Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!



бет4/4
Дата23.02.2016
өлшемі429.5 Kb.
#11162
1   2   3   4
Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Сондай-ақ, бұл тақырыпқа қатысты бірнеше хадистер кездеседі: «Өз әкесін ұрғанды өлтіріңдер», сондай-ақ: «Бесінші рет ұрлық жасаған ұрыны өліммен жазалау керек».

Алайда, бұл хадистер сенімді емес және дәлел ретінде қабылданбайды.

Жазаны іске асыруға кез-келген адамның құқығы жоқ және бұған тек ислам еліндегі мұсылмандардың әмірі ғана құқықты екендігін, және осы (жазалау) тек оның рұқсатымен ғана орындалатынын ерекше атап өту қажет. Және жазалауды (хадд) тек мұсылмандардың әмірі ғана қолдана алатындығы жөнінде ғалымдар арасында ешқандай келіспеушіліктер жоқ.

Имам ән-Нәуәуи былай деді: “Ғалымдар: «Қылмыстар үшін жазалауды мұсылмандардың әмірінен басқа ешкім атқармайды», - деген”. “Шәрх сахих Муслим” 3/438.

Имам Ибн Муфлих былай деді: Жазаны (хадд) тағайындауға әмірден (имамнан) немесе оның орынбасарынан (наибынан) өзге кез-келгенге тыйым салынады”. «әл-Фуру’» 6/53.

Имам әл-Қуртуби былай деді: Жасалған қылмысқа тең мөлшердегі есені (қысас) және жазаны тағайындауды тек әмір орындайтынына келіспеушілік жоқ ”. «Тафсир әл-Қуртуби» 2/245-246.

Мұның үстіне, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: Мұсылмандардың әмірі белгілі бір жерді басқаруға қойған адам (мухтасиб) өздігінше өлім жазасын немесе қол шабу жазасын қолдана алмайды . “Мәджму’уль-фәтауә” 28/109.

Тіпті мұсылмандардың әмірі құзыретті етіп тағайындаған адамның өзі жазалау туралы үкім шығару құқығына ие болмаса, онда қарапайым адамдардың өлім жазасын шығаруы туралы не атуға болады?!


25 Бұл аят мұсылманды өлтіруге қатысты түсірілген ең қорқытушы аят болып табылады. Ғалымдардың «...оның жазасы - ішінде мүлде қалатын Тозақ болады» - деген аятты түсінудегі пікірлері әртүрлі болды. Егер мұсылманды өлтіру – көпқұдайшылық болып табылмаса, онда қалайша адам Тозақта мәңгі жанады?! Біреулері: бұл аятта сөз қорқыту туралы болып тұр, яғни мұндай адам Тозақта ұзақ уақыт болады дейді. Басқалары: бұл аятта сөз мұсылманды өлтіру – рұқсат етілген деп, осыны істейтін адам туралы болып тұр дейді, өйткені мұндай жағдайда ол харамды халәл еткені үшін кәпір болады деп есептейді. Ал үшіншілері: мұсылманды өлтіру әрекетінің өзі – адамды Тозақта мәңгі қалуға лайықты етеді, алайда мұны істеген адам мұсылман болған болса, онда бірқұдайшылдығы оның Тозақта мәңгі қалуына кедергі болатын себеп болады, өйткені бірде бір бірқұдайшыл күнәхар Тозақта мәңгі қалмайды! “Фәтхуль-Бәри” 12/196, “Тафсир Ибн Кәсир” 2/374-375, “Тафсир әл-Бәхруль-мухит” 3/483.

Бұл пікірлердің барлығы әхлю-Суннаның сенімдеріне қайшы келмейді және дұрыс болып табылады.



26 Имам әл-Мунәуи былай деді: “Құлдар арасындағы алғашқы есеп айырысу адам өлтірулерден басталады, себебі ол – көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә, және есеп айырысудың осыдан басталуының өзі бұл күнәнің үлкендігіне нұсқайды!” “Фәйдуль-Қадир” 3/347.

27 Ибн Умарға Аллаһ разы болсын. Ақиқатында, бұл адам іс жүзінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне ілесетін. Бірде Мәруан ибн әл-Хакәм Ибн Умарға кіріп: “Кел, мен саған ант берейін, өйткені, сен – арабтардың мырзасысың және арабтардың мырзасының баласысын ғой!” – деді. Ибн Умар оған: “Ал мен Ирақ тұрғындарымен не істемекпін? Аллаһпен ант етемін, егер менің себебімнен тіпті бір-ақ адам өлтірілсе де, мен тіпті жетпіс жыл бойы әмірлік еткім келмейді!” Ибн Са‘д “әт-Табәқат” 4/169, Ибн Әбу әд-Дунья “әл-Ишраф” 7. Иснады хасан.

Көптеген тура жолға түскен адам тыйым салынған қанды төккендігі себебінен ғана адасушылыққа түсіп кетті. Және бұған мысал ретінде хауәридждерді келтіруге болады. Адам өлтіру - олардың әдеттегі ісі болып табылатын еді және қазір де солай болып табылады. Өйткені, заңсыз адам өлтіру - үлкен күнә болып табылады, және бұл жөнінде ешқандай келіспеушіліктер де болмаған. Ал үлкен күнә иманды әлсіретеді. Мұның үстіне, хадистерде осы іс - адасушылыққа апаратын және Аллаһтың көмегінсіз қалдыратын себеп болып табылатындығына нұсқалған! Ал Аллаһ адамды тура жолға салмаса, ол қалайша тура жолға ілеспек?! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді ол тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды!» Әбу Дауд 1/331, әт-Тирмизи 2/178, ән-Нәсаи 1/208, әт-Таялиси 338. Хадистің сахихтығын Әбу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Нәуәуи, шейхуль-Ислам Ибн Таймия және шейх әл-Әлбәни растаған.



28 «Бізден емес» деген сөздер Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілеспейді дегенді білдіреді. Хадистерде жиі кездесетін «бізден емес» деген сөздер мұндай әрекетті істеген адам кәпір болады және мұсылмандардың үмметінен шығады дегенді білдірмейді дегенге бір ауызды келіскен. Бұл сөздер өзіне қорқытуды қамтыған және оны істеген адам «бізден емес» деп айтылған күнәның дәрежесінің ауырлығына нұсқайды. “Фәтхуль-Бәри” 3/158, “Фәйдуль-Қадир” 2/431.

29 Сөз Меккедегі Қорықты (Харам) Мешітінің территориясында күнә жасау туралы болып тұр. Хафиз Ибн Хаджәр былай дейтін: “Бұл хадис Қорықты территорияда кіші күнә жасау - басқа жерде үлкен күнә жасаудан жаман екендігіне сырттай нұсқап тұр”. “Фәтхуль-Бәри” 12/219.

30 Бір өлтірілген адам үшін оны өлтіруге қатысқан барлық адам өлтірілетіндігі туралы сахабалар арасында бір ауызды келісім (әл-иджмәъ) болған. Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Са‘ид ибн әл-Мусайиб Санъадан жеті адам бір жас жігітті өлтіргенде Умар: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йамән) тұрғындары қатысса еді, міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім» - деген еді.” Сондай-ақ, Алиден, ол бір адамды өлтірген үш адамды өліммен жазалағаны жеткізіледі. Сондай-ақ, Ибн Аббас та бір адамды өлтірген бір топ адамға қатысты осылай үкім шығарған. Және бұл жөнінде олардың заманында келіспеушілік болғаны белгісіз, ал бұл олардың осы мәселедегі бір ауызды пікіріне нұсқайды”. “әл-Муғни” 11/491.

31 Тек игіліктен мақұрым болған пасық ғана мұндай сөздерге назар бұрмауы және ойланбауы мүмкін!

32 Мұсылманды өлтіру түгілі, тіпті ол туралы жаман ойлаудың өзіне тыйым салынған! Ибн Умар, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап жасап жүріп: «Сен қандай әдемісін және сенің жұпар иісің қандай әдемі. О, сен қандай айбындысын және сенің қасиеттілігің қандай айбынды. Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, мүминнің қасиеттілігі Аллаһтың Алдында сенің қасиеттілігіңнен ұлы! Оның мал-мүлкі мен қаны - мызғымас және қасиетті, және біз ол туралы тек жақсы ойлауымыз керек». Ибн Мәджәһ 2619. Хадистің сахихтығын әл-Бусайри, шейх Әхмәд Шәкир және шейх әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3420.

Осының барлығы мұсылманның Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқайды.

Алайда, көпшілік: олар жеке пайымымен (қалауымен) емес, біреудің бұйрығы бойынша адам өлтірсе, онда барлық жауапкершілік атқарушыға емес, тек бұйырушыға түседі деп ойлайды. Бұл олай емес, және мұндай түсінікті Әбу әд-Дарда жеткізген мына хадис жоққа шығарады: Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде, және адамның жанынан оны өлтірген (адам) өткенде, ол: «Йә, Раббым! Ол мені (дүние өмірінде) өлтірген еді», - деп дауыстайды. Аллаһ: «Сен оны не үшін өлтірдің?» - деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», - дейді, және өлтірген де, оған бұйрық берген де жазаға тартылады!» Ибн Әбу Шәйбә 5/434, әт-Табәрани 10407. Хадис хасан. “Мәджмә’у-ззауәид” 7/300.

Сондай-ақ, адам тіпті жануарды қақысыз өлтіргені үшін де сұралатынын атап өту қажет! Ибн Умардан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды, немесе одан биіктеу болған біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған: “Йә, Аллаһтың елшісі, оның қақысы неде?” – деген сұрақ қойылды, және ол оған: «Оны бауыздап жеу, ал басын жұлып алып, тастау емес!» - деп жауап берді. ән-Нәсәи 7/239, Әхмәд 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Нәсаи, Ибн Хиббән, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Кәсир и шейх әл-Әлбәни растаған. Сондай-ақ, “Сахих ат-тарғиб” 1/631 қараңыз.

Имам Әбу Бәкр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым туралы сахих түрде мәлім, және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал, ендеше, Адамның ұлын (адамды), немесе мұсылманды, немесе Аллаһтан қорқатын және ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!” “Фәтхуль-Бәри” 12/196.


33 Мұсылмандардың арасында: «Жауласушы кәпір» және «бейбіт кәпір» деген ұғымдар жоқ!» - деп айтатындар бар, және осының себебімен олар кез-келген кәпірді өлтіруді және оның мал-мүлкін иемденуді рұқсат етілген деп санайды.

Ал, іс жүзінде мұндай пікір – адасушылық, өйткені Аллаһ Тағаланың өзі оларды осындай етіп бөліп қойды.

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді! Шын мәнінде, Аллаһ мұны тек сендермен дін турасында соғысқандарға, жұрттарыңнан қуып шығарғандарға және сендерді қууға болысқандарға қатысты тыйым салады. Ал кім оларды өздеріне дос және көмекші етіп алса - залымдар болып табылады». (әл-Мумтахана 60: 8-9).

Бұл аяттың күші, кейбір имамдар айтатынындай, соғысуды әмір ететін аяттармен жойылмаған. Өйткені, бұл аят «дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға» анық ерекшелік жасады дейді. Сондықтан, Құранның тәпсіршілерінің имамы болып саналатын Ибн Джәрир әт-Табәри, барлық жақтың дәлелдерін қорытындылай келе, мұсылмандармен дінге байланысты соғыспағандардың санатына жататын әрбір адамға жақсылық істеуге болады деген. “Тафсир ат-Табәри” 10/261.

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Көпқұдайшылдар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және иман келтіргендерге қатысты екі санатқа бөлінетін: олармен өздері соғысатын және олар өздеріне қарсы соғысатын кәпірлер (әһлюль-харб); олармен өздері де соғыспайтын және олар да өздеріне қарсы соғыспайтын кәпірлер (әһлюль-ахд)». әл-Бухари 3/145.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Кәпір - не мұсылмандарға қарсы соғысушылардың қатарынан болады (харбий), немесе олармен келісім-шарт жасалғандардан болады (муахад). Келісім-шарт жасалған кәпірлер үш санатқа жіктеледі: мұсылман жерінде өмір сүріп, джизья төлейтін (кәпір) (зиммий); бейбіт келісім-шарт түзілген (кәпір) (муахад); және мұсылмандардың жеріне кіру үшін мұсылмандар қауіпсіздік кепілдемесін берген (кәпір) (мустамин)”. См. “Әхкәму әхли-зиммә” 2/178.

Қиянат пен зұлымдыққа келер болсақ, олар мұсылмандарға қатысты да, кәпірлерге қатысты да тыйым салынған! Аллаһ былай деді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын». (әл-Мәида 5: 8).

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділдік танытуға кедергі болмайтынына нұсқайды”. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Кәпірлердің мәйіттерін қорлауға тыйым салынады, тіпті олар біздің әйелдеріміз бен балаларымызды өлтірсе де. Және біз олармен де осылай істеуімізге болмайды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.

Тура соны Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып бұйырды: «Және саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». әт-Тирмизи 1264, Әбу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн әс-Сакән және әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 423.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия “Мәджму’уль-фәтауә” жинағында былай дейтін: “Барлық нәрсеге қатысты және әркімге әділдік таныту - әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ, әрбір адам үшін әділетсіздік, оның барлық формаларында және әркімге қатысты, ол – мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын - харам болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділіқ сендерді әділетсіздікке тартпасын». (әл-Мәида 5: 8), және адамдарға деген өшпенділік дегенде кәпірлерге деген өшпенділік аталып тұр”.

Ол сондай-ақ, былай деген: “Әділдік – бұл онымен бірге Кітаптар және пайғамбарлар жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысынан жеткізген хадисте: «Йә, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім, және сендердің араларыңда да оны харам еттім!» - деп айтылғандай”. Муслим 2577.

Сондай-ақ, Ибн Таймия былай дейтін: “ «Ақиқатында, Аллаһ әділетті мемлекетке көмек көрсетеді, тіпті ол кәпір болса да, және әділетсіз мемлекетті көмексіз қалдырады, тіпті ол – иман келтірген болса да», - деп айтылған”. “Мәджму’уль-фәтауә” 28/63.



34 Уа, мусылмандар! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде кәпірді өлтіргенге Тозақты уәде етікендігі, ал өзгесінде – хауәриждерді өлтіруді бұйырып, олар мұсылман болғанына қарамастан, осы үшін Жәннәтты уәде ететіні – таң қаларлық емес пе?! Ал, енді осы - кейбіреулерде түсінбеушілік туғызса, бұл – олардың надандығын және пайым шығаруда шариғатқа емес, өздерінің сезімдеріне сүйенетіндігін артық рет дәлелдейді.

35 Хафиз Ибн Абдуль-Бәрр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мүмин туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкәр” 14/84.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет