Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы



жүктеу 148.44 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі148.44 Kb.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 ақпанда № 6774 тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса беріліп отырған Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің


      міндетін атқарушы                          Б. Садықов

Қазақстан Республикасы 


Денсаулық сақтауминистрінің
міндетін атқарушының  
2011 жылғы 5 ақпандағы 
№ 7 бұйрығымен бекітілген

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ереже

1. Жалпы ережелер


      1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК) көрсететін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) көрсететін  денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
      2. БМСК мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр, учаскелік мейірбике/жалпы практика мейірбикесі, қалалық немесе аудандық емхананың және оның құрылымдық бөлімшелерінің фельдшері, акушері) БМСК-ні қалалық немесе аудандық емханаларда және оның құрылымдық бөлімшелерінде көрсетеді:
      1) ауылдық емханада;
      2) дәрігерлік амбулаторияда жалпы дәрігерлік практика/учаскелік қызмет бөлімшесінде/;
      3) фельдшер-акушериялық пунктте;
      4) медициналық пунктте.
      3. КДК бейін мамандары:
      1) консультациялық-диагностикалық орталықта /емханада;
      2) қалалық немесе аудандық емхананың консультациялық-диагностикалық орталықта, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.
      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес АЕК жұмысының режімі жылжымалы кесте бойынша 08.00. сағаттан 20.00. сағатқа дейін белгіленеді, бұл жұмыс кестесін денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік органының келісімі бойынша медициналық ұйымның басшысы бекітеді.
      5. ТМККК көрсететін БМСК мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында демалыс және мейрам күндері, қажет болған жағдайда консультациялық-диагностикалық бөлімше мамандары тартыла отырып, БМСК мамандарының кезекшілігі ұйымдастырылады.
      6. БМСК және КДК амбулаториялық жағдайларда, үйде, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда көрсетіледі.

2. АЕК негізгі фукциялары


      7. АЕК негізгі функциялары:
      1) "Медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 бұйрығына (бұдан әрі – № 796 бұйрық) сәйкес БМСК (дәрігерге дейінбілікті) көрсету;
      2) № 796 бұйрыққа сәйкес КДЕ (арнаулыжоғары мамандандырылған) көрсету;
      3) "Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5799 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына сәйкес халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      4) халықтың арасында бұқаралық ақпарат құралдарын, стендтерді, көрнекі ақпаратты ресімдеп, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тұрақты негізде холдарда және күту залдарында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы аудио-бейне материалдарды жалдау;
      5) инфекциялық аурулардың ошақтарында санитариялық-індетке қарсы консультациялық (профилактикалық) іс-шаралар өткізу;
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығына (бұдан әрі – № 630 бұйрық) сәйкес бекітілген халыққа психологиялық көмек пен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.

§ 1. Ауылдық емхана


      8. Ауылдық емхананың құрамына мыналар кіреді:
      1) жалпы дәрігерлік практика/учаскелік қызмет бөлімшесі;
      2) профилактика және әлеуметтік қызметтер бөлімшесі;
      3) консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі.
      Ауылдық емхананың құзыры мен құрылымы осы Ереженің 2, 4 параграфтарында көзделген.

§ 2. Дәрігерлік амбулатория /жалпы дәрігерлік
практика/учаскелік қызмет бөлімшесі (бұдан әрі – Отбасы
денсаулығы орталығы)


      9. Отбасы денсаулығы орталығы № 796 бұйрыққа сәйкес БМСК (дәрігерге дейін, білікті) көрсететін дербес заңды тұлға немесе қалалық немесе аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      10. Отбасы денсаулығы орталығы халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда (дәрігерге дейін, білікті) БМСК көрсетеді және өзіне мыналарды қамтиды:
      1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсету;
      2) ауруларды ерте анықтау мақсатында пациенттерді тексеру;
      3) пациенттерді емдеу;
      4) стационарлық емдеуге мұқтаж тұлғаларды емдеуге жатқызу;
      5) "Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік кұқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығына сәйкес пациенттерді емдеуге жатқызуға жіберу;
      6) науқастарды қалпына келтіре емдеу;
      7) диспансерлеу мен профилактикалық тексерулер;
      8) осы ережеге қосымшаға сәйкес медициналық қызметтердің аз көлемін көрсету;
      9) № 446 бұйрыққа сәйкес бекітілген халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      10) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізу;
      11) еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқаны анықталған науқастарға уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын өткізу, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқан тұлғаны жіберу;
      12) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – № 907 бұйрық) сәйкес статистикалық есепті және есептілікті енгізу, статистикалық деректерді талдау;
      13) халықтың арасында бұқаралық ақпарат құралдарын, стендтерді, көрнекі ақпаратты ресімдеп, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тұрақты негізде холдарда және күту залдарында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы аудио-бейне материалдарды жалдау;
      14) жедел және дағдарыс жағдайларында өзіне және өзара көмек көрсету әдістеріне халықты үйрету жолымен азаматтардың денсаулығын сақтау процесіне халықты қамту, өзін өзі сақтау тәртібіне дағдыландыру мақсатында мектептер, клубтар, қорғаушы топтар, қоғамдық кеңестер құру, волонтерлер мен көшбасшыларын дайындау;
      15) халықты гигиеналық тәртіптерге, оның ішінде отбасы, ананы, әкені және баланы қорғау мәселелеріне үйрету;
      16) халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету, тиімді тамақтану мәселелерін түсіндіру;
      17) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және өткізу;
      18) "Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік кұқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (бұдан әрі - № 685 бұйрық) сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      19) № 630 бұйрыққа сәйкес бекітілген халыққа психологиялық көмек пен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
      11. Отбасы денсаулығы орталығының құрамына мыналар кіреді:
      1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
      2) жалпы практика дәрігерлерінің қабылдау кабинеті, участкелік қызмет (терапевт/педиатр дәрігер), акушер-гинеколог дәрігер, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен және оқу орындарымен жұмыс жөніндегі педиатр дәрігердің кабинеттері;
      3) күндізгі стационар;
      4) оқшаулауыш;
      5) қосымша бөлімшелер: медициналық статистика мен талдау кабинеті; ақпараттандыру кабинеті; стерилизация кабинеті;
      6) тіркеу бөлімі.
      7) акушериялық қабылдау кабинеті (тексеру);
      8) ем-шара кабинеті;
      9) егу кабинеті;
      10) зертхана;
      11) физиотерапиялық емдеу кабинеті;
      12) химизатор кабинеті;
      13) қақырық жинау кабинеті;
      14) Профилактика мен әлеуметтік қызметтер бөлімшесінің құрамына мыналар кіреді:
      бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
      дәрігерге дейінгі кабинет;
      акушериялық қабылдау кабинеті (тексеру);
      салауатты өмір салты кабинеті;
      отбасын жоспарлау кабинеті;
      дені сау бала кабинеті;
      әлеуметтік қызметкердің кабинеті;
      психолог кабинеті;
      диабет, демікпе, артериялдық гипертензия, босануға дайындау, жас ана және т.б. бейіндегі мектептер;
      жастар денсаулық орталығы.
      12. Профилактика мен әлеуметтік қызметтер бөлімшесі № 630 бұйрыққа сәйкес медициналық көмек түрлері мен көлеміне, сондай-ақ стандарттарына сәйкес, БМСК көлемінде халыққа қызмет көрсететін қалалық немесе аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      13. Профилактика мен әлеуметтік қызметтер бөлімшесінің мамандары БМСК шеңберінде профилактикалық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ өзіне мыналарды қамтитын халыққа амбулаториялық жағдайда, үйде, психологиялық көмек көрсетеді:
      1) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;
      2) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің жұмысындағы сабақтастықты ұйымдастыру;
      3) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік тексеруге жататын бекітілген халықтың ішінен тұлғалар тізімін құрастыру;
      4) бекітілген халықтың ішінен нысаналы топтағы тұлғаларға хабарлай отырып, қажетті көлемді белгілеп, диспансерлеу мен профилактикалық тексерулерді, скринингілік зерттеулерді өткізу;
      5) профилактикалық және скринингілік тексерулерге жататын тұлғаларды, зерттеу көлеміне сәйкес, оның ішінде бейін мамандарымен, зерттеудің уақытын және кестені белгілеу;
      6) өткізілген профилактикалық және скринингілік нәтижелер бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыру және мониторингін өткізу;
      7) БМСК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру алгоритміне сәйкес аурулардың қауіп факторлары бар тұлғаларды және науқастарды профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне үйретуді өткізу;
      8) бейінді денсаулық мектептерінің, жастар денсаулығы орталығының, егде адамдар клубы қызметін қамтамасыз ету;
      9) аурулардың созылмалы түрлерінен зардап шегетін тұлғалардың патронажын тұрақты негізде өткізу;
      10) № 630 бұйрыққа сәйкес бекітілген халыққа психологиялық көмек пен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
      11) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті жүргізу, статистикалық деректерді талдау.

§ 3. Фельдшерлік-акушериялық пункт, медициналық пункт


      14. Фельдшерлік-акушериялық пункт, медициналық пункт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек түрлері мен көлемдеріне сәйкес дәрігерге дейінгі көмек көрсететін дәрігерлік, амбулатория, қалалық және аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      15. Фельдшерлік-акушериялық пунктің, медициналық пунктің мамандары БМСҚ (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетеді:
      1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсету;
      2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-індетке қарсы консультациялық (профилактикалық) іс-шаралар өткізу;
      3) № 907 бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде статистикалық есепті және есеп беруді, оның ішінде электрондық форматта жүргізу;
      4) халықтың арасында бұқаралық ақпарат құралдарын, стендтерді, көрнекі ақпаратты ресімдеп, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тұрақты негізде холдарда және күту залдарында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы аудио-бейне материалдарды жалдау;
      5) жедел және дағдарыс жағдайларында өзіне және өзара көмек көрсету әдістеріне халықты үйрету жолымен азаматтардың денсаулығын сақтау процесіне халықты қамту, өзін өзі сақтау тәртібіне дағдыландыру мақсатында мектептер, клубтар, қорғаушы топтар, қоғамдық кеңестер құру, волонтерлер мен көшбасшыларын дайындау;
      6) халықты гигиеналық тәртіптерге, оның ішінде отбасы, ананы, әкені және баланы қорғау мәселелеріне үйрету;
      7) халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету, тиімді тамақтану мәселелерін түсіндіру;
      8) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және өткізу;
      9) дәрігердің тағайындауларын орындау;
      10) медициналық көмек көрсету біліктілігін арттыруға жолдама;
      11) № 446 бұйрыққа сәйкес дәрілік заттар айналысы саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      12) № 685 бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      13) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік зерттеулерге жататын бекітілген халықтың ішінен тұлғалар тізімін құрастыру;
      14) бекітілген халықтың ішінен нысаналы топтағы тұлғаны профилактикалық тексерулерден және қажетті көлемді көрсете отырып, скринингілік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы хабардар ету;
      15) профилактикалық және скринингілік тексерулерге жататын тұлғаларды, зерттеу көлеміне сәйкес, оның ішінде бейін мамандарымен, зерттеудің уақытын және кестені белгілеу;
      16) өткізілген профилактикалық және скринингілік нәтижелер бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыру және мониторингін өткізу;
      17) аурулардың қауіп факторлары бар тұлғаларды және науқастарды салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп, профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне үйретуді өткізу;
      18) аурулардың созылмалы түрлерінен зардап шегетін тұлғалардың патронажын тұрақты негізде өткізу;
      19) әлеуметтік қызметкердің және психолог/дәрігер-психотерапевтің кеңес беруін ұйымдастыру;
      16. Фельдшерлік-акушериялық пунктің, медициналық пунктің өзінің құрамына мыналар кіреді:
      1) орта медицина қызметкерінің кабинеті;
      2) акушериялық қабылдау кабинеті (тексеру);
      3) ем-шара кабинеті;
      4) егу кабинеті;
      5) химизатор кабинеті;
      6) қақырық жинау кабинеті;
      7) науқастарды оқашалайтын бөлме;
      8) ақпараттандыру кабинеті.

§ 4. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі


      17. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі стационарлық көмек көрсететін қалалық, аудандық және ауылдық емханалардың, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымындағы құрылымдық бөлімше болып табылады және № 796 бұйрыққа сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
      18. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің бейінді мамандары амбулаториялық жағдайда халыққа күндізгі стационарда, үйдегі стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді және мынаны қамтиды:
      1) мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      2) зертханалық-диагностикалық көмек көрсету;
      3) отбасы денсаулығы орталығы мамандарымен бірге қауіп факторлары мен аурудың ерте және жасырын түрін анықтауға бағытталған скринигілік зерттеулерді, алдын алу шараларын жүзеге асыруды;
      4) пациенттерді тексеруді және емдеуді;
      5) стационарға емдеуге жатқызуға жіберілген пациентерге емдеуге жатқызуға негізделген көрсеткіштерін көрсете отырып, консультация беруді;
      6) науқастарды қалпына келтіре емдеуге ұсыныстар;
      7) науқастың уақытша еңбекке жарамсыздығын, уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеу және еңбекке қабілеттілігі белгісін жоғалтқан тұлғаларды сараптауды;
      8) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті жүргізу, статистикалық деректерді талдау.
      9) салауатты өмір салтын насихаттау, бейін бойынша денсаулық мектебін ұйымдастыру және жүргізу.
      19. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін консультациялық-диагностикалық көмек көрсету бөлімшесінің құрамына мыналар кіреді:
      1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
      2) бейінді мамандардың консультациялық қабылдау кабинеттері;
      3) сәулелік диагностика кабинеттері (рентгенологиялық диагностикалар, флюрографиялар, ультрадыбыстық диагностикалар);
      4) функционалдық диагностика кабинеттері;
      5) эндоскопиялық зерттеу кабинеттері;
      6) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;
      7) зертханалар;
      8) медициналық техниктер кабинеттері;
      9) орталық зарарсыздандыру бөлімшесі;
      10) хирургиялық бейін төсектерімен амбулаторлық хирургия орталығы (күндізгі стационар);
      11) ішкі аудит бойынша сарапшы дәрігердің кабинеті.

§ 5. Консультациялық- диагностика орталығы/ емханасы


      20. Консультациялық-диагностика орталығы/емхана № 796 бұйрыққа сәйкес КДЕ (мамандандырылған, жоғары мамандандырылған) көмек көрсетеді.
      21. Консультациялық-диагностика орталығы/емханасының мамандары мыналарды қамтиды:
      1) халыққа амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      2) ауруды диагностикалау, емдеу және алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып пациенттерді тексеру және емдеу;
      3) аурудың дамуы және күшеюін болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шараларын іске асыру;
      4) зертханалық-диагностикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру;
      5) стационарға емдеуге жатқызылуға жіберілген пациентерге емдеуге жатқызуға негізделген көрсеткіштерді көрсете отырып, консультациялар беру;
      6) науқасты қалпына келтіре емдеуге ұсыныстар беру;
      7) нацуқастың уақытша еңбекке жарамсыздығын, уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеу және еңбекке қабілеттілігі белгісін жоғалтқан тұлғаларды сараптау;
      8) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті жүргізу, статистикалық деректерді талдау.
      22. Консультациялық-диагностика орталығының құрамына мыналар кіреді:
      1) арнайы мамандардың қабылдау кабинеттері;
      2) сәулелік диагностика кабинеттері (рентгенологиялық диагностикалар, флюорографиялар, ультрадыбыстық диагностикалар, ядролық медицина);
      3) функционалдық диагностика кабинеттері;
      4) эндоскопиялық зерттеулер кабинеттері;
      5) зертханалар;
      6) медициналық техниктер кабинеттері;
      7) орталық зарарсыздандыру бөлімшесі;
      8) хирургиялық бейіндегі төсектерімен амбулаторлық хирургия орталығы (күндізгі стационар);
      9) атқарушы құрылымдар: медицина статистигінің және талдау кабинеті, ақпараттандыру;
      10) тіркеу бөлімі;
      11) ішкі аудит бойынша сарапшы дәрігердің кабинеті.

Амбулаториялық-емханалық көмек  


көрсететін денсаулық сақтау   
ұйымдар қызметінің ережесіне қосымша

Медициналық қызметтердің ең төменгі көлемі


      Амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарының халыққа медициналық қызмет көрсету көлемінің осы нормативтері көмек көрсетудің БМСК деңгейінде медициналық қызметтердің ең төменгі көлемінің тізбесін қамтиды:
      1) жалпы практика дәрігерінің, учаскелік дәрігердің – терапевт педиатрдың, акушер-гинеколог дәрігердің БМСК ұйымында және үйде қабылдауы;
      2) учаскелік қызметтер, жалпы дәрігерлік практика бөлімшелерінің орта медицина қызметкерлерінің БМСК және үйде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуі;
      3) әлеуметтік қызметкердің БМСК ұйымдарында қабылдауы және әлеуметтік патронаж;
      4) психолог/дәрігер-психотерапевтің қабылдауы: жеке және топтық консультация беру;
      5) қызметкерлер құрамы және халықпен семинар-тренингтер өткізуді ұйымдастыру;
      6) 18 жасқа дейінгі балаларға физиоем-шаралар (электр және жарықпен емдеу) жүргізу;
      7) зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу:
      клиникалық зерттеулер (лейкоформуламен жалпы қан талдауы, гемоглобин, эритроциттер, түсті көрсеткіштер, лейкоциттер, ЭШЖ, тромбоциттер, ВСК, безгектік плазмодияға қан, жалпы несеп талдауы, Нечипоренко бойынша несеп, несептегі өт пигменті, несептегі нәруыз, несептегі қант);
      биохимиялық зерттеулер (АЛАТ, АСАТ, билирубин, тимол, жалпы нәруыз, қант, несепнәр, холестерин, триглициридтер);
      нәжістегі ішек құрт/ж, копроскопия, қырынды:
      тазалық дәрежесіне, гонококқа (соз ауруына), трихоманадаға, саңырауқұлақшаға жағынды;
      жүкті әйелдер мен стационарға жататындарға қан тобы мен резус факторларын;
      микрореакция;
      электрокардиография;
      есту жітілігін, көз, көз іші қысымын анықтау;
      8) клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және басқа зерттеулерге биологиялық материалдар жинау (АИТВ жұқпалысына және RW, БК қақырығы және басқалар);
      9) процедуралар мен манипуляциялар;
      венаішілік инъекциялар, бұлшықетішілік инъекциялар, теріасты инъекциялары;
      дәрілік заттарды венаішілік тамшылатып салу;
      ИТВ инфекциясына және RW қан алу;
      БК қақырық жинау;
      микробиологиялық зерттеулерге материалдар алу;
      қынап жолын тазалау;
      тазалық дәрежесіне және онкоцитологияға жағынды алу;
      жатырішілік спиралдарды салу және алу;
      контрацептивтік инъекциялар.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет