Андрон мәдениеті — қ


Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар



бет2/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Қазақстан тарихы

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының бастауының тарихы тереңде. Батыр» (batur, batyr), «бахадур» (bahadur),«багатур» сөзінің пайда болуы қазақ халқының тарихының ежелгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұлатау көне түркі ескерткіштерінде кездеседі (Се- ортян, 1978: 82). «Батыр» атағын көшпелілердеиәскери ерліктері үшін қарадан шыққан қарапайым халық өкілі де, Шыңғыс ұрпақтары да иемдене алатын (Ерофеева, 2010: 66). XVIII- XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ
қоғамында саяси-экономикалық рөлі ерекше әлеуметтік топтың бірі – батырлар болды. Тарих ғылымында батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырылып келді. Ежелгі дәуірден-ақ барлық қоғамдарда әскери адамдар тобы болғаны белгілі және олардың басты қызметі сол қоғамды
қорғаумен тығыз байланысты болды. Бірақ со- нымен бірге әрбір қоғамның даму деңгейіне бай- ланысты әскери қызметтің өзіндік ерекшеліктері де болды. Көшпелі халықтардың тарихи-мәдени дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты елдің қауіпсіздігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, ел ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі көшпелі қоғамда да әскери іспен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың пайда болуын, олардың осы қоғамдық қызметтерді атқаруды өз міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде қалыптасуына әкелді. Басқа халықтарда әскери тап өкілдерін «самурай», «рыцарь», «кшатрий» деп өзіндік атауымен атағаны сияқты дәстүрлі қазақ қоғамындағы кәсіби әскерилер әлеуметтік жігінің өкілдері «батырлар» деп аталды (Дауытбекова, 2010: 4). Соғыс ісі батырлардың негізгі кәсібі бол- ғанмен, бұл кәсіптің басты мақсаты – Отандыжаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын, жерін кеңейту, тұтқында
кеткен отандастарын азат ету, жау қолынан қаза тапқан ата кегін қайтарумен ерекшеленеді. Бірақ,тарих ғылымында көшпелі халықтардың тари-хына деген еуропоцентристік көзқарастың үстемболып келуіне байланысты, олар «адамзаттыңарамтамақтары» ретінде тек отырықшы-егінші өркениет ошақтарын қиратушылар ретінде ғана бағаланды. Этнологиялық бағыттағы зерттеу- лердің көпшілігінде көшпелілердің жауынгерлігі мен батырлығының себептерін олардың соғысқұмарлығымен байланысты деп түсіндіру басым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет