- Гемолитикалық аурудың емі
- 1.Перделік трансфузия,ультрадыбыстық зерттеудің бақылауымен жасайды
- 2.Тамырішілік трансфузия
- 3.Мезгілінен бұрын,көбіне 34-35 апталық жүктілікте босандырады
- Сәбидің гемолитикалық ауруының емі
- Гемолитикалық ауруда сәбиге қан алмастыру операциясын жасайды.
- Қан алмастыруға тұрақты көрсеткіштер:билирубиннің мөлшері 342мкмоль/л;билирубиннің мөлшері сағатына 6мк моль/л-ден асса;кіндік бауының қанынан алған билирубиннің мөлшері 60мкмоль/л;қан аздық,Нв-нің мөлшері 130г/л(бірінші тәулікте);нормобластоз,эритробластоз,ретикулоцитоз 3%-дан жоғары болса
- Қан алмастыру операциясының техникасы
- Операция алдында нәрестені 3 сағат тамақтандырмайды;асқазанын тазалайды;құйылатын қанды 28°С-ге дейін жылытады;қан құюға кіндік бауының венасын қолданады.Нәрестенің 30-50мл қан алынады (нәрестенің салмағына байланысты);20-30мл дайындалған қанды кіндіктің венасына енгізеді.Содан кейін қан ауыстыруды бастайды (20мл-ден)
- енгізілген қанның мөлшері шығарылған қанның мөлешерінен 50 мл артық болу керек.Әрбір 100мл енгізілген қаннан кейін 10%-1мл глюканат кальцийді,антибиотиктерді операцияның соңында енгізеді
Асқынуы - Асқынуы
- Егер тез арада көп мөлшерде қанды енгізілсе,жүрек қан тамырлар жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін.
- Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және босандыру ерекшеліктері
- Резус сенсибилизацияланған жүкті әйелдер кеңес орнында диспансерлік бақылауда болады.
- 1.Резус-антиденелердің титрін анықтайды-жүктіліктің бірінші жартысында бір не екі рет,екінші жартысында ай сайын,ал резус-қайшылықта бірнеше рет тексереді.
- 2.Жатырдағы нәрестенің күй-жағдайын білу үшін (УДЗ)жасайды.
- 3.Барлық “теріс-резусты” әйелдерге жүктілік кезінде 10-12 күннен 3 рет десенсибилизациялау емін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |