ҚАЗ Шетел капиталы: Қазақ қоғамындағы дағдарыс Қазақстанға шетел және ресей
капиталының енуімен тереңдей түсті. Сондықтан ол Орталық
Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясы
капиталының шикізат көзіне айналды. Қазақстаннан шикізат пен
малды әкету деңгейі XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың
басында күрт өсіп кетті. Мысалы, 1894 жылы тек Ақмола
жәрмеңкесінің өзінен Орталық Ресейге 9 мың жылқы, 13 мың
сиыр, 142 мың қой, 50 мың пүт қой мен ешкі жүні, мыңдаған пүт
жылқының қүйрық-жалы, 573 мың қой терісі, 94 мың тері сатып
алынып, әкетілді. Қазақстанның басқа облыстарында да осындай
жағдай орын алды. Егер 1900 жылы Торғай облысынан Орталық
Ресейге 9 миллион сомға мал және көптеген мал шаруашылығы
өнімдері 9 миллион сомға сатылса, ал 1910 жылы бүл 14
миллионды қүрады; Орал облысынан 1901 жылы 7,5 миллион,
1906 жылы 9,3 миллион сомның мал шаруашылығы өнімдері
әкетілді. Шикізатты тасу әсіресе Орта Азия және Сібір
теміржолдарын салғаннан кейін күшейді.
XX ғасырдың басына таман Қазақстан қалаларында ірі
саудагерлерді қаржыландыру үшін Ресейдің мемлекеттік және
жеке меншік банктері өз бөлімшелерін ашты. Қазақстанда 40
мыңдай адам саудамен айналысты. Қоянды жөрмеңкесінде
сауда айналымы 1896 жылдан 1913 жылға дейін 10 есе, яғни 500
мың сомнан 5 миллион сомға дейін өсті. 1890 жылы
Қазақстанның Ресеймен саудасы орыс көпестеріне 9 миллион
сом кіріс түсірсе, ал 10 жылдан кейін бүл көрсеткіш 15,3
миллион сомды қүрады.
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының экономикасын
көтеруде Ертіс су жолының рөлі күшті еді. 1900 жылы Ертіс
өзені бассейнін шаруашылық мақсатқа пайдалану және дамыту
үшін «Сүйретпе кеме қоғамы» қүрылды. Сол жылы навигация
кезінде жүк тасымалынан Павлодар порты бойынша - 538 сом,
38 тиын, Семей - 8058 сом, Омбы 1266 сом 56 тиын пайда
келтірді. Ертіс бойымен тек жүк тасымалданып қойған жоқ,
сонымен бірге жолаушылар кемелері де қатынады. 1900 жылдан
1911 жылға дейін Н.Н.Корниловтың Сауда үйі, Батыс-Сібір
кеме және сауда Серіктестігі, кеме және сауда жөніндегі Орыс-
Қытай акционррлік қоғамы, Плотниковтардың Сауда үйі және
т.б. компаниялар 241 000 адам тасымалдады. XX ғасырдың басында Қазақстанда тау-кен онеркосібі одан
әрі дами түсті. 1902 жылы мүнда 197 кәсіпорын болса, онда
18695 адам жүмыс істеді. Шикізатты оңдеумен айналысатын 690
кәсіпорында 7297 жүмысшы еңбек етті. Сол кездегі ірі косіп-
орынның бірі Қарағанды комір шахталары, Шығыс, Орталық
Қазақстанның түрлі түсті металдар кеніш орындары, Орал-Ембі
мүнай кен орындары болды. Олардың бәрі де шын мәнінде
шетелдік кәсіпкерлердің, атап айтқанда, ағылшындардың,
француздардың, американдықтардың қолында еді. Сонымен,
1904 жылы маусымда Орталық Қазақстанның тау-кен
косіпорындары ағылшындарға үш жыл мерзімге 60 мың сомга
арендаға берілді. Мүндағы кендердің орасан зор қорын корген
ағылшындар ең бай кен орындарын сатып алуға кірісті. 1905
жылы жоғарыда аталған тау-кен косіпорындарын (Жезказғаннан
басқасын), бүрынғы Француз республикасы презнденті Марно
Француаның үлы - Сади Карно 77600 сомға сатып алды 1907 жылы мамырда ағылшынның «Спаский мыс руднигі»
акционерлік қоғамы күрылып, бүл косіпшіліктер Карнодан
кайтадан ағылшындар қолына кошті. Бүл қоғамның иелігіне
Спаский мыс корыту зауытымен бірге Спасо-Воскресенский
мыс руднигі, Успенск мыс кеніші, Сарысудағы кен байыт\
фабрикасы, Саран таскомір кеніші, Қарағанды кені жоне
Сасық, Қарасу темір кеніштері берілді. Риддер мен Зыряновск
түсті металға бай кен орындары 1904 жылы австриялық князь
Турн-Таксистің меншігіне айналды.
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының біркатар
болігінің Сібір теміржолының кесіп отуі баска облыстардың да
жаңа шаруашылык жүйесінің калыптасуына ыкпал етті. Сібір
теміржол магистралының 3138 шакырымының Қазакстан
аумағындағы 178 шакырымы 1893-1895 жылдары салынды;
Рязань-Орал магистралының 194 шакырымы да Батыс Қазакстан
аумағы аркылы отті. Қазакстанда теміржол колігінің дамуы
жүмысшылар санының осуіне осер етті, тек Орынбор-Ташкеш
теміржолы 1656 шакырымға созы.іып, онда 30 мың адам жүмыс
істеді. Табиғп байлык козі жоне ауыл шаруашылыгы шикізатыныц
коры мол болуына карамастан олке ондірісінің дамуы томен
болғанын мынадай статистикалык моліметтер растайды: 1913
жылы Қазакстан аумағында (Сырдария мен Жетісуды коспа-
ғанда) Ресей империясындагы барлык косіпорындардың 3.76° болды, онда 1,78 мың адам жүмыс істеді. Бүл косіпорындар тек
империяның барлық ондіретін онімінің 0,96% ғана шығарды.
|