Ағымына қарай : · жіті қатерсіз: клиникалық симптоматиканың шапшаң басталуы, шок тиісті қарқынды терапияның ықпалымен толық тоқтатылады. · жіті қатерлі: АҚ жылдам төмендеп кететін (диастолалық — 0 мм рт. ст. көрсеткішіне дейін) жіті басталумен, есінің (сананың) бұзылуымен және бронх спазмы құбылыстары бар тыныс алу жеткіліксіздігі симптомдарының өрістеуімен сипатталады; аталмыш нысаны қарқынды терапияға жеткілікті резистентті болып табылады және өкпенің ауыр ісінуінің, АҚ берік құлдырауының және терең коматоздық жай-күйдің дамуымен өрістейді; АШ неғұрлым жылдам дамыса, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін ауыр АШ дамуының мүмкіндігі соғұрлым жоғары (сондықтан адекватты терапия жүргізіліп отырған кездің өзінде АШ-тың бұл ағымына жағымсыз нәтиженің болуы тән. · ұзаққа созылған ағымы: бастапқы белгілері кәдімгі клиникалық симптомдармен шапшаң дамиды, шокқа қарсы белсенді терапия уақытша және ішінара әсер береді; кейін клиникалық симптоматика онша жіті болмайды, бірақ емдік шараларға резистенттілігімен ерекшеленеді. · қайталанатын ағымы: симптомдарды алғашқы тоқтатқаннан кейін қайталанған жай-күйдің туындауы тән, салдарлы соматикалық бұзылыстар жиі туындайды. · абортивтік ағымы: шок тез өтеді және қандай да бір дәріні қолданбай-ақ жеңіл тоқтатылады.
Ауырлық дәрежесіне қарай : I дәрежесі: · гемодинамиканың аздап бұзылуы (САҚ және ДАҚ қалыпты мөлшерден 20-40 мм рт.ст. төмен); · аурудың алдын ала хабаршылардан басталуы (бөртулер, тамақтық жыбырлауы және т.б.); · есін біледі (санасы сақталған); · жүректің қызметі сақталған; · шокқа қарсы терапияға жеңіл көнеді; · жеңіл дәрежедегі АШ ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін. II дәрежесі: · САҚ 90-60 мм рт.ст. шегінде, ДАҚ 40 мм рт.ст мөлшеріне дейін; · есін жоғалтудың болмауы; · алқыну; · асфиксия (көмейдің ісінуінің салдарынан); · тахикардия, тахиаритмия; · шокқа қарсы терапияға жақсы көнеді.
III дәрежесі: · САҚ 60-40 мм рт.ст. шегінде, ДАҚ 0 мм рт.ст шамасында; · цианоз; · біртіндеп есін жоғалту; · құрысу синдромы; · тамырдың дұрыс емес, жіп тәріздес соғуы; · шокқа қарсы терапияның әсері аз. IV дәрежесі: · клиникасы шапшаң дамиды; · бірден есін жоғалту; · АҚ айқындалмайды; · шокқа қарсы терапияның әсері болмайды; · 5-40 минуттың ішінде өлімге әкелетін нәтиже болады. Мыналардың: · демиелинизациялаушы үдерістің; · аллергиялық миокардиттің; · гепатиттің; · невриттің кейінгі асқынулары дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |