Лимфа айналымы: Лимфа жүйесінің тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеде тармақталып жатады да, ұлпалардан қанға судың онда еріген кристаллоидтардың коллоидты ерітінділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торынан басталып, ағзалық майда тамырлар шумағын, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ және ірі лимфа тамырларын, негізгі лимфа бағандарын, лимфа түйіндері мен дененің басты лимфа өзектерін қамтиды. Лимфа өте баяу жылжиды. Баяу жылжуына қарамастан, лимфа тамырлары арқылы тәулігіне өте көп мөлшерде ұлпадан өтеді.
Журектің циклі
Жүректің негізгі қызметі қанды қозғалтып, оның тамырлармен айналуын қамтамасыз ету. Бұл жұмысты ол еттерінің жиырылу (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарады. Жүрек еттері жиырылғаңда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады және артерия мен вена жүйелерінде кысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жылжуын қамтамасыз етеді. Жүрек еті босаңсыған кезде жүрек куыстарындағы қысым күрт төмендеп, қан веналардан жүрекшелерге сорылады, ал жүрекшелер жиырылғанда қан карыншаларға құйылады. Босаңсыған жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде болады, оны журек үзілісі дейді.
Жүрек етінің бір рет жиырылып, босаңсуын және тыньш жағдайынан өтуін журек айналымы (циклы) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Айта кетер жәйт, Кис-Фляк түйінінің орналасу жағдайына сәйкес оң жүрекше сол жүрекшеден 0,01 сек, ал жүрекшелер қарыншалардан 0,1 сек бұрын жиырылады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарыншаларға құйылады. Бұл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері өте алмайды, себебі бұл тамырлардағы жоғары қысымның әсерінен жарты айшық қақпақшалар жабылып қалады.
Одан әрі жүрекшелер қабырғасының еттері босаңсып, қарыншалар жиырылады. Осының нәтижесінде қарыншалар куысындағы қысым тез көтеріліп, қос және үш жармалы қақпақшалар жабылады да, жүрекшелер мен қарыншаларды қосатын тесіктер жабылады. Бұл кезде айшық қапақшалар да жабық күйінде түрады. Одан әрі жүрек етінің изометриялық жиырылуының (ет талшықтарының ұзындығын өзгертпей ширьғуы) нәтижесінде қарыншалар қуысындағы қысым артериялардағы қысымнан артып кетеді. Осы кезде жарты айшық қақпақшалар ашылып, қарынша қабырғаларының еттері ауксотониялық жиырылуға көшеді де (ет талшықтарының ұзындығы да, кернеу күші — тонусы да өзгереді), қан артерияларға құйылады.
Жүректің бір айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі — диастолалық кезең.
Систола кезінде ширығу (кернеу) және қанды құю кезеңдері байқалады. Ширығу кезеңі екі сатыда етеді. Олар — асинхронды жиырылу және изометриялық жиырылу. Ал қанды құю кезеңінде қанды құюдың пәрменді және баяу сатылары байқалады.
Диастола кезінде босаңсу және толу кезеңдері атқарылады. Босаңсу кезеңінде протодиастола (босаңсудың басынан жарты айшық қакпақшалар жабылғанға дейінгі мерзім) және изометриялық босаңсу сатылары болады. Толу кезеңі жылдам толу, баяу толу сатылары мен пресистоладан (жүрекшелер жиырылуымен байланысты толу) тұрады.
Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады. Қанның әр түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әр түрлі. Қан едәуір, шамамен,5 м/с жылдамдықпен қолқамен ағады. Әрі қарай жылдамдығы төмендейді де, артерияда 0,25 м/с,капиллярда 0,5 мм/с құрайды. Қанның қолқа мен капиллярда ағу жылдамдығының үлкен айырмашылығы-бұл тамырлардың әр түрлі бөлігінде жалпы қимасының кеңдігінің бірдей еместігіне байланысты. Қан ағатын ең тар бөлік-қолқа, ал ең кеңі-капиллярлардың жиынтық арнасы. Біздің денеміздегі барлық капиллярлардың жиынтық арнасы қолқа арнасынан 800-900 есе асып кетеді.Капиллярда аз жылдамдықпен ағуға байланысты қан ұлпаларға оттек пен қоректі заттарды беріп,олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін алып үлгереді. Капиллярда қан ағысының баяулауы олардың адам денесіндегі көп мөлшерімен түсіндіріледі(ә млрд капилляр құрайды). Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері артерияға қарағанда көп,ал вена арнасының жалпы кеңдігі артерия арнасынан едәуір асып кетеді.Жүрекке жақындаған сайын қанның венада ағу жылдамдығы артериядағыға қарағанда төмен. Вена қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқа және серпімділгі аз.Кейбір веналардың қабырғасында бұлшық ет қабырғасы жоқ. Бұл кезде қанды тек жүрекке қарай өткізетін,оның кері қайтуыына кедергі келтіретін аяқ және қол веналарының қабырғаларының қақпақшалары зор рөл атқарады. Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да, ішкі мүшелер қысмы да әсер етеді.Бұлшық еттер жиырылғанда венаны қысып,ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды. Қанның тамырлармен қозғалуы
Достарыңызбен бөлісу: |