Андрон мәдениеті — қ



бет7/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Қазақстан тарихы

ҰЛТТЫҚ КОД Ең бірінші ұлттық код дегеннің не екенін анықтап алайық. Ол – халықтың ішкі рухани өзегі, мәдени мәйегі, этникалық бөгенайы. Оның болмысын, дара табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын, кие тұтар құндылықтарын айқындайтын белгілері. Яғни, ұлттың бойындағы тарихи кезеңдерде пайда болып, басқадан ерек өзіне тән ерекшелікпен дамыған қасиеттерінің сығымдалып тұжырымдалған формуласы. Ол – ұлттық болмыстың сырын түсінуге апаратын құпия кілттің дәл өзі. Анықтап айтсақ, ұлттың ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болып отырған тілі мен ділі, діні мен салт-дәстүрі, төл тарихы, Отаны. Ал біз осы аталған ұлттық қазынамызды қаншалықты бағалап әрі көзіміздің қарашығындай сақтап жүрміз?
Кез-келген ұлтты басқадан бөлектеп, ерекшелеп тұратын ең бірінші белгісі оның ана тілі екені даусыз. Сондықтан, «Тілі бар халық – халық, тілі жоқ халық – балық» дейді халық даналығы. Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен. (2700 негізгі тіл, ал 4000-ға жуығы сол тілдердің диалектісі). Десе де, бар тілінен айырылып, өзге ұлттың өзегіне жұтылып кеткен халық қаншама?! Мәселен, 1995 жылдың 5 қарашасында Камерун деген елдің Адамавия өлкесінде касаба тілінің соңғы сөйлеушісі Богон есімді азамат өлген. Яғни, қарашаның 4-і күні бар тіл, 5-і күні Богонмен бірге өлді деген сөз. Ал 1992 жылдың 8 қарашасында Батыс Кавказдағы Тефллик Есенщпен бірге обух тілі де марқұм болды. Осылайша бір тіл иесі жоқ болып жойылса, келесі бір тіл иесі бола тұра, сөйлейтін ниеттің жоқтығынан келмеске кетуде. Осындай қасіреттің қақпанына түсіп, бүгінде өлі тілге айналған талай мысалды санап тауысқысыз. Көріп отырғанымыздай, тілдердің өлуіне басты себеп сол тілде сөйлейтін жастардың өз тілінен жерінуі болып табылады. Тек таралу аймағы тар, сөйлеушілері аз тілдер ғана жойылады десеңіз қателескеніңіз.
Ұлттық жад – сол халықтың бойына бітіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сұңғылалылық пен аңғарымпаздық, байқағыштық пен түйсінгіштік қасиеттері. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі Жаман-ның құстың, шөптің, өзінің жаман екенін дәлелдеген тапқырлықтары, тұлпардың сиыр шатыс екенін, гауһар тастың ішін құрт үңгіп жеп жатқанын, ханның жеті атасынан емес, тек өз басы ғана хан екенін сезе білген сұңғылалығы ұлттық жадтың айқын дәлелі. Тіптен түйенің оң көзі соқыр, артқы сол аяғы ақсақ, құйрығы шолақ екенін, сонымен қоса, алдында өткен атты жолаушының әйел екенін, ол әйелдің екіқабат екенін, артында ерткен сары иті бар екенін көрмей-ақ білген аңғарымпаз жолаушылар туралы аңызға да тамсанбай қала алмайсың. Әлем әдебиетіндегі атақты із кесуші Конан Дойлдың Шерлок Холмсы да осылардың шекпенінен шыққан шығар дерсің. Тағы бір аңызда атақты Толыбай сыншының айдалада жатқан аттың қу басын көріп: «Мынау ерен жүйріктің басы екен. Имек тұмсық, бөкен танау, көзінің ойындысы терең, жарқабақ, екі жақтың ортасы алшақ болуы осының дәлелі. Тістері де әлі жалтырап тұр. Бұл сүйегінің асылдығын көрсетеді. Тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоянтірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін қас тұлпардың өзі-ау! Жасы тоғыздан асып, онға қараған шағында өліпті, жануар. Өлгеніне де үш жыл болыпты», – деуі де адамды таң қалдырмай қоймайды. Тек қу басын ғана көргенімен, тұлпарды көз алдында тұрғандай сипаттау даналықтың сипаты емес пе?! Егер мұны аңыз десеңіз де, қазақ даласында өмір сүрген қаншама көріпкел әулиелерді жоққа шығара алмайсыз. Қазақ даласын екі аттасаң әулиенің бейітіне жолығатының тағы бар.
Бірақ қазіргі қазақ осы қабілетінен айы-рылып қалды. Тіпті көз алдында көрініп тұрған дос пен дұшпанды, жақсы мен жаманды парықтай алмайтын деңгейге жетті. Екінің бірі алаяққа алданып, сан соғып жатқанын күнде естіп, біліп жүрміз.Демек, халықымыздың бойындағы өзін-өзі сақтандыратын иммунитеті, терең сұңғылалық қабілеті жойыла бастаған. Мұндай күйге өзінің байырғы түп тамырынан ажырап, тектілігінен айырылған халық жиі ұшырайтынын айтады ғалымдар. Кезінде француз отары болған Марокко елінің тарихшысы Абдулла Лаури өзінің 1967 жылы ағылшын тілінде жарық көрген еңбегінде «Отарлаушылар біздің ішкі жан-дүниемізді тонап, жаратылыс сыйлаған табиғи таным-қабілетімізден ажыратты. Өзімізді қанша тәуелсізбіз десек те, бәрібір қараңғылық құрсауынан құтыла алар емеспіз» деуі қазіргі біздің де душар болып отырған күйдің бір көрінісі іспеттес. Бұдан түйсінеріміз, діл тазалығының ұлттың бүгіні мен болашағына қалай әсер ететіні. Кешегі шежіре мен тарихты, ұлағат пен ұлылықты дәріптейтін аузы дуалы абыз қариялардың да қатары сирегелі қашан?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет