Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар


- тарау. Монтаждау жұмыстарына қойылатын талаптар



бет3/4
Дата30.06.2016
өлшемі311 Kb.
#169054
1   2   3   4

11 - тарау. Монтаждау жұмыстарына қойылатын талаптар
150. Тоңазытқыш қондырғылар мен олардың түйінінің монтажы жобалық құжаттама бойынша жүргізіледі.

Монтаждау жұмыстарын жобадан жобалау ұйымының келісімінсіз ауытқумен орындауға рұқсат берілмейді.

151. Тоңазытқыш қондырғының жабдықтары мен түйіндерін монтаждауға қабылдаған кезде оларды қарау, жиынтығын және техникалық жағдайын тексеру жүргізіледі. Ақауы бар өнімдер монтаждауға қабылданбайды.

152. Кепілдік мерзімі өткен жабдықтар мен басқа өнімдерді монтаждауға оған тексеру жүргізілгеннен, ақаулар түзетілгеннен кейін рұқсат беріледі. Жүргізілген жұмыстар нәтижесі жабдық құжаттамасына енгізіледі.

153. Жабдықтар, өнімдер мен материалдар монтаждауға дейін дайындаушы құжаттамасы талаптарына сәйкес сақталады. Сақтау кезінде қарауға рұқсат беріледі, ішкі жағына шаң мен ылғалдың түсуін, зақым келуді болдырмайтын жағдайлар жасалады.

154. Маховикті қолмен істелетін тығыздамалы арматураны төмен қарай орнатуға рұқсат берілмейді.

Электр магнитті бұрандалар мен жетекті бұрандалар үшін аммиак қозғалысының бағыты бұранда корпусында көрсетілгенге сәйкес болады.

155. Құбыр өткізгіштер құбыр өткізгіштің меншікті салмағына, коэффициент қоры 1,2 хладагент пен жылу оқшаулауы салмағына есептелген тіреулер мен аспаларда жөнделеді.

156. Құбыр өткізгіштердің дәнекерлеу тоғысулары диаметрі 50 мм кем құбырлар үшін тіреулер мен аспалардан 100 мм кем емес, әрі 50 мм және одан үлкен құбырлар үшін 200 мм қашықтықта орналастырылады.

157. Құбыр өткізгіштердің жылумен оқшаулауы оларды беріктік пен тығыздыққа сынаудан және табылған барлық ақауларды түзеткеннен кейін жүргізіледі.

158. Тоңазытқыш қондырғылардағы дәнекерлеу жұмыстары оларды наряд-рұқсат бойынша аммиактан босатқан және ажыратқан кезде (ауамен немесе инертті газбен үрлеумен) жүргізіледі.

159. Аппараттарды, құбыр өткізгіштерді сынау (үрлеу) үшін сығылған ауаны немесе инертті газды (азотты) беру арнайы құбыр өткізгіш бойынша оны жеке бұрама арқылы аппаратқа немесе құбыр өткізгіш теліміне қосу мүмкіндігімен жүзеге асырылады.

Сыналатын (үрленетін) аппарат, ыдыс немесе құбыр өткізгіш бөлігінің оны жүйеден ажыратуға мүмкіндік беретін бекіту арматурасы болады.

160. Құбыр өткізгіштерді монтаждау кезінде Ру 10 МПа ( 100 кгс/см2) дәнекерленген жапсарсыз болат құбыр өткізгіш бөлшектері пайдаланылады.

Жайылған дәнекерлеу ауысуларын пайдалануға жол берілмейді.

161. Қолданыстағы тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайлары мен телімдерінде монтаждау жұмыстарын орындау кезінде (аммиак астындағы немесе жүйенің қалған бөліктерінен ажыратылмаған қолданылмайтын түйіндер шартында) наряд-рұқсат ресімделеді.



12 - тарау. Ыдыстарды (аппараттарды), құбыр өткізгіштерді сынау
162. Тоңазытқыш қондырғылардың ыдыстары, аппараттары мен құбыр өткізгіштері монтаждаудан кейін (іске қосылғанға дейін) пайдалану барысында кезеңді және қажетті жағдайларда (жөндеуден кейін немесе ұзақ уақыт, жылдан артық тоқтағанда) – кезектен тыс техникалық куәландырылуға жатады.

163. Ыдыстарды, аппараттарды және құбыр өткізгіштерді техникалық куәландыру кезінде:

сыртқы және ішкі қарау (люктер болған кезде)

ыдыстар (аппараттар) және құбыр өткізгіштердің беріктігіне, тығыздығына пневматикалық сынау жүргізіледі.

Ыдыстар (аппараттар) және құбыр өткізгіштердің беріктігіне, тығыздығына пневматикалық сынау бақылаудың акустика-эмиссиялық әдісімен немесе бұзылмайтын бақылаудың басқа да әдісімен жүргізіледі. Акустика-эмиссиялық әдіспен пневматикалық сынау бақылауы жағдайында:

аммиакты арту ортасы ретінде пайдалануға рұқсат беріледі (жұмысқа іске қосуға дейін сынауды қоспағанда);

кезекті куәландыру және техникалық диагностикалау кезінде сынау қысымының үлкендігін рұқсат берілетін жұмыс қысымымен анықтайды. Бұл ретте 1,05 Ржұм
орынд<1,25·Ржұм теңсіздігі орныдалады. Кез келген басқа жағдайда сынау қысымы осы Талаптың 4 - қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болады.

164. Ыдыстар мен аппараттарды техникалық куәландыру жүргізудің кезеңділігі:

сыртқы және ішкі қарау және жұмысқа кірісер алдында қысымды сынау;

сынаусыз сыртқы және ішкі сынау – 2 жылда 1 реттен кем емес;

сыртқы және ішкі қарау, қалыңдық өлшеу, сынама қысымын сынау – 8 жылда 1 реттен кем емес.

Кезекті ішкі қарауды ауыстыруға пневматикалық сынаумен 4 жылда бір рет акустика-эмиссиялық бақылау ілесуімен рұқсат беріледі.

Жинақталған түрде ұсынылған, құжаттамада сақталу шарттары мен мерзімі көрсетілген және олар сақталған қайтадан орнатылған ыдыстар мен аппараттар үшін іске қосу алдында тек қарау ғана жүргізіледі. Төзімділікке сынау жүргізу талап етілмейді.

Бұл жағдайда ыдыс немесе аппарат технологиялық схема құрамында есептіге тең ауамен немесе қысым астындағы инертті газбен тығыздыққа сыналады (4 - қосымша).

Қаптамалы құбырлы конденсаторлар мен буландырғыштарды куәландырудың көрсетілген мерзімдері таттану белсенділігі немесе суытатын суда немесе суық тасымалдағышта қайрақты қасиетпен механикалық қоспа табылған жағдайда қысқартылады.

165. Құбыр өткізгіштерге техникалық куәландыру өткізу кезеңділігі:

сыртқы қарау мен пайдалануға іске қосу алдында монтаждау жұмыстары аяқталған соң сынама қысыммен сынау;

сыртқы қарау 2 жылда 1 реттен жиі емес;

сырқы қарау және сынама қысыммен сынау - 8 жылда 1 реттен жиі емес.

166. Жүйені монтаждаудан кейін техникалық куәландыру кезінде (пайдалануға іске қосуға дейін) сынама қысымды осы Талаптың 4 - қосымшасына сәйкес анықтайды. Бұл ретте аммиакты жүктеу ортасы ретінде және аммиакты компрессорды ауалық ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді. Кезекті техникалық куәландыру және акустика-эмиссиялық әдіспен сынау бақылауы кезінде жүктеу ортасы ретінде газ тәрізді аммиакты мынадай шарттарда пайдалануға рұқсат беріледі:

ыдыстар үшін барынша үлкен сынау қысымы тығыздыққа есеп кезінде алынған қысымнан аспайды;

құбыр өткізгіштер үшін құбыр өткізгіш қабырғасы мен оның элементтерінің қалыңдығы ақаулы қалыңдықтан жоғары.

167. Аммиакпен шектелген зарядты (50 кг артық емес), жиынтықты жеткізілетін тоңазытқыш қондырғыларды куәландыру тәртібі мен мерзімі дайындаушының пайдалану құжаттамасымен регламенттеледі.

168. Ыдыстарды, аппараттар мен құбыр өткізгіштерді таттанудан сақтау құралдары мен жылумен оқшаулау егер оларда қаралатын өнімнің ішкі бетінің таттануы мүмкін сулану немесе ісініп кету іздері болса жойылады. Құбыр өткізгіштердің жапсарлары мен ернемектік қосылыстарының қарау үшін рұқсаты болады.

169. Монтаждаудан кейін (пайдалануға іске қосқанға дейін) беріктікке сынау кезінде сыналатын ыдыс (аппарат), құбыр өткізгіш (бөлік) басқа ыдыстардан, аппараттардан және басқа құбыр өткізгіштерден ернемектер шегінен 20 мм кем емес шығыңқы ілмекті төсемдері бар металл бітеуіштерді пайдаланумен ажыратылады. Бітеуіштер қалыңдығының қысымы есептіден 1,5 есе артық кездегі жұмысқа есептеледі.

Сыналатын ыдысты (аппаратты) және құбыр өткізгішті ажырату үшін бекіту арматурасын пайдалануға рұқсат берілмейді.

Сынау өткізу уақытында бітеуіштерді орнату орындары ескерту белгілерімен белгіленеді және олардың жанында адамдардың болуына рұқсат берілмейді.

Акустика-эмиссия әдісін және жүктеу ортасы ретінде аммиакты пайдаланумен кезеңді куәландыру және техникалық диагностикалау кезінде блокпен жеке технологиялық желілерді сынауға рұқсат беріледі.

170. Сынау жүргізу кезінде ыдыста (аппаратта) және құбыр өткізгіште орнатылған барлық бітеу арматурасы толық ашылады, тығыздама – нығыздалған, реттегіш клапандар мен өлшеу құрылғылары орнында монтаждау орауыштары орнатылады, бақылау-өлшеу аспаптары (бұдан әрі – БӨА) үшін барлық кесулер, штуцерлер, бобышкалар бітеледі.

Сынау қысымына есептелмеген БӨАжА аспаптары ажыратылады.

171. Сынау кезінде қысым тексеруден өткен және пломбыланған екі манометрмен бақыланады. Корпус диаметрі 160 мм төмен емес және қалыпты қысымы өлшенетін қысымнан 4/3 тең шкалалы нақтылығы біркелкі сыныпты манометрлер 1,5 төмен емес. Бір манометр ауа компрессоры алдында бекіту бұрандасынан кейін, басқасы – ауа компрессорынан барынша алыстатылған нүктесінде құбыр өткізгіш ыдысында (аппаратта) орнатылады.

172. Құбыр өткізгіштерді сынау кезінде сынама қысым үлкендігі айдау және сору жағы үшін құбыр өткізгіштің осы жағының ыдыстары мен аппараттары беріктігіне сынау қысымына сәйкес болады.

Жаңа жабдықтың барынша төмен жұмыс қысымы бар бұрын орнатылғанымен бірге жұмыс істеуі кезінде, сынау қысымы үлкендігі аз мәні бойынша қабылдайды.

173. Ыдыста (аппаратта), құбыр өткізгіште жүктеу ортасының қысымы қысымды минутына 0,1 МПа (кгс/см2) артық болмай көтеру жылдамдығымен сынаудың сынама қысымына дейін көтереді.

Сынаудың сынама қысымы 0,3 және 0,6 тең қысымға жеткен кезде, жұмыс қысымы кезінде қысымның артуы тоқтатылады және құбыр өткізгіштің, ыдыстың (аппараттың) сыртқы бетінің тексеруі мен аралық қарау жүргізіледі. Акустика-эмиссиялық ақпаратты жазу сынау объектісінің көрсетілген қысымға шыдауының барлық бойына жүргізіледі.

174. Ыдыс (аппарат), құбыр өткізгіштің сынау қысымы астында 5 минуттан кем болмай тұрып, ыдыстың (аппараттың, құбыр өткізгіштің) қысымы баяулап есептіге дейін оның тігістерінің және айыру қосылыстарының тығыздығын сабын ерітіндісімен немесе басқа тәсілмен есептеумен төмендейді.

Сынауды акустика-эмиссия әдісімен бақылау жағдайында дәнекерлеу тігістері мен ажырату қосылыстарының тығыздығын бағалау акустика-эмиссиялық бақылаудың тіркелген деректерінің талдауы негізінде аспаптар көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

175. Ыдыстар, аппараттар мен құбыр өткізгіштер жүйесін тығыздыққа сынау осы Талаптың 4 - қосымшасына сәйкес төмен және жоғары қысым жақтары бойынша жеке жүргізіледі. Тығыздыққа соңғы сынауды сыртқы және ішкі орта температурасын бірнеше сағат бойы (3-тен кем емес) тегістегеннен кейін жүргізеді. Сынау ұзақтығы 12 сағаттан кем емес, бұл ретте қоршаған орта температурасының ауытқуынан туындағаннан басқа қысымның өзгеруіне рұқсат берілмейді.

176. Ыдысты (аппаратты), құбыр өткізгішті беріктік пен тығыздыққа сынау нәтижесі егер сынау кезінде ажырау, көрінетін өзгеру, манометр бойынша қысымның түсуі болмаса және акустика-эмиссиялық бақылау (немесе бақылаудың басқа ілесетін әдісімен) нәтижесі бойынша оң қорытынды алынған болса қанағаттанарлық болып есептеледі.

177. Ыдыстарды, аппараттарды және құбыр өткізгіштерді пайдаланудың рұқсат берілген өлшемдерін көрсетумен техникалық куәландыру нәтижесін, келесі техникалық куәландыру мерзімдерін жабдық, құбыр өткізгіш паспортына куәландыру жүргізген тұлға жазады. Ыдысты, аппаратты, құбыр өткізгішті пайдалануға іске қосуға рұқсатты осы тұлға ыдыс, аппарат, құбыр өткізгіш паспортына жазады.

178. Пневматикалық сынаудан кейін пайдалануға іске қосу алдында қалдық қысым 0,01 МПа (0,1 кгс/см2) кезінде 18 сағат бойы вакуум астында болатын тоңазытқыш қондырғыны вакуумдеу жүргізіледі.

Қысымды бұл кезде әр сағат сайын тіркейді. Алғашқы 6 сағатта қысымды 50 % дейін арттыруға рұқсат беріледі. Қалған уақытта қысым тұрақты болады. Ыдысты (құбыр өткізгішті) пайдалануға рұқсат берілетін қысым Рорынд сынау қысымының жеткен деңгейімен анықталады. Егер сынау акустика-эмиссиялық бақылау ілесуімен жүргізілген болса, рұқсат берілген қысым Рорынд/1,05 артық болмайды.



13 - тарау. Жүйені аммиакпен толтыру
179. Тоңазытқыш жүйесін алғашқы толтыруға қажетті сұйық аммиактың жалпы мөлшері оның элементтерін толтырудың қосынды есебі негізінде жобамен анықталады. Бұл ретте жабдықтың ішкі көлемін сұйық аммиакпен толтыру келесі үлкендіктерден аспайды, %:

буландырғыштар:

қаптамалы құбырлы және көлденең құбырлы – 80;

иректүтікті және сұйықты бөлгіштің болуына қарамастан табақты құбырлы (панельді) – 50;

тоңазытқыш камералардың батареялары:

аммиакты жоғарғы берумен – 30;

аммиакты төменгі берумен – 70;

ауа суытқыштар:

аммиакты жоғарғы берумен – 50;

аммиакты төменгі берумен – 70;

конденсаторлар:

ресивермен қаптамалы құбырлы қабық бөлігімен толық көлем (тоғын) - тоғынның ресиверлі бөлігі;

сұйық аммиакты жинау көлемінің басқа түрлері – 80 %;

сұйықты бөлгіштер – 0;

ресиверлер:

желілі – 50;

айналмалы (тік және көлденең, сұйықты тіреуішті) – 15;

айнгалмалы (тік және көлденең, сұйықсыз тіреуішті) – 30;

қорғанысты – 0;

дренажды – 0;

сұйық аммиакты суытқыштар – 100;

екі сатылы сығу қондырғыларындағы аралық ыдыстар:

тік – 30;

көлденең – 50;

барботаж типті май бөлгіштер – 30;

сұйық аммиак құбыр өткізгіші – 100;

тікелей суытудың тоңазытқыш және плиталы аппараттары – 80;

біріккен буды сору мен сұйық аммиакты қотару құбыр өткізгіштері – 30.

Жиынтықты тоңазытқыш қондырғылар сұйық аммиакпен толтырылады және одан дайындаушы нұсқаулығына сәйкес босатылады.

180. Жүйенің хладагентпен толтыруға дайындығы монтаждау жұмыстары аяқталған және тығыздық пен беріктікке сынау жүргізілген соң, комиссиямен анықталады. Жүйені толтыру:

жалпы алмасу және авариялық желдету жүйесінің жұмысқа дайындығы;

объектінің оқытылған техникалық персоналмен жиынтықталуы;

персоналдың тыныс алу, дене мүшелерінің жеке қорғаныс құралдарымен және дәрігерге дейінгі көмек көрсету құралдарымен жабдықталуы;

жобалық, технологиялық және аварияны жою құжаттамасының болуы көрсетілетін актімен ресімделеді.

181. Тоңазытқыш жүйені аммиакпен толтыру кезінде жүйедегі сұйық аммиак мөлшері жобалық құжаттамада және технологиялық регламентте белгіленген үлкендіктен аспайды.

182. Сұйық аммиак сынамасын алу және оның сапасын тексеру осы мақсатқа арналған арматура арқылы тасымалдау ыдыстарында жүргізіледі.

183. Сұйық аммиакты құю операциясы газ қауіпті жұмыстарға жатады.

184. Құю желісінің сұйық аммиак құбыр өткізгіші сұйық аммиакты құю құбыр өткізгіші бөлігінің қайтадан герметизациялануы кезінде аммиакты тоңазытқыш қондырғының сұйық аммиак жинағышынан сұйық аммиактың кері тоғына кедергі келтіретін манометрмен, автоматты құрылғылармен жабдықталады.

185. Теміржол цистернасын тоңазытқыш қондырғының стационарлы желісіне қосу цистернаны өз ілмегінде тік ауыстыруды, түйісу желісін ыңғайлы қосу мүмкіндігі мен оның герметикалығын қамтамасыз ететін иілмелі болады. Түйістіру үшін:

ұзындығы 5 - 7 м, тізе немесе иректүтік түрінде иілген болат құбырдың шығыңқы бөлігінің көмегімен иілмелі түйісу;

металл емес материалдардан иілмелі қолғаптар;

шарнирлі бұрылу қосылыстары пайдаланылады.

186. Сұйық аммиакты автомобиль цистернасынан құю құю автомобилінің алынбалы құбыр өткізгіші арқылы жүзеге асырылады.

187. Пайдалану, кәуландыру, жөндеу, құю пунктері құбыр өткізгіштерінің алынбалы иілмелі және шарнирлі бөліктерін таңбалау тәртібі мен мерзімі олардың техникалық құжаттамасына сәйкес анықталады.

188. Сұйық аммиакты құю пункті аммиакпен газдану деңгейін бақылау жүйесі көрсеткішімен, цистернаның жылжу дабылдағышымен, аммиактың құюлуын тоқтатудың автоматты жүйесімен, авария салдарын жою мен тарату жүйесінің жылжымалы техникалық құрылғыларымен жабдықталады.

189. Тасымалдау ыдыстарында қалдық артық қысым олар толық босаған кезде 0,05 МПа кем емес.

190. Тасымалдау ыдыстарынан аммиактың ағуын болдырмау бойынша жұмыстар айыру қосылыстарын тығыздау орындарында, арматура бекіткіштерінде, арматураның түйіскен ақауларында және арматураны ауыстыруда ыдыста қысым атмосфералыққа дейін сығылғаннан кейін орындалады.

191. Сұйық аммиакты темір жол және автомобиль цистерналарынан құю алаңдарының бетон немесе бетон жабындары, дренажды тор немесе шұңқырларда цистернамен аварияны тарату және жою кезінде пайда болатын сұйық аммиак пен аммиакты суды құюға ыңғайлы еңістері болады.

Шұңқырлардың конструкциясы мен сыйымдылығы кәріз жүйесіне еркін құюлуын болдырмайды және жобалық құжаттамамен анықталады.

192. Құю пунктінде цистернаны стационарлы құбыр өткізгішке қауіпсіз және ыңғайлы қосу шарттары қамтамасыз етіледі. Персоналдың тасымалдау ыдыстарының арматурасына кіруге арналған платформасының жанбайтын құрылымы, регламенттелген жұмыстарды жүргізуге және авария кезінде эвакуацияға ыңғайлы болады.

193. Цистернаның объект аумағында болған барлық уақытында тәулік бойы бақылау ұйымдастырылады.

194. Цистернаны қарағаннан кейін цистерна жағдайы және құю бойынша жұмыстар жүргізу мүмкіндігі туралы, тіркеу кітабында сәйкес жазба жасалатын, цистернаның салмағы (нетто, брутто) және нөмірі белгіленетін жазбаша қорытынды жасалады. Аммиакты құю және қотаруды тіркеу бойынша кітап нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

195. Осы Талаптан ауытқу табылған кезде аммиакты цистернадан құюға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда ұйымда акт жасалады және құюшы ұйымға бұл туралы хабарланады.

196. Темір жол цистернасынан аммиакты құюды бастауға дейін локомотив өткізу нұсқары немесе қоршалған бағана артына қойылады. Ұйымның темір жолдарында өткізу нұсқары жылжымалы составтың кіру мүмкіндігін болдырмайды және құлыпқа жабылады.

197. Өткізу нұсқары жоқ ішкі теміржолдарда цистернадан 3 м кем емес қашықтықта бекіту сақтандырғыш бағанасы орнатылады. Рельс жолында цистерна дөңгелегі екі жағынан да тежегіш башмактармен бекітіледі. Құю кезінде және оған дейін цистерна ауыстырылатын қызыл түсті дабылдармен қоршалады және «Тоқта! Жол жабық. Аммиак!» жазуы бар 400600 мм өлшемді белгі орнатылады. Аммиакты құю алдында цистерна жерге түсіріледі және цистернаны жылжыту бұғаттауына қосылады.

198. Автомобиль цистернасы тежеледі және екі жағынан да тежегіш башмактармен қосылады, цистернаны жылжыту бұғаттауына бекітіледі және темір жол цистернасы қоршалады. Егер автомобиль цистернасын құю астына орнату ішкі автожолдармен қиысатын аумақта орындалатын болса, қауіпті аумаққа бөтен көліктің кіруіне кедергі жасайтын шаралар (кіру жолдарын бөгеу, күзет қою және басқа) қарастырылады.

199. Аммиакты құю операциясы алдында түсіру кезінде аммиактың (аммиакты судың) төгілуін жинау шұңқырлары босатылады, аварияны жою және тарату жүйелерінің техникалық құрылғылары жұмыс жағдайына келтіріледі.

200. Егер аммиакты құю жүргізілмейтін болса, цистернаны жүйеге қосылған қалыпта қалдыруға рұқсат берілмейді. Үзіліс болған жағдайда құбыр өткізгіштердің алынбалы бөліктері цистернадан ажыратылады.

201. Цистернадан аммиакты құю кезінде бөтен тұлғалардың болуына, отпен жұмыс жүргізуге, цистерна маңында шылым тартуға рұқсат берілмейді. Цистернаға жақын маңда өрт туындаған жағдайда оны өрттің таралуы мүмкін орыннан қауіпсіз орынға шығару қажет, ал тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда қауіптілік жойылмайынша су ағынымен сөндіруге тырысу керек.

202. Цистернаны құю желісінің стационарлы құбыр өткізгішіне қосу және оны ажырату бойынша операциялар тыныс алу мүшелері мен теріні жеке қорғау құралдарымен жүргізіледі.

203. Сұйық аммиак автомобиль немесе теміржол цистерналарынан тоңазытқыш жүйелеріне цистернада және тоңазытқыш жүйенің қабылдау бөлігінде қысымның әр түрлі әрекетімен құйылады. Бұл үшін қажетті қысымның құлауы аммиак буын компрессормен сору есебімен жүйенің қабылдау бөлігінде (булану бөлігі, айналмалы ресивер) алдын ала ваккумның пайда болу жолымен қамтамасыз етіледі.

Тоңазытқыш жүйені толтырудың жеткіліктілігі жүйенің қабылдау бөлігінде аммиак деңгейін көрсеткішпен бақыланады.

Аммиакты цистернадан толық қотару (босату) цистернаның бақылау арматурасынан сұйық аммиактың шығуының болмауымен анықталады.

204. Аммиак біраз немесе толық құйылғаннан кейін цистерна пломбыланады және цистернадағы аммиактың мөлшері туралы анықтама берумен тапсырылады.

Аммиакты құю бойынша барлық жұмыстар аяқталған соң тоңазытқыш қондырғылардың қабылдау бұрандалары жабылады және пломбыланады, қондырғының қабылдау бөлігі жабылады.

205. Аммиакты дайындау және құю бақылаушы тұлға басшылығымен жүргізіледі.

206. Аммиакты резервтегі ресиверлерге құю мына талаптардың сақталуымен жүргізіледі:

резервті ресиверлерді вакуумдеу осы қызметтерді атқаратын сұйықты бөлектегіштер немесе аппараттар (ыдыстар) арқылы компрессормен жүзеге асырылады;

резервті ресиверлер олардың геометриялық көлемінің 80 % артық болмай толтырылады.

14 - тарау. Тоңазытқыш қондырғыларын пайдалануға қойылатын талаптар

1 - параграф. Компрессорлар мен сорғылар
207. Компрессорды алғашқы рет, ұзақ тоқтағаннан, жөндеуден, профилактикадан кейін, авария алды аспабы іске қосылған кезде тоқтағаннан кейін іске қосу жабық сору вентильдерімен дайындаушы нұсқаулығына сәйкес қолмен орындалады.

Компрессорды іске қосу алдында компрессордан конденсаторға дейінгі айдау құбыр өткізгішіндегі барлық бекіту вентильдері ашық екендігіне көз жеткізіледі. Құрастырылған байпасты пайдаланумен компрессорды іске қосу кезінде компрессордың айдау вентилі жабылады, ал байпастың вентилі егер дайындаушы көрсеткен болса ашылады.

208. Тоңазытқыш қондырғының буландырғышынан сұйықты ажыратқыштан (немесе оны алмастыратын ыдыстан) аммиак буын компрессормен сорып алуға негізгі тоңазытқыш жүйеге негізделіп жұмыс істейтін зауытта дайындалған блоктық машиналардан басқаларға рұқсат берілмейді.

209. Компрессордың, сорғының тығыздамалы нығыздаулары арқылы аммиактың ағуы ол табылғаннан кейін дереу жойылады.

Жөндеу жұмыстары алдында компрессордың сору бетінің вакуумделуі жүргізіледі (жабық сору вентилімен қысқа мерзімді жұмыс). Одан әрі айдау вентилі жабылады, қалған аммиакты бір жағын компрессорда орналасқан вентильге кигізетін, ал екінші жағын суы бар ыдысқа (оның деңгейінде) салатын резеңке шланг арқылы шығарады. Судың компрессорға түсуін болдырмау үшін аммиакты шығару кезінде картердегі қысым атмосферадағыдан төмен түсуін болдырмай бақыланады.

210. Компрессормен сорылатын аммиак буын қыздыру бір сатылы және екі сатылы компрессордың жоғары қысым сатысы үшін 5°С және екі сатылы компрессордың төменгі қысым сатысы үшін 10°С кем болмайды.

Соңғысы мановкуумметрмен өлшенген осы аспаптың температура шкаласы немесе қаныққан аммиак буының кестесі бойынша сору қысымы үшін анықталады. Мановакуумметр шкаласының жоғарғы деңгейі 1 МПа (10 кгс/см2) артық емес, нақтылық сыныбы – 1,5 төмен емес.

211. Аммиакты тоңазытқыш қондырғы жұмысын тұрақты бақылау орындарында температура стационарлы орнатылған тұрақты қолданыстағы аспаптармен анықталады. Бұл жағдайда тасымалданатын аспапты пайдалануға рұқсат берілмейді.

Поршенді компрессорлар үшін, егер дайындаушы нұсқаулығымен басқасы қарастырылмаған болса, айдау температурасы 160°С, бұрандалы үшін - 90°С артық емес, көлденең баяу жүрісті компрессорлар үшін - 135°С артық болмайды.

212. Сұйық аммиактың поршенді компрессордың соратын құбыр өткізгішіне (қуысқа) бүркілуіне жол берілмейді.

Бұрандалы компрессорды егер бұл дайындаушымен қарастырылған болсасұйық аммиакты бүркумен пайдалануға рұқсат беріледі.

Дайындаушы көздемеген бүрку құрылғыларын орнатуға рұқсат берілмейді.

213. Компрессорда тарсыл пайда болған жағдайда машинист оны тоқтатады және машина бөлімінің тәуліктік журналына компрессордың тоқтау себебін жаза отырып, бұл туралы бақылаушы тұлғаға хабарлайды.

214. Қызу азайған және компрессормен айдалатын аммиак буының температурасы жылдам түскен кезде, сору беттері қабырғасының мұздануында (мұздану деңгейі артқанда) және дымқыл жүрістің басқа белгілері (поршенді компрессорда басылған тарсыл айдау клапандарында және майлау қысымының түсуі, ротационды көп күректіде жұмыс шуы сипатының өзгеруі және май бөлгіш деңгейінің артуы) пайда болғанда компрессорды жедел тоқтату, содан кейін вентильді реттейтін сору және айдау бекіту вентильдерін жабу, компрессордың дымқыл жүрісінің себебін жою қажет. Компрессорды келесі іске қосу алдында оның құбыр өткізгіші сұйықтың жиналу мүмкіндігінен босатылады. Тоқтатылған компрессордан аммиакты сору кезінде оның көйлектерінен суды төгу қажет.

215. Жеке тоңазытқыш қондырғыны жөндеуден және профилактикадан кейін, компрессордың жұмысындағы ақауы салдарынан мәжбүрлі тоқтауынан кейін қайтадан іске қосуға бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатынан кейін жүзеге асыруға болады.

Аммиактың берілу мөлшерін қолмен реттегіш құрылғысы бар бұрандалы компрессорды іске қосу алдында осы құрылғының көмегімен барынша аз өнімділік орнату қажет.

216. Тоңазытқыш қондырғы жұмысының қысқы уақыттағы үзілісі кезінде және су қатуы мүмкін жағдайларда оны цилиндирдің суыту көйлектері мен компрсессор тығыздамасынан, су сорғылардан, жабық түрдегі конденсаторлардан, қайта суытқыштардан және басқа аппараттардан, жүйенің ең төменгі нүктелерінде түсіру крандары арқылы су құбыр өткізгіштерінен түсіру қажет.

217. Жабдықтың барлық қозғалатын және айналатын бөліктері (маховиктер, иіндер, жалғастырғыштар, берулер және басқалар) тегіс немесе торлы, алынатын және жылдам бөлшектелетін қоршаулармен жабылады.

Қоршау жіктері мен бөлшектері қатайтылады және жеткілікті беріктігі мен қаттылығы болады.

218. Электр жабдықты тоқсыздандыру және оны бөтен тұлғалардың іске қосуына қарсы шаралар қабылдау машинаның қозғалатын бөліктері толық тоқтағаннан кейін қол жеткізуге болады.

Поршенді компрессорда желілі саңылау иінді қолмен бұрау кезінде өлшенеді.

219. Компрессорды суытуға арналған су егер дайындаушы басқа шекті мәндерді көздемеген болса, кірер жерінде 10°С төмен емес және цилиндр көйлегінен шығарда 45°С артық емес температурада болады.

220. Тоңазытқыш аммиакты компрессорларды майлау үшін тек соған арналған майлар ғана пайдаланылады.

Компрессордың әр типіне арналған майлау майы дайындаушы нұсқаулығында көрсетілгенге сәйкес болады.

221. Автоматты режимде жұмыс істейтін компрессорлар мен сорғыларда, көрінетін орындарда «Абайла! Автоматты түсіріледі» ескертпе белгісі ілінеді.

222. Аммиакты компрессорларды монтаждау және жөндеуден кейін тексеру мен жүргізіп жаттықтыру дайындаушы нұсқаулығына сәйкес орындалады.

223. Тікелей суытудың оның үстінен орналасқан сұйықты бөлгіш арқылы тікелей суытуымен сорғысыз басылған жүйелері бар қолданыстағы тоңазытқыштарда жүйеден компрессордың лақтыру желісіне жылу жүктемесі артқан кезде сұйық аммиак деңгейін ұстап тұруға рұқсат берілмейді.

Егер суыту құрылғысына сұйық аммиакты берудің көрсетілген схемасын өлшеу мүмкін болмаса, онда компрессордың алдына қорғанысты ресивері бар немесе сұйықты бөлгіш қызметін қоса атқаратын қосымша (құрғақ) сұйықты бөлгіш орнатылады.

224. Тоңазытқыш жүйеге қосылған аммиакты сорғыны пайдалану дайындаушы нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

225. Әрбір іске қосу алдында сорғы қаралады, ол ақаусыз жағдайда екендігіне көз жеткізіледі және объекттің тәуліктік жұмысы журналындағы жазбалармен таныстырылады.

226. Аммиакты сорғыны алғашқы іске қосу алдында немесе оның ұзақ уақыт тоқтап тұрғанында: бұл агрегаттың сұйық хладагентпен толтырылуын қамтамасыз етумен (бұл ретте жұмыс қуысы) сору және ағын желілерде вентильдер ашылады; ағын желісінде вентиль тірелгенге дейін жабылады және кейін қарай бір бір жарым айналымға бұрылады; сорғы іске қосылады; ағын бойынша тұрақты ағынға шыққан соң ағын ағын келте құбырында вентиль көмегімен реттеледі.

227. Аммиакты сорғыны іске қосуға болмайды:

жабық вентильдерде оған кірер және шығар орындарда;

сорғыны сұйық хладагентпен жартылай толтырғанда;

жалғастырғыштың қорғаныс қабаты болмағанда (сорғы мен электр қозғалтқыш арасында ілінісу жалғастырғышы бар агрегаттар үшін).

228. Сорғы дереу тоқтатылады, егер:

ағын қысым құласа немесе ағын мен сору қысымының әр түрлілігінде (автоматика аспабы болмағанда немесе бас тартқанда);

агрегаттың тығыз болмауы арқылы аммиактың ағуы пайда болғанда;

манометр, кері клапан, автоматика құралдарының ақаулығы табылса.

229. Аммиакты сорғыда профилактикалық жұмыстар агрегат толық тоқтағаннан, электр қоректену ажыратылғаннан, іске қосу құрылғылары мен вентильдерде плакаттар ілегеннен, объект жұмысының тәуліктік журналында жазба жазылғаннан кейін жүргізіледі.

230. Аммиактың ағуымен байланысты сорғылардың ақауы дереу жөнделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет