Амишаева акбота шынтемировна қызылорда облысы суармалы алқаптарында күріштің экологиялық тиімді суару режимі



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі1.21 Mb.
#126141
1   2   3

Төртінші бөлімде күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимі ұғымына кеңінен түсінік берілген. Қазіргі экологиялық қысылтаяң кезде күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимін қалыптастыру мамандардың алдында тұрған кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ауылшаруашылық жерлерін мелиорациялауды қалыптастырудың мақсаттарына мелиоративтік шаралардың жүйелеріне сәйкес талаптардың белгілі жиынтығын орындау арқылы қол жеткізуге болады. Қысқасы, экологиялық тиімді суару режимін анықтаудың маңызы өте зор. Олай дейтін себебіміз, бұл аталған суару режимді қалыптстыру барысында алдымен су көлемі үнемделіп, осыған сәйкес егіске келіп түсетін тұз көлемі азайып, сонымен қатар, күріш егістігіне көршілес жатқан атыздарға да келетін зиянды әсерлер төмендейді. Мұның барлығы қазіргі кезде күріш егісінен мол өнім алудың бірден – бір тиімді жолы деп айтсақ қателеспейміз. Күріштің экологиялық тиімді суару режимі түсінігіне тоқталатын болсақ, біріншіден, суармалы сумен келетін химиялық заттарға байланысты күріштің Сонымен қатар, осы алқаптарда жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалған. Суару нормасы төмен болуы керек, өйткені суармалы жерде химиялық зиянды заттар аз болуы тиіс. Екіншіден, сонымен қатар, күріштік суармалы жерлерге және қоршаған ортаға да кері әсерлер төмен болу керек. Үшіншіден, экономикалық тиімді күріш өнімін алуды қамтамасыз ету керек. Осы жағдайлардың барлығы жинала келе күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимін анықтау қажеттілігіне саяды. Күріштің экологиялық тиімді суару режимі жөніндегі зерттеу жұмыстарын біз Қызылорда облысы алқаптары: Түгіскен алқабы, Қызылорда алқабы, Қазалы алқабында жүргізуіміз қажет. Қысқасы, күріш дақылынан жоғары да сапалы өнім алудың бірден – бір жолы – аталған дақылға қажетті су мөлшерін тиімді пайдалану немесе күріштің экологиялық тиімді суару мөлшерін анықтау.

Аталған жағдай ежелден ғалымдарды алаңдатып келе жатқан мәселелердің бірі. Осыған орай, көптеген ғалымдар Қызылорда суармалы алқаптарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тиімді суару режимдерін ұсынған. Күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимі жайындағы зерттеулерге түрткі болған жағдай, Сырдария алабындағы күріш егу мен суарудың кеңінен дамуына байланысты мелиоративтік, сушаруашылық, экологиялық жағдайдың күрт төмендеуі. Бұл өз кезегінде Сырдың төменгі ағысындағы әлеуметтік – экономикалық дамуды тежейтін мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, аймақ жерінің экологиялық – мелиоративтік жағдайына өзен суының сапасының төмендеуі де теріс әсерін тигізіп отыр.

Қызылорда суармалы алқаптарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз ұсыныстарын білдірген ғалымдарды төмендегіше атауға болады: В.М. Петрунин, К. Сергелбаев, В.М. Бутков, Н.А. Волконский, А.Г. Рау, Я.Д. Калинин, Г.Р. Серенко, Н.С. Горюнова, Е.М. Құтыбаев, К.Д. Ділімбетов, С.И. Қошқаров, Ә.Ә. Сағаев т.б. Барлық зерттеу жұмыстарының мақсаты бір – егіске пайдаланылатын су көлемін азайту, оған қоса егіс топырағына келіп түсетін тұз мөшерін кеміту болып табылады. Егер осы жағдайлар неғұрлым қалыпты деңгейде болса, онда соғұрлым дақылдан жоғары және сапалы өнім алуға мүмкіндік болады.

Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғалымдар дақылды суға қысқартып бастыруды ұсынған. Бұл мақсатта олар танаптардағы топырақ беттерін тығыздау және кольматациялауды, арамшөптері жоқ тұздалмаған топырақтарда күрішті қысқартылған және үзілісті сумен бастыруды ұсынды. Ал, кейбір зерттеулер тұзданған топырақтарда қысқартылған түрде суға бастырумен салыстырғанда күріш егістігін сумен тұрақты бастырудың артықшылығын растады. Сондай – ақ, бұл жерде суды қашыртқылауға қарағанда суды толық бастыру өте тиімді деп есептейді. Қызылорда оң жаға алқабында жүргізілген зерттеу нәтижелері тұзданған, аллювиальды, көл ойпаттарымен күрделенген жазықтықта қысқартып суға бастыруға қарағанда тұрақты суға бастыру кезінде өнімділік артатынын көрсеткен қосымша өнім (3 ц/га).

Негізінен экологиялық тиімді суару режимінің басты мақсаты – күріш дақылына берілетін су көлемін үнемдей отырып, егіске келіп түсетін сумен келетін тұз мөлшерін азайту, көршілес жатқан атыздарға да тигізетін зиянды әсерлерін азайту. Осы шараларды жинақтай келе шығатын қорытынды – қоршаған ортаға деген жүктемені азайту, яғни аз су көлемін жұмсап, мол әрі спаплы өнім өндіру.

Осындай көптеген зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, кейінгі кездері де ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондай зерттеулердің бірі Қызылорда облысы жағдайында күріштің экологиялық зерттеу жұмыстарын ұсынатын боламыз.



Бесінші бөлім бойынша жүргізілген ғылыми – зерртеу жұмысының нәтижесі баяндалған. Ғылыми – зерттеу жұмысының мақсаты – суармалы жерлердегі қолайлы су, жылу және тұздық режимдерді қамтамасыз ететін күріштің суару жүйелерінің режимін анықтау. Зерттеу жұмыстары Каз НИИ Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығының күріш алаңдарында жүргізілді. Костяков, Зайцевтың әдістемесі бойынша күріштің астындағы топырақтың сулы және тұзды режимдерінің құрамды бөлшектері тікелей өлшемдермен және бақылаулармен зерттелді. Зерттеу нәтижелері Доспеховтың әдістемесі бойынша қорытындыланды. Күріш алаңдарындағы қолайлы экологиялық – мелиоративтік шарттарды қамтамасыз ететін параметрлерді айқындауға қадам жасайтын алдан – ала нәтижелер алынды. Күріш атыздарындағы судың тереңдігі көпшілік жағдайда күріштік суару жүйесіндегі сулық, тұздық және жылулық режимдердің параметрлерін анықтайды.

Күріш атыздарындағы судың қабаты 16 – 20 см – ге тең болса, ол суару нормасының рационалды бірліктерінде қолайлы жылу режимін қамтамасыз етеді. Су қабатының қуатын 11 – 15 см – ге төмендету кезінде атыздағы судың жылу режимі ерекше нашарлайды, бұл күріш өнімділігі төмендейді дегенді білдіреді. Су қабатының 6-10 см – ге түсіру тұздық және жылулық режимдерін нашарлатады, бұл өз кезегінде күріш өнімділігін ерекше түсіреді деген сөз.

Негізінде көбінесе тұздылық көрсеткіші орташа және төменділігімен ерекшеленетін еск іжәне жаңа жерлер игерілді. Осы кезеңнің басында Сырдариядағы судың минералдылығы 0,3 - 0,4 г/л – ді құрады. Басқаша айтқанда, 1965 – 1975 жылдардағы суармалы жердің мелиоративтік шарттары толықтай қанағаттанарлық жағдайда болды.

Дегенмен, кейінірек 1980 – 85 жылдарда өзен суынң минералдылығы 1,4 - 1,7 г/л өсті. Судың химиялық құрамы өзгерді және нашарлады. Осының барлығы аймақтағы суармалы жүйелердегі экологиялық – мелиоративтік қатты ушықтырып жіберді.

Қазіргі кезеңде аймақта күрделі гидрогеологиялық шарттар қалыптасты, топырақтың су сіңіру қабілеті төмендеді. Коллекторлы – кәріз жүйесінің жағдайы суармалы жерлерден артық жер беті және жер асты суларын сапалы және уақытылы шығаруға мүмкіндік бермейді. Күріш суармалы жүйесі үлкен мелиоративтік салмақты айтарлықтай зиянсыз қабылдай алмайтындай жағдайда. Осыған байланысты, қазіргі кезде суармалы жүйелерде қолайлы жағдай жасау мәселесі мелиортивтік салмақты төмендетуді меңзейді.

Қазіргі кезде қолданылатын күрішті суару режимдері 35-40 жыл бұрын жасалған. Осыған байланысты оларда соңғы кездерде барлық жерде байқалатын гидрогеологиялық және топырақ – мелиоративтік шарттардың түбегейлі өзгеруі ескерілмеген. Күріштің суару нормасы қазір 27-30 мың.м3 гектарға дейін өсті.Бұл жағдайларда суармалы сумен бірге суарылатын алаңға 45-50 тонна тұз келіп түседі. Соған байланысты соңғы 30 жыл ішінде күріш ауыспалы егісінің әр гектарына тек қана суармалы сумен 675 тонна келіп түсті.

Осы жағдайлар қалыптасқан қиын топырақ - мелиоративтік шарттардағы күріш суару режимдерін зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, күріштің суару нормасын төмендететін және сүзгілік шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін күріш атыздарының суару режимін қалыптастыру мәселесін шешу керек болады. Аймақтың әртүрлі айнымалы суармалы алқаптарындағы су сүзгілеу процесін зерттеу Қызылорда облысының әрбір ірі суармалы алқабы үшін күріш суару режимінің экологиялық тиімді параметрлерін айқындауға мүмкіндік береді.

Кесте 36 – Су тереңдігіне байланысты күріш атыздарындағы сүзгілік шығындары


Атыздағы су тереңдігі, см


Пьезометрлік арын, м


Сүзгілік жылдамдық, м/тәул


Сүзілу, м3/га



Сүзгілік шығындардың айырмашылығы, м3/га

6-10

0,025

0,0050

4250

-1190

11-15

0,032

0,0064

5440

-

16-20

0,036

0,0072

6120

680

21-25

0,041

0,0082

6970

1530

26-30

0,042

0,0084

7140

1700

31-35

0,043

0,0086

7310

1870

Зерттеу жұмысы Қазақ күріш ғылыми–зерттеу институтының Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылық алаңындағы күріш картасының үшінші күріш ауыспалы учаскесінде жүргізілді. Күріш картасы жалпы көлемі 16,4 гектар болатын алты атыздан тұрады.

Қазіргі кезде күріш атыздарындағы түптенуден толық піскенге дейінгі тиімді тереңдігі 10-15 см болып есептелелі. Сондықтан, есептеулерде біз бұл тереңдікті қалыпты тереңдік деп алдық.
Сонда судың деңгейін 16-20 см дейін көтеру сүзгілік шығындардың 680 м3/га артуына әкеледі. Су тереңдігінің одан әрі артуы сүзгі шығындарының тағы да көтерілуіне себеп болады. 31-35 см – де су тереңдігінде сүзгілік шығындар жуық шамамен 1900 – 2000 м3/га артады.

Үш пьезометрлер бойынша бақылаулар бойынша бізге пьезометр орналасқан арықтағы пьезометр орналасқан нүктедегі су тереңдігіне байланысты пьезомрлік арынның динамикасын айқындайтын график алу мүмкіндігін береді. Пьезометрлердің жанындағы судың тереңдігі сәйкестігінше 6-10, 16-20, 26-30 см – ді құрады. Басқа тереңдіктер үшін пьезометрлік арын бірлігі осы график бойынша анықталды.

Қазіргі кезде күріш атыздарындағы түптенуден толық піскенге дейінгі тиімді тереңдігі 10-15 см болып есептелелі. Сондықтан, есептеулерде біз бұл тереңдікті қалыпты тереңдік деп алдық. Сонда судың деңгейін 16-20 см дейін көтеру сүзгілік шығындардың 680 м3/га артуына әкеледі. Су тереңдігінің одан әрі артуы сүзгі шығындарының тағы да көтерілуіне себеп болады. 31-35 см – де су тереңдігінде сүзгілік шығындар жуық шамамен 1900 – 2000 м3/га артады.

Күріштің толық пісу кезінде барлық әр атызға 27 метрлік қойылған болатын. Әрбір метрліктегі күріш дақылының массасын өлшеу техникалық таразы арқылы жасалды. Оның нәтижелері келесі кестеде көрсетілген.

11-15 см тереңдіктегі су қабатындағы дақыл өнімділігі 151 г құраса, 6-10 см тереңдіктегі өнімділік 192 г тең болды. Жоғарғы өнімділік 21-25 тереңдікте байқалды, өнім – 483г. Одан кейінгі жоғары тереңдікте күріш өнімділігі төмендей береді.

21-25 см қабаттағы өнімділік 614 г/м2 - ды құрады. Алайда алдаңғы нұсқаға қарағанда ацырмашылығы тек 28г. Біздің зерттеулерімізде минимальды қатысты орташа қателік – 8,2 %. Екі нұсқа арасындағы қателік тәжірибе қателігі шегінде болуда. Бұл дегеніміз – 16-20 см күрішті суға бастырудың оңтайлы қабаты.


Кесте 34 – Атыздағы су қабатының тереңдігіне байланысты күріш өнімділігі


Атыздағы су тереңдігі

Атыз нөмірі

Нүктелер саны

Метрліктегі дақылдың орташа өнімділігі,г/м2

Орташа қатысты қателік, %

Өнім қосындысы

г/м2

%

6-10

2,3,6

18

394

8,2

-

-

11-15

1,3,5

22

545

10,5

151

27,7

16-20

3,4,5,6

28

586

9,7

192

32,8

21-25

2,3,4

31

614

8,9

220

35,8

26-30

1,4,5

27

548

12,6

154

28,1

31-35

2,406

26

483

9,4

86

18,4

Кестедегі мәліметтер су тереңдігі бойынша топталған. Өнімнің есептік нүктесінің мөлшері 18 – 31 құрайды. Сәйкесінше сұрыптау бізде аз. Статистикалық есептеулер көрсеткендей, орташа және «тәжірибе қателігі» қатысты қателгі 8,2 – 12,6 % шамасында.

Күріштің төменгі мөлшердегі өнміділігі майда су жайылымына тән. Бұл оның тұздық, жылулық режимдерінің жақсаруымен түсіндіріледі. Зерттеулер жүргізілген күріштік карталардың елеулі ауданын, учаскенің кейбір топырақ көрсеткіштерінің шашыраңқылығын ескере отыра, зерттеу дәлдігінің толық қанағаттанарлық екендігін айтуға болады [70].
Кесте 35 – Метрлік топырақ қабатындағы ерімелі тұз құрамының динамикасы (алымында – вегетация басындағы тұз құрамы, бөлімінде – вегетация соңындағы)


Атыздағы су тереңдігі

Атыз нөмірі

Нүкте нөмірі

Тұз құрамы, %

Тығыз қалдық бойынша тұзды шаю, %

Тығыз қалдық


Хлоридтер


сульфаттар



6-10

3



0,548

0,034

0,361

0,044

0,504

0,024

0,375

11-15

3



0,481

0,048

0,294

0,075

0,406

0,026

0,274

16-20

4



0,513

0,061

0,368

0,111

0,402

0,038

0,286

21-25

3



0,380

0,039

0,211

0,079

0,301

0,019

0,174

26-30

4



0,491

0,046

0,285

0,106

0,385

0,022

0,224

31-35

4



0,441

0,063

0,245

0,087

0,354

0,035

0,216

6-10 см қабат тереңдігінде тығыз қалдық бойынша тұздалу 0,044 % құрады. Бұл көрсеткіш 11-15 см тереңдікте және 16-20 см сәйкесінше 0,0075 және 0,111% құрайды. Су тереңдігінің 26-30 см – ге дейінгі жоғарылауы тұздың 0,106% ға дейін төмендеуін туғызады. 21-25 см және 31-35 см – дегі су қабатында тұздың шайылуы 0,019 бен 0,087 % аралығында. Мұндай көрестілген тереңдіктегі тұзды шығарудың төменгі шамасы вегетациялық кезеңнің басында тұз құрамының аз шығысымен түсіндіріліледі.

Атыздағы су қабатының температурасы 16 – 20 см қарағанда 11 – 15 см – де артық болатынын, су шығынының 680 м3/га тең болатынын ескерсек, атыздағы судың 16 – 20 см су қабатын ұстап тұруды ұсынуға болады. Аймақтағы күріш атыздарының бетінің тегістігінің қазіргі жағдайы белгілі шамада есепке алынады. Көп жағдайда атыз бетінің тегіссіздігі ±5-10 см және одан да көп. Ол жағдайларда аз қуатты қабатты ұстап тұруға ұмтылу судың тартылуына немесе атыздардағы судың болмауына жердің мелиоративтік жағдайның нашарлауына әкеп соғады.

6-10 см қабат тереңдігінде тығыз қалдық бойынша тұздалу 0,044 % құрады. Бұл көрсеткіш 11-15 см тереңдікте және 16-20 см сәйкесінше 0,0075 және 0,111% құрайды. Су тереңдігінің 26-30 см – ге дейінгі жоғарылауы тұздың 0,106% ға дейін төмендеуін туғызады. 21-25 см және 31-35 см – дегі су қабатында тұздың шайылуы 0,019 бен 0,087 % аралығында. Мұндай көрестілген тереңдіктегі тұзды шығарудың төменгі шамасы вегетациялық кезеңнің басында тұз құрамының аз шығысымен түсіндіріліледі.

Жалпы бұл зерттеу жұмысының қорытындысы – су қабатының 16 – 20 см оңтайлы қабат болып есептелінеді. Осы қабаттағы ауа жылулығы 280С – ді құрады. Жоғарыда аталған қолайлы режимдер осы су қабаты тереңдігінде орын алған. Сондықтан да зерттеудің басты мақсаты – өңіріміздегі экологиялық жағдайға байланысты күріштің экологиялық тиімді суару режимін ұсыну дейтін болсақ, онда жоғарыда аталған жұмыстар қазіргі кезде қажетті жұмыстардың бірі десек болады.

Ғылыми – зерттеу жұмысының жаңалығы – бұл судың және топырақтың қолайлы тұздық және жылулық режимдерін сақтай отырып, күріш өскінін жетілдіру және оның өсуінің физиологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында күріш суару режимінің тиімді тереңдігін айқындау. Зерттеу жұмысын төмендегіше қорытындылауға болады:



  • Күріш танабының тұздық және жылулық режимдері су тереңдігіне байланысты. Оптималды тұздық және жылулық режимдер 11-15 және 16-20 см тереңдіктерде қалыптасады. Тереңдікті онан әрі арттыру суландыру суларының сүзілуге жоғалуының өсуіне әкеліп соқтырады. Су тереңдігі 6-10см болғанда жылулық және тұздық режимдерінің едәуір нашарлағаны байқалады.

  • Күріш танаптарындағы сулардың сүзілуі экологиялық реттегіш құраушы ретінде. Осы көрсеткіш жоғары болған сайын, топырақтың тұздық режимінің динамикасы жақсы. Бұл көрсеткіштің шамасы суармалы учаскенің табиғи және жасанды кәрізденушілігімен анықталады. Сүзілуге жоғалулардың артуы кәріздік-коллекторлық желілердің артық жүктемеленуіне, аумақ маңындағы грунт суларының көтерілуіне әкеліп соқтырады. Бұл бүтіндей аймақтың экологиялық жағдайына теріс ықпал жасайды.

  • Танаптағы судың 16-20 см тереңдіктердегі температуралық режимдері, 11-15 см қабат тереңдіктеріндегіге қарағанда жөнді. Сондықтан танаптағы су қабатын 16-20 см тереңдікте ұстау ұсынылады. Айта кету керек, бұл белгілі бір жағдайда аймақтағы күріш танаптары беттерінің қазіргі тегістік жағдайларын ескереді. Қазіргі кезде танап беттерінің бір тегіс еместігі көбіне ±5-10см және одан жоғары. Бұл жағдайда азғантай қабат қалыңдығына ұмтылуға, не танап бөлігінің едәуір бөлігінде судың болмауына әкеліп соқтырады. Ол жердің мелиоративтік жағдайын нашарлатуы мүмкін.

  • Оптималдықпен салыстырғанда 11-15 см қабат қалыңдығы өнімнің кейбір төмендеуімен ерекшеленеді. Бұл азаю 41 г тең, ол 7,5% құрайды. Сонымен, аталған нұсқалар арасындағы айырмашылық, егер танаптағы 16-20 см тереңдіктеріндегі тұздық және жылулық режимдердің динамикасының жақсы екенін есептемесек, өте үлкен емес.

  • Біздің есептеулеріміз бойынша күріштің экологиялық оптималды суландыру нормасы Түгіскен үшін - 23640 м3/га, Қызылорда үшін - 25100 м3/га және Қазалы суландыру алқабы үшін - 26330 м3/га құрайды.

  • Күріш танаптарының оптималды тереңдіктерін нақты негіздеу оларды физиологиялық факторлармен үйлестіруді жөн деп санайды. Алғашқы жылдың белгілі бір шамаларына қарай су тереңдіктерінің күріш өсімдігінің өсу және дамуының физиологиялық факторларына ықпалы толық зерттелмеді. Осыған байланысты екінші жылдың маңызды кезеңі аталған мәселелерді терең зерттеу болып табылады. Бұл әлі қазіргі вегетациялық кезеңнің климаттық смпаттамаларының орташа көпжылдық шамаларынан елеулі ерекшеленуімен түсіндіріледі.

  • Ғылыми зерттеу жұмысы қойылған тапсырмаларды толық шешу үшін зерттеудің келесі кезеңінде Түгіскен және Қазалы алқаптарындағы күріш танаптарынадағы сүзілуге жоғалуларды анықтайтын факторлар динамикасы егжей-тегжейлі зерттелуі тиіс.

Суармалы жерлердегі өнідірістің экономикалық тиімділігі келесідей көрсеткіштерді біріктіреді: өнім сапасы, жер және су беру, өнім өндірудің ұстанымдары және тағы басқалар. Негізіне суармалы жерлердің экономикалық тиімділігін мына көрсеткіштер арқылы анықтауға болады: таза пайда (дисконтты, яғни уақытқа келтірілген), пайда индексі (табыстылық), ішкі пайда мөлшері, құнын өтеу уақыты. Біз әрбір Қызылорда облысы суармалы алқаптары үшін дақыл орналасқан жер көлеміне байланысты және оның бүгінгі әрі жоспарлы өніміне сәйкес шаруашылыққа біздің ұсынысымызды енгізгеннен кейінгі қосымша өнім және оның бағасын есептеп шығардық. Сол кезде жалпы шығынымыз 1 856 000 000 теңгені құраса, қаржының қайтарылу уақыты 9 жылға тең болып отыр.

Үш түрлі суармалы алқап бойынша күріш егісінің ауданы және дақылдың қазіргі кездегі маусымдық суару мөлшерін ала отырып, ұсынылып отырған күріштің суару мөлшері есептелген. Сонда, ұсыныста көрсетілген суару режимдерін енгізгенде үнемделетін су мөлшері Түгіскенде – 42,7 млн.м3, Қызылорда алқабында – 98,6 млн.м3, Қазалы алқабында – 19,7 млн.м3 шамасында болды. Сонымен қатар, қосымша егілетін күріш егісінің ауданы Түгіскенде – 1800 мың.га, Қызылорда алқабында – 3900 мың.га, Қазалы алқабында – 750 мың.га. Тиісінше, алынған қосымша күріш өнімі аталған алқаптар бойынша кестеде көрсетілген шамаларға тең болды. Ал, қосымша өнімнің құны жалпы есеппен алғанда 1857 млн.тг – ні құрады.

Күріш егісінде тиімді суару режимін ұстау – сыр өңірінің ауыл экономикасының негізі болып саналады. Осыған байланысты біз күріш дақылын суаруда суды үнемдеп пайдалану жолын ұсынып отырмыз. Кестеде Қызылорда облысы суармалы алқаптарының ұсынылатын су көлемі арқылы үнемделетін су мөлшері көрсетілген. Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, аумақта қосымша күріш дақылын егуге болады. Қосымша түсетін пайда ауыл экономикасын көтеру жолында үлкен септігін тигізеді. Суармалы жерлердің экологиялық – мелиоративтік жағдайын жақсартуға кететін шығындар 18569316,0 теңболды.

Біз әрбір Қызылорда облысы суармалы алқаптары үшін дақыл орналасқан жер көлеміне байланысты және оның бүгінгі әрі жоспарлы өніміне сәйкес шаруашылыққа біздің ұсынысымызды енгізгеннен кейінгі қосымша өнім және оның бағасын есептеп шығардық. Сол кезде жалпы шығынымыз 1 856 000 000 теңгені құраса, қаржының қайтарылу уақыты 9 жылға тең болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет