Емнің құрамы - Емнің құрамы
- 40%-20 мл глюкоза+5%-3 мл аскорбин қышқылы+1%-2мл сигетинді+100мг кокарбоксилазаны қосып венаға енгізеді.Сонымен қатар рутин 0,02гх3 рет метионин 0,5гх3рет, “Е” витаминін,кальций глюканатын қолданады.Бұл емдерді жүктіліктің 10-12,24-26,32-36 апталарында жүргізу қажет
- Акушерия тәжірибесінде соңғы жылдары қолданатын әдістің бірі,жүкті әйелдің күйеуінің терісінен тері кесіп алып,оны әйелге жамау арқылы жапсырады.Тері жамау 2-3 рет жасалады,жүктіліктің 8-10 апталығынан басталады,ұзақтылығы 4-тен 8 жұмаға дейін
Жоғарыда аталаған емдерден басқа плазмаферез,гемосорбция қолданылады.Бірақ қазіргі кезге дейін нәтижелі ем жоқ,сондықтан ауруды қатты асқындырып алмау үшін резус-қайшылықты жүкті әйелдерді (қанда титрлері бар) 34-35 аптада перзентханаға жатқызып,өз мезгілінен 2-3 апта ертерек босандырып алу керек;себебі жүктіліктің соңғы айларында резус-антиденелер ұрық қанына тез өтеді.Егер жатырдағы нәрестенің күй-жағдайы нашарласа,жүктілікті ерте 34 апталықта үзеді,тек әйелдің өзін босандыру қажет - Жоғарыда аталаған емдерден басқа плазмаферез,гемосорбция қолданылады.Бірақ қазіргі кезге дейін нәтижелі ем жоқ,сондықтан ауруды қатты асқындырып алмау үшін резус-қайшылықты жүкті әйелдерді (қанда титрлері бар) 34-35 аптада перзентханаға жатқызып,өз мезгілінен 2-3 апта ертерек босандырып алу керек;себебі жүктіліктің соңғы айларында резус-антиденелер ұрық қанына тез өтеді.Егер жатырдағы нәрестенің күй-жағдайы нашарласа,жүктілікті ерте 34 апталықта үзеді,тек әйелдің өзін босандыру қажет
- Босандыру ерекшеліктері
- Резус-қайшылықты жүктілер,кесар тілігінсіз өздері босандырғандары ұтымды.Ал жүктілікті мезгілінен бұрын үзген кезде (34-35 апталықта)қағанақ суын жарып,екі сағат аралығында толғақ болмаса,окситоцин,простогландинді қолданып толғақты қоздырады.
- Босанудың І және ІІ кезеңдерінде нәрестенің жүрек соғуын (КТГ арқылы)анықтай отырып,гиопксияға қарсы профилактикалық емдерін жүргізеді,сәбидің анадан тез бөліп,10-15 см ұзындықта кіндік бауы қалдырып,бірден сәбидің қан тобын,резус-факторын,билирубиннің,гемоглобиннін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |