Аудандық балалар кітапханасы



жүктеу 74.33 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі74.33 Kb.
Аудандық балалар кітапханасы
1973 жылдың қаңтарында Сайқын балалар кітапханасының 2758 дана кітап қоры, 1976 жылдың тамыз айында Орда аудандық балалар кітапханасының 2550 дана кітап қоры болды.

14 жыл бойы кітапхананың түпкілікті орны болмауынан мектептердің, басқа мемлекеттік мекемелердің бір бөлмесінде орналасып келген.

1990 жылы аудандық балалар кітапханасы аудандық РАПКОП (сауда) мекемесінің ғимаратымен қабырғалас болатын, сол жылдың ақпан айының аяғында мекемеден өрт шығып, 10 000-нан астам бай кітапхана қоры өртеніп кетті. Сол жылдың жаз айында сол кездегі мәдениет бөлімінің меңгерушісі Нарынбек Мамаев сол уақытта жаңадан пайдалануға берілген. Мәдениет бөліміне арналған жаңа мекеменің бір бөлігін кітапханаға берді.

1998 жылы ғана аудандық кітапханаға (бұрынғы аудандық балалар бақшасы) жаңа орын берілді. 300 шаршы метр көлемді 30 орындық оқу залы бар жаңа ғимарат жаңа кітап қорымен толықтырылып, қалыптастырылды.

Аудандық балалар кітапханасының жетекшісі болып әр жылдарды атап айтқанда: 1976-1980ж.ж. Орда балалар кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып Б.Доскалиева;

1980 -1982 ж.ж. Н.Букенова (Сисенова)

1983-1990 жж.А. Темрешова

1990 – 1993 ж.ж. М.Елегенова,

1993 – 1998 Ж.Еркегалиевалар өз қызметін адал атқарды.

1998 жылдан осы уақытқа дейін аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып, арнаулы орта кітапханашылық білімді, осы мамандықта 36 жылдан астам еңбек стажы бар Шапенова Төреғаным атқарып келеді.

Аудандық балалар кітапханасы әдістемелік орталық болып саналады, қазіргі кезеңде кітапхананың ролін арттыруда кітапхана оқырмандары кеңінен тарту бағытында, кітапхана қызметкерлері оқырмандармен әртүрлі үйірмелер ұйымдастырды. Сондай-ақ «Әуесқой өлкетану үйірмесі» жұмыс істейді.

Кітапхана шежіресінен
1985 жыл. Кітапханада «Жас өлкетанушылар» мен «кітап сүйер» клубтары ашылып, үздіксіз жұмыс жасады. Кітапханада Ұлы Жеңіске 40 жыл толу құрметіне соғыс ардагерлері –Абдулов Ғұмар, Сисен Кенжегалиев, М.А.Абдуловтармен кездесу кеші өтті.

1986 жыл. Кітапханада ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 140 жасқа толу мерейтойына орай «Жамбыл жырдың желісі» атты апталық өтті.

1987 жыл. Кітапханада «Орда ақындар жырында» атты аудан ақындары Мақсот Молдағалиев, Болат Наурызғалиев, Бауыржан Бисенов, Нұфтолла Коблановтармен кездесу кеші өткізілді.
1989 жыл. Кітапханада мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-2 сынып оқушылары үшін «Ертегілер әлемінде» бұрышы ашылды.

1994 жыл. «Орда- менің атамекенім» атты поэзиялық кездесу кеші аудан ақындары Н.Қобланов, Н.Калиев, К.Балабасовтармен өтті.

Ұлттық валюта күніне орай балалармен еңбек туралы, адал ақша туралы, ақшаның шығу тарихы туралы әңгіме өткізілді.



1995 жыл. Ұлы Жеңіске 50 жыл толуына орай аудан ардагерлері Қажен Еляев, Құрман Төлешов, Сарсенгалиев Мұқтар аталармен кездесу өткізілді.

1996 жыл. «Ар-намысым, қасіретім желтоқсан» тақырыбына тақырыпты кездесу кеші өткізілді.

1998 жыл. «Тарих таным бастауы-өлкетану» атты театрландырылған музыкалық кеш ұйымдастырылып, «Өшпес өмір- өшпес жыр» атты оқырман конференциясы Т.Жароковтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді. «Тарихи зердененің нәрлі қайнар көзі ешуақытта сарқылмайды» тақырыбында мәдениет үйінде ғылыми–практикалық конференция оздырылды. Аталған конференцияға аудандық балалар кітапханасы белсенді түрде қатысты. «Астана-бас қалам» атты стендесі, «Тағдырымыз тағдырлас», «Алыстағы бауырлар» атты тақырыпты кештер тартымды өткізілді.

1999 жыл. Қаныш Сәтпаевтың толғанына 100 жыл, А.С.Пушкиннің толғанына 200 жыл толуына орай «Ғасыр перзенттері» атты тақырыпты кештер, орыс ертегісі «Бауырсақ» қойылымдарды тартымды өткізілді.

2000 жыл. «Барыс елдің баласы күшті болу керек» тақырыбында апталық ұйымдастырылып, оқырмандармен салауатты өмір салтын «спорт- сенің серігің», «Шынықсаң-шымыр боларсың» атты тақырыпты кештер, ертеңгіліктер оздырылды.

2000 жылдың І тоқсанында. Мәдениетті қолдау жылындағы «Қомқор» атты бүкіл халықтың мәдени акцияға аудандық балалар кітапханасы белсене қатысты. «Кітапханаға кітап сыйлық» қозғалысына аудандық балалар кітапханасына беташар өткізілді. «Бізге сыйланған құнды кітап» деген тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылды. Айдан орталығындағы оқырман жинақтаған 600 ден астам кітаптан 100 –ге жуық кітап қорға қосылды.

2000 жылы 22 сәуірде «Сәбит Мұқанов –балалар» атты апталық өтті. М.Мағауинның «Бір атаның балалары» атты шығармасына талдау ретінде оқырман конференциясы өткізілді. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 55 жыл толу мерекесіне орай аудан ардагерлері М.Хайрова, Ж.Қадыров, З.Хасенов, Қ.Еляевтермен «Мың тағзым сіздерге майдангерлер» атты кездесу кеші болды

2000 жылы Дәулеткерей Шығаевтың туғанына 180 жыл толуына орай саз кеші ұйымдастырылды.

2001 жылдың 25 мамыр айында «Рахмет саған, бастауыш мектеп» атты тақырыпты кеш М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушылармен оздырылды.

2001 жылдың күз айында кітапханада тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханада ауызша журнал болды.

2001 жылы желтоқсан айында Қазақстан республикасының тәуелсіздік күніне орай тақырыптық кеш өткізілді. Кешке аудан әкімінің орынбасары Н.Сабиров қатысты.

2001 жылдың 12 желтоқсанында Ордалық отан қорғаушылар борыштарын өтеп келген жауынгерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге Акбасов Жексенгали, Губашев Сәлімгали, Нүркенов Жақсылық сарбаздары қатысты.

2002 жыл. Облыстық «Ананың әлдиі» байқауына Бөкей ордасы аудандық балалар кітапханасы абыроймен қатысты.

2002 жыл. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 80 жыл толуына және Хамит Чуриннің 100 жыл мерей тойларына мерекелік шаралар өткізілді.

2003 жыл 28 қаңтарында. Қазақстанның жаңа заң жобасы қабылдаған күніне орай оқырмандармен «Замана зердесі» атты ашық әңгіме жүргізілді.

26 маусымында –нашақорлықпен және есіртке бизнесімен күресудің халықаралық күніне орай облыстық А.Гайдар атындағы балалар мен өспірімдер кітапханасы ұйымдастырылған «Қазақстан үшні орал өңірінің балалары есірткісіз» тақырыбындағы акцияға біздің аудандық кітапханада бой көрсетті. Т.Жароковтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ жыры бақытты ғо тәңірі, қатарында болғаны үшін Тайыры» атты пікір-талас қызу өтті және К.Балабасовтың қатысуымен поэзия кешті өтті.

2003-2005 жылдарды ауыл жылы аталуына байланысты ауыл мәселесі бойынша ойландыратын проблемаларды шешуге бағытталған шаралар, конференция, плакаттар, буклеттер жасалынды. Қ.Шығаевтың туғанына 185 жыл толуына орай «Балалардың көзі еді ғой –домбыра» атты саз кеші өткізілді.

2003 жылдың ақпан айында «Біз үшін Отан –ордадан басталады» атты ашық кітап –көрмесі ілінді. «Еңбекпен ер атанған Батыр ата» атты Е.Есимовтың 75 жасқа толу мерейтойы қарсаңына кездесу кеші ұйымдастырылды.

2004 жыл. «Кітап менің өмірімде» атты үш ұрпақтың кездесу кеш болды. Кеш кітапхана саласында отбасылық жалғасымен тапқан ұрпақтардың еңбек жолы, тағдырлары туралы шыр шертілді. Аталмыш кешке 87 жастағы Құттығалиева Мәрия әжей, 70 жастағы Дошанова Зайран әже және 45 жастағы Жұмағалиева Ақсүйрек пен олардың ұрпақтары әке –аналары, әғни Ерік –Ағайша (Хайровтар), кітапқа құмар ұл –қыздары Дәурен, Бауыржан (Хайыровтер), Айнұр–Гүлнұр (Құттығалиевалар), Арыс-Марс (Жұмағазиевтер) арасында «Кітап оқудың пайдасы неде?» деген пікір талас жүргізіп, өзара сырланып шертті.

2004 жылы «Менің ауылымның тарихы» атты ауыл тұрғындарымен дөңгелек стол болды.

2005 жылы Ұлы Жеңіске 60 жылдығына орай «Балалар соғыс пен бейбітшілікті жырлайды» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауына белсенді қатысып, жеңімпаздар анықталды: 1- орынды 7 сыныптың оқушысы

Жанна Құсайнова өз қнжығасына байлады. Сол жылы Ұлы Жеңіске -60 жыл мерейтойына арналған «Отан үшін от кешкендер», «Біздің аудан соғыс жылдарына» атты тақырыптарда аудан арагерлері Нұрғалиев Ғазез, А.Сусиналармен кездесу кештерін оздырды.



2005 жылдың 27 тамызында Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырылуымен «Ауылдық мектеп кітапханасы –балалардың мәдени білім орталығы» тақырыбында аудандық мектеп кітапханашылармен семинар кеңесі өткізілді.

2006 жылы ауылымызда жасөспірімдер арасында «100 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өткізілді. «Тіл өнері дертпен тең» атты кітапқұмар балаларға арналған викторина танымдық ойыны өткізілді, сондай –ақ «Қазақстандағы Пушкин жылына» арнап «Кого из героев сказки Пушкина ты узнал» атты

сұрақ –жауап кеші тартымды да қызықты өткізілді. «Достықтың терең тамыры» тақырыпты кеші Тәуелсіздіктің 15 жыл толу құрметіне ұйымдастырылған болатын. Сол жылы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» жаңа мемлекеттік әнұран туралы 0-3 сыныптар және балабақша бүлдіршіндері үшін «Рәмізді білесің бе?» атты ертеңгіліктер өткізілді.



2006 жылдың тамызы айында «Абай тағылымы» атты білімді белгілер сайысы елге қонымды өткізілді. Осы жылы аудандық балалар кітапханасында аудан селолық кітапханашыларымен «Жас оқырмандарды өсірейік» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Сейтек Оразұлының туғанына 145 жыл толуына және Дина Нұрпейісованың 145 жыл мерейтойына арналған «Домбыра- бабалардың үні» атты саз кеші өткізілді.

2006 жылдың 26 сәуірінде «Ауыл кітапханасы –балалар үшін» тақырыбында аудан мектептері жанындағы қызметкерлермен дөңгелек үстел өткізілід.

2006 жылдың мамыр айында «Достық» және «Махаббат» атты 7-9 сынып оқушылар арасында пікірталас қызу түрде өткізілген болатын.

2007 жыл. Кітапханада күрделі жөндеуден өтті. Жаңа кеңсе жиһаздары мен кеңсе құралдары мен жабдықталып, кітап қоры жаңа әдебиеттерімен күрт толықтырылды.

2007 жылдың 31 мамырында «Қуғыншылар» күніне арналған «Қасіретті жылдарда» атты кітап көрме, тақырыптық кештер ұйымдастырылса, Шәңгерей Бөкейхановтың 160 жыл толуына орай облыстық байқауға қатысты. 2007 жылдың 1-12 маусым аралығында аудандық кітапхана халықаралық бағдарламасы және «интеллектуалдық еңбектегі әйелдер одағы» қоғамдық ұйымын құрылуына орай «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» Ұлттық ақпараттан компанияның өткізілуніе орай Бөкей ордасы аудандық балалар кітапханасының істелген шараларының жоспарын құрып, іс-шаралардың бағдарламсы ұйымдастыруымен қатар міндеттерінің бірі- балалар еңбегінің өте нашар түрлі мәселері бойынша және бала мен қоғамға әкелетін зияны туралы зиянды әрекеттерден аулақ өскен жанның есейгенде де сол бағыттан айни қоймасы анық. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпаққа салауатты өмір салтына бағытталған әдебиеттерді насихаттау арқылы осы шараға қатынасып, «Қазақстан балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» атты компанияға өз үлесіміз қостық.

2007 жылдың 1 маусым Балаларды қорғау күніне –«Балалар өмірін алаңда бейнелейік» атты бүлдіршіндерге арналған шаралар жүргізілді, асфальтқа сурет салудан байқаулар өткізілді. «Ақ көгершін, көгілдір аспан» атты анкеталық сұраұ –жауап шарасы өткізілді. Күрес, велосипед жарысы, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар ойналды. Сондай –ақ «Планета детей» атты ертеңгілік, «Бала құқығы» атты әңгіме өткізілді. «Өмірге келдің заңынды білгің» атты кітап көрме 30 тамыз Конститутция күніне орай кітап көрме, буклет жасақталды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет