Ал адамдар ше? Адамдар өздерінің өміріне көз тастап, оның
есебін беріп жатыр ма? Əрине, жоқ.
Тамағының барына, киіміінң
бүтініне мəз болып жүре береді. «Мен мына өмірге не үшін келдім?
Мақсатым қандай? Осы жасыма дейін не тындырдым? Алда нендей
шаруаларды атқаруым керек?»
деген сұрақты қойып, өз-өзінен есеп
алмаған адам дамымайды!
Мысалды өзгеден іздемей-ақ, өзімнен алайын: мен міндетті түрде
жылдың басында өз-өзімнен есеп аламын.
Менің бір жылдық
жоспарым қандай еді? Оны қаншалықты орындай алдым? Неге жеттім,
енді не қалды? Келе жатқан бағытым қандай? Осы сынды сұрақтарды
қойып, ойша атқарған шаруаларды саралаймын.
Саралай келе
бойымдағы кейбір кемшіліктерді байқаймын, сонымен күресу
жолдарын қарастырамын. Есеп бере отырып жаңа жоспарлар пайда
болады, соны орындауға белсене кірісіп кетемін. Міне, өмір деген –
осындай! Сондықтан есеп алып үйреніңіз!
Достарыңызбен бөлісу: