Ғұндар: Ежелгі заманда Орталық Азия аумағын мекендеген ең ірі ру-тайпалар бірлестігі көшпенді хунну — ғұн тайпасы болды. Ғұндар тарихының басталуы қытай дереккөздері бойынша Шань-Гуй-фан, Чжоу-Хянь-Юнь және Хань-Хун-Ну әулеттері тұсындағы Яо дәуіріне (б.з.д. 2356 — 2256 жж.) қатысты. Ғұндарды шань-жун-таулық жундар деп атаған. Ол замандарда ғұндар Қытайдан солтүстікке және солтүстік-батысқа қарайғы өңірде өмір сүрген. Қытайдың олар туралы ең ежелгі аңыздары Шу-цзин деп аталады. 24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем
тұратын. Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі болды. 24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт атты болды
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер,
дәнүккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құралсаймандар табылған. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған.
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы. Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Ескерт: Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, ОтырарҚаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ға) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ға; орта кезең — б.з. 1-2 ғасыр; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасы. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды. Ежелгі түркі мәдениеті ежелгі заманнан бері өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалараның негізінде қалыптасқан жалпы мәдениет. Түркі мәдениетінен қалған мұралар мен көне тарихи ескерткіштер қазіргі таңда тарих саласы үшін құнды деректер болып табылады. Түркі мәдениетінің бізге берер тағылы мол, мағынасы терең, ерекше мәдени тобы болып табылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |