Өсуің де, өшуің де өз қолыңда!
Француз жазушысы В.Гюго айтқан екен: «Кім болам десе,
сол болу – ұлы адамның ісі де, қолынан келгені болу – əр
адамның ісі», -- деп. Сондықтан өмір мені қай арнаға салса, сонымен
жүре беремін демеу керек. Ұлы адам болығыз келді ме, алдыңызға
ұлы мақсат, жоспар қоя біліңіз.
Мен танитын адамдардың көбі, бүгін бітер істі кейінге қалдыруға
дағдыланған. Ертең де ол істің өнбейтінін
өзі біле тұрса да ертеңге
қалдыруға құмар. «Құдай қаласа көктем шықсыншы, мен бəрін
қатырамын!» деп типа «мақсат» қояды. Бірақ олар көктемде де түк
тындырмайды. Тындыратын болса өмірінде қанша көктем өтті емес
пе?!
Біреулер бар: «Ақшам көбейсін, істі сол кезде бастаймын»
-- деп
жүре береді. Бірақ бір ренжитінім, сол адам ақши жинайын деп əрекет
етпейді ғой. Əлгі адамға 5 жылдан кейін жолықсаң: «Бірдеңе бастау
керек еді, қаражат болмай тұр. Жиналса көреміз ғой», -- дегенді тағы
айтады. 5 жыл ішінде 5 мың теңге жинамаған адамнан енді не үміт, не
қайыр?! Егер əлгі адам əр айлығының 10
пайызын жинап отырғанда,
өзіне керек миллион теңгені табар еді ғой. Бірақ ол оның орнына,
«ертең, ертең, ертең» деген бұлыңғыр мақсат қойып жүре беруді
таңдады.
Жазушы Мұхтар Əуезов айтқандай: «Қай істің болсын өнуіне
үш түрлі шарт бар. Ең əуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан
соң тəртіп керек». Яғни алдыңызға ниет қойып, ерік-жігеріңізді жинап,
белгілі бір тəртіпке, «режимге» бағынып жұмыс ісетесеңіз, оның
өнімділігі артады.
Əрине, болашақтан үміт күткен жақсы, «үмітсіз – шайтан» деген.
Бірақ мен үмітке сенбеймін. Мен əрекетке сенемін. «Əрекетке --
берекет», «Қимылдасаң қыр асасың» деген жақсы сөз бар қазақта.
Əрекет
етсеңіз Құдай өзі құрайды, қолыңызды құр қалдырмайды.
Сондықтан құр үміттеніп жүре бермей, алдыңызға нақты мақсат қойып,
соған жету жолында əрекет етіңіз!
Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға
Достарыңызбен бөлісу: