І Бөлім
Этнос және Этнология.
Этнология ғылымының тарихы.
Этнология пәні және міндеті. Этнология қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны, этногенез этникалық тарих және этникалық процесстер. Этнос. Этнос теориясы. Этнопсихология. Этнопедагогика. Нормативтік этнография. Эволюционизм. Мәдени –тарихи бағыт. (Л.Г.Морган, К.Д.Кавелин,М.М.Ковалевский, Э.Тейлор, Липперт). Биологиялық бағыт. (А.Бастиан, Т.Ахелис).Әлеуметтік бағыт. (О.Кант, Э.Дюркгейм, И.Бахофен, К.Штарке). Географиялық бағыт. (О.Пешель, К и Р.Андре,Н.И.Надеждин). Диффузионизм. Тарихи географиялық бағыт. (Э.Норденшельд). Мәдени кеңестік теориясы. (К.Уислер, Э.Сепир,К.Кребер) Мәдени шеңбер туралы ғылым (Ф.Гребнер, В.Шмидт, В.Копперс). Гелиотическая школа. (Г.Элпиот- Смит, У.Перри, У.Риверс). Структурализм. Америкалық тарихи мектеп. Фунуционалазм. Жүйелер теориясы. Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы. (Ш.Ш.Уәлиханов, А.Диваев, Ә.Х.Марғұлан, Ә.А.Масанов, Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқановжәне т.б.). Этнологиялық деректер.
Әлем халықтарының негізгі класификациясы.
Географиялық класификация.
Негізгі ландшафтың немесе климаттың облыстар бойынша үлкен аудандар көлемінде этностардың қалыптасуы мен орналасуын зерттеу. (австралия, және Океания, Азия, Африка, Америка, және Европа).
Антропологиялық класификация. Нәсілдердің қалыптасу факторлары. Негізгі нәсілдік топтар: европоидтық, негроидтық, монғолоидтық, австралоидтық. Аралас немесе ауыспалы нәсілдер. Морфологиялық және физиологиялық комбинациялардың әртүрлі популяциялардағы белгілер.
Лингвистикалық класификация. Шығу тегі және туыстық белгілері бойынша тілдердің генелогиялық класификациясы. Тілдік семья, тілдік тамыр, тілдердің топтасуы, бөлек тілдер. Негізгі тілдік топтар.
Шаруашылық – мәдени класификация. Алғашқы шаруашылық мәдени түр. Аңшылық, терімшілік, балық, аулау. Аңшылар мен терімшілердің кейінге қалу түрлері (жабайы). Теніздер мен мұхиттардың жағалауындағы аңшылар ментерімшілер. Солттүстік Америка мен Солтүстік Евразия солтүстік орман аудандарының аңшылары. Өзен, теңіз және мұхиттардың солтүстік жағалауындағы отырықшы балық аулаушылары. Мұзды мұхиттың жағалауында артикалық аудандарының аңшылары.
Екінші шаруашылық мәдени түрі – егіншілік және малшаруашылықтың қолдың кетпенді тропиктік, субтропиктік, таулы және ыстық белдеулердегі егіншілік. Далалық және құрғақ тау бөктерінде, сонымен қатар, ескі және жаңа әлемнің қоныржай белдеулеріндегі, орман аудандарындағы, тұрақты белдеулеріндегі кетпенді егіншілер. Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі және мал бағушы тайпалардың далалық зоналарда және шөлейітті Еуразия, Африка континентіндегі, тундрадағы шөлді аудандарда олардың жекелеген түрлері. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Марал шаруашылығы, бұғы шаруашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |