Ақмола облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Көкшетау қ. 2009 жыл мазмұНЫ



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/5
Дата22.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5


Ақмола облысы

мәдениет басқармасының

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Көкшетау қ.

2009 жыл


МАЗМҰНЫ

I . Ақмола облысы мәдениет басқармасының миссиясы мен көрінісі 3

Облыстық мәдениет басқармасының көрінісі – облыс аумағында әлемдегі бәсеке неғұрлым қабілетті мемлекеттер стандарттарына жауап беретін жалпыұлттық заманауи мәдени - ақпараттық орта. 3

II . Ағымдағы жағдайды талдау 3

III . Қызметтің стратегиялық бағыттары, Мәдениет басқармасы дамуының стратегиялық мақсаты және маңызды мақсаттық индикаторлары 7

3.2 мақсат Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру 7



IV. Басқарманың функционалдық мүмкіншіліктері және мүмкін тәуекелдері 15

V . Нормативті-құқықтық база 17

VI. БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР 18

I . Ақмола облысы мәдениет басқармасының миссиясы мен көрінісі




Мәдениет басқармасының миссиясы – тұрғындарға мәдениет саласында сапалы және қолайлы қызметтер ұсыну.

Облыстық мәдениет басқармасының көрінісіоблыс аумағында әлемдегі бәсеке неғұрлым қабілетті мемлекеттер стандарттарына жауап беретін жалпыұлттық заманауи мәдени - ақпараттық орта.



II . Ағымдағы жағдайды талдау





Сала инфрақұрылымының жағдайы

Мәдениет мекемелерінің жүйесі: 681 мемлекеттік мәдениет ұйымы:

11 мұражай, 391 кітапхана, 269 клуб, 2 театр, 1 концерттік ұйым, 1 кинотеатр, 4 киноқондырғы, ОХШО, Тарихи-мәдени мұрны пайдалану және қорғау орталығы. 2005 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің жүйесі 23 ке артты.



Мәдениет мекемелерінің қызметі:

- 492 спектакль қойылды, 154 концерт өткізілді, 2 мың мұражай экскурсиясы, 300 лекция, 360 тарихи және мәдени ескерткіші жайластырылды.

- 6000 экспонат қалпына келтірілді, 13216 экспонат сатып алынды, 125 мақала басылды, кітапханаларда 4000 кітап көрмесі, 200 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шаралар: 10 облыстық фестиваль және 1 театр фестивальі, 7 облыстық байқау.

Облыстағы мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық

базасын нығайту

2008 жылы 204883,0 мың теңгеге негізгі жабдық сатып алынды, ол 2005 ж.

182%, 2006 ж. 180,8%, 2007 ж. 135% құрайды.

105621,0 мың теңгеге мәдениет нысандарына күрделі жөндеу

жүргізілді, ол 2005 жылғы көрсеткішке қарағанда 86624 мың теңгеге

және 2006 жылғы көрсеткішке қарағанда 45223 мың теңгеге артық.



Қаржыландыру

2006-2008 жж. облыс бойынша қаржыландыру 4,159 млрд. теңгені құрады:

2006 жылы – 1,038 млрд. теңге, 2007 жылы – 1,574 млрд. теңге, 2008

жылы – 1,547 млрд.


Саланың ағымдағы және перспективалық мәселелері:

- біріншіден, Қазақстан халқының тарихи - мәдени мұрасын зерделеу, дамыту және танымал етудің жеткіліксіз деңгейі.

- екіншіден, мәдениет саласы инфрақұрылымының дамуының төмен дәрежесі, ол өз кезегінде нормативтік-құқықтық базаның жетілмегеніне және өңірлердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытудың төмен деңгейіне, мамандандырылған кадрлар мен мәдениет мекемелерінің тапшылығына әкеліп соқтырады.



- үшіншіден, өңірлердегі мәдениет мекемелері желісін дамытудағы үйлеспеушілікке байланысты мәдениет мекемелері көрсететін қызметтерге облыс халқының біркелкі қол жеткізе алмауы.

- төртіншіден, шетел өндірушілерінің қызмет көрсету рыногындағы басымдығына байланысты мәдениет саласындағы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы.


Мәдениет басқармасының таяудағы жылдарға міндеттері «Қазақстан 2030» стратегиясының ережесін насихаттау, «ҚР Мәдениет туралы» Заңының шеңберінде мемлекеттік саясатты іске асыруды күшейту, тарихи – мәдени мұраны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, шығармашылық бастаулар мен мәдени – демалыс қызметін жетілдіруді қамтамасыз ету. Осы міндеттер атқарушы органдар жүйесіндегі идеологиялық ведомство ретіндегі басқарма дәрежесін анықтайды.

Осыған байланысты таяудағы жылдарға басқарма қызметі бірқатар тенденциялармен байланысты болады.
Біріншіден, кәсіби өнерді, халық шығармашылығын бұдан әрі дамыту, мемлекеттік желіні сақтау және дамыту, мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базаларын нығайту.

Аталған тенденция шет елдік үлгілермен бәсекелестікке қабілетті отандық мәдениет өнімдерді шығаруды арттыруға баса назар аударуды талап етеді.


Екіншіден, бұл мәдениет саласында кадр саясаты мәселесін шешу мен жүзеге асыру, білікті мамандарды тарту жұмыстарын жандандыру, дарынды жастарды қолдау.

Аталған тенденцияны бір ізді және жүйелі шешімдерді талап ететін, мәдени – ақпараттық саланың даму мәселелерімен тығыз байланыста қарастыру қажет.

Көрсетілген мәселелер аясында басқарма жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында басқарудағы жаңа қадамдар жасау қажеттілігі ерекше маңызға ие болып отыр.

Біріншіден, салалық инфрақұрылымды оның рөлін өзгертумен байланысты түпкілікті жаңарту қажет.

Бүгінде Мәдениет басқармасы тарапынан аймақтарда мәдениет саласындағы саясатты жүзеге асыруға жауапты органдардың қызметіне орнықты әсер ету механизмдері жоқ.

Сыртқы инфрақұрылым – жергілікті өзін-өзі басқару органдары, құрылымдық ұйымдар мен мекемелер - басқа маңызды рөл орындауы тиіс.

Жаңа ұстанымдарға сапалы өту мәдени-ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуында Басқарма инфрақұрылым субъектілеріне атқарушы өкілеттіліктерін беруінен көрініс табады.


Екіншіден, саладағы нарықтық механизмдердің дамымағандығы.

Аталған мәселені шешу үшін нарықтық инструменттердің толық спектрін қалыптастыру және дамыту қажет.

Саладағы бәсекелестікті дамыту бәсекеге қабілетті өнім шығару үрдісін ынталандыратыны анық. Ол ішкі мәдени-ақпараттық кеңістік сапасын көтереді және әлемдік мәдени-ақпараттық ортаға толыққанды енуге жағдай жасайды.
Үшіншіден, басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Дамудың қазіргі сатысында басқарудың жаңа жүйесі келесі ретте сипатталуы керек: біріншіден, салаларды және барлық мәдени-ақпараттық кеңістікті мөлдір және тиімді әкімшіліктендіру;



екіншіден, облыс кеңістігінің операторы және әкімшісі қызметін тиімді атқаруға мүмкіндік беретін басқарудың мақсатты көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылатын және нәтижеге негізделген бағдарламалы - мақсатты үлгісін енгізу.
Төртіншіден, жалпы мемлекеттік даму Стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық мүдделі топтардың бірігуі қажет.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет