«АҚмола облысы білім басқармасының КӨкшетау қаласы бойынша білім бөлімі көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі»



бет4/5
Дата15.12.2023
өлшемі3.59 Mb.
#486675
1   2   3   4   5
ырыскул аяулым портф (2)

СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ

Аудақызы Ырыскул 1 курс студенті Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№19 орта мектеп» мекемесінде 17.01.2023-25.04.2023 аралығында үздіксіз педагогикалық практикадан өтті. Ол


9 «б» сыныбында практикант болып бекітілді. Өзіндік ерекшеліктері-іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият. Практика барысында өзін тек жақсы жақтарынан көрсетті..Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Оқу практика барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс жасауы жоғарғы дәрежеде деуге болады. Қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі.Ол өзінің тиянақтылығын, ұқыптылығын көрсете білді. Мінезі ашық жарқын, оқушылармен тез тіл табыса алатын, жұмысына тиянақты қарайтын қыз. Ырыскул болашағынан зор үміт күттіретін студент. Аудақызы Ырыскул тапсырылған жұмыстарды уақыты орындап, сынып сағаттарын өткізуде оқушылармен кері байланыс орната алды, іскер жақсы маман бола білетін студент. Мен оның мықты педагог болатынына сенемін.

Сынып жетекшісі: Бейсенова А.И


СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ

Ахметжанова Аяулым Нүркенқызы 1 курс студенті №19 ЖОББМ те 17.01.2023 ж-25.04.2023 ж аралығында үздіксіз оқу практикасынан өтті. Аяулым 9 «Б» сыныбына практикант болып бекітілді.Іс-тәжірибе барысында Аяулым өзін жақсы жағынан көрсете білді.Оның еңбекқорлығы,өзі ісіне адалдығы,жауапкершілігі ,өз мамандығын таңдауда қателеспегені мені тәнті етті.Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,ашық мінезді,өз жұмысына тиянақты.Берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап отырады.


Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.Сынып сағаттарын өткізуде ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сынып сағаты жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылардың құрметіне ие болды.Практика кезінде Аяулым «Кәсіптік бағдар беру», « 1 сәуір-Азаматтық қорғаныс күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сынып сағатын үлкен дайындықпен келіп өткізді. Болашақта Аяулымнан білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін.

Сынып жетекшісі: Бейсенова А.И




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет