында мұғалімнің белсенді көмек беруі негізгі роль атќарады. Бұдан басқа, оқушылардың конфликтерді шешу және басқара білуіне дағдылану үшін мектептерде оқушыларға арнайы оқытатын жоѓарыдаѓы бағдарламаларды қолдануға болады.
Психологиялыќ конфликтініњ даму динамикасын зерттеу барысында м±ндай конфликтілерді балалар µз бетімен шеше алмайтындыѓы т‰сіндірілген. М±ндай балалармен ерекше жеке дара ж±масты ересек адамдар жасау керек, яѓни µз ќ±рбыларымен жаѓымды ќатынас ќ±ру жаѓдайларын ќарастыру ќажет. Зеттеулер бойынша, єсіресе, экспериментті ойындар балаларда єрбір баламен µте ерекше, дифференциалды єрекеттер жасай отырып, балалардыњ жаѓымсыз єрекеттерініњ себебін аныќтап, оныњ ерекшеліктерін зерттеу ќажет, одан єрі оны шешудіњ жолдарын ќарастыру ќажет.
Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бiр шетте оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенiмсiздiк пен ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшiн қандай қиын.
Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейiмделуiнiң белгiсi.
Мектеп психологыныњ ќызмет кµрсету сферасы оќушылар, м±ѓалімдер, ата-аналар, єкімшіліктер, яѓни кез-келген адамдар арасындаѓы ќарым-ќатынас ќиыншылыќтарын шешу болып табылады. Себебі сыныптаѓы ќарым-ќатынас сипаты баланыњ білім алуы мен тєрбиеленуіне едєуір єсер етеді. Егер м±ѓалім оќушыларѓа д±рыс тєрбие беріп, білімдерін жоѓарылатамын десе, онда ењ бірінші кезекте оќушылардыњ µзара ќарым-ќатынасын, сондай-аќ м±ѓалім мен оќушы арасындаѓы ќарым-ќатынасты реттеп алѓан жµн .
Олай болса, біз єрбір сабаќта, балалармен бірлесе ж±мыс ж‰ргізу барысында балаларды тату болуға, бiрiгуге үйрететiн, басқаларды түсiнуге, қолдауға көмектесетiн ойындар мен жаттығуларды тиімді ќолданудыњ жолдарын білуіміз керек.
Қарым-қатынасты жаќсартуѓа арналѓан тапсырма мен ойындарѓа қатысушылардың көп болуы соѓ±рлым нєтижелі бола т‰седі. Кейбiр жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бiрге орындай алса, ал көпшiлiк бөлiгi құрдастары, достарымен бiрге ойналатын болады. Сондыќтан тµменде кµрсетілетін ойындар мен жаттыѓуларды µткізбес б±рын, оны ж‰ргізетін орындарды ±йымдастырып алѓан жµн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиi-жиi ұйымдастырып, оларға көбiрек көңiл бөлу – м±ѓалім іс-єрекетін жандандыра т‰седі.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу барысында келесі қорытынды жасадық.
1. Үйлесімсіз психоэмоционалдық жағдай бала өміріндегі күрделі мәселелермен байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықта, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты түрлі ұзақтықпен көрініс береді және орта мен адам арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншікті жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің негізгі себептері ретінде мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қайшылықтарды айтуға болады. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен байланысты көрініс береді. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикасы әлі жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдайды. Бұл көзқарас жеткіншек жас кезеңінің даму ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан біз осы қағиданы басшылыққа алдық.
2. Эмоционалдық үйлеспеушілік, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді.
3. Эмоционалдық үйлеспеукшілік күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз психикалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының өрлеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын кеңейтеді.
4. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің жеткіншек жас кезеңінде жий орын алатындығы және іс-әрекеттік ерекшеліктері анықталған. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің күрделілігі және құрылымы мен ұзақтығы әртүрлі болып жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.
5. Зерттеу барысында жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің көрініс беру түрлері акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар арқылы көрініс береді деп анықтадық. Эмоционалдық үйлеспеушілік басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіндігі анық байқалды. Әсіресе баланың мектептегі тәртіпті бұзуы, ата-аналарымен келіспеушіліктердің орын алуы, агрессивті мінез көрсетуі, қырсық мінез көрсетуі осы жағдайдың нәтижесі болып келеді. Сондықтан эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның темпераментін, акцентуацияның көрініс беруін және түрін, мазасыздануын, агрессиясын (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің акцентуациясы анық байқалатын, мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан мұғалімдер қойған бағаларды менсінбеушілік, вербалдық және физикалық агрессиясының анық байқалатыны мен сипатталды.
Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады.
Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз, екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстермен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады.Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады.
Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден басталады.
Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:
Эмоционалдық үйлеспеушілігі байқалған жеткіншектерге психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.
Жеткіншектермен психокоррекция жүргізгенде оларды өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің қарсықтығының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы эмоционалдық жағдайын үйлесімді етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек.
Психокоррекция барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:
- жеткіншекті әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету, дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;
баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;
мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау.
жеткіншектің отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдану;
психокоррекция нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан оқушылардың ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізу.
Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге, ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын ұйымдастыруға және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |