Жұмыртқа туатындарының жұмыртқасы ірі (10-20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.Қалталылардың жұмыртқасы ұсақ (0,2-0,4 мм), ал плацен-талылардікі оданда ұсақ (0,05-0,2 мм) болады.Сүт қоректілердін, буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бұл бала туа-тын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған ұяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан (Сгісеtиlиs mіgгаtогus) 11-13 күн, үй тышқандары (Миз mиsсиlиs) 18-24 күн, сұр дала тышқаны (Місгоtиs агvаlіs) 16-23 күн, ірі ондатралар (Оndtіга zіЬеtһіса) 25-26күн, тиіндер 35-40 күн, қара бурыл түлкілер 52-53 күн көтереді. Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындар-дын буаз болу уақыты ұзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90-133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қоректілердін, буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бұғылардың буаз болу мерзімі 8-9 айға, ешкі мен қойлардікі 5-6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10-11 айға созылады. - Жұмыртқа туатындарының жұмыртқасы ірі (10-20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.Қалталылардың жұмыртқасы ұсақ (0,2-0,4 мм), ал плацен-талылардікі оданда ұсақ (0,05-0,2 мм) болады.Сүт қоректілердін, буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бұл бала туа-тын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған ұяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан (Сгісеtиlиs mіgгаtогus) 11-13 күн, үй тышқандары (Миз mиsсиlиs) 18-24 күн, сұр дала тышқаны (Місгоtиs агvаlіs) 16-23 күн, ірі ондатралар (Оndtіга zіЬеtһіса) 25-26күн, тиіндер 35-40 күн, қара бурыл түлкілер 52-53 күн көтереді. Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындар-дын буаз болу уақыты ұзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90-133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қоректілердін, буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бұғылардың буаз болу мерзімі 8-9 айға, ешкі мен қойлардікі 5-6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10-11 айға созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |