Анамыздың бақиға аттанғанына төрт жыл болды. Әкеміздің қолында жеті бала



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата13.03.2024
өлшемі0.93 Mb.
#495163
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тастамашы ана

Анамның әні 
«Балалар үйінен» деген таңбаға да ақырындап үйренісе бастадық. 
Бізді көре салысымен үрпиіскен ауыл тұрғындарының: 

Әне, балалар үйінің балалары жүр. Байқаңдар, бірдеңелеріңді ұрлап 
кетпесін! — деген сөздері де енді таң қалдырмайды. 
Балалар үйінде тұрамыз, сабаққа ауыл мектебіне барамыз. Балалар үйінің 
балаларына көзқарас өзгеше болды. Ұлдардың бірі бірдеңе бүлдіріп қоймасын 
деңіз. Бірден қорытынды шығаратын: «Бұлардан басқа не күтуге болады» — 
дейтін. 


Алғашқы күннен-ақ кішкене қарындасымды басқа топқа алып кетті. Балалар үйінде 
түрлі жасқа қарай бес топ болды. Біріншісінде өте кішкентайлар болса, 
бесіншісінде жоғары сыныптағы балалар болды. Ең ауыр болғаны — Зульфираның 
бізден бөлек тұрғаны. Оған барудың өзі арнайы кесте бойынша. Бұл жерде тәртіп 
өте қатал, сен ол тәртіпке бағынуың керек екен. Кей кездерде қарындасымды 
көруге барғанда беті тырналған, қолы көгерген сәттерін байқаймын. Сөйтсем, оны 
ұлдар осылай ренжітеді екен, немесе тәрбиеші «өмірге үйретеді». Біздің балалар 
үйіндегі өміріміз осындай сынақтармен басталды. 
Бұрын үйімізде таза ауада серуендеу күнделікті іс болып есептелетін. Ал бұл жерде 
мұндай бақытты сәт тәрбиеші рұқсат бергенде ғана болады. Топта біреу «екі» 
алатын болса, сол топтағы бүкіл баланы жазалайды. Күні бойы бәрімізге кітаптар 
мен дәптерлерге телміріп қарап отыруға тура келетін. 
Тамақ та күнде сол. Колбаса, кәмпит, қаймақ сияқтылардың дәмін де ұмытып 
қалдық. 
Азық-түліктің 
көптеген 
түрі 
бұл 
жерде 
рұқсат 
етілмейді. 
Санэпидемстанция рұқсат етпейді дейді. Мен оның қандай адам екенін мүлде 
білмеймін. 
Балалар үйіндегі алғашқы жарты жылда мен ең бастысын түсіндім: балалар да, 
тәрбиешілер де әртүрлі болады. Біздің топта бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі 
тәрбиеші жұмыс істеді. Райфа апай өте қатал болса, Хакима апай, керісінше — 
әрқашанда ақкөңіл, ашық. 
Бұл мерекені мен ылғи тағатсыздана күтемін. Бұл жылы маған бір ерекше бақыт 
келетіндей, менің армандарымның орындалатын жылы сияқты. 
Жаңа жылға екі апта қалған кезде біраз ұлдар мен қыздарды мәжіліс залына 
жинады. Олардың ішінде мен де бармын. Мен өзімнің деревнямда да мұндай 
шараларға қатысып жүретінмін. Өзімнің қабылеттерімді балалар үйінде де көрсете 
алатыныма қуанып кеттім. 

Балалар! — деп мерекені ұйымдастырушы сөзін бастады. — Жаңа жылға 
дейін санаулы ғана күндер қалды. Сондықтан ұзаққа созбай, бүгін-ақ бірден 
бастап кетеміз. Қане, барлығын өзіміздің өнерлерімізбен қуантайық! 

Иә! — Балалардың көздері жайнап кетті. 

Мен бұл жерге ең өнерлі балаларды жинадым. Ертегі қоятын боламыз. 
Зұлым Кощей Аяз ата мен Ақша қарды ұрлап кетеді. Ал қоян, түлкі, аю, 
және басқа аңдар біздің мерекенің басты кейіпкерлерін құтқарулары керек. 
Қалай, ойнаймыз ба? 

Иә! Ойнаймыз! — деп бірауыздан жауап бердік. Мен тіпті қуанып кеттім. 
Қазір аюдың рөлін ойнап, Аяз ата мен Ақша қарды құтқарам! 
Ұйымдастырушы рөлдерді бөліп бере бастады. Бірақ маған орман жануарларының 
рөлін бермеді. 

— Ал мен ше? — деп таңдана сұрадым. 
— Ілияс, сен Кощей боласың, — деп жауап берді. — Оны тек қана сен ойнай 
аласың. 

Апай, неге мен? Менің жағымсыз кейіпкер болғым келмейді, барлығы маған 
күлетін болады. 



Ол не дегенің, сүйкімдім! Саған ең жауапты рөл бұйырып тұр. Бұл шын емес 
қой, жай ғана ертегі. 

Сен неге тағы дауласып тұрсың? — деген дауысты арт жағымнан естіп, жалт 
қарасам, тәрбиеші Райфа апайды көрдім. Ол жұмыс қалай жүріп жатқанын 
көргісі келіп, мәжіліс залына келген екен. Мен басымды төмен түсірдім, ал 
Райфа апай маған ары қарай ұрсып жатыр: 

Тағы да мына Ілияс! Сен өзіңді кіммін деп жүрсің? Әртіс, не жазушы, тіпті 
кейде ғалым боламын деп айтасың. Өзіңнің қисық аяқтарыңа қарап ал! Саған 
Кощей бол деді ме, демек, боласың! 
Қойылымның ұйымдастырушысы мені арашалағысы келіп: 

Ілияс келісті, бұл жай ғана ертегі ғой! — деді. 

Ол бірден келісімін беру керек еді, — деп Райфа апай қоймады. — бір рет 
жіберіп алсаң, бұлар мойныңа мініп алады да, көзіңді шоқып тастайды. Сен 
әлі жас болған соң оларды әлі білмейсің. Ал мен бұл жерде жиырма жылдай 
болды жүргеніме. Негізі, Ілиястың Кощейдің рөлін ойнайтыны жақсы 
болды! Ол дәл Кощей сияқты ғой! Оған арнайы костюмнің де керегі жоқ — 
футболкасын шешсе, барлық қабырғалары көрінеді. Қолдары жіңішке, 
аяқтары қисық... Нағыз Кощей! 
Балаларға керегі де сол. Барлығы күле бастады: 

Ха-ха... Ілияс — Кощей! 

Қолдары жіңішке... 

Аяқтары қисық... 
Реніштің жастары мені буып бара жатты, мен залдан жүгіріп шығып кеттім... 
Жаңа жылдық кеште маған бәрібір зұлым кейіпкерді ойнауға тура келді. Аяз атаға 
айтып беріп, тәтті сыйлықтар алу үшін көп тақпақтар жаттап алдым. Бұл жерде, 
балалар үйінде тәттілер — нағыз рахат, тек түсімізге ғана кіреді. 
Мен бекер тырыспаппын — кеш соңында екі қалтам да кәмпит-печеньелермен 
толды. Жаңа жылға дейін санаулы сағаттар қалды, топта көңілді күй қалыптасты. 
Бөлмемізді алдын-ала өзіміз қолдан жасаған жылтырауықтармен, ойыншықтармен 
безендіріп қойғанбыз. Ал қазір мерекенің құрметіне түшпара пісіп жатқан ас үй 
жақты төңіректеп жүрміз. Бұл біз үшін ерекше көрініс. Біз сияқты балалар үйінің 
балаларына мұндай бақыт жылына бір-ақ рет келеді. Менің түшпараның дәмін 
ұмытқаныма көп болып еді. 

Райфа апай, түшпаралар дайын болды ма? 

Кішкене күте тұрыңдар! Аз қалды дедім ғой... 

Иісі шығып жатыр, дайын болған сияқты, — дейді біреу. 

Кетіңдер ары, тойымсыз бейшаралар! Сендерді қанша тойындырса да бәрібір 
аз болып тұрады. Пілді жеп жіберуге де дайынсыңдар! — деп ол қолдарын 
ербеңдетіп балаларды қуа бастады. — Егер піскен болса да біраз тұра 
тұрсын. Он екіге дейін әлі ерте! 
Бірақ дәмді етіп дайындалып жатқан тамақ та жанның терең түкпіріндегі 
сағынышты, қайғыны қуып шыға алмады. Шіркін, ата-анамыз тірі болғанда ғой... 


Ештеңеден қиналмаушы едік. Барлық нәрсе осы түүшпараларға тіреліп тұрған жоқ 
қой? Әкеміз барлығымызға сыйлық сатып алатын еді, ал біз болсақ оған тақпақ 
айтып, ән шырқап берер едік... 
Райфа апай әрең дегенде бізді дастархан басына шақырды-ау әйтеуір. Бәрімізге ақ 
ыдыстарға шай құйылды, әрқайсымызға он түшпарадан салынды. Дастарханда 
мандариндер, кәмпиттер, жеміс шырындары болды. Бірақ бәрібір бірдеңе жетпей 
тұрды. Бәлкім ата-ананың жылуы шығар... 
Райфа апай бізді құттықтап тілек айтты: 

Балалар,шын жүректен сендерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Өмір 
болған соң барлығы да болады: кей кездерде сендерге ұрсатын кездеріміз де 
болады. Бірақ мен оны өзімнің рахатым үшін емес, сендер жақсы адам 
болсын деп солай істеймін. Жақсы оқыңдар, тәртіпті, тәрбиелі болыңдар, 
бізді тыңдаңдар. Біздің үйде сендерге тек жақсылықтар тілеймін! 
Сағат он екіні көрсетіп тұр. Біз үйде бұл сәтте бір-бірімізге арман-мақсаттарға 
жетіңдер деп тілек айтушы едік. Демек, қазір де солай істеуге болады. Жанымда 
сыныптасым Амиля отырған болатын. Одан сұрап қоямын: 

Сен нені армандайсың? 

Мамам мені бұл жерден алып кетсе, балалар үйін ұмытсам. Ал сен нені 
армандайсың, Ілияс? 
Амиляның арманы мені тығырыққа тіреді. Мен ата-анам қайта тірілсе екен деп 
армандай алмаймын ғой, ол мүмкін емес. Баласын тастап кеткен ана ғана перзентін 
қайта құшақтай алады. Шіркін, менің анам да түрмеде отырғанында ғой! Әйтеуір 
бір кезде ол бізге келер еді. Мен Амиляны қызғанып кеттім. Тағы да шарасыз күйге 
душар болдым. Тоқта, тоқтай тұр! Әкем маған бір нәрсе тапсырам деп еді ғой. 
Бірақ мен әлі күнге ол не зат екенін білмеймін. Сондықтан мен өзіме мақсат 
қойдым — күндердің бір күнінде бұл заттықолыма алуым керек. Мұндай арманнан 
соң жаным бір жадырап қалды. 
Теледидардан мерекелік концерт басталды. Барлығы көгілдір экранның алдына 
рахаттанып отыра кетті. Міне, сахнада менің анамның сүйікті әншісі Валентина 
Толкунова! Неге екенін білмеймін, әйтеуір анама осы бір бұрымы ұзын орыс 
әншісінің әндері қатты ұнайтын. Бірден маған кішкене күнімнен таныс ән 
шырқалып кетті: 
... Сені әрқашанда сүйетін боламын, 
Басқадай амалым жоқ менің... 

Райфа апай, кішкене дауысын шығаруға болады ма? — деп сұрадым. 

Сен немене, кереңсің бе?! Жоқ! — тәрбиеші сол баяғы қаз-қалпына түсті.—
Ұйықтауға жатқызып қоймағаныма қайта рахмет айтыңдар! 

Ап-пай! Бұл менің анамның сүйікті әні еді... болады ма? Өтінемін... 

Мен жоқ дедім, болды! Сенің анаңа ұнаса ұнаған шығар, ал маған бұл ән 
ұнамайды. Әншінің өзін де ұнатпаймын. Шашын дұрыстай алмай жүріп 
өзінше махаббат туралы ән салғысы келеді. Қане, теледидарды сөндіріңдер, 
жатыңдар ұйқыға! Сендердің кесірлеріңнен мерекені дұрыстап сезіне алмай 
отырмын. Менің не, отбасым жоқ па?! Қане, ұйқыға жатыңдар! Еріндеріңді 
қисайтпаңдар, менің көңіл-күйімді бұзбаңдар! — Райфа апай ерекше бір 


зілмен теледидарды токтан ажыратып жіберді. — Таңға дейін ешқайсыңды 
көрмейтін болайын! 
Жаңа жыл кеші менің өтінішімнің кесірінен ойда жоқта аяқталып кетті. Мен 
бөлмеге жүгіріп барып жастығыма құлай кеттім. Ыстық жастарым бетімді күйдіріп 
жатты. Көз алдымда — анамның күлімдеген көздері, сымбатты тұлғасы. Ал 
құлағымда сол ән әлі тұр: 
Сені әрқашанда сүйетін боламын, 
Басқадай амалым жоқ менің... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет