Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымён соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10-15, мүйіз тұмсықтарда. 12-20, бұғыларда 2-4, аюлар мен жолбарыстарда 3-4 жасында жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер - кемірушілер және қоян тәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей бастайды. Тіпті тез ержететін ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер - үй тышқандары 2-5 айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейе береді.Сүт қоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2-3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2-8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3-10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4- 18-ге дейін күшік туады.Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қо-яндар бір жылда 2-3 рет көбейіп, әрбір көжектегенде 3-12-ден көжек туады. Тиіндер жылына 2-3 рет балалап, әрбір балалағанда 2-10-ға дейін, тышқандар жылына 3-7 рет балалап, әрбір балалаған сайын 2-10-дан көжек туады. - Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымён соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10-15, мүйіз тұмсықтарда. 12-20, бұғыларда 2-4, аюлар мен жолбарыстарда 3-4 жасында жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер - кемірушілер және қоян тәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей бастайды. Тіпті тез ержететін ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер - үй тышқандары 2-5 айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейе береді.Сүт қоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2-3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2-8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3-10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4- 18-ге дейін күшік туады.Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қо-яндар бір жылда 2-3 рет көбейіп, әрбір көжектегенде 3-12-ден көжек туады. Тиіндер жылына 2-3 рет балалап, әрбір балалағанда 2-10-ға дейін, тышқандар жылына 3-7 рет балалап, әрбір балалаған сайын 2-10-дан көжек туады.
Достарыңызбен бөлісу: |