Қасақана және қателікпен өзін-өзі өлтіргендерге қатысты
Құран мен Сүннеттің мәтіндері
Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу - басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандығы және зұлымдығымен істесе, оны жақын арада отқа саламыз. Бұл - Аллаһқа оңай!» (ән-Нисә 4: 29-30).
Сабит ибн Даххактан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім қандайда бір нәрсемен өзін өлтірсе, Қиямет Күні сол нәрсесімен азапталады.». әл-Бухари 6047, Муслим 176.
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны өз қолымен үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) өз қолымен сол темірмен өзінің қарнына үздіксіз соға (шанша) береді», - деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 175.
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзін-өзі тұншықтырса, өзін-өзі тұншықтыруын Отта жалғастырады, ал кім өзін-өзі сойып өлтірсе, мұны Отта да істейді». әл-Бухари 1365.
Джундабәдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді, және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннәтты харам еттім»». әл-Бухари 1364.
Джәбир ибн Самурадан (Аллаһ оған разы болсын): “Бірде жарақат алған бір адам өзін-өзі өлтіргенгенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқымады”.23 – деп жіткізіледі. Шейх әл-Әлбәни бұл хадистің сахихтығын растаған. “Сахих ат-тарғиб” 2457.
Қателікпен өзін-өзі өлтіргенге қатысты айтар болсақ, ол Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес осы үшін жазаланбайды: «Егер сендер қателік жасасаңдар - күнә көтермейсіңдер, тек егер осыны істеуді жүректеріңде ниет етпеген болсаңдар». (әл-Әхзаб 33: 5).
Және, сондай-ақ, мына аятқа сәйкес: «Рабымыз! Біз ұмытсақ немесе қателескен болсақ, бізді жазалама» (әл-Бәқара, 2: 286), және бұл жалбарынуға Аллаһ Тағала былай деп жауап берді: «Мен мұны істеп қойдым», бұл жөнінде Муслимде келтірген 126-хадисте айтылатындай.
Мұсылман адамды қасақана немесе қателікпен қақысыз өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері
Мұсылманды өлтіру қақылы да, қақысыз да орын алуы мүмкін. Қақылы өлтіру – бұл қақысыз адам өлтіру үшін тең мөлшерде есе қайтару (қасас) және белгілі қылмыстар үшін өлім жазасымен жазалау.24
Мұсылманның заңсыз өлтірілуі қасақана да, кездейсоқ та болуы мүмкін. Аллаһ Тағала қасақана өлтіру туралы:
«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы - ішінде мүлде25 қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағнеттейді және зор қинау әзірлеп қояды», - деді. (ән-Нисә 4: 93).
«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді, және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе - күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе – жазасын алады. Оған Қиямет күні, еселенген азап болады. Ол онда қор болып, мүлде қалады. Бірақ, бұл - тәубе қылғандарға, иман келтіргендерге және ізгілік жасағандарға қатысты емес. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Өйткені, Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді». (әл-Фурқан 25: 68-70).
«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер.» (әл-Әнғәм, 6: 151).
«Кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де ризықтандырамыз. Расында, оларды өлтіру - зор күнә». (әл-Исра 17: 31).
«Сондай ақымақтықпен, еш білімсіз балаларын өлтіргендер және Аллаһ туралы өтірік сөйлеп Аллаһтың өздеріне берген несібесін харам еткендер - зиянға ұшырады. Олар адасушылыққа түсті және тура жолға ілеспеді». (әл-Әнғәм 6: 140).
Ал Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қатысты айтар болсақ, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы істердің қаралуы басталатын алғашқы нәрсе – бұл қантөгіс!»26 әл-Бухари 6864, Муслим 1678.
Ал өзінің қоштасу қажылығының барысында ол адамдарға құтпа айтып, онда тағы да бір рет мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқап, оларды (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Абу Бәкр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Құрбан Айт күні Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, ізінен: «Ал сендер бұл не күн екенін білесіңдер ме?» - деп сұрады. Біз: «Аллаһ және оның елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ, ол: «Бұл - Құрбан Айт күні емес пе?» - деді. Біз: “Ия”, - деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл - қандай ай?» - деп сұрады. Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», - дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол: «Бұл - зуль-Хижжә емес пе?» - деді. Біз: “Ия”, - деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың - сендер үшін осы қалаларыңдағы осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осында барлар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осында бар адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін».”. әл-Бухари 1741, Муслим 1679.
Әбу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жеті опат етуші күнәдан аулақ болыңдар!» - дегені жеткізіледі Адамдар: “Йә, Аллаһтың Елшісі, бұл – не күнәлар?” – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық қылу; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің хақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау туралы тіпті ойланбаған арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», - деді. әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.
Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мумин тыйым салынған қанды төкпейінше өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.
Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, ол тыйым салынған қанды төккен болғаны!27” әл-Бухари 6863.
Убәда ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, бірде Аллаһтың Елшісінің айналасына сахабалардың бір тобы жиналғанда, ол былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық қылмайтындарыңа, ұрлық, зинақорлық жасамайтындарыңа, балаларыңды өлтірмейтіндеріңе, жүректеріңмен тоқылған өтірікті таратпайтындарыңа, сендерге шариғат мақұлдаған нәрсе бұйырылғанда – мойынсынудан бас тартпайтындарыңа маған ант беріңдер. Сендерден кім осы антына берік болса, Аллаһ оны марапаттайды. Ал кім осы аталған күнәлардың біреуін істесе, ал Аллаһ оның күнәсын жасырса, онда Аллаһтың өзі шешеді, және егер қаласа – оны кешіреді, ал қаласа – жазалайды». әл-Бухари 18, Муслим 1709.
Абдуллаһ ибн Умардың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сөздерінен жеткен хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қару көтерген – бізден емес28». әл-Бухари 6874, Муслим 161.
Абдуллаһ ибн Мас‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.
Сондай-ақ, Ибн Маc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!» әл-Бухари 48, Муслим 116.
Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар болып мына үшеуі табылады: Қорықты орында29 бола тұра ақиқаттан ауытқыған, надандық (джәхилия) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген адам, және қақысы болмай біреудің қанын төккісі келген». әл-Бухари 6882.
Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа - азат, құлға - құл, әйелге - әйел. Дегенмен, өлтіруші өзінің бауыры тарапынан кешірілсе, онда әділдік жасап, оған дұрыс құн төлеп беруі қажет. Міне осы - Раббыларың жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек сақтаса), ол үшін Ақыретте күйзелтуші азап бар. Әй, ақыл иелері! Қысас (кісі өлтіргенді өлтіру) сендердің өмірлеріңді сақтайды. Мүмкін сендер тақуалық танытарсыңдар». (әл-Бәқара, 2: 178-179).
Ибн ‘Умар, Аллаһ оған разы болсын, мынаны баяндаған: “Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йәмән) тұрғындары қатысса еді, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім».”30. әл-Бухари 6896.
Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Джундубтың, Аллаһ оған разы болсын, былай деген сөздері келтірілген: “Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтыны – оның қарыны, ендеше кім игі нәрседен өзге ешнәрсе жемей (жүре) алса, осылай істесін, және кім өзін Жәннәттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмайтындығына қол жеткізе алса, оны төкпесін”.
Хафиз ибн Хаджәр былай деді: “Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да, оның жағдайы марфуъ (пайғамбардан жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өзінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар. ”. “Фәтхуль-Бәри” 13/130.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.
Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимның жинақтарында кездеспесе де, алайда, олардың сахихтығын шейх әл-Әлбәни “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде 1/629-634 растаған:
Әл-Бәрдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы Аллаһ үшін муминнің заңсыз өлтірілуінен маңыздырақ емес!»31
Әбу Са‘идтен және Әбу Хурайрадан, оларға Аллаһ разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер аспандар мен жердің бүкіл тұрғындары бір муминді бірлесіп өлтіруге айыпты болған болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді».
Абу Бәкрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер аспандар мен жердің тұрғындары бірігіп мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».
Муъауиядан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кез-келгенге оның күнәсын кешіре алады, күпірлікте өлгеннен және муминді қасақана өлтіргеннен басқа».
Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ібліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, оған мен тәж кігіземін», - деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», - дейді. Бірақ, Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», - деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытпайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», - дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ, ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», - дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!» - деп жауап береді. Сонда Төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», - дейді. Оған ол: «Сен! Сен!» - деді және оған тәж кигізді».
Ибәд ибн Саммиттен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім муминді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді, және ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: “Мен Яхья ибн Яхьдан «сонысына қуанған болса», деген сөздер туралы сұрадым, және ол: “Сөз, бүлік кезінде соғысатындар туралы болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді”.32
Әбу Са‘ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілген хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкәппар езушіні; Аллаһқа серік қосқанды; және қақысыз адам өлтіргенді», - деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2699.
Ал, мұсылманды қасақана емес өлтіру туралы айтар болсақ, Аллаһ мұндайды істеп қойған адамды құн төлеумен (дия) және өтеумен (кәффара) міндеттеді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ, қателікпен болса - басқа. Мүмінді қателікпен кім өлтірсе де, ол бір мүмин құл азат етіп, әрі өлгеннің отбасына құн тапсыруы керек. Бірақ, олар кешірім етсе, ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі біреу болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ - Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).
Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді
қасақана және кездейсоқ өлтіруге қатысты
Құран мен Сүннеттің мәтіндері
Мұсылмандардың жерінде өмір сүріп, джизья төлеуші кәпірді (зиммий), және мұсылмандардың әмірі келісім-шарт жасасқан кәпірді (муахад), сондай-ақ, мұсылмандардын біреу қауіпсіздік кепілдігін берген кәпірді (мустамин) өлтіру – харам (тыйым салынған)!33 Және мұны жасаған үшін қатаң жаза әзірленген. Абдуллаһ ибн Амрдың сөздерінен, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: ««Кім муахадты өлтірсе - Жәннәттың иісін де сезбейді. Ал, ақиқатында, Жәннәттың исі қырық жылдық алшақтықтан сезіледі». әл-Бухари № 3166.
Бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағындағы «Муахадты заңсыз өлтіргеннің күнәсы туралы» деп атаған тарауында келтірген. Сондай-ақ, ол тура осы хадисті «Өтеулер» деген кітабында келтіріп, тарауды «Зиммийді заңсыз өлтіргеннің күнәсі» деп атаған.
Хафиз Ибн Хаджәр “Фатхуль-Бәри” (12/259) кітабында былай деп жазған: “Ол (әл-Бухари) бұл хадисті, онда муахад аталса да, зиммийге қатысты қолданған. Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты болған кәпір туралы сөз болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын”.
Тура осы хадисті имам ән-Нәсаи де (4749), бірақ, енді оның басқа риуаятын келтірген: «Кім зиммийді өлтірсе – жетпіс жылдық жол алшақтығынан сезілетін Жәннәттың иісін сезбейді.».34
Сондай-ақ, Әбу Бәкрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Рұқсат етілмеген уақытта муахадты өлтіргенге Аллаһ Жәннәтты харам етеді».35 Әбу Дауд 2760, ән-Нәсаи 4747. Хадистің иснәді сахих.
Ал мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтіру туралы айтар болсақ, мұны жасағанды Аллаһ құн (дия) төлеумен және күнәны өтеумен (кәффәра) міндеттеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ - Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).
Және соңында мен мыналарды айтқым келеді:
Уа, жастар! Аллаһтан қорқыңдар және сендерді бұл дүниеде бақытсыздыққа, ал Ақыретте азапталуға итермелейтін шайтанның олжасы болмаңдар!
Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың қарттарын, ересектерін және балаларын өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың аналарын, қыздарын және апа-қарындастарын өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар және Аллаһқа құлшылық қылатын қарттарды және емізулі сәбилерді өлтірмеңдер!
Аллаһтан қорқыңдар, тыйым салынған қанды төкпеңдер және біреудің мал-мүлкін иемденбеңдер!
«Ендеше, отыны адамдар мен тастар болатын Оттан қорқындар». (әл-Бәқара 2: 24).
«Сендер Аллаһқа қайтарылатын күннен қорқыңдар. Сол кезде әрбір адам өзі жеткен нәрсесін толығымен алады және оларға зұлымдық жасалмайды». (әл-Бәқара 2: 281).
«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды». (Әли ‘Имран 3: 30).
«Сол күні, кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі - ауыр (әркім өз халымен әлек)». (Абәса 80: 34-37).
Ұйқыларыңнан ояныңдар және өздеріңнің ұқыпсыздықтарыңнан құтылыңдар, және жер бетінде бұзақылық таратуда шайтанның қаруы болмаңдар!
Және мен Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге алып келуін және оларды айқын да, жасырын да адасушылықтар мен бүліктерден сақтауын тілеймін.
Және Аллаһтың сәлемі мен игілігі Оның құлы және пайғамбары Мухаммадқа, сондай-ақ, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |