Андрон мәдениеті — қ



бет28/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Қазақстан тарихы

Моғолстан. Шыңғысханның балаларына жер бөлінген кезде
Жетісу оңірі оның екінші үлы Шағатайға берілді. Ол Жетісумен
қоса бүкіл Шығыс Түркістан мен Мауараннахрға билік етті.
Шағатайлықтардың астанасы Алмалық болды, ал ханның жазғы
ордасы Іле бойына орналасты.
Үлысты бірінші басқарған Шағатай шыңғыс үрпағының
арасында үлкен беделге ие болып, өзінің інісі үлы хан Үгедейге
ықпал ете білді. 1241 жылы Шағатай қайтыс болған соң оның
немересі Қара-Хулагу хан болды. XIII ғасырдың 50-ші жылдары
Жетісуды үлы хандар биледі, ал 1260 жылы мүнда Шағатайдың
немересі Алгуй таққа отырды. Одан тақты Үгедейдің немересі
Хайду алды, ол билік етіп түрғанда шағатай мемлекеті түпкілікті
рәсімделді. 1269 жылы Таласта қүрылтай болып, онда Монгол
империясынан бөлініп, тәуелсіз мемлекет қүруға шешім
қабылданды. Мемлекеттің билеушісі болып Хайду сайланды. 1346 жылы Қазан хан өлімінен кейін Шағатай үлысы екіге
болінді. Шығыс бөлігіне Орта Азияның солтүстік-шығысы,
Жетісу және Шығыс Түркістан еніп, Моғолстан мемлекеті
қүрылды. Мемлекеттің негізін салушы оның бірінші билеушісі
шағатайлык Тоғлық-Темір (1347-1362) болды. Тоғлық-Темір
үлыстық жүйені сақтады. Жоғарғы үлыс бегі мүрагерлік дәстүрмен жалғасты. Тоғлық-Темір Мауараннахрды жаулап
алғаннан кейін, Самарқандқа келіп бекінді. Тоғлық-Темір қайтыс
болғаннан кейін оның үлы Ілияс Қожа хан болды. Ол да әкесі
сияқты Мауараннахрға жорықтар жасады. Ілияс Қожа-хан қайтыс
болғаннан кейін Моғолстанда іштей өзара қырқыс үзақ уақытқа
созылды. Моғолстаннан
көшіп кетті. Есен-бүғы қанша күш салғанымен Моғолстан үзақ
уақыт бойы саяси дағдарыстан шыға алмады. XVI ғасырдың
ортасында көптеген тайпалар мемлекет аумағынан көшіп кетті.
Есен-бүғы тек Қашғарияның бір бөлігіне ғана билік етті. Көшпелі
бекзадалардың өзара алауыздығы мен билікке таласуы XV
ғасырдың аяғында XVI ғасырдың басында Моғолстанның
қүлауына әкеп соқтырды. Моғолстан хандарының өзі билеген
аумақта шағатайлықтардың саяси үстемдігін қайта орнатпақшы
болған әрекеттері сәтсіздікпен аяқталды. XVI ғасырдың
ортасында ол дербес мемлекет ретінде өмір сүруін мүлдем
тоқтатты.. Әбілхайыр хандығы. XIV ғасырдың аяғында Алтын Орда
қүлағаннан кейін қазақ даласын 1428 жылы Шыңғыс ханның
түркіленген үрпағы, Дәулет-Шейх-Оғлан үлы Әбілхайыр хан
бағындырды. Қазақ даласында қырық жылдай билік жүргізген ол
қатыгез әрі зүлым билеуші болды. Оның мемлекетінің өзбек деп
аталатын үлысы әртүрлі түркі тілдес көшпенді халыктардан
күралды, бірақ олардың жалпы атауы өзбек делінді, ал бүл сөздің
шығу төркіні белгісіз.
Әбілхайыр алдымен Алтын Орданың бөлшектеніп кеткен
жүртын біріктіруге, бір орталықтан басқарылатын мемлекет
қүруға белсене кірісті. Осы мақсатқа орай XV ғасырдың 30-шы
жылдарының бас кезінде ол Жошы үлдарының бірі Тоқа-
Темірдің үрпақтары Махмуд хан мен Ахмад ханға қарсы жорық
үйымдастырды. Әбілхайыр бүл соғыста жеңіске жетіп, Орда-
Базарды басып алды, осы жерде оның қүрметіне хүтба (уағыз)
оқылып, оның есімі жазылған тенге шығарылды. 1446 жылы Әбілхайыр Сырдария өзенінің бойын және
Қаратаудағы Созақ, Сығанақ, Ақ қорған, Үзгенді қалаларын
жаулап алды. 1457 жылы ол ойраттармен соғыста жеңіліп қалды.
Әбілхайыр мен ойрат билеушісі Өз-Темір-тайшы әскерлері
арасындағы шайқас Сығанаққа таяу жердегі Көк-Кесенеде болды.
Әбілхайыр ойсырай жеңіліп, амалсыздан Сығанақ бекінісіне
шегінді. Ойраттар жергілікті жерде кездескен қарсылықтарға
қарамастан Сырдария алқабын жаппай тонауға кірісті. Түркістан,
Ташкент, Отырар және тағы басқа қалаларды жаулап алды.
Әбілхайыр амалсыздан ойраттар пайдасына жасалған бітімге
келісуге мәжбүр болды. Әбілхайыр өлгеннен кейін Шейх-Хайдар есімімен аты шыққан
Шах-Бодақ мүрагер болды. Билер мен сүлтандардың бірлескен
қарсылығына байланысты ол елді басқара алмады. Ибақ, Мүса,
Жамбыршы, Сарай ханы болған Ахмед, Жәнібек пен Керей
одақтасып, Әбілхайырдың үрпақтарына қарсы бірікті. өйтіп, Әбілхайыр ханның
мемлекеті қүлады. Соның нәтижесінде бүрынғы қуатты Алтын
Орданың ізі жойылды, енді оның аумағында Қазақ, Ноғай, Сібір
деп аталатын жаңа мемлекеттер пайда болды. Сонымен XVI
ғасырдың басында «қазақ» пен «өзбек» атаулардың аражігі
ажыратылды. Бүрынғы өзбек үлысының түрғындары енді
қазақтар деп аталып, Қазақ хандығына бағынышты болды, ал
Орта Азияның түркі тілдес халықтарының ішіне сіңіп кеткен
Әбілхайыр ханның үрпақтары өзбектер деп аталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет