B) «Ойлаймын, сондықтан өмір сүремін»
C) «қалаймын, сондықтан өмір сүремін»
D) «ұяламын, сондықтан өмір сүремін»
E) «Сеземін, сондықтан өмір сүремін»
20. Сонымен, ғылым дегеніміз – арнаулы қоғамдық қызмет нəтижесінде алынып, дамыған жəне қолдану барысында қоғамның тікелей тəжірибелік күшіне айналған обьективті шындықтың динамикалық жүйесі. Ғылымибілімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу. Ғылымның атқаратын функцияларына жатпайтынын анықтаңыз:
A) болжам жасау – дəл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дəрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
B) білім – адамзаттың əр қилы тіршілік ету аймағынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алу;
C) жаңалық ашу–табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
D) жүйелеу–жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу; E) түсіндіру-табиғат обьектілері мен табиғат құбылыстарының мəнін ашу;
21. Қазақ халқының дүние сезімі мен дүние танымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. қазақ халқы басқа Еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен үндестік орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен жоғарыдағы мəтінде қазақ халқының қандай санасы туралы айтылғанын айқындаңыз:
A) мифтік сана
B) дүниетанымдық сана
C) экологиялық сана
D) болмыстық сана
E) тарихи сана
23. Протагор өзінің оқушысы Еватлмен келісімге келеді: егер Еватл алғашқы рет сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс. Бірақ, Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға «мен сені сотқа беремін» деп қорқытады. Оған Еватл: «келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана төлеймін, мен əлі бір сотты да ұтқан жоқпын», - дейді. Сонда Протагор айтыпты: «Егер мен сотта сені ұтсам, онда сен төлейсің соттың шешімі бойынша, егер сен ұтсаң - онда бəрібір төлейсің, келісім бойынша». Оған Еватл былай депті: «Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін, - келісім бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі бойынша». Жоғарыдағы мəтіндегі мысалда көрсетілгендей дауласу немесе дəлелдеу кезіндегі қисынсыз пікірлерді, сырттай ғана дұрыс болып көрінетін ойларды қолданатын əдіс-тəсілдердің философиядағы атауын табыңыз:
A) софистика
B) схоластика
C) суфизм
D) скептицизм
E) секуляризация
24. Құдайдың құдіреттілігін дəлелдеу мүмкін емес, оған тек қана сенім арқылы жетуге болады». У.Оккам. Бұл қағидаға тəн ерекшелікті айқындаңыз.
A) теоцентризм
B) антропоцентризм
C) гелиоцентризм
D) пантеизм
E) фатализм
25. Логика ғылымында ұғымдарды бөлу деген қағида бар. Егер анықтамалар көмегімен ұғымның мағынасы ашылса, онда ұғым көлемін айқындау міндеті бөлу деп аталатын логикалық операция көмегімен шешіледі. Сонымен бөлу дегеніміз - бастапқы ұғымда ойлаған нəрселерді топтарға бөлу. Мысалы, құқықтық нормалар құқықтық міндеттеуші жəне құқықтық тыйым салушы, құқықтық растаушы деп бөлінеді. Бөлу негізі мəнді белгі болуы тиіс. С.Е. Лецтің «Таралмаған ойлар» еңбегінен алынған мысалды қарастырайық: «өзара əңгімелесіп отырған бірнеше кісі адамдарды түрліше бөлу туралы пікір бөліседі. Біреуі: «мен адамдарды ақылды жəне ақымақ деп бөлемін» десе, екіншісі: «адамдарды əрқалай бөлуге болады. Адамдар жəне адам еместер деп те бөлуге болады» дейді. Сонда таң қалған жазалаушы: «Ал мен оларды бас жəне дене деп бөлемін», - деді». Жоғарыдағы мысалдағы үш адамның қайсысының бөлуі дұрыс болмағандығын табыңыз.
A) ақылды жəне ақыма.
B) адамдар мен адамдар
C) адамдар жəне адам еместер
Достарыңызбен бөлісу: |