Анафилаксиялық шоктың клиникалық жіктемесі: Клиникалық нұсқалары бойынша [1]


Шағымдар және анамнез: Шағымдар [1]



бет2/5
Дата01.12.2023
өлшемі3.23 Mb.
#485133
1   2   3   4   5
анафилакт шок

Шағымдар және анамнез: Шағымдар [1]: 

кәдімгі нұсқасы: қозу және мазасызданумен белгісіз ауырлық сезімдері (үрейлену, өлімнен қорқу, «қалақаймен күйдіру» немесе «ыстық қарып өту») түріндегі жіті туындайтын дискомфорт жағдайы; · күрт әлсіреу, бастың айналуы; · естің (сананың) бұзылуы; · басқа, тілге және бетке келетін қанның толысуын сезіну; · беттің, қол мен бас терісінің шаншуын және қышуын сезіну; · бастың ауыруы; · қинала тыныс алу; · жанға батарлық жөтел; · жүрек тұсындағы ауырсынулар немесе жүрек соғысы; · төс артындағы ауырлық немесе кеуде қуысын қысу сезімі; · лоқсу, құсу; · құрсақ қуысындағы ауырсынулар.


гемодинамикалық (коллаптоидтық) нұсқасы (айқын гипотония және вегетативтік-тамырлық өзгерістер дамитын гемодинамикалық бұзылыстардың басым түсуімен): жүрек тұсындағы күшті ауырсынулар. · асфиксиялық нұсқасы: жөтел; дауыстың қырылдауы; тұншығу. · церебралды нұсқасы: қорқудың/қозудың пайда болуы; · абдоминалды нұсқасы («жалған жіті қарын» деп аталатын симптоматиканың дамуымен): эпигастральді аймақтардағы жанға батарлық ауырсынулар. Шоктың жіті қатерлі ағымы кезінде шағымдар кезеңі болмайды. Кенеттен естен танып, жүректің тоқтауы және клиникалық өлім болады [1].
Анамнез: Мына қауіп факторларының болуы: · аллергиялық ауруларының болуы; · сенсибилизациялаушы белсенділігі жоғары дәрілік препараттарды қабылдау; · дәрілік заттарды ұзақ уақыт, әсіресе, қайталау курстарымен қолдану; · депо-препараттарды пайдалану; · полипрагмазия; · дәрілік және химиялық заттармен ұзақ уақыт кәсіптік жанасыу
Физикалық зерттеп-қарау [1]: Клиникалық нұсқаларына қарай: · қарапайым нұсқасы: тамырдың жіптәрізді жиі соғуы (шеткі тамырларды); тахикардия (сирек - брадикардия, ырғақсыздық (аритмия)); жүрек үні қатаң; АҚ жылдам төмендейді (ауыр жағдайларда ДАҚ анықталмайды); тыныс алудың бұзылуы (алқыну, ауыздан көбік ағумен қиналып карлыға тыныс алу); қарашықтар үлкейген және жарыққа жауап қайтармайды. · гемодинамикалық (коллаптоидтық) нұсқасы: АҚ күрт төмендеуі; тамыр соғуының әлсіз болуы және оның жиі жоғалып кетуі; жүрек ырғағының бұзылуы; шеткі тамырлардың спазмы (бозару) немесе олардың кеңеюі (жайылған «жалынды гиперемия») және микроайналым қызметінің бұзылуы (тері жабындарының мәрмәрлығы, цианоз). · асфиксиялық нұсқасы: ларинго- және/немесе бронх спазмының дамуы; тыныс алудың ауыр жіті жеткіліксіздігі белгілерінің пайда болуымен көмейдің ісінуі; айқын гипоксиямен респираторлық дистресс-синдромның дамуы. церебралды нұсқасы: құрысу синдромының дамуы; психомоторлық қозу; науқас есінің (санасының) бұзылуы; тыныс алудың ырғақсыздығы (аритмия); вегетативтік-тамырлық бұзылыстар; менингиалдық және мезенцефалдық синдромдар. · абдоминалды нұсқалары: ішпердені тітіркендіру белгілерінің болуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет