Этноген2: еректерде қоныс аударушылар мен түрғылықты
халықтардың өзара қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер
жиі кездеседі. XIII ғасырда Ал-Омари былай деп жазды: «Бүл
мемлекет ертеде қыпшақтар елі деп аталған. Бірақ татарлар
жаулап алғаннан кейін қыпшақтарды қоластына қаратты. Кейін
татарлардың қаны олармен (қыпшақтармен) араласып, өздері
бір-бірімен туысқан болып кетті, сондай-ақ табиғи және нәсілдік
сапалары өзгеріп, бәрі бір рудан шыққандай қыпшаққа айналған
моңғолдар (татарлар) қыпшақ жерінде қоныстанып, біржолата
қалып қойды» Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан аумағында
Шыңғыс ханның үлдары билік қүрды. Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан Шағатай үлысына қараса, ал қапған аймақтардың бәрі
Жошы үлысының қүрамына кірді. Жошы үлысының негізінде
кейінірек Көк Орда (Орда - Ежен үлысы), Ақ Орда немесе Алтын
Орда (Батый ханның үлысы) және Сибанның (Шейбанның,
немесе шейбанидтердің) үлысы тәрізді ірі этносаяси бірлестіктер
пай да болады. Шағатай үлысының Орта Азиядағы жері батыс, ал
Жетісудағы (Моғодстан) аумағы шығыс болып, екі бөлікке
бөлінді. Y-XY1 ғасырларда Қазақ хандығы күрылды, тарихнамада
бүл Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуінен басталады. ХҮ
ғасырдың аяғына дейін «өзбек» деп аталып келген Өзбек
үлысының бірталай халқы Шейбани хан Орта Азияны жаулап
алғаннан кейін сонда қоныс аударған, ал Қазақстан аумағындағы
қалған көшпенділер «өзбек - қазақ» деген атауға ие болды. Сол
кезден бастап қазақ хандығындағы көшпенділердің бәріне
«қазақ» аты тән. «Қазақ» атауының шығу тегіне байланысты
академик В.В.Вельяминов - Зернов және оның пікірін жақтаушы
В.В.Бартольд және А.Самойлович, С. Ибрагимов, сондай-ақ бүл
атаудың нақты түсінігін В.П.Юдин «қазақ өзіндік түрмыс-салты
бар, көшпендінің еркін де тәуелсіз салтын үстанатын адам
дегенді білдіреді» деп түжырымдайды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық
территориясының көп ғасырға созылған қалыптасу процесі
негізінен аяқталды. Қазақтардың бүгінгі кескін^келбеті ХІҮ-ХҮ
ғасырларда толықтай қалыптасып болған, оның арғы тегі екі
үлкен автохтонды - еуропеидтық және моңғолоидтық
нәсілдердің күрделі қан алмасу әрекетінің нәтижесінде
қалыптасқан. Демек бүл қазақ халқының антропологиялық
қүрамының мықтылығын корсетеді.
Қазақ халқының қүрылу процесі этникалық территорияның
қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақстан территориясы этносаяси
және шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты Үлы
жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып үшке бөлінді. Қазақ жүздері ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ хандығын қүруға
негіз болған дербес үш үлысты қамтиды. Жүздердің алып жатқан
аумақтары негізінен көшпенділердің жайлауы мен кошіп-
қонатын мекендеріне сөйкес болған. Ү-ХҮІІ ғасырлардағы этникалық даму тарихының негізгі
мазмүны қазақ этносының қалыптасып болуын, аумақтық
шекараны айқындау мен жүздердің этникалық қүрамын нығайту,
сондай-ақ генеалогиялық басқарудың (иерархияның) үйлесімді
жүйесін жасау болып табылды.
«Қазақ» термині туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер
бар. Оның ішінде XI ғасырда қыпшақтар мекендеген аймақта
«еркін, кошпелі» дегенді білдіретін «қазақ» созі пайда болды
деген дәлелді пікір айтылады. «Қазақ» термині ХҮ
ғасырдың екінші жартысынан этникалық мәнге ие болды.
Жәнібек пен Керей хандығының нығаюына байланысты оның
қол астындағы халықтардың бәрі қазақтар деп аталатын болды.
Сөйтіп, ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүл термин
біртіндеп этникалық мәнге ие болып этноним ретінде қолданыла
бастады. Сөйтіп, II мыңжылдық ортасында Еуразия
картасында жаңа этномәдени бірлестік - қазақтар пайда болды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |