Америка халыќтары


Қазақтардың этногенезі мен этникалық тарихы



бет8/100
Дата15.01.2023
өлшемі1.49 Mb.
#468419
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100
останай мемлекеттік педагогикалы институты Тарих ж не нер фак

Қазақтардың этногенезі мен этникалық тарихы. Археологиялық, антропологиялық, этнологиялық, фольклор, лингвистика мен жазба деректердің қайнар көздері. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар: сақтар және сарматтар. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер: ғұндар, үйсіндер және қаңлылар. Қазақстан ортағасырда: түрік, түргештер, қарлұтар, оғыздар, қимақтар, қараханидтер, наймандар, жалайыр, қарақытай және қыпшақтар. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі қазақ халқының құрылу сатысының негізгі этапы және этникалық компонентері Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығының дәуірінде. Қазақ хандығы мен қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері және этникалық шекара. Қазақ халқының этникалық құрамы, географиялық қоныстануы және саны.
Шаруашылық – мәдени типтері. Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құрылымы. Көшпелі шаруашылық. Көшпелілік генезисі және эволюциясы. Көшпелі шаруашылық типологиясы: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылықтар. Көшпелі шаруашылық ұйымы. Жайылымдылық мал шаруашылығының техникасы және әдістері. Малдарға арналған шаруашылық құрылым типтері. Халықтық мал дәрігерлігі. Мал шаруашылығымен байланысты ғұрыптар мен сенімдер. Жер өндеу. Шаруашылықтың түрлі типтеріндегі жер өндеудің маңызды орны. Жер өндеу мінездемесі және жер өндеу. Жерді пайдаланудың формасы мен синтезі. Жер өндеу шаруашылығындағы еңбек ұйымы. Жер өндеу саймандары және жасалған мәдениет құрамы. Жер жырту техникасы. Жыртылатын жерді өндеу және құралдары. Егіс жинау, оны ұнтақтау әдістері, бидайды сақтау әдістері. Бау – бақшалық және көкініс бақшасы. Жер өндеу жұмыстарының халықтық календары. Жер өндеуге байланысты салт – дәстүр, ғұрып және мерекелер.
Аңшылық. Аңшылықтың түрі мен әдісі: аңшы құстарымен, қабаған иттермен (тазы), оларды аулау әдістері. Дәстүрлі және өзіндік қызығушылықпен аңшылық. Аңшылықпен байланысты дәстүрлілер, ғұрыптар мен әдеттер. Балық аулау және т.б. этностың өзін - өзі қамтамасыз ету жүйесі. Елді – мекен және тұрғын жер. Елді мекеннің пайда болуының уақыты және есебі. Қоныстанудың дәстүрлі типі. Қоныстанудын қазіргі заманғы типі және оның генетикалық байланысы. Дәстүрлі тұрғын үй: киіз үй, күрке, қос, жолым және т.б. Тұрақты үйлер мен шаруашылық құрылыс типтері. Дәстүрлі және қазіргі үйлердің азды – көпті ұқсастығы. Құрылыс материалы және салу технологиясы. Қоғамдық құрылыстар. Халықтың және қазіргі архитектура. Дәстүрлі интерьер және жиһаз. Үймен байланысты наным – сенім.
Киім және сәндік әшекей. Дәстүрлі және қазіргі киімдер. Киім типінің шығуына географиялық ортаның әсері. Ерлер, әйелдер және балалар киімдерінің негізгі құрамды бөліктері. Күнделікті, және мерекелік, қыстық және жаздық той және қаралы киімдері. Қалалық еуропалық киімдердің пайда болуы. Иноэтникалық ықпал. Бас киімдер. Тері және пималық аяқ – киім. Белдіктер. Әшекейлер. Әшекей бұйымдарының формасы мен әдістері. Амулеттер. Киім мен әшекейлерге байланысты сенімдер мен ғұрыптар.
Тамағы. Тамақтану жүйесі: ет, сүт, өсімдік, аралас. Күнделікті, арнайы, мезгілдік мерекелік, қонақтық, дәстүрлі және ғұрыптық ұлттық тағамдар. Тамақтану уақыты. Тиым салынған тағамдар. Трапеза этикасы. Азық – түлікті өндіру, консервілеу және сақтау әдістері. Ыдыс – аяқ саймандары: металдық, керамикалық, ағаш, тері және т.б. тамақпен байланысты дәстүрлер мен ғұрыптар. Үй – жайлық қолөнер. Қазақтардағы қолөнердің дамуы туралы археологиялық және жазба куәліктері. Ағаш өндеу. Ұсталық қолөнер. Зергерлік өнер. Терілік өнер. Сүйек өндеу. Үй – жайлық қолөнер шаруашылықтың мал шаруашылық типінің жалғасы ретінде. Тері илеу өндірісі. Тоқымашылық. Кілем тоқу. Кесте тігу. Әлеуметтік – нормативтік мәдениет және салт – дәстүр. Той (үйлену) ғұрпы. Балалар ғұрпы. Жерлеу – еске алу ғұрпы. Қазақтардың отбасы – некелік қатынастары. Балаларды тәрбиелеуде этникалық дәстүр жүйесі. Қазақстанның әлеуметтік – нормативті этикеті. Дәстүрлі музыка. Халық мереклері және ойындары. Қазақтардың діни көзқарастары, сенімдері мен білімі. Исламға дейінгі наным – сенім. Тәңірге табыну. Шаманизм және бақсылық. Бабалар аруағына сенім. Қазақтарда исламның таралуы. өмірдегі түрлі халықтық білімдері – календар, аурудың емі, малды емдеу туралы түсінігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет