Америка құрама штаттары



Дата20.05.2023
өлшемі4.52 Mb.
#474021
ақш Дилфуза

  • Атажанова Дилфуза
  • ИСТ 18-5

Америка Құрама Штаттары

  • Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы — 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы.

Тарихы

  • Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды.

1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 

  • 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 

Мемлекеттік құрылысы

  • АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
  • Заң шығарушы: АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
  • Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
  • Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
  • АҚШ-да екі бас партия бар:
  • Демократиялық партиясы — 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
  • Республикалық партиясы — 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.

Қысқаша хронологиялық кесте

  • 16 ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы — үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге — резервацияларға ығыстырылды.
  • 17 ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды — отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет — Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.
  • 1776 — АҚШ тәуелсіз декларациясы жариялды

1812—1815 — АҚШ-Ұлыбритания соғысы

  • 1812—1815 — АҚШ-Ұлыбритания соғысы
  • 1819 — АҚШ Флорида штатын 5 млн. долларға сатып алады.
  • 1846—1849 — АҚШ-Мексика соғысы
  • 1861—1865 — АҚШ-ның азамат соғысы
  • 1867 — Ресейден Аляска штатын сатып алады
  • 1917 — АҚШ Бірінші дүниежүзілік cоғысқа кіріп, Антанта одағына қосылады
  • 1941 — Перл-Харбор инциденті. АҚШ Екінші Дүниежүзілік соғысқа кіреді
  • 1945 — Хиросима мен Нагасаки аттомдық шабуылы
  • 1950—1953 — Корей соғысы
  • 1962 — Кариб дағдарысы.
  • 1964—1973 — Вьетнам соғысы
  • 1969 — Ғарышкер Нил Олден Армстронг айға қонады
  • 1991 — Бірінші Ирак соғысы
  • 2001 — 11 қыркүйектің трагедиясы
  • 2003 — Екінші Ирак соғысы
  • Қазақстан егемендік алғаннан кейін АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнатылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет